НҰСҚаулар «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігі және конструкциясы»



Дата13.06.2016
өлшемі76.24 Kb.
#131443
түріНұсқаулар

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР
«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігі және конструкциясы» пәнін оқу бойынша 5В090100 – «Көлік пайдалану және жүк қозғалысын мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41





БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

________ Пфейфер Н.Э.

201__ ж. _______ «___»

Құрастырушы: ________ аға оқытушы Балтабекова А.Н
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы
«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігі және конструкциясы» пәнін меңгеру бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР
5В090100 – «Көлік пайдалану және жүк қозғалысын мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған
Кафедра отырысында ұсынылды 201_ ж. ______ «__», № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________ К. К. Абишев 201_ ж. ______ «__»

ММжК факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

201_ж. _____ «__», № __ хаттама

ОӘК төрағасы ___________ Ахметов Ж. Е. 201_ ж. _____ «__»,

№ __ хаттама
ОӘБ МАҚҰЛДАДЫ

ОӘБ бастығы ________ Е. Н. Жуманкулова 20__ жылдың «__»______


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «___»______________ №____ хаттама




1 Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар
«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігі және конструкциясы» пәнін оқытудың басты мақсаты: студенттерде автомобильдердің конструктивті қауіпсіздігі саласында ғылыми жүйелер мен кәсіби білімдер және дағдылар қалыптастыру. Пән көлік құралдарының қауіпсіздігін, оларды пайдалану кезінде қамтамасыз ететін конструктивтік және пайдаланушылық кешенін аша түседі.

Пәнді меңгерудің негізгі міндеті: студенттерге көлік құралдарының құрылымдық қауіпсіздігі түрлері, мәні және олардың конструкциясының қауіпсіздікке әсері жайлы түсінік беру. Көлік құралдарының қоршаған ортаға кері әсерін зерттеп, зиянын азайту арқылы экологиялық проблемаларды шешу жолдарын және «Көлік- қоғам- қоршаған орта» жүйесінде өзара әсерлесу заңдылықтары негіздерін үйрету.




2 Пән тақырыптарының мазмұны
1 Кіріспе.

Курстың талабы мен мақсаты. Курстың практикалық бағыты және оның басқа пәндермен байланысы. Автомобиль көлігіндегі апаттылық. Жол көлік оқиғалары жайлы түсінік және оның фазалары. Көлік құралдарының құрылымдық қауіпсіздігі, оның ғылыми техникалық жетістіктерімен байланысы және жол қозғалысы қауіпсіздігі проблемаларындағы алатын орны. Нормативті документтер, автомобильдердің құрылымдық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. [2, 4-5 б.]

2 Қауіпсіздіктің түрлері. Автомобильдің белсенді қауіпсіздігі.

Автомобильдің негізгі эксплуатациялық қасиеттері. Автомобиль көлік ағынының негізгі элементі.



Автомомбильдің қауіпсізідігін анықтайтын қауіпсіздіктің кешенді бағалануының қажеттілігі. [2, 7-10 б.]

3 Автомобильдің жалпы құрастырғыш компоненттері

Автомобильдің геометриялық және құрасьырушылық параметрлері (габариттік өлшемдер, база, бұрылыс радиусы) және олардың қозғалыс қауіпсіздігіне әсері. Автомобильдің салмақтық парометрлері (жеке және жалпы салмақ, салмақтың көпірлер бойынша таралымы), ауырлық центрінің биіктігі және олардың қозғалыс қауіпсіздігіне әсері, жол жамылғысының жұмыс істеу мерзімі. Оське түсетін жүктемелерге бақылау жасау. [1, 10-25 б.]

4 Автомобиль динамикасы.

Тартымдылығы, максимал орташа жылдамдық, үдеуі, басып озу жолы, уақытының қозғалыс қауіпсіздігіндегі мәні. Басып озудағы қауіпсіздік. Тежеу динамикасы. Маталуға қарсы жүйелер. Тезникалық күйінің қауіпсіздікке әсері. Тарту және тежеу динамикасын арттыру жолдары. Автомобильдің тартымдық динамикалылығы және оның қозғалыс қауіпсіздігі үшін маңызы. Автомобильдің максимал орташа жылдамдығы, үдеуі, басып озу жолы және уақыты. Басып озу кезіндегі қауіпсіздігі және оның классификациясы. Аяқталған және аяқталмаған басып озулар. Автомобильдің тежеулік динамикалары және оның қауіпсіздігі үшін маңызы. Тежеу динамикалылығының өлшегіштері мен көрсеткіштері. Максимал және орташа баяулатқыш, автомобильдің тежеу және тоқтау жолдары. Тежеу тиімділігінің нормативтері. Максимал қауіпсіздік арақашықтығы. Тежеу күшінің өзара бөлінуі. Сулы немесе тайғақ бетте тежеуді іске асыру. Шиналарды аквапландау процесі. Мұздағы тежеу. Автомобильдің тежеу күштерін автоматтық реттеу. Тежеудің техникалық жағдайының қауіпсіздікке әсері. Тартымдық және тежеу динамикалылығын арттыру жолдары. [1, 42-55 б.]

5 Орнықтылық, басқарылғыштық және автомобиль жүрісінің жайлылығы.

Автомобиль орнықтылығы және оның қауіпсіздік үшін маңызы. Орнықтылықтың өлшеуіштері мен көрсеткіштері. Автомобильдің басқарымдылығы және оның қауіпсіздік үшін маңызы. Басқарымдылықтың өлшеуіштері мен көрсеткіштері. Бүйірлік жел әсеріндегі орнықтылық пен басқарымдылық. Автомобильдің бірқалыпты жай жүрісі және оның қауіпсіздік үшін маңызы, оның өлшеуіштері мен көрсеткіштері. Жол бетінен доңғалақтардың ажырау шарттары. Автомобильдің техникалық жағдайының орнықтылыққа, басқарымдылыққа және бірқалыпты жүруінің әсері және осы қасиеттерді арттыру жолдары. [1, 40-65 б.]

6 Автомобиль шиналары.

Шиналардың негізгі конструктивті параметрлері және олардың қауіпсіздікке әсері. Пайдалану кезінде шиналардың пайдаланушылық қасиеттерінің өзгеруі. Шиналардың қауіпсіздігін арттыру үшін жасалатын конструктивтік шаралар. Сырғанауға қарсы жасалған шиналарды пайдалану. [1, 70-85 б.]

7 Автомобильдің ақпараттылығы.

«Жүргізуші – автомобиль - жол» жүйесіндегі ақпарат көздері және қабылдағыштар. Ақпараттық автомобильдің активтік қауіпсіздігінің бір элементі есебінде. Ішкі шолушы ақпараттылық. Жарық қайтарғыштар және олардың сипаттамасын нормалау. Автомобильді автономды жарықтандыру жүйесі. Бас фаралардың жарық – техникалық сипаттамаларын нормалау. Қашық жарық. Жылдам жарық. Тұманға қарсы жарық. Қала жарығы, автомобильдің артқы жүрісінің жарығы. Бас фаралардың құрылысы. Жарық көздері. Автомобильді автономды жарықтандыру жүйесіне қойылатын пайдалану – техникалық талаптар. Автомобильдің сыртқы жарық беру жүйелері. [1, 90-105 б.]

8 Жүргізушінің жұмыс орны.

Жүргізушінің жұмыс орнының параметрлері және олардың қозғалыс қауіпсіздігі үшін маңызы. Бақылау - өлшеу аспаптары, оларға қойылатын талаптар, осы талаптарды реттеп отыратын құжаттар. Автомобильдің көрініміділігі және оны анықтау әдістері. Жүргізуші орнынан айқын көрішілікке қойылатын талаптарды анықтайтын құжаттар. Автомобиль әйнектерін үрлеу және тазалау жүйелері. Артқы жақтағы әйнектер, олардың саны және орналастыру орны. Автомобиль орындығы. Жүргізушінің жайлы отыруының жұмыс қабілеттілікке және шаршауға әсері. Әртүрлі типтегі автомобиль орнықтылығына қойылатын талаптар. Басқару органдары және оларға қойылатын талаптар. Жүргізуші орнының микроклиматы (температура, ылғалдылық, шу, діріл, газдану дәрежесі т.б.). Автомобильдің техникалық жағдайының жүргізуші жұмысына әсері. Жүргізушінің жұмыс орны параметрлерін жаңарту жолдары. [1, 110-125 б.]

9 Автомобильдің пассивтік қауіпсіздігі.

Автомобильдің пассивтік қауіпсіздігі және оның өошеуіштері мен көрсеткіштері. ЖКО кезінде қозғалысқа қатысушылардың жарақат алуы және автомобильдің зақымдалуы. Соқтығысулар классификациясы. Соққы түрлері. ЖКО кезінде жарақат түрлері және олардың шығу көздері. Пассивтік қауіпсіздік жүйесінің классификациясы. Автомобильдің ішкі пассивтік қауіпсіздігі. Өмір сүру кеңістігі. Антропометрия және толеранттық, ұстап тұратын қорғау құралдары және оларға қойылатын талаптар. Қауіпсіздік белдігі және қауіпсіздік жастығы, қауіпсіз орындықтар. Салон ішіндегі жарақатқа қауіпті бөлшектерді жою. Қауіпсіз рульдік басқарулар. Автомобильдің сыртқы пассивтік қауіпсіздігі. Жүк және жеңіл машиналардың соқтығысуы. Жаяуларды басып кету. Автомобильдің типі мен кузов формасының жаяулардың жарақат алу деңгейіне әсері. Автомобильдің сыртқы пассивтік қауіысіздігін арттырудың конструктивті шаралары. Энергия жұтқыш бамперлер және олардың құрылысы. Пассивтік қауіпсіздікке сынақтар өткізу. Автомобильдің техникалық жағдайының пассивтік қауіпсіздікке әсері және пассивтік қауіпсіздігін арттыру жолдары. [1, 130-155 б.]

10 Автомобильдің апаттан соңғы қауіпсіздігі.

ЖКО-дан соң автомобильден адамдарды эвакуациялау. Автомобиль кузовы конструкциясының эвакуациялауға әсері. Автомобильдің өртке қарсы қауіпсіздігі. Өрт сөндірудің автоматтандырылған жүйелері. Автомобильдің конструкциясына арнайы қауіпсіз материалдарды қолдану. Суға кеткен автомобильден адамдарды эвакуациялау. Автомобильдің техникалық жабдығының апаттан соңғы қауіпсіздікке әсері және оны арттыру жолдары. [1, 157-175 б.]

11 Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігі.

Адамның қоршаған ортасына автомобильдің әсері. Қалалардағы шудың адамға әсер етуінің классификациясы. Шу сипаты және олардың нормалау принциптері. Автомобильдің шу сипаттамаларына қойылатын талаптарды реттейтін құжаттары. Шу сипаттамаларын анықтау әдістері. Автомобиль шуымен күресудің негізгі бағыттары. Зиянды заттардың шектеулі рұқсат етілетін концентрациясы. Автомобильдегі теле және радиокедергілер және оларды жою жолдары. Автомобильдің техникалық жағдайының экологиялық қауіпсіздікке әсері және оны арттыру жолдары. [1, 120-125 б.]

12 Экспериментті қауіпсіз автомобильдің құрылымы.

Қауіпсіз автомобиль жасаудың негізгі бағыттары. Активтік қауіпсіздіктк арттыратын автоматтық құрылғылар. Қауіпсіз қашықтықты сақтап отыруға әсер ететін радиолокациялық жүйелер. Тұрақты белгілі бір жылдамдықты сақтап отыратын автоматтық құрылғылар. Пассивтік қауіпсіздікті арттыратын автоматтық құрылғылар. Қауіпсіз автомобильдер құрылымының үлгілері. [1, 126-140 б.]
3 Әдебиет тізімі
Негізгі

1 Жүнісбеков П.Ж. Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы: оқулық / П. Ж. Жүнісбеков. – Астана: Фолиант, 2007. – 359 б.

2 Жүсіпов К. Ә. Көлік құралдары қауіпсіздігі: оқу құралы / К.Ә. Жүсіпов. - Алматы: ҚазККА, 2007. - 44б.

3 Копенов, Б.Т. Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері: оқу құралы / Б.Т. Копенов, А.Г. Акчурин, Т.Ж. Копенов. - Алматы : ҚазККА, 2009.- 96 б.


Қосымша

4 Мусаев, Ж. С. Көлік техникасының динамикасы : оқу құралы / Ж. С. Мусаев, А. Б. Шимбулатова. - Алматы: ҚазККА, 2009. - 134 б.



5 Ибраев Ж. С. Жер бетіндегі көлік құралдары / Ж.С. Ибраев. – Алматы : ҚазККА, 2007.- 180 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет