Нұсқаулар ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет1/3
Дата08.06.2016
өлшемі405.01 Kb.
#122398
  1   2   3




Әдістемелік нұсқаулар





Ф СО ПГУ 7.18.2/05


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Биотехнология кафедрасы

050727 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандық студенттеріне арналған


«Тағам өнеркәсіп кәсіпорындарындағы сапа менеджмент жүйелері»

пәнінен


тәжірибелік (сарамандық) жұмыстарына

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУлар

Павлодар



Әдістемелік нұсқауларына бекіту парағы





ПМУ ҰС Н 7.18.1/05

БЕКІТЕМІН

Факультет деканы

__________________Т.К. Бексеитов

«___»_____________2009ж.

Кұрастырушы: техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ахметова Н.Қ.

Биотехнология кафедрасы

050727 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандық студенттеріне арналған

«Тағам өнеркәсіп кәсіпорындарындағы сапа менеджмент жүйелері»

пәнінен

тәжірибелік (сарамандық) жұмыстарына



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУлар

Кафедра отырысында ұсынылған 2009 ж. «25» тамыз, № 1 хаттама

Кафедра меңгерушісі ________________ Ж.А.Адамжанова

Агротехнология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2009 ж. «26» тамыз № 1 хаттама

ОӘҚ төрайымы__________________М.Е. Жагипарова
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………4

№ 1 тәжірибелік жұмыс. НАССР жүйесінің принциптері……..………… 5

№ 2 тәжірибелік жұмыс. Сапа түйіні.….…………..................................... 7

№ 3 тәжірибелік жұмыс. Сапа саласындағы саясат ………..………………9

№ 4 тәжірибелік жұмыс. ИСО 9001-2000 халықаралық стандарт.............11

№ 5 тәжірибелік жұмыс. Сапа жүйелері элементерінің құрамы және мазмұнына қойылатын талаптар .........................................................................14

№ 6, 7 тәжірибелік жұмыс.Сапа жөніндегі жетекшілік……………...... 16

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ……………………………………………... 23

КІРІСПЕ

Курс мақсаты: студенттер басқа пәндерді оқу үрдісінде алған білімдері негізінде сапа менеджменті жүйелерін құруды, жүйелерді басқаруды және сапа көрсеткіштері бойынша технологиялық үрдістерді басқаруды үйрету.

Курс міндеттері:

- студенттерге сапа менеджменті жүйелері, оның негізгі элементтері, жүйелердің конфигурациясы, дамуы, басқару элементтері туралы түсінік беру;

- студенттерге сапа менеджменті жүйелерінің элементтері, оларды басқару мүмкіндіктері, сапа мененджменті принциптері, жүйелерге қойылатын талаптар туралы білім беру;

- студенттерге өнімді бағалауды жүргізу, сапа жүйелерін талдауды, сапа мененджменті жүйелерін құруды, сапа менеджменті жүйелерін енгізу кезінде шешімдерді ұсыну және қабылдауды үйрету;

- студенттерге өнім сапасын бағалау, сапа жүйесін бағалау, сапа менеджменті жүйелерінің элементтерін құру, сапаға әсер ететін үрдістерді басқару, сапа менеджменті жүйелерінің құжаттамасын жасау әрекеттері бойынша тәжірибелік дағдыларын үйрету.

Курстың құрылымы:

«Сапа менеджменті жүйелері» курсын өткеннен кейін студент келесіні білуі керек:

- сапа жүйелерінің эволюциясын;

- сапа мененджментінің жүйелерін құру принциптерін, жүйелердің элементтерін;

- ИСО 9000 бойынша сапа жүйе моделін;

- кәсіпорында сапа мененджменті жүйесін құру және енгізу технологиясын;

- сапа жүйелерін ақпаратпен қамтамасыз етуін.

«Сапа менеджменті жүйелері» курсын өткеннен кейін студент меңгеруі тиіс:

- сапаны қамтамасыз ететін жүйелерді талдауды;

- сапа мененджменті жүйелерін құру және оларды басқару, талдау, түзету және жақсартуды;

- 9000/2000 сериялы ИСО стандарттарымен белгіленген әдістемеге сәйкес үрдістік тәсілдеме негізінде сапа менеджменті жүйелерін құруды.
1 тәжірибелік жұмыс

Тәжірибелік жұмыстың тақырыбы: НАССР жүйесі принциптері
Жұмыстың мақсаты:


    1. «Азық-түлік өнімдердің қауіпсіздік менеджментінің жүйелері» ИСО 22000 ХС негізгі принциптерімен танысу.

    2. Тамақ өнімдерін өндірумен байланысты потенциалды тәуекелдер мен қауіптерді барлық кезеңдерінде анықтау және қауіптердің (тәуекелдердің) пайда болу ықтималдығын бағалау және оларды бақылау үшін сақтандырушы шараларды анықтау бойынша тәжірибелік дағдыларын үйрену.

Жұмыстың теориялық негіздемесі

Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі және оның әлемдік экономикалық жүйеге енуі кәсіпорындардан азық-түлік өнімдерін өндіру және сату кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету осы заманға сай тәсілдерді енгізуді талап етеді.

Қазіргі уақытта халықаралық деңгейде өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылаудың кең тараған әдісі - шекті нүктелері бойынша қауіпсіздікті талдау жүйесі немесе Hazard Analysis and Critical Control Point (НАССР) болып табылады.

Сыртқы нарыққа (Европа, АҚШ) шығу тағам өнеркәсіп кәсіпорындарында НАССР жүйесінің болуын талап етеді.



HACCP – бұл нақты тәуекелдер мен қауіптерді және оларды бақылау үшін сақтандыру шараларын анықтайтын жүйе.

Сапа менеджменті жүйелерінің (СМЖ) ережелерін және НАССР (тәуекелдерді талдау және шекті бақылау нүктелер) принциптерінде негізделген тамақ өнімдері қауіпсіздік жүйесін көптеген ұйымдар енгізді. Бұл екі әдісті бір-бірін өзара толықтыратындай бірлестіріп қолдануға болады. Бұл жағдайда олар менеджмент үрдістерін, сондай-ақ, өндірістік операцияларды басқарудың тиімді механизміне айналады.

ISO 9001:2000 стандартында ұйым орындайтын сапа саласында қойылған мақсаттарға жету үшін талаптар және қажетті үрдістер мен қорлар сипатталады. Стандарт сапа менеджменті жүйесі және өнім сапасына әсер ететін жұмыс (қызмет) түрлерін басқару әдістеріне арналған.

ISO 9001:2000 стандартында заңды және нормативтік құжаттарға, ережелерге тікелей сілтемелер жоқ. Бірақ, ұйым жұмысына әсер ететін жағдайда оларға тиісті рәсімдерде сілтемені міндетті түрде беру керек. Бұл нормативтік құжаттар жанама түрде СМЖ-нің бөлігі болып табылады.

Тамақ өнеркәсібінде тұтынушының басты талаптарының бірі – тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі. Тағам өнімдерін тұтыну кезінде уланбау керек, яғни өнімдердің құрамында қауіпті ингредиенттер болмау керек. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі өнім сапасының барлық аспектілерінің міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. HACCP жүйесі тамақ өнімдері қауіпсіздігімен байланысты болғандықтан, сапамен қауіпсіздік арасында қатаң байланыс болады.

Тамақ өнімдерін өндіру технологияларын жасау кезінде НАССР принциптерін жобалау кезеңінде енгізу тиімді.

ISO 9001:2000 стандарты бойынша сапа менеджменті жүйесі НАССР жүйесін енгізу үшін инфрақұрылымын ұсынады және НАССР жүйесі тәжірибесі мен рәсімдері бойынша қолайлы жетекшілік болып табылады, бірақ оның приницптерін айқындамайды.

НАССР жүйесінің жеті принциптері талаптардың талдап қорытылған көрсетілімі болып табылады. Оларды тиімді қолдану үшін ұйымның барлық үрдістерін және қосалқы қызметін толық түсіну керек.

НАССР принциптері өз табиғаты бойынша талдап қорытылған және кең бағытталуына ие болғандықтан оларды қолдану бойынша нұсқаулар жоқ.

1 принцип

Өсіру, өңдеу, өндіру және таратудан бастап тұтынуға дейін тамақ өнімдерін өндіруімен байланысты әлеуетті тәуекелдер мен қауіптерді барлық кезеңдерінде анықтау. Қауіптердің (тәуекелдердің) пайда болу ықтималдығын бағалау және оларды бақылау үшін сақтандырушы шараларды анықтау.



2 принцип

Тәуекелдердің пайда болу ықтималдығын болдырмау немесе төмендету үшін бақыланатын нүктелерді, рәсімдерді, үрдістердің кезеңдерін анықтау.



3 принцип

Шекті бақылау нүкте бақылауда болу үшін сақталатын шектерін белгілеу.



4 принцип

Жоспарланған сынау немесе өлшеулер көмегімен шекті бақылау нүктелерін бақылауын тексеру үшін жүйе жасау.



5 принцип

Мониторинг нәтижесінде нақты шекті бақылау нүктесін бақылау жүргізілмегені анықталған жағдайда қолданылатын түзету әрекеттерін жасау.



6 принцип

Тексеру рәсімдерін жасау және оларға НАССР-тың тиімді жұмысын (қызметін) растау үшін қосымша сынау және рәсімдерін енгізу.



7 принцип

Берілген приниптерге және оларды қолдануына қатысты барлық рәсімдер мен есептер бойынша құжаттама жасау.

НАССР-тың екінші принципі шешімдерді қабылдау үрдісін көрсетеді. Сондықтан ол ISO 9001:2000 стандартының тарауларымен сәйкес келмейді. Бұл принцип НАССР-тың басқа принциптерін қолдануы қабылданған шешімдерге негізделгендіктен ол өте маңызды.

НАССР жүйесін енгізу және сертификаттау:



  • тұтынушылардың өмірі және денсаулығы үшін қауіптердің пайда болу тәуекелін болдырмау немесе жіберілетін деңгейге дейін төмендету арқылы өнім қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етеді;

  • тәуекелдерді басқару бойынша жұмыстарды реттеу және бағыттау өнім сапасының тұрақтылығын арттырады;

  • өнімді бес сұлба бойынша сертификаттауға мүмкіндік береді.

НАССР жүйесін құру кезінде ең күрделі кезең - есепке алынатын қауіпті факторларды таңдау.

Біріншіден, өнім қауіпсіздігімен байланысты белгілі қауіпті факторлардың (физикалық, химиялық, биологиялық) саны өте көп. Мысалы, тек қана микробиологиялық қауіптердің мыңнан асқан түрлері болады.

Екіншіден, зауыт мамандары барлық қауіпті факторлар санитарлық ереже және норма талаптарында есепке алынған деп санайды, бірақ бұл олай болмауы мүмкін.

Үшіншіден, бір қатар жағдайларда мамандардың отандық және шет елдік әдебиеттерінде, анықтамаларда сипатталған, бірақ жүйеленбеген ластану түрлері туралы ақпарат жеткіліксіз.

Төртіншіден, таңдау кезінде қауіпті факторлардың сараптық бағалауы жүргізіледі. Бұл әртүрлі кәсіпорындарда бірдей өндірістер үшін есепке алынатын факторлар құрамына маңызды ерекшеліктер енгізеді. Сондықтан ақпарат көздерін реттеу, шешімдерді қабылдау алгоритмін жасау, жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілеу қажет (мысалы, әдістемелік нұсқау ретінде).

Тәжірибелік жұмыстың әдістемелік жабдықталуы

1. ҚР СТ ИСО 9000-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік.

2. ИСО 22000 Халықаралық стандарты. Азық-түлік өнімдердің қауіпсіздік менеджментінің жүйелері.

3. Тәжірибелік жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар



Тәжірибелік жұмыстың мазмұны мен орындалу тәртібі

  1. Бірнеше жұмыс тобын (4-5 адамнан артық емес) құру;

  2. Өнеркәсіптік өнім таңдап алу;

  3. Таңдап алынған өнімді өндіруімен байланысты потенциалды тәуекелдер мен қауіптерді барлық кезеңдерінде анықтау және қауіптердің (тәуекелдердің) пайда болу ықтималдығын бағалау;

  4. Қауіптерді бақылау үшін сақтандыру шараларың анықтау.

Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп берудің талаптары

Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп дайындалады. Есепке қойылатын талаптар:



  • жұмыстың тақырыбы мен мақсаты;

  • орындалған тапсырмалар;

  • қорытынды.

Бақылау сұрақтары

  1. Өнім қауіпсіздігіне түсінік беріңіз.

  2. НАССР жүйесінің негізі.

  3. Тамақ кәсіпорындары үшін НАССР жүйесінің маңызы қандай?

  4. НАССР жүйесінің мақсаты қандай?

  5. Жүйенің маңызы және жүйені жасау принциптері.

  6. Верификация дегеніміз не?

  7. Жүйені енгізу үшін кәсіпорында қандай шарттар сақталу керек? Жүйе әрекет ету үшін қандай жағдайлар қажет?

Әдебиет

1. ҚР СТ ИСО 9000-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік.



    1. ИСО 22000 Халықаралық стандарты. Азық-түлік өнімдердің қауіпсіздік менеджментінің жүйелері.

2 тәжірибелік сабақ



Тәжірибелік жұмыстың тақырыбы:Сапа түйіні

Жұмыстың мақсаты: Сапа түйінінің құрылымын және элементтерін зерттеу

Тәжірибелік жұмысты орындаудың негізгі мақсаты мен міндеттері:

Жұмыс орындау нәтижесінде студентте мынадай түсінік болуы керек:



  • өнімнің өмірлік циклін жобалау принциптері туралы;

  • өнімді өндіруін ұйымдастыру негіздері туралы;

  • өнімнің бәсекелестік қабілеттілік көрсеткіштері туралы

Студент білуі тиіс:

  • сапа түйінінің құрамы мен құрылымын;

  • сапа түйінінің элементтерінің белгіленуін;

  • кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын жасау принциптері;

  • функцияларын және жауапкершіліктердің таратылу матрицасын жасау әдістемесін

Студент төмендегідей дағдыларға ие болу керек:

  • ұйымдастырушылық құрылымын жасау;

  • функциялары және жауапкершіліктерін таратылу матрицасын жасау;

  • жұмыс нәтижелерін талдап қорыту


Жұмыстың теориялық негіздемесі

Сапа түйінінің моделі тұтынушылардың күтулерін енгізеді. Үрдістің жеке бөлімдері немесе фазалары сапа түйіні элементтерімен сипатталатын жауапкершілік түрлерін анықтайды. Сондықтан сапа түйіні өнімді жоспарлауын, жасауын және өндіруін қамтиды. Өндірістің жалпы процесінде әрбір саласы сапаға өз үлесін қосады. Өндіру процесінде барлық бөлімдердің игеру ғана дайын өнімнің жоғары сапасына әкеледі.

Сапа түйіні кәсіпорында әрбір қызметкер бір уақытта тұтынушы және жабдықтаушы болып табылатынын көрсетеді. Сапа жүйесі кәсіпорынның нақты қызметін есепке алумен жасалады, бірақ ол өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерін қамтиды.

Тәжірибелік жұмыстың әдістемелік жабдықталуы


  1. ҚР СТ ИСО 9000-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік.

  2. ҚР СТ ИСО 9001-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйелері.Талаптар

  3. ҚР СТ ИСО 9004-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйесі. Қызметті жақсарту жөнінен ұсыныстар

Жұмысты орындау үшін студент „Квалиметрия және сапаны басқару„ және „сапа менеджментініңін жүйесі„ пәндері бойынша әдебиетпен, ИСО 9000 халықарарлық стандарттарының ережелерімен, осы әдістемелік нұсқаумен танысу керек.

Тәжірибелік жұмыстың мазмұны мен орындалу тәртібі

1. Бірнеше жұмыс тобын (4-5 адамнаң артық емес) құру;

2. Өнеркәсіптік өнім таңдап алу;

3. Сапа түйінін қолдана отырып таңдалған өнім өндірісінің барлық маңызды кезендерін (маркетингтен бастап пайдаланудан кейін пайдаға жаратуға дейін) анықтау;

4. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымының сұлбасын жасау;

5. Сапа түйіні бойынша функциялардың таратылу матрицасын жасау. Вертикаль (тік) өсі бойынша сапа түйініне сәйкес өмірлік циклі кезенің, ал горизонталь өсіне кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымымен сәйкес басшыларды, қызметтерді және бөлімдерді көрсетеді.

6. Сапа түйіні элементтері бойынша қажетті іс-шаралардың тізімін көрсету:


  • техникалық талаптарды жобалау және жасау;

  • материалдық-техникалық жабдықтау;

  • өндірістік процестерді дайындау және жасау.

Іс-шараларды кезеңдер бойынша құрып матрица немесе кесте түрінде көрсету керек.

    1. Өнімнің бәсекелестік қабылеттілігін арттыру үшін қандай іс-шаралар жоспарлау.

    2. Жұмыс нәтижелері бойынша есеп дайындау.

Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп берудің талаптары

Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп дайындалады. Есепке қойылатын талаптар:

- жұмыстың тақырыбы мен мақсаты;


  • орындалған тапсырмалар;

  • өнімнің бәсекелестік қабылеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар

  • қорытынды

Бақылау сұрақтары

    1. Сапа түйіні.

    2. Сапа түйінінің элементтері.

    3. Сапа түйінін құру алгоритмі.

Әдебиет

  1. ҚР СТ ИСО 9000-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. сапа менеджментінің жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік.

  2. ҚР СТ ИСО 9001-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. сапа менеджментінің жүйелері.Талаптар

  3. ҚР СТ ИСО 9004-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. сапа менеджментінің жүйесі. Қызметті жақсарту жөнінен ұсыныстар

  4. Спицнадель В.Н. Системы качества: Учеб.пособие. – Санкт-Петербург. Издательский дом "Бизнес пресса", 2000. – 336 с.

  5. Международные стандарты серии 9000:2000-9004:2000. – М.: Издательство стандартов, 2000.

3 тәжірибелік жұмыс



Тәжірибелік жұмыстың тақырыбы: Сапа саласындағы саясат

Жұмыстың мақсаты: Сапа жүйесінің „Сапа саласындағы саясат„ құжатының құрылымымен мазмұның зерттеу.

Жұмыс орындау нәтижесінде студентте келесі мынандай түсінік болуы керек:



  • сапа саласындағы саясатты қалыптастыру принциптері туралы;

  • сапа жүйесінің „Басшылық жауапкершілігі„ элементтерінің белгіленуі.

Студент білуі тиіс:

  • „Сапа саласындағы саясат„ құжатының құрылымын;

  • „Сапа саласындағы саясат„ құжатының мазмұнына қойылатын талаптарды;

  • саясатты қалыптастыру әдістемесін және оны қызметкерлерге жеткізу.

Студентте төмендегідей дағды қалыптасуы тиіс:

  • құжат элементтерінің құрылымына және мазмұнына қойылатын талаптарды талдап қорыту;

  • кәсіпорынның мақсаттарын құрастыру және стратегиясын анықтау;

  • жұмыс нәтижелерін талдап қорыту.

Тәжірибелік жұмыстың әдістемелік жабдықталуы

  1. ҚР СТ ИСО 9000-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік.

  2. ҚР СТ ИСО 9001-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйелері.Талаптар

  3. ҚР СТ ИСО 9004-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйесі. Қызметті жақсарту жөнінен ұсыныстар

Жұмысты орындау үшін студент әдістемелік нұсқаумен танысу керек, „Сапа саласындағы саясат„ құжатын жасау тәртібін білу керек және әр түрлі кәсіпорындардың сапа саласындағы саясатын қарастыруы қажет („Стандарты и качество„ журналындағы мақалалар бойынша).

Жұмыстың теориялық негіздемесі

Кәсіпорын нарықта сұраныста болу үшін оның сапа стратегиялық мақсаттарын - сапа саясатын - қалыптастыру өте маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның сапаны қамтамасыз ету бойынша барлық маңызды құжаттары сапа бойынша жетекшілікке біріктіріледі. Барлық ережелер мен құжаттар бірге сапаны қамтамасыз ету жүйесін құрайды.

Сапаны қамтамасыз ету жүйесін құру алдында сапаның стратегиялық және тактикалық мақсаттарын анықтау керек. Яғни, кәсіпорынның сапа саясатын қалыптастырып оны орындау үшін міндетті ету керек. Сонымен қатар ұйымның құрылымын және құжаттама құрылымын анықтау қажет, сапаны қамтамасыз ету жүйесін құру және енгізу үшін жауапты тұлғаларды белгілеу және бұл міндеттерді орындау үшін қажетті құрал мен қаражат бөлінуі керек.

Сонымен, сапа жүйесінің ерекше міндеттерінің бірі — кәсіпорынның сапа саясатың құрастыру және жүргізу.

Сапа саласындағы саясат — жоғары басшылықпен ресми құрастырылған сапа саласындағы негізгі бағыттар және мақсаттар.

Белгіленуі — Сапа саясаты, кәсіпорын саясатының бөлімі ретінде, басшылық жауапкершілігіне енгізілу керек. Кәсіпорын басшылығы саясатты, мақсаттарын және сапа саласындағы өз міндеттерін анықтау және құжаттау керек. Басшылық сапа саласындағы жалпы саясатты түсінуін, оны жүргізуін және енгізуін қамтамасыз ететін барлық қажетті іс-шараларды қабылдау керек.

Сапа саласындағы өз саясатын, мақсаттары мен міндеттерін анықтау және құжаттауда басшылық мынандай принциптерді қолдану керек:



  • сапа саласындағы саясат айқын болуы керек;

  • саясат өнім шығаратын немесе қызмет көрсететін белгілі бір ұйымға қатысты болуы керек;

  • орындалуы мүмкін мақсаттар қойылуы қажет.

Саясатты өткізу бойынша ұсыныстар:

  1. Алдымен кәсіпорын үшін маңызды болып табылатын сапа саясатын анықтайтын принциптерді белгілеу қажет. Бұл принциптер төмендегідей болуы мүмкін: тұтынушының сұраныстарын қанағаттандыру, өнімді өткізу нарығын кеңейту және т.б.;

  2. Осы принциптерге сәйкес ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді мақсаттарға жетілу бойынша міндеттерді белгілеу керек. Мысалы, уақыттын белгіленген кезенінде өнім сапасы бойынша шағым санын төмендету.

  3. Сапа бойынша мақсаттарға жетуді бақылау стратегиясын анықтау. Яғни, кәсіпорынның мақсаттарына жету және принциптерін жүзеге асыру құралдары мен жолдарын белгілеу.

Сапа саясаты құжатталу, талқылау, келістіру және бекітуден кейін кәсіпорынның барлық деңгейдегі қызметкерлеріне жеткізілуі керек. Қызметкерлер сапа саясатын өздерінің күнделікті жұмыс барысында орындау керек.

Тәжірибелік жұмыстың мазмұны мен орындалу тәртібі

  1. Бірнеше жұмыс тобын (4-5 адамнан артық емес) құру;

  2. Әдістемелік нұсқаумен танысу.

  3. „Белгілену„ және „Жүзеге асыру бойынша нұсқаулар„ бөлімдерін талдап, сапа саласындағы саясатты жүзеге асыру бойынша әрекеттер алгоритмін (принциптерін белгілеуден бастап төмен деңгейдегі жұмысшыларға жеткізуге дейін) құру.

  4. Сапа саясатының үлгілерімен танысу.

  5. Мысал ретінде бір кәсіпорын таңдап алып, сапа саласындағы саясатты құрастырыныз.

Кәсіпорынның сапа саясатын құрастырғанда сапаны қамтамасыз ету жүйесінің принциптерін есепке алу керек:

  • тапсырушылардың талаптарын қанағаттандыру;

  • көрсетілген қызметтін, немесе шығарылатын өнім сапасын ұдайы арттыру;

  • қызмет көрсету кезіндегі тиімділігі.

Тапсырушыны қанағаттандыру сапаның үш кілтті аспектілері арасында үйлесімділік болған жағдайда ғана қамтамасыз етіледі — жоғары басшылықтың жауапкершілігі, персонал мен материалдық құрал-жабдықтар, сапаны қамтамасыз ету құрылымы.

Бұл принциптерді жүзеге асыру жолдары:



  • тапсырушының қажеттіліктерін және сапа сипаттамаларын айқындау;

  • сапа денгейіне жету мақсатымен шығындарды оңтайландыру;

  • тапсырушының қанағаттандырылықсыздығын болдырмау үшін алдын алатын іс-шараларды жүргізу.

    1. Сапаға қойылатын талаптарды тексеру.

    2. Жұмыс бойынша есеп дайындау

Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп берудің талаптары

Жұмыс бойынша есеп дайындалады. Есепке қойылатын талаптар:

Есептің құрамына кіреді:


  • тақырып аталуы және жұмыс мақсаты;

  • сапа саласындағы саясатты жүзеге асыру бойынша әрекеттер алгоритмі;

  • саясат құрылымы және элементтері мазмұнына қойылатын талаптар;

  • белгілі бір кәсіпорынның сапа саясатының жобасы.

  • қорытынды.

Бақылау сұрақтары

    1. Сапа саласындағы саясат.

    2. Сапа саласындағы саясатты кім ұсынады?

    3. Сапа саласындағы саясатқа қандай талаптар қойылады?



Әдебиет

  1. ҚР СТ ИСО 9000-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік.

  2. ҚР СТ ИСО 9001-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйелері.Талаптар

  3. ҚР СТ ИСО 9004-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйесі. Қызметті жақсарту жөнінен ұсыныстар

  4. Спицнадель В.Н. Системы качества: Учеб.пособие. – Санкт-Петербург. Издательский дом "Бизнес пресса", 2000. – 336 с.

  5. Международные стандарты серии 9000:2000-9004:2000. – М.: Издательство стандартов, 2000.

4 Тәжірибелік жұмыс



Тәжірибелік жұмыстың тақырыбы: ИСО 9001-2000 халықаралық стандарт

Жұмыстың мақсаты: Сапа жүйесінін элементтерінің талаптарын оқып үйрену

Тәжірибелік сабақты орындау нәтижесінде студентте төмендегі туралы түсінігі болу керек:

- ИСО 9001-2000 халықарарлық стандартының құрылымы және мазмұны;

- „үрдістік тәсілдеме„ принципі

Студент білуі тиіс:

- сапа жүйесінің элементтерінің тізімін;

- элементтердің құрылымын және әрбір элементке халықаралық стандарттармен белгіленген талаптарды;

Студентте мынандай дағдылар қалыптасуы керек:



  • қызметтері бойынша талаптарды құрылымдау;

  • орындалған жұмыстың нәтижелерін талдап қорыту .

Тәжірибелік жұмыстың әдістемелік жабдықталуы

  1. ҚР СТ ИСО 9000-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік.

  2. ҚР СТ ИСО 9001-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйелері.Талаптар

  3. ҚР СТ ИСО 9004-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйесі. Қызметті жақсарту жөнінен ұсыныстар

Тәжірибелік сабақты үлгерімді орындау үшін студент

  • ИСО 9000 «Сапа менеджменті жүйесі» стандартының ережелерімен танысуы керек;

  • дәрістердің мазмұның білу керек;

  • осы әдістемелік нұсқаудың ережелерімен танысуы керек.

Жұмыстың теориялық негіздемесі

ИСО 9001-2000 халықаралық стандарт тұтынушылардың талаптарын орындау жолымен олардың қанағаттануына назар аудару үшін кәсіпорынмен қолданылатын сапа менеджменті жүйелеріне талаптарды белгілейді. Сапа менеджменті жүйесі, сертификаттау органдарын қоса алғанда, ішкі және сыртқы тараптармен қолданылуы мүмкін.

Үрдістік тәсілдеме



      1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет