Әскер қатарында болып, азаматтық борышын абыроймен өтеп
келген баласын, ұзақ жыл сыртта жүріп оқудан келген ұл-қызын
көргенде, ата-ананың қуанышында шек болмайды. Ондайда тілеулес
адамдар
Балаң келіп, көзайым болдың ба? деп қуанышқа ортақтасады.
Бұлайша жақсы ниет танытып, көңіл көтере түсу үлкенге де, кішіге
де лайық.
Егер халық тілі байлығына зер салып,
зейін қойсақ, бұл тәрізді
алуан түрлі сөз орамын кездестіреміз. Бірак, амал не, бұлардың көбі
жастардың сөйлеу дағдысына енбей, елеусіз қалып бара ма деп
күдіктенесіз.
Этикет сөздің молдығынан ешбір тіл зиян көріп, зардап шекпейді.
Ондай сөз орамдарының елеусіз жүргендерін ескеріп, ескісін
жаңғыртып отырсақ,
сөйлеу этикетін байытып, бояу нақышын
құбылта түсеріміз сөзсіз.
Қырман басына келген қария сөз сабақтамастан бұрын
Қырман
тасысын!, Қызыл көбейсін!, Дик,ан дарысын! дейді. Бұйымтайын,
шаруа жайын қозғамас бұрын шопанға
Бағар көбейсін!, Қөгенің қозылы
болсын! деп, алдымен жаксы тілегін аңғартып алады. Мұндай этикет
әдептілікті,
сыпайылықты аңғартумен қоса, тілге тиек те болады.
Ақжарқын кейіпті танытып, жақсы ұғынысуға жол ашады. Осы
тәрізді тілек бүгінгі күннің мүддесіне де үйлесімді, заманымызға сай
келеді. Малшы болсын, дикан болсын халық дәулеті үшін еңбек етіп,
молшылық үшін күресіп жатыр. Олардың еңбегін дәріптеп,
жақсылықка балап айтылған сөз еңбек адамының мерейін өсіреді.
«Өз көңіліңді көтерем десең, өзгені де көңілдендіре біл» деген Марк
Твеннің ұтқыр сөзі осы орайда еске түседі.
Алайда диканға жақсы ниет аңғартам деп кейбіреулер
Жаңбыр
тілеймін!, Ашық аспан тілеймін! тәрізді жасанды сөзге бой ұрады:
«Ендеше қош бол, қарағым! Үш жарым апта бойына шүйке бұлтсыз
ашық аспан тілеймін» (газеттен). Мағына – сөздің жаны. Сөзді
бұлайша қолдану жанынан айырып, сүлдесін қалдырумен бірдей.
Егер
тілде барды елеп, ескеріп отырсақ, әлгіндей сөздің орнына
«Нұр жаусын!», «Күніңіз ашық, күзіңіз жайдары болсын!» тәрізді сөз
орамдарының бірін қолдануға болмас па еді?
Уақыт өткен сайын кей дәстүр ескіріп, жаңасы өмірден орын
тебеді. Алайда ескі дәстүрдің бүгінгі күнге
қажеті жоқ деп бәріне
теріс қарауға болмайтыны белгілі. Жаңа заманға орай олардың да
жаңа мазмұн, жаңа сипат алатындары болады. Заман талабына лайық
өміршең дәстүрді таңдай біліп, жаңа мазмұн үстеу рухани өмірге нәр
береді.
Халық арасында ертеден тараған бата беру дәстүрі бар. Жасы
үлкен кей адамдар дәмнен соң дастарқан қайырып, бата береді.
Жақсы ниет білдіреді. Бірақ сөз арасында үйренген дағды бойынша
Тәңір жарылқасын, құдай тілеуіңді берсін тәрізділерді қосып қояды.
Сондықтан ба, кейбіріміз мұндай дәстүрді қалай
кабылдайтынымызды білмей дағдарып қаламыз.
Мұндай сөз
орамдарының мазмұны қазіргі заманымызға үйлеспейтіндігі белгілі.
Бірак ондай діни орамдардың орнын
еңбекте табысты, өмірде
Достарыңызбен бөлісу: