6 зертханалық жұмыс «Құрамында индуктивті байланысты элементер бар синусоидалдық тоқтың электрлік тізбегіндегі тоқ пен кернеудің қатынасын эксперименталді зерттеу»
Жұмысты орындау тәртібі:
1.Екі индуктивті катушка байланысы бар маркировкасы үшін келесі сұлбаларды өңдеу:
а) вольтметр,
б) амперметр.
2. Екі индуктивті катушка байланысы бар активті кедергі мен индуктивтілікті тәжірибелі жолмен анықтау.
3. Екі индуктивті катушка байланысы бар тізбекті кездескен және келісілген тәжірибе негізінде Xm, анықтау және катушка маркировкасын анықтау. Масштаб бойынша векторлық диаграмма тұрғызу.
4. Екі индуктивті катушка байланысы бар паралельді қосылыс үшін катушка арқылы тоқтарды анықтау және U=10B кездегі тізбектегі тоқтарды анықтау. Алынған нәтижелерді экспериментальді тексеру. Масштаб бойынша векторлық диаграмма тұрғызу.
Бақылау сұрақтары:
1. Элементтердің индуктивті байланысы деген не, қандай параметрлермен анықталады?
2. Екі элементтің индуктивтілік дәрежесі немен мінезделеді?
3. Байланыс коэффициенті қандай аралықта өзгеруі мүмкін?
4. Индукция байланысында ЭҚК таңбасын қалай анықта?
5. Екі магнитті катушка байланысын М индуктивті өлшемін қалай анықтауға болады?
6. Тізбекте магнит байланысы бар “сыйымдылық эффектісі” дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер
Электротехника. Электростатикалық өріс. Электр және магнит тізбектері. Электротехникалық құрылғылар. Электр машиналары. Электроника негіздері. Электр энергиясын өндіру, тарату және тұтыну [Текст] : оқулық / А. Қ. Ахметов, Ә. А. Ахметова, Т. А. Қабақова ; ҚР білім және ғылым министрлігі. - Астана : Ақмола полиграфия, 2010
Электр техниканың теориялық негіздері 1 [Текст] : оқу құралы студенттерге арналған / А. Д. Мехтиев, А. С. Өтегенова, П. Ш. Мади ; Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, "Энергетика" кафедрасы. - Қарағанды : ҚарМТУ, 2016
Электр қауіпсіздігінің теориялық негіздері [Текст] : оқу құралы 5В071800 "Электр энергетикасы" мамандығындағы студенттерге арналған / А. Д. Мехтиев [и др.]. ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, "Байланыс жүйесінің технологиясы" кафедрасы. - Қарағанды : ҚарМТУ, 2012
Электр тізбектерінің теориясы. Жаттығулар мен есептер [Текст] : оқу құралы күндізігі және сырттан оқитын 050703, 050704, 050702, 050718, 050719 мамандықтары студенттеріне арналған / Т. Д. Иманбекова, С. Б. Балабатыров ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті. - Алматы : б.и., 2012
З. Т. Түркебаева, А. К. Оразбекова, «Электротехниканың теориялық негіздері». І бөлім. 2011 ж. 122 б. КазАТУ полиграфиясы, Астана.
З. Т. Түркебаева, А. К. Оразбекова, «Электротехниканың теориялық негіздері». II бөлім, 2011ж. 120б. КазАТУ баспаханасы, Астана
Теоретические основы электротехники. Методические указания по выполнению контрольных и курсовых работ для студентов электротехнических специальностей Жаутиков Б. А. , Карманов С. Г. , Кочкин А. М. и др., КарГТУ, 2002.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2]
1. Берілген зертханалық жұмыс бойынша негізгі анықтамаларды үйрену.
2. «Индуктивтілік байланысы бар электр тізбектері» теоретикалық материалдарын қайталау.
3. [3] байланысты зертханалық жұмыс қорытындысын дайындау
Достарыңызбен бөлісу: |