Күдіктінің құқығын түсіндіру
ХАТТАМАСЫ
Нұр-Сұлтан қаласы 2019 жылғы 10 қазан
Басталуы: 08 сағат 50 минутта
Аяқталуы: 09 сағат 05 минутта
Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы ІІБ КПБ жедел уәкілі полиция лейтенанты А.Т. Төлендиев Энск қаласы «Шығыс» ауданы ІІБ үй-жайында Қазақстан Республикасы ҚПК 191-баптарының талаптарын сақтай отырып,
№187111031000000 қылмыстық іс бойынша 1997 жылғы 15 наурызда туған Қаратаев Сергей Сергеевті күдіктінің құқықтарын түсіндіріп, бұл туралы осы хаттаманы толтырды.
Күдікті:
1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіме тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға;
2) өзіме не үшін күдік келтірілгенін білуге;
3) өз бетімше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылымын. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы ҚПК-нің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзімді азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға;
5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге;
6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беруге;
7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алуға;
8) айғақ беруден бас тартуға;
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алуға;
10) дәлелдемелерді ұсынуға;
11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
12) ана тілінде немесе өзім білетін тілде айғақ беруге;
13) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 13-1) өзіме қатысты сотқа дейінгі пробацияны жүргізу үшін пробация қызметіне жүгінуге;
14) өз өтінішхатым бойынша немесе қорғаушымның не заңды өкілімнің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысуға;
15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға;
16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасуға;
17) өзімнің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге;
18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіруге;
19) өзімнің құқықтары мен заңды мүдделерімді заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға;
20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіме сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде ҚПК-нің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға;
21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін ҚПК-де белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын
қолы
мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіруге;
22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіруге;
23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзімің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға;
24) өзіме қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беруге құқылымын.
Маған Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 64-бабында көзделген күдіктінің құқықтары түсіндірілді. Құқықтардың мәні түсінікті.
қолы
Осымен күдіктінің құқықтарын түсіндіру аяқталды және хаттамамен танысу құқығы, сондай-ақ хаттамаға ескертулер, толықтырулар, түзетулер енгізу құқығы түсіндірілді.
қолы
Процестік әрекеттің хаттамасымен таныстырылдым. Дұрыс жазылған. Хаттамаға енгізуге жататын өтініштерім, ескертулерім, толықтыруларым, түзетулерім жоқ.
қолы
Құқықтарын түсіндірген, хаттама толтырған:
Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы
ІІБ КПб-нің жедел уәкілі
полиция лейтенанты қолы
Хаттаманың көшірмесін алдым
2018 жылғы 10 қазан қолы
Хаттаманың көшірмесін бердім
Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы
ІІБ КПб-нің жедел уәкілі
полиция лейтенанты қолы
Достарыңызбен бөлісу: |