Нұржанова Шарипа, Мұқанова Гүлнәр журналист, pr-маманы және бұҚаралық AҚпараттық ҚҰралдары


«Журналист (PR-маман) – қаһармандар» қарым-қатынасының этикалық нормалары



бет2/5
Дата15.06.2016
өлшемі365.5 Kb.
#136276
1   2   3   4   5

«Журналист (PR-маман) – қаһармандар» қарым-қатынасының этикалық нормалары:

- 1) өзінің шығарылымдарының еш тарапты жақтамауы туралы қамқорлық көрсету;

- 2) кәсіби журналистік назарын аударған объекті болған адамды тұлға ретінде сыйлау;

- 3) жеке басы өмірінің қол сұқпаушылығына адамның құқығын сыйлау;

- 4) шынайылыққа берілу, материалда қаһарманның өмірін бұрмаламау;

- 5) материалда адамды қорлайтын кез келген кемсітетін ескертпелер немесе тұспалдаудан аулақ болу. (сол жерде, 220б.)



«Журналист (PR-маман) – авторлар» қарым-қатынастарының этикалық нормалары:

- 1) авторлармен өзара сыйластық қарым-қатынаста болу;

- 2) автордың өзіндігін бағалау, мәтіннің авторлық өзгешелігін сақтауға талпыну;

- 3) материалына енгізілетін өзгерістер бойынша автордың келісімін алу;

- 4) жариялаудан бас тартуды тәптіштеп дәлелдеу;

- 5) өзінің кәсіби беделін сақтау. (Сол жерде, 221б.)



«Журналист (PR-) – әріптестер» қарым-қатынастарының этикалық нормалары:

- 1) журналистік достастығының мүдделері мен мақсаттарының ортақтығын сыйлау;

- 2) мамандық абыройының қамын ойлау;

- 3) әріптестеріне қол ұшын беру;

- 4) қызметтік қатынастардың нормативтерін сыйлау;

- 5) редакциялық ұжымда лайықты адамгершілікті ахуалды қолдаудың қамын ойлау;

- 6) әріптестердің авторлық құқықтарын сыйлау және өзінің авторлық құқықтарын қорғау;

- 7) тапсырманы орындаудан әріптесінің дәлелді бас тарту құқығын сыйлау. (Сол жерде, 222-223бб.)



«Журналист (PR-маман) – билік» қарым-қатынастарының этикалық нормалары:

- 1) билікке құрмет білдіру;

- 2) билік құрылымдарына олардың қызметін атқаруда ақпараттық қолдау көрсету;

- 3) журналистиканың биліктен тәуелсіздік құқығын қорғау;

- 4) билік құрылымдарының қызметі туралы ақпаратқа қолжетімдігіне қоғамдастықтың құқығын қорғау;

- 5) билік құрылымында жұмыс істейтін тұлғалардың теріс пайдаланушылықтары мен теріс қылықтарын әшкерелеу;

- 6) билік құрылымы өкілдерінің мәлімдемелерін, саясаткерлердің тұжырымдарын фактілермен теріске шығару;

- 7) билік құрылымын сынаудың нақтылығы мен дәлелділігінің қамын ойлау. (Сол жерде, 223-224б.)

Шұғылдылық талаптары журналистерді журналистік еңбектің өнімдігін арттыру туралы үнемі қам жеуді мәжбүрлейді. 80-жылдардың аяғынан бастап, журналист пен жұртшылықпен байланыс бойынша маманның жұмысында компьютерлік және ақпараттық технологиялар сапа тұрғысынан жаңа кезеңнің есігін ашты. Журналистің кәсіби қызметіндегі компьютерді қолдану түрлерінің көптігіне қарамастан, негізгі бес бағытын ерекшелеуге болады.



1. Журналистік мәтінді жасау, жазбаша және ауызша БАҚ арналған: мәтінді теру және оны техникалық әрі әдеби редакциялау. Осы міндеттерді орындау үшін журналист кез келген мәтіндік редакторды қолдануына болады. Барынша ыңғайлы мәтіндік редактордың бірі болып – Word табылады. Мәтіндік редактор мәтінді қайтадан термей, өзгерістерді өте жылдам енгізуге мүмкіндік береді: мәтін бөліктерінің орнын ауыстыру, бір сөздердің орнына басқасымен ауыстыруға, қателер мен жаңсақтықтарды түзету, мәтінді толықтыру немесе қысқарту және тағы басқалары. Барлық осы технологиялық жаңа енгізімдер шығарылымға арналған мәтінді даярлау кезіндегі журналистік жұмыстың жеделдігін елеулі арттырды. Баспа басылымын шығару процесіндегі мәтінмен жұмыс істеу жаңа компьютерлік технологиялардың арқасында анағұрлым жеңілденді және жеделденді.

2. Жариялауға дайындық кезіндегі ақпаратты жинау және өңдеу. Журналист дәстүрлі ақпарат жинаудың үш негізгі түрін жүзеге асырады: сұхбат, бақылау және жазбаша дереккөздермен жұмыс. Компьютердің пайда болуы және Интернеттің дамуы жоғарыдағы тәсілдердің екеуіне үлкен өзгерістер енгізді. Жазбаша дереккөздермен (құжаттар, әдебиет, анықтамалық-ақпараттық материал және басқалары) жұмысты да, сұхбатты да үйден шықпай-ақ, Интернет арқылы жүзеге асыруға болады. Зерттелетін жазбаша дереккөздер мөлшері өте көп болып кетті, өйткені Интернет Жер шарының кез келген жеріндегі ақпаратқа қол жеткізеді. Сұхбатқа қатысты, электронды пошта журналистің жұмысын елеулі жеңілдендіреді, өйткені, web-байланыстқа қатысушылардың өздерінің әрқайсысына ыңғайлы уақытта араласады.

. Компьютердің ақпаратты өңдеуі және сұрыптауы бірнеше секундта жүзеге асады. Әр минут қымбат, әрі ақпарат ауқымды мөлшерде болғанда журналист жұмысындағы мұндай көмек өте пайдалы және маңызды. Осы саладағы мол мүмкіндіктер журналистік маманданудың жаңа түрінің – релятивтік, басқаша айтқанда, «тірі» мәліметтер базасымен жұмысқа негізделген зерттеуші интернет-журналистиканың пайда болуына әкелді.

4. Баспа басылымдарын макеттеу, беттеу және безендіру – бұл компьютердің пайда болуы нағыз технологиялық төңкеріс жасаған жұмыс саласы. Журналистер газетті немесе журналды жасаудағы бүкіл баспа алдындағы кезеңді толық бақылау үшін өндірістік процестің өте маңызды бөлігін редакцияның қабырғаларына көшіруге керемет мүмкіндігіне ие болды.

5. БАҚ жаңа түрінің пайда болуы және қалыптасуы – ішінде желілік бұқаралық ақпарат құралдарын, дәстүрлі БАҚ желілік нұсқалары мен сайттары бар желілік журналистика.



Журналист ұйымдастырушы ретінде төмендегі міндеттердің бірсыпырасын орындайды: қоғамдық қызметтің әртүрлі салалары өкілдерін ынтымақтастыққа тарту, өз пікірін БАҚ арқылы жеткізуге аудиторияның кең қабаттарына қолжетімдікті қамтамасыздандыру, аудиториямен кері байланысты қолдау және нығайту, көпшілік аудитория мен ақпараттық өнімді жасауға өзінің тапсырысы бар оның жеке өкілдері арасындағы делдалдық.

Журналист ақпараттық өндірістік процесінің қатысушысы ретінде ақпараттық өнімді тудырушы болып табылады – шығарылымдардың (мәтіндердің) авторы, редактор және «жарыққа шығатын», «эфирге шығатын» бұқаралық ақпараттық ағындарды шығаратын өндірістің ұйымдастырушысы.

Қоғамның әлеуметтік практикасы көп жағдайда – практикалық қызметі мен оның практикалық ойлауын қалыптастыратын адамның рухани өмірімен өзара байланысты. Журналист немесе пиар-маманның практикалық қызметінің нәтижесі журналистік мәтін немесе – сәйкес – пиар-мәтін болып табылады. Тап сол уақытта осы мәтіндер әлеуметтік практиканың органикалық бөлігі болып шығады.

Журналистер немесе «паблик рилейшнз» бойынша мамандар, сондай-ақ бүкіл қоғам қатысатын журналистік мәтіннің туындауы және қабылдану процестері тұтас алғанда, таным мен байланыстың психологиялық бірлігінде жүзеге асады. Сайып келгенде, журналистік ақпарат әлеуметтік ақпарат түрі болып белгіленеді.

Әлеуметтік практика тұғырынан қарағанда, «Журналист – қоғам (социум)» өзара әрекетінің тізбекті тізбешесі «ақпарат – мәтін – ақпарат – қызмет» түрінде ұсынылуы мүмкін. Әлеуметтік практикада күн сайын ақпараттың орасан зор ағыны туындайды, оның бөлігі ғана журналистік мәтінге және пиар-мәтінге айналады. Ал өз кезегінде олар алынған мәліметті практикалық іс-қимылға түрлендіретін қоғамда ақпаратты таратады. Ақпараттық ықпал етудің тиімділігі журналистиканың суреттеу құралдарымен анықталады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілік аудиториясы халықтың орта статистикалық кең қабаттарын қамтиды. Қамтудың кеңдігі бойынша оны: ықтимал, іс жүзіндегі және негізгі деп бөлуге болады. Аудиторияның әртүрлі секторлары әлеуметтік мәртебесіне тәуелді болғандықтан, мәтінде бар ақпаратқа әртүрлі әсерде (реакцияда) болады. Журналистің көрсетіліміне аудиторияның әртүрлі секторларының алатын ықтимал әсерлерін (реакциясын) болжамдау оның кәсіби қызметінің маңызды бөлігін құрастырады.

Журналистің арсеналында социологиялық және психологиялық әдістер болуы қажет және оны белсенді түрде қолданғаны жөн. Журналист пен пиар-маман қызметінің жемістілігі көбіне көпшілік аудитория мен мәтінге тапсырыс берушінің мүдделерін қорғау, мүдделі тараптардың әрқайсысы өзара келісімге келу қажеттігін түсіне алатындай, тапсырыс берушімен де, аудиториямен де жұмыс істей алу білігімен айқындалады.

Ондай жағдай болмағанда, журналист немесе пиар-маман өз құйрығын шаққан жыланға ұқсайды, өйткені не көпшілік аудиториясының, не мәтінге тапсырыс берушінің сенімін жоғалтады және беделінен айрылады.

Осылайша, журналист бұқаралық ақпараттық ағынға тікелей қосылған болып шығады. Журналистік ақпараттың дереккөздерінің алуан түрлілігі олармен жұмыс істеудің белгілі ережелерін ұстануға мәжбүрлейді. Бұл ережелер журналистің ақпаратқа қолжетімдік, рұқсаттама және оны алу, сонымен қатар деректердің шүбәсіздігін тексеру тәсілдерінің тәртібін белгілейді.


Әдістемелік ұсыныстар

  1. Ұсынылған мәтіннің тапсырыс берушілері мен әлеуметтік тапсырыс түрін анықтаңыз.

  2. Ұсынылған мәтінге алынатын әсердің (реакцияның) ықтимал түрлерін анықтаңыз.

  3. Ұсынылған мәтін атқаратын міндеттерді анықтаңыз.

  4. Кәсіби журналистік ойлаудың негізгі ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз.

  5. Кәсіби этика (әр позиция бойынша бөлек-бөлек) қағидаттары тұғырынан қазіргі журналистиканың даму мәселелеріне түсінік беріңіз.


Өздік жұмысқа арналған сұрақтар

  1. Әлеуметтік тапсырыс деген не және оның қалыптасу жағдайлары қандай?

  2. Мәтінге реакцияның қандай түрлері бар және олардың айырмашылығы неде?

  3. Қазіргі қоғамда журналистиканың міндеттері қалай орындалады?

  4. Кәсіби этика қағидаттары қандай позициялар бойынша бөлінеді?


Ұсынылатын әдебиет тізімі:


  1. Лазутина Г.В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2000.

  2. Володина, М. Н. Язык средств массовой информации [Текст] : учеб.пособие / МГУ им.М.В.Ломоносова;Под ред.М.Н.Володиной. – М. : Академ.Проект:Альма Матер, 2008. – 759 с.

  3. Корконосенко, С. Г. Основы журналистики [Текст] : учеб. / С. Г. Корконосенко. – 2-е изд.,перераб.и доп. – М. : Аспект-Пресс, 2009. – 318 с.

  4. Барежев, В. А. Организация и проведение PR-кампаний [Текст]: учеб.пособие / В.А.Барежев, А.А.Малькевич. – М.;СПб.;Н.Новгород : Питер, 2010. – 166 с.

  5. Маслова, В. М. Связи с общественностью в управлении персоналом [Текст] : учеб.пособие / В. М. Маслова. – 2-е изд. – М. : Вуз.учеб., 2008. – 207 с.

  6. Чумиков, А. Н. Связи с общественностью [Текст] : теория и практика:Учеб. / А.Н.Чумиков,М.П.Бочаров;МГУ им.М.В.Ломоносова. – 5-е изд.,перераб.и доп. – М. : Дело, 2008. – 557 с.

  7. Кондратьев, Э. В. Связи с общественностью [Текст] :практикум:Учеб.пособие / Э. В. Кондратьев. – 2-е изд. – М. : Академ.Проект, 2008. – 191 с.

  8. Абельмас, Н. В. Универсальный справочник по Паблик Рилейшнз [Текст] / Н. В. Абельмас. – Ростов н/Д : Феникс, 2008. – 237 с.

  9. Связи с общественностью в пространстве межкультурной коммуникации [Текст] : вызовы глобализации и возможности развития : Междунар.науч.конф.(26-27 мая 2010 г.,Самара):сб.ст. / Самар.гос.техн.ун-т ; под общ.ред.: В. М. Нестеренко, В. И. Ионесова. – Самара : Век # 21, 2011. – 337 с. :

  10. Гундарин, М. В. Книга руководителя отдела PR [Текст] : практ.рекомендации / М. В. Гундарин. – 2-е изд.,доп. – М.;СПб.;Н.Новгород : Питер, 2009. – 330 с.

  11. Солганик, Г. Я. Толковый словарь. Язык газеты, радио, телевидения [Текст] : ок. 6000 слов и выражений / Г. Я. Солганик. – М. : АСТ:АСТРЕЛЬ, 2002. – 752 с.

  12. Стернин, И. А. Практическая риторика [Текст] : учеб.пособие / И. А. Стернин. – 5-е изд.,стер. – М. : Academia, 2008. – 269 с.

  13. Шляхова, С. С. Русский PR-текст: 100%-ное достижение результата [Текст] / С. С. Шляхова. – Ростов н/Д : Феникс, 2009. – 414 с.

3 тақырып.

Журналистік мәтін және PR-мәтіннің ерекшеліктері
Талқылауға арналған сұрақтар

1. Мәтін түсінігі. Мәтіндердің әртүрлілігі. Журналистік мәтін және пиар-мәтін журналистер пен жұртшылықпен байланыс бойынша мамандардың негізгі өндіріс құралы ретінде. Журналистік мәтін және пиар-мәтін журналист пен жұртшылықпен байланыс бойынша маманның еңбегінің басты түпкілікті нәтижесі ретінде.

Журналистік мәтін және пиар-мәтін көпшілік аудиториямен қатынастың бірегей тәсілі ретінде. Журналистік мәтін және пиар-мәтіннің көпшілік аудиторияға жасайтын ықпал тиімділігі мәселесі. Осы тәріздес мәтіндерге қойылатын жалпы талаптар: сонылық, ақпараттылық, көкейтестілік, әмбебаптық, қолжетімдік, жеделділік, тартымдылық, сенімділігі, мазмұндылығы.

2. БАҚ әрқилы топтарына арналған мәтіндердің ерекшеліктері. Ақпараттық агенттіктердің мәтіндері. Баспа БАҚ мәтіннің жазбаша ерекшеліктері. Радиохабардағы ауызша-сөйлеу мәтіндерінің ерекшеліктері. Теледидардағы мәтін және «сурет». Интернет-БАҚ мәтіндердің өзгешелігі. Баспасөз-хабарламалар, сценарийлер және басқа да пиар-мәтіндер. Жарияланым «форматы» түсінігі.

3. Журналистік мәтіндер және пиар-мәтіндердің тілі мен стилі. Метафоралау мәселесі. Тіл талғамы және тіл ойыны. Терминология және шет тілдерден кірме сөздер.

Негізгі мазмұны

Қазіргі филологияда осы күнге дейін мәтінге бірыңғай анықтама берілген жоқ. Бұл мәтіндер қалыптасып, көп түрлі және көп қызметті қолданылады. Адамзат өмірінің көп қырлылығының бәрі дерлік әртүрлі көлемдегі және мақсаттағы көптеген ілікпе сөзді диалогтардан бастап, іргелі ғылыми мақалаға дейін мәтіндерге бекітілген. Мәтіндердің қызметтік саналуандығы орыс тіліндегі қызметтік стильдер жүйесімен анықталған. Журналистер мен пиар-мамандардың жазған мәтіндері – соңғы онжылдықта бұқаралық ақпарат құралдарының стиліне дейін кеңейген газеттік-публицистикалық стильге жатады.

Өзінің мақсаты мен қызметтік бағытталуы бойынша журналистік мәтіндер бұқаралық ақпаратсыз қол жетпес қоғам мұқтаждықтарымен барабар. Бұлар:

- көпшілік санасын қалыптастыруға әкелетін адамдардың рухани ізденісін ынталандыру;

- ақиқаттағы өзгерістер туралы айқын деңгейде (оқиғалар) және айқын емес деңгейде (мәселелер) хабарлау;

- болып жатқан оқиғалар туралы әртүрлі пікірлермен танысу;

- көпшіліктің мінез-құлқын басқаруға есептелген билік институттарының шешімдері бар басқарушылық мәтіндер;

- рекреативтік;

- жеке адамдардың немесе іскерлік мәселелерді шешуді көмектесуге қабілетті мәтіндер.

Журналистік мәтін тәрізді, PR-мәтін де журналистер және жұртшылықпен байланыс бойынша мамандардың өндірістік қызметінің негізгі құралы болып табылады. Мәтіндердің көмегімен журналистер мен пиар-мамандар көпшілік аудиторияға ақпаратты хабарлайды және араласады. Тап сол уақытта журналистік мәтін мен пиар-мәтін журналист пен жұртшылықпен байланыс бойынша маман еңбегінің ең маңызды нәтижесі болып табылады. Көпшілік аудиториямен байланыс тиімділігі мен оған ықпал жасаудың жемістілігі мәтіннің сапасына тәуелді. Сондықтан журналистік мәтіндер мен пиар-мәтіндер белгілі бір талаптарға сәйкес болуы қажет

Журналистік мәтіндерге қойылатын жалпы талаптар:

- жаңалығы (Мәтін тек жаңа ғана емес, әлі ешкімге белгісіз ақпарат болуы керек);

- ақпараттылығы (Мәтінде оқиғаның қай жерде және қашан болғаны, онда кім болғаны туралы хабарлануы қажет. Талданатын, проблемалық материалдардың мәтіндеріне ақпараттылыққа мәселенің себептері туралы хабарлама қосылады.);

- өзектілігі (Материалдың тақырыбы көпшілік аудиторияға маңызды, қажетті және пайдалы болғаны жөн.);

- әмбебаптылығы (Мәтін көпшілік аудиторияның барлық секторлары үшін бірдей қызығатын, маңызды, қажетті және пайдалы болуы қажет.);

- қолжетімді (Мәтін мәндік жағынан да, тілге қатысты да түсінікті, анық және айқын жазылуы керек.);

- жеделдігі (Оқиға болғаннан соң мәтін тезірек «жарық көргені» абзал.);

- тартымдылығы (Мәтін мәндік жағынан да, тілге қатысты да қызықты, тартымды, бейнелі, басқаларға ұқсамайтындай болып жазылуы керек.);

- сенімділігі (Ақпарат – ақпарат дереккөзіне сілтемелермен расталуы керек.);

- мазмұндылығы (Мәтін қызықты және нанымды дәлелдемелермен қанығуы – бірақ аса қаныққан емес – қажет.).



БАҚ жүйесінің әрқилы түрлеріне қызмет көрсететін мәтіндер оларды қабылдау ерекшеліктерімен байланысты айрықшаланатын өзгешеліктері бар.

Біріншіден, бұл ақпарат стиль жағынан хабарлама жанрына жататын ақпараттық агенттіктердің мәтіндері. Бұл мәтіндер, негізінен өзінің пішініне сәйкес оларды өңдеп, басқа БАҚ арқылы таратуға арналған. Сондықтан, осы мәтіндер әдейі қарастырылмайды, дегенмен, ақпараттық топтама құрастыру дағдыларын қалыптастырудың өте жақсы үлгісі бола алар еді. Бұл мәтіндер қысқа да нұсқа, ақпараты қаныққан, бейнеліктен жұрдай десе де болады, өйткені, олардың басты қызметі – оқиға туралы алғашқы хабарлама жасау.



Басылым немесе баспасөз оларды оқу арқылы қабылдауға арналған жазбаша мәтіндер арқылы аудиториямен араласады. Оқу мәтіннің мазмұнына терең бойлауға, кездейсоқ қалып кеткен орынға немесе қайталап оқуды талап ететін жерлерге қайта оралуға мүмкіндік жасайды. Бұл авторға тіл құралдарын таңдаудағы еркіндік, күрделі сөздер мен газеттік мәтіндерді публицистикаға жақындататын, қосымша синтаксистік құрылымдармен күрделенген сөйлемдерді қолдануға мүмкіндік береді.

«Стиль сұлулығы» баспасөз басылымдарына арналған тек жазбаша мәтіндерде ғана мүмкін. Дегенмен, баспасөз мәтіндерінің авторлары оқырманның елестетуі мен ойына толығымен сенім артуға, оны кейбір мағынада өз туындысының бірлескен туындыгері ретінде қарауға мәжбүр болады. Онан басқа, осы мәтіндердің қосымша ықпал жасау құралдары жоқ, олардың қолында тек сөз мүмкіндіктері ғана бар.



Радиоэфир немесе телеэфирге жазылатын мәтіндер, әрине, басында жазылады. Бірақ, ауызша жаңғыртудың ерекшеліктерін есепке алу және көпшілік аудиторияның естіп барабар қабылдау қажеттігімен. Бұл жағдайда мазмұндаудың лексикасы, синтаксисы мен стилистикасы елеулі ықшамдалады (Бір сөйлемде 5-8 сөз болуы қажет). Бір мезгілде қосымша дауыс ырғағының мүмкіндіктері, мәтіндерді шумен ресімдеу, радиоэфирде мәтіндерді кім оқыса, соның дауысының мақамы мен тембріне қойылатын талап тар пайда болады. Есту арқылы мәтіндерді қабылдау – көруден гөрі қиынырақ, сондықтан да аудиторияның назары тек ақпаратты қабылдау мағыналығында ғана емес, оны қабылдауға құлақтарын тігеді. Аудитория бірлескен туындыгерліктен алшақтап, ақпаратты әрекетсіз қабылдауға жақындауда.

Телеэфирдің мәтіндерінің жалпы да, сонымен бірге өзіндік арнаулы сипаттамалары бар. Барлық тізбеленген радиомәтіндердің ерекшеліктеріне «сурет» атаулысы қосылады. Сөзбен айтылатын да, көзбен көретін қатарлар бірдей маңызды. Мәтін мен «суретті» бір уақытта қабылдау аудитория үшін онан сайын қиынға түседі, өйткені, ақпаратты қабылдау үшін көп күш салады. Ақпаратты пайымдайтын уақыт жоқ, ал оны тележурналистер жиі пайдаланады. Телевизиялық журналистика – аудиторияның ой мен санасына ықпал ету жағынан бұқаралық ақпарат құралдарының ең күштісі

Соңғы бірнеше жыл ішінде жаңа бағыт – Интернет-журналистика түзілді. Интернет-БАҚ мәтіндерінің – монитор экранынан мәтінді қабылдаудың ерекшеліктері мен ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерімен белгіленетін өзіндік айрықшалығы бар. Бір жағынан, оқуға арналған бұл жазбаша мәтіндер қалыптасу және өмір сүру жағдайларымен жоғарыда аталып өтті. Дегенмен, біріншіден, экраннан оқу қағаз парағынан оқығаннан әлдеқайда қиынырақ. Екіншіден, гипермәтіндік сілтемелер технологиясы мүмкін болатын, бірақ оқу үшін міндетті емес бірнеше деңгейге мүшелейтін сызықтық емес мәтіннің бар екендігін белгілейді. Үшіншіден, интернет-БАҚ мәтіндерін қабылдау мультимедиа эффектілерімен (түс, анимация және басқаларымен) сүйемелденеді.

Баспасөз хабарламалары, сценарийлер, интернет-тұсаукесерлер және басқа пиар-мәтіндер тек көпшілік аудиториямен ғана емес, сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен де жұмыс істеуге бағытталған. Сайып келгенде, жұртшылықпен байланыс бойынша маман тек аудиторияның ғана сұранысын емес, сондай-ақ журналистердің де талабын білуі міндет. Баспасөз хабарламасы неғұрлым сауатты құрастырылса, соғұрлым пиар-маманға қажетті мәтінді журналист жазуының ықтималдығы өсе түседі.

Шығарылымның «пішіні» деп негізінде бүгінде басылым, радиоарна, телеарна немесе БАҚ интернет-арнасының «пішіні» болатын мәтінге қойылатын талаптардың жиынтығын атаймыз. Бұл ең алдымен, арнаның немесе басылымның хабарлауы бағытталған аудиторияның сегментінің әлеуметтік мәртебесі, сонымен қатар, тап осы басылым немесе арнаға тән аудиториямен араласу мәнері.

Соңғы он бес жылда журналистік мәтін және пиар-мәтіндердің тілі мен стилі өте қатты жаңғырды. Орталық мерзімді баспасөздің бас мақалаларының қоғамдық-саяси ресмилігі артта қалды. БАҚ қоғам өміріндегі өзгерістерге, қондырғылардың ауысымына және қоғамдық өмірдің бағдарларына өте жедел және сезімтал болып сезеді. Бұл реакция ең алдымен журналистік мәтін және пиар-мәтіндердің тілінде көрінісін тапты.

Бүгінгі күні БАҚ тілінде бірнеше жетекші вектордың өзгерістерін ерекшелеуге болады: стандарттар мен метафоралау, тілдік ойын, терминологиялау, мәтіндерді қарапайымдау және шет тілдік кірмен сөздермен ластануы.

Бүгінгі БАҚ тілі – қоғамдық өмірдің сөйлеу суреті көрінетін айнадағыдай, өте біртекті емес құбылыс. Қоғамдық-саяси тақырыптамалардың күрделенген құрылымдарының орнын әңгімелік сөздер мен бейнелі сөздер, фразеологизмдер мен стилистикалық боялған тіл бірлігі түріндегі ашық бейнелі құралдары келді.

БАҚ тілінің моделі – сөздік тізбекшенің стандартталған және экспрессивті сегменттерінің арақатынасы және сол уақытта экпрессия мен стандартқа бағдарлайтын іс-әрекет.

Тұтас алғанда, қазіргі газеттік жанрларды қатаң және қатаң емес деп бөлуге болады. Бірінші топтың мәтіндерінде кітаптық-жазбаша және жалпыәдебиеттік құралдар басым, сонымен қатар, стандарт және клишелеу, даяр сөз орамдары басым келеді. Олар ақпараттық қызметке бағдарланған және қатаң жанрларға жатады. Ықпал жасау және эстетикалық қызмет алдыңғы орындарға тартылатын мәтіндер қатаң емес топқа жатқызылады. Тілдік құралдар сапасындағы мұндай мәтіндерді жалпыәдебиеттік құралдар және әңгімелік және әдебиеттен тыс экспрессивтік-әсер ету құралдарын қолданады. БАҚ желілік сегментінің басым бөлігі жаңалық басымдылығына бағдарланған. Мұндай бағдар ақпараттық негіздегі жанрларды, ең алдымен, ішінде бір мезгілде бірдей үш қызметті біріктіретін, алайда, оны вербальді толтыру мақам мен синтаксисті стандарт пен клише жағына ығыстыру, ал тілдік стилистика әңгімелік лексика және экспрессивтік метафоралармен қарапайымдандыратын қысқа жазбаларды алға тартады.



Штамп, стандарт – тек газет тілінің ғана емес, сонымен қатар тілдің жалпы сапасының салдарының қасиеті – оның белсенді тіл әрекетінің әрқайсысын сүйемелдейтін тіл автоматизмі. Тілдегі штамп ойлау штампы және тіл салатын күшті үнемдеу қағидатына сәйкес келеді.
Әдістемелік ұсыныстар

  1. Ұсынылған мәтіннің он балдық шәкілі бойынша қойылатын жалпы талаптардың әрқайсысына сәйкестігін бағалау.

  2. Ұсынылған мәтіннің Бақ түрлеріне қатысын анықтау. Оларға сипаттама беру.

  3. Ұсынылған мәтінде тілдік және стилистикалық ерекшеліктерін табу және көрсету.


Өздік жұмыстарға арналған сұрақтар

  1. Жалпы талаптардың қайсысына болса да сәйкестігі және оның қай жанрға жататындығы қалай сәйкестенеді?

  2. Тұтынушыға әсер ету тұрғысынан қарағанда, мерзімді баспасөзге арналған мәтіннің артықшылықтары және кемшіліктері неде?

  3. Тұтынушыға әсер ету тұрғысынан қарағанда, радиохабарларға арналған мәтіннің артықшылықтары және кемшіліктері неде?

  4. Тұтынушыға әсер ету тұрғысынан қарағанда, телехабарларға арналған мәтіннің артықшылықтары және кемшіліктері неде?

  5. Аудиторияға әсер ету тұрғысынан қарағанда, интернет-БАҚ арналған мәтіннің артықшылықтары және кемшіліктері неде?

  6. Тұтынушыға әсер ету тұрғысынан қарағанда, пиар-мәтіннің артықшылықтары және кемшіліктері неде?

  7. Интернет-БАҚ мәтіндерінде қандай тілдік және стилистикалық өзгерістер көрінеді?

Ұсынылатын әдебиет тізімі:

  1. Костомаров В.Г. Языковой вкус эпохи. М., 1994.

  2. Типология печати: проблемы теории и практики / Отв. Ред. Б.Я.Мисонжников. СПб., 1999.

  3. Володина, М. Н. Язык средств массовой информации [Текст] : учеб.пособие / МГУ им.М.В.Ломоносова;Под ред.М.Н.Володиной. – М. : Академ.Проект:Альма Матер, 2008. – 759 с.

  4. Корконосенко, С. Г. Основы журналистики [Текст] : учеб. / С. Г. Корконосенко. – 2-е изд.,перераб.и доп. – М. : Аспект-Пресс, 2009. – 318 с.

  5. Толстик, И. А. Медиасфера в условиях глобализирующегося мира [Текст] / Под ред.В.Ф.Медведева. – Ммнск : Белорус.наука, 2007. – 205 с.

  6. Барежев, В. А. Организация и проведение PR-кампаний [Текст]: учеб.пособие / В.А.Барежев, А.А.Малькевич. – М.;СПб.;Н.Новгород : Питер, 2010. – 166 с.

  7. Касьянов, Ю. В. PR кампания своими силами [Текст] / Ю. В. Касьянов. – М.;СПб.;Н.Новгород : Питер, 2008. – 187 с.

  8. Бианки, В. А. Убрать конкурента [Текст] : PR-атака / В.А.Бианки,А.И.Серавин. – М.;СПб.;Н.Новгород : Питер, 2007. – 239 с.

  9. Чумиков, А. Н. Связи с общественностью [Текст] : теория и практика:Учеб. / А.Н.Чумиков,М.П.Бочаров;МГУ им.М.В.Ломоносова. – 5-е изд.,перераб.и доп. – М. : Дело, 2008. – 557 с.

  10. Кондратьев, Э. В. Связи с общественностью [Текст] :практикум:Учеб.пособие / Э. В. Кондратьев. – 2-е изд. – М. : Академ.Проект, 2008. – 191 с.

  11. Гундарин, М. В. Книга руководителя отдела PR [Текст] : практ.рекомендации / М. В. Гундарин. – 2-е изд.,доп. – М.;СПб.;Н.Новгород : Питер, 2009. – 330 с.

  12. Солганик, Г. Я. Толковый словарь. Язык газеты, радио, телевидения [Текст] : ок. 6000 слов и выражений / Г. Я. Солганик. – М. : АСТ:АСТРЕЛЬ, 2002. – 752 с.

  13. Стернин, И. А. Практическая риторика [Текст] : учеб.пособие / И. А. Стернин. – 5-е изд.,стер. – М. : Academia, 2008. – 269 с.

  14. Шляхова, С. С. Русский PR-текст: 100%-ное достижение результата [Текст] / С. С. Шляхова. – Ростов н/Д : Феникс, 2009. – 414 с.

  15. Доброва, В. В. Психологические особенности субъектов диалогического дискурса [Текст] : моногр. / В. В. Доброва ; Самар.гос.техн.ун-т. – Самара : [б. и.], 2010. – 93 с.

4 тақырып.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет