Нұрмахан Бағдагүл Қуанышбекқызы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі



Дата19.06.2016
өлшемі110.63 Kb.
#148446
Нұрмахан Бағдагүл Қуанышбекқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

«Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі

Тақырыбы: Жемістер

Мақсаты: Жемістердің түстері, көлемі туралы айтып ажырата білуге үйрету.

Көрнекілігі: Жемістердің суреті, көктем мезгілінің суреті, табиғат бейнеленген сурет, жемістер туралы слайд, қолшатыр, түрлі түсті ленталар, қыстырғыштар, жемістердің шаблоны.




Қызмет кезеңдері

Педагогтың басқару іс-қимылдары

Балалар қызметі

І - кезең

Дәлелдеу-ояту

Шаттық шеңбері Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал, қанекей бәріміз, сәлем дейік үлкенге. Балалар, бізге бүгін қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасайық.


Балалар шаттық шеңберін құрады. Бір біріне деген жылы лебіздерін білдіреді.


Сәлеметсіздер ме, апайлар!




  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілінің ерекшелігін атайықшы. Көктемде қандай өзгерістер болады екен.

  • Балалар, біз бүгін жемістер бағына саяхатқа шығайық. Бәріміз саяхатқа шығамызба?

  • Жемістер бағына бару үшін ұшатын кілем алып келдім. Осы кілемшеге бәріміз келіп отырамыз. Көзімізді жұмамыз. Бәріміз көтеріңкі көңіл күйде аспанда ұшып келеміз. Не бір таулардан, тастардан өттік. Кәне, бәріміз көзімізді ашамыз.

  • Кәне қандай керемет ағаштар. Табиғаты қандай тамаша. Балалар мына жерде күн көңілсіз болып тұр екен. Күн жылуын берсін десек, көңілсіз болып тұрған табиғатымызды жандандырайықшы. Ол үшін табиғатқа не керек деп ойлайсыңдар?

  • Балалар мынау қандай

жемістер?

Алманың түсі қандай? Пішіні қандай? Мынау қандай жеміс? Түсі қандай? Пішіні қандай? Мынау қандай жеміс? Түсі қандай?

Пішіні қандай?

Балалар жемістер бақта өседі. Жемістер бағында жаңбыр жауып кетті.




  • Бәріміз қолшатырға келіп тығыламыз.

  • Балалар қолшатырдың астына келеді. Жаңбыр басылғанша балалар қолшатырдағы лентаға сәйкес, қолдарындағы жемістердің шаблонын лентаның түсіне, жемістің түсін сәйкестеңдіріп қыстырғышпен қыстырады.

  • Арсен ен қандай жемісті қыстырдың?



  • Көктем мезгілі

  • Көктемде қар ериді, жерге шөптер, гүлдер шығады. Ағаштар бүршік жарады. Күн жылынады. Біз жеңіл киінеміз.

Иә

Жемістер бағына келдік



Күннің сәулесін орналастырады. Бұлттарды көтеріп іледі.



  • Алма

  • Қызыл

  • Дөңгелек

  • Алмұрт

  • Жасыл

  • Сопақ

  • Банан

  • Сары

  • Ұзынша сопақ

Алмұрт






Еркенұр сенің қыстырғаның қандай жеміс?

Түсі қандай?

Балалар, бәріміз енді бойымызды сергітіп алайық.Күн ұйықтайды

Күн оянады.

Жел соғады.

Жел қатты қатты соғады.

Найзағай шатырлайды

Жаңбыр жауады.

Жаңбыр қатты жауады

Жаңбыр басылды,

Күн ашылды.

Балалар, енді орнымызға отырамыз,

Теледидардан жемістерді тамашалау.

Балалар жемістер туралы тақпақ айтып берейікші.

Балалар жемістерді жуып жеу қажет екен.

Жемістердің сырты шаң, лас болады.

Жемісімізді жуып жеу қажет екен.

Кәне, балалар алма жемісі туралы тақпақ айтайық.

Банан жемісі туралы тақпақ айтайық.

Алмұрт жемісі туралы тақпақ айтайық.

Балалар, енді ойын ойнап көрейік. Дидактикалық ойын: Салат

Шарты: жемістер таратылып беріледі. Әуен ырғағымен балалар билейді, айналады. Музыка тоқтағанда жемістер біргіп «Салат» болып араласады.



Банан

Сары


Алма, алма дейсін,

Алма берсем жейсің.

Айтпады екен деме,

Алманы жумай жеме.



  • Біз алмамыз, алмамыз

Сондай тәтті дәміміз.


ІІІ- кезең

Рефлексивті

түзету.


Балалар, енді ойын ойнап көрейік. Дидактикалық ойын: Салат

Шарты: жемістер таратылып беріледі. Әуен ырғағымен балалар билейді, айналады. Музыка тоқтағанда жемістер біргіп «Салат» болып араласады.



Біз алмұртпыз алмұртпыз

Жесең тойып қаласың.







Балалар енді бәріміз кілемшемізге отырып, балабақшамызға оралайық. Бәріміз көзімізді жұмамыз. Кәне, көзімізді ашайық. Балабақшамызға келдік.

  • Балалар, саяхатқа немен шықтық?

Саяхатта қайда бардық?

Нелерді көрдік?

Сендерге ұнады ма?


  • Балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.

Сендерге рахмет.

Ұшатын кілеммен


Жемістер бағына

Жемістерді көрдік

Иә






Тақырыбы: «Көрікті көктем»І

Мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру (күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, құстапр келеді) деген сөздерді түсіндіру.

Көрнекіліктер: Көктем көрінісін бейнелейтін сурет, Айсұлу қыздың макеті, көкек, тиіннің макеті, орманның суреті, көкектің дауысы.

Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Дәлелдеу – ояту

Ұйымдастыру – іздену

Рефлексивті түзету



-Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

-Көңіл күйлерің қалай?

-Балалар, бәріміз дөңгелене тұрып, шаттық шеңберін құрайық.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Шуағын төгіп нұр,

Сәлем күн Ана

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

-Балалар, шаттық шеңберінде бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді, ақ тілектерімізді білдірейік.

Қар еріп, су көбейіп,

Сай салаға ағады.

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Айнала гүлге толады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

-Балалар , қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Қазір көктемнің қандай айы?

Нешінші айы?

Бүгін сәуірдің екісі.

Суретпен жұмыс

Көктемде күн жылынады,жаңбыр жауады,

Құстар ұшып келеді,ағаштар бүршік жарады, жерге шөп, гүл шыға бастайды. Қар ериді, адамдар жеңіл киінеді, айналаның бәрі гүлге оранып, күн нұрға толады. Табиғат әсем күйге бөленеді.Көктем айын «Көрікті көктем» деп атайды.


  • Біз таңертең тұрып, далаға шыққанда аспаннан не көрміз?

  • Жерден не көреміз?

  • Өте жақсы балалар. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер. Олай болса бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстар болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.

-Балалар, мен сендерге Айсұлу қыздың басынан өткен хикаялары туралы ертегі айтып берейін.

-Ертеде Айсұлу деген қыз болған екен. Ол бір күні анасынан рұқсат сұрамай үйден шығып, серуендеп кетеді. Келе жатып ну орманға тап болады. Күн ашық көктемнің шуақты күні, балалар сендер орманда жабайы аңдар, құстар өмір сүретінін білесіңдер. Айсұлу орман ішімен келе жатып, құстардың дауысын естиді. Ол құсты айыру үшін, үніне құлақ түріп тыңдайды. Қандай құстың дауысы екенін.

Өзінің атын төтеп

Шақырады көкек

Ку- ку-ку

Айсұлу әрі қарай орман ішімен жүріп келе жатады, бір уақытта күннің көзін бұлт басып, қатты жел соғады. Желдің күштілігінен ағаштар шайқала бастайды. Айсұлудың бойын қорқыныш билеп, қорқа бастайды. Айсұлу үйіне барғысы келіп, жылайды.

-Ау-у, ау – у деп айқайлайды. Бірақ оның дауысын ешкім ести қоймады. Ол қатты шаршап бір ағаштың түбіне келіп, отырады.Бір уақытта ағаштан ағашқа секіріп жүрген тиінді көреді. Тиін:

-Сен кімсің, неге жылап отырсың?-деп сұрайды.Айсұлу тиінге өзінің анасынан рұқсатсыз кетіп қалып адасып жүргенін айтып берді. Тиін Айсұлуға менің тапсырмамды орындасаң ғана саған көмектесемін-дейді.

-Балалар сендер тиіннің тапсырмасын орындауға көмектесіңдер, тиін Айсұлуға үйіне қайтатын жолды тауып береді.

Тиіннің тапсырмасы: «Сиқырлы жаңғақ» ойынын ойнату.

Ойынның мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, ептілікке, тез жинауға үйрету.

Шарты: Жаңғақтарды ортаға шашып, балаларға жинату.

-Жарайсыңдар, балалар. Бүгін сендер тиіннің тапсырмасын дұрыс орындап, Айсұлудың үйіне жетуіне көмектестіңдер. Сендерге рахмет.

-Сонымен, балалар, бүгін ұйымдастырылған оқу іс – әрекет барысында ертегі ұнады ма?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемнің ерекшелігі қандай екен?

-Балалар бүгін бәрің де оқу іс – әрекетіне жақсы қатыстыңдар, сендерге көп-көп рахмет. Сау болыңдар.



-Жақсы
Екі қолын жайып,

Қуаныш сезіммен

Екі қолын аспанға созады.

Қуаныш сезіммен өзін көрсетеді.

Екі қолын қуаныш сезіммен аспанға созады

Қасындағы баланы көрсетеді

Күнге деген қуаныш сезімін білдіреді.

Аспанымыз ашық болын!

Күніміз жарқырай берсін

Деніміз сау болсын!

Бәріміз дос болайық.


Көктемде

Көктем мезгілі

Үш ай

Наурыз, сәуір, мамыр



Екінші айы

Сәуір


Күнді, құстарды, бұлттарды көреміз.
Жерден шөпті, гүлдерді көреміз.

Көкек ку-ку

Иә, ұнады

Көктем



Күтілетін нәтиже:

Білу: Көктем мезгілінің ерекшелігін

Игеру: Көктемде болатын құбылыстарды ажырата білу

Меңгеру: Көктем туралы жаңа сөздер қосу. (күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, құстар келеді)





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет