Бақылау сұрақтары
Магнит өрісі. Оның электр өрісінен қандай айырмашылығы бар.
Магнит өрісінің индукциясының күш сызықтары.
-нің бағыты. Магнит индукциясының күш сызықтары.
Био-Савар-Лаплас заңы.
Дөңгелек токтың центріндегі магнит индукциясы.
Жердің магнит өрісі.
Жердің магнит өрісінің горизонталь құрастырушысын анықтау тәсілі.
(3) теңдеуді қорытып шығар.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары
Магнит өрісінің индукция векторы және кернеулігі.
1. Жердің магнит өрісінің кернеулігі және оның вертикаль және горизонталь құраушылары.
2. Тангенс гальвонометрдің құрылысы және жұмыс істеу әдісі.
№ 80 Зертханалық жұмыс
Микроскопты пайдаланып шыны пластинканың сыну көрсеткішін анықтау
Изотропиялық екі мөлдір ортаның шекарасындағы сәуленің шағылу және сыну заңдары
Теориялық кіріспе
Оптикада жарық сәулесінің табиғаты мен қасиеттері жэне олардың затқа өтетін әсерлері қарастырылады.
Толқындық теория негізінде монохроматты жарықтың екі түрлі біртекті орталардың бөлінуінің жазық шекарасындағы жарықтың шағылу және сыну құбылыстарының заңдылықтарын қарастырайық.
Жарықтың түзу сызықты таралу заңы: Оптикалық біртекті ортада жарық түзусызықты таралады. Мысалы: колеңкенің болуы. Егер жарық өте кішкентай саңылаудан өтетін болса, бұл заң бұзылады. Саңылау неғұрлым кіші болса, соғұрлым жарық түзусызықты таралудан ауытқиды.
Шағылу заңы: шағылған сәуле түскен сәулемен екі ортаның бөлу шекарасы перпендикулярмен бөлінген жазықтықта жатады. Шағылу бұрышы мен түсу бұрышы өзара тең.
Сыну заңы: сынған сәуле түскен сәулемен екі ортаның бөлу шекарасы перпендикулярмен бөлінген бір жазықтықта жатады. Түсу бұрышынң синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген орталар үшін тұрақты шама болып табылады.
- 2-ші ортаның 1-ші ортамен салыстырғандағы сыну көрсеткіші. Сыну көрсеткіші жарықтың бір ортадан екінші ортаға өткендегі жарық жылдамдығының қалай өзгеретінін көрсетеді, және 2 ортадағы жарық жылдамдығының қатынасымен анықталады.
Егер жарық вакуумнан қандай да бір ортаға өтсе (вакуумдағы жарық жылдамдығы с әріпімен белгіленеді және ол -қа тең), онда осы ортаның вакуммен салыстырғандағы сыну көрсеткіші абсолю сыну көрсеткіші деп аталады.
n= c/v
яғни жарық жылдамдығы с болатын вакууммен салыстырғандағы осы орталардың абсолют көрсеткіштері болады. ni=c/vi
Осы қатынасты қолдана отырып сыну заңын мына түрге келтіреміз:
Бөлу шекарасына түсетін көрінбейтін жұтылмайтын орталар үшін Фтүсу сәулелік ағыны 2 құрамдас бөлікке бөлінеді:
Фтүсу=Фшағылу+Фсыну
Шағылу коэффиценті =Фшағылу/Фтүсу жарықтың электромагниттік теориясының формулаларымен есептеледі, және 2 ортаның да сыну көрсеткішіне, түсу бұрышына, сондай-ақ сәуленің поляризация дәрежесіне тәуелді. Егер n2=n1 болса, онда және сыну көрсеткішінің шамасы бірдей ортаның болу сызығы көрінбей қалады.
Ауаның сыну көрсеткіші оның тығыздығы өскен сайын ұлғаяды және nауа -Электромагниттік тоерия негізінде диэлектрлік өтімділігі және магниттік өтімділігі ортада электромагниттік толқындардың таралу жылдамдығы мынаған тең:
Осыдан, ортаның сыну көрсеткіші -ға тең. Бұл жерде μ және ε сәйкесінше магниттік және диэлектрлік өтімділіктер.
С ыну көрсеткіші екі түрлі орталардан, сыну көрсеткіші төмен орта оптикалық аз тығыздалған деп аталады, ал сыну көрсеткіші жоғары орта – оптикалық көп тығыздалған.
Оптикалық көп тығыздалған ортадан аз тығыздалған ортаға өткенде (n21) сыну бұрышы β түсу бұрышы α –дан үлкен болады. Түсу бұрышы қандай да бір α=αпр мәніне ие болған кезде, сыну бұрышы 90 градусқа тең болады (3 сәуле).
Бұл жағдайда сынған сәуле орталардың шекара жазықтығы бойымен өтеді. Түскен бұрышы α үлкен αпр болған жағдайда, сынған сәуле болмайды, ал түскен сәуле орталардың бөлу шекарасынан толығымен шағылады. (4 сәуле.)
Толық ішкі шағылу құбылысы байқалады.
Толық ішкі шағылу кезінде сыну бұрышы β=90˚ болған шартта ғана шекті бұрыш анықталады, яғни
β=90˚ болғанда
Достарыңызбен бөлісу: |