Нұсқаулар Нысан пму ұс н 18. 3/40 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет1/4
Дата16.06.2016
өлшемі7.36 Mb.
#138589
  1   2   3   4

Әдістемелік нұсқаулар






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Машина жасау және стандарттау кафедрасы

«Машина жасау технологиясы» пәні бойынша


050724 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығының студенттеріне арналған
зертханалық жұмысын орындау үшін
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар





Әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»____________


Қ ұрастырушы: т.ғ.к., доцент Г.Т. Итыбаева

Машина жасау және стандарттау кафедрасы

«Машина жасау технологиясы» пәні бойынша

050724 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығының студенттеріне арналған

әдістемелік нұсқаулар
зертханалық жұмысын орындау үшін

Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________, №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Ықсан Ж.М. 20__ж. «____» ________

(қолы)
Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кенесімен құпталған 20__ж. «___»______________, №____ хаттама


ОӘК төрағасы _______________ Ахметов Ж.Е. 20__ж. «____» ________

(қолы) (А.Ж.Т.)



МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ Варакута А.А. 20__ж. «____» ________

(қолы)
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ хаттама

Кіріспе
Әдістемелік нұсқауда токарлы, бұрғылау, жоңғылау, ажарлау станогының негізгі тұзілімдері және басқаруы қарастырылған. Әр түрлі кескіштердің типтері келтірілген, станоқтардың өндеу технологиялық мүмкіндіктері қарастырылған.

050724 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандықтарының студенттеріне «Машина жасау технологиясы» пәні бойынша осы зертханалық жұмыс арналған.


1 зертханалық жұмыс

Токарлы өндеудің технологиялық мүмкіндігі
Жұмыс мақсаты: жону - әмбебап білдегінде дайындама өңдеуінің технологиялық мүмкіндіктерін оқып білу.

Керекті құрал-жабдық, аспатар мен айлабұымдар:

1.Моделі 16К20 әмбебап жону-бұрамакескіш білдегі;

2.Үшжұдырықты қысқы;

3.Жону кескіштері.


Жону әдісінің сипаттамалары

Жону дайындаманың бетінің сырт пішін құрудың технологиялық әдісі – екі қозғалыспен сипатталады: дайындаманың айналу қозғалысы (кесу жылдамдығы) және кесу құралының ілгерлімелі қозғалысы (беріліс қозғалысы). Беріліс қозғалысы дайындаманың айналу өсіне параллельді (бойлық қозғалыс), Дайындаманың айналу өсіне перпендикулярді (көлденіңен беріліс), дайындаманың айналу өсіне бұрышпен (қиғаш беріліс) жүзеге асырылады.

Жону түрлері: сыртқы жону – сыртқы беттерді өңдеу, күйлей жону – жазық (шет жақты) беттерді өңдеу; кесу – дайындаманы бөлшектерге бөлу немесе шыбықты илем дайындамасынан дайын тетікті кесу.

Жону қабылданған классификация бойынша бірінші топқа жататын жону білдегінде орындалады.



Метелкескіш білдектердің классификациясы.

Металкескіш білдектерінде орындалатын технологиялық операциялардлың түрлеріне байланысты машина жасау өнеркәсібінде топтарға бөлу жүйесі қабылданған. Барлық білдектерді 10 топқа бөледі:

0.резервтік топ

1.жоңғу


2.бұрғылау және кеңейжону

3.ажарлау, әрлеу және жетілдіру

4.біріктіру

5.тіс өңдеу және кескіш өңдеу

6.жоңғылау

7.сүргілеу,қашау және тарта өңдеу

8.тіліктеу

9.әртүрлі

Сонымен қатар білдектерді автоматтау дәрежесі борйынша бөледі: білдектер–автоматтар, жартылай автоматтар, басқарушы бағдарламамен,білдектердің автоматтық сызығы және т.б.

Өнделетін тетіктердің өлшемдерінің дәлдігінің дәрежесіне байланысты білдектер қалыпты және жоғры дәлдікті білдектер болып бөлінеді. Орындалатын жұмыстың сипаттамасы бойынша – сыдырылатын және тазалайтын.

Конструктивті белгісі бойынша (айналдырықтың орналасуына байланысты) + көлденіңен жіне тігінен. Мысалы: жоңғыш-көлденіңен жартылай автомат.

Әр топтың білдектері 9 топшаларға бөлінеді және модельдер конструктивті және технологиялық ерекшеліктермен байланысты, арнайы бағытқа бағыттау дәрежесі және т.б.

Білдек моделін сәйкес нөмірмен белгілейді. Бірінші сан білдектің тобын анықтайды, екінші сан берілген топтың шамасындағы топшасын (түрі,моделі), үшінші – (ұшінші немесе төртінші) – білдектің негізгі технологиялық ерекшеліктерін сипаттайды (мысалы: білдекте өнделетін тетіктің ең үлкен диаметрі, үстел өлшемі және т.б.).Бірінші саннан кейінгі жазбаша әріп білдектің жетілдіруіне сілтейді. Мысалы:жону тобының білдектеріне бірінші әріп 1,ал екіншісі: 1және 2 – автоматтар және жартылай автоматтар; 3- револьверлі; 6 – жону-бұрамакескіш және т.б.

Моделі 16К20 жону білдегі – центрлер биіктігі 200 мм жону – бұрамакескіш. Жону (ереже бойынша) бірінші топтың жону білдектерінде жүргізіледі.


Жону тобының білдектерінде дайындамаларды өңдеу.
Жону білдектері машинажасау зауытының білдектер құрамының 50% құрайды.

Жону білдектерінің 9 түрі бар:

1.Бір айналдырықты стоматтар және жартылай автоматтар;

2.Көп айналдырықты втоматтар және жартылай автоматтар;

3.револьверлі;

4.кесу-бұрғылау;

5.айналма устелді;

6.окарлық және маңдайлы;

7.көп кескіш;

8.арнайы дайындалған;

9.әртүрлі.

Жону білдектерінің түрлері 1 суретте көрсетілген.




Әр топтың ішінде білдектер өлшем мен конструкциясымен ерекшелінеді.

Жону-бұрамакескіш білдектердің негізгі техникалық сипаттамасы, олардың технологиялық мүмкіндіктерімен анықталатын өнделетін дайындаманың ең үлкен радиусын анықтайтын тұғыр астындағы центрлер биіктігі,сонымен қатар тұғырда орналастыруға болатын, өнделетін дайындаманың ең үлкен ұзындығын анықтайтын центрлер арасындағықашықтықты анықтайды.

Моделі 16К20 білдегінің құрылғысы мен сипаттамасы, оның технологиядық сипаттамасы.

Бағыттауыш тұғыр үстінде орналасқан дайындаманың максимал диаметрі 400 м, ал суппорттың үстінгі бөлігінде 220 мм, өнделетін дайындаманың максимал ұзындығы шамамен 1300 мм. Электрқозғаушы жетектің қуаты 10 кВт, бұл дайындаманың жону кезінде көптеген әдіптерді шешуге мүмкіндік береді.

Айналдырықтың үлкен айналым саны 2000айн/мин кесудің жоғары жылдамдықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Білдек 0,075-тен 4,46 мм/айн дейін 48 бойлық беріліс және көлденіңен 0,038-ден 2,23 мм/айн бар. Бұранданың барлық түрлерін кесуге мүмкіндік береді.Білдекте ішкі және сыртқы цилиндрлік және конустық беттерді сырт жону және күйлеуге, оларға бұранданы кесуге, БИД әдістерімен, бұрғылау, бұрғылап кеңейтуге, центрлеу, ұңғылау,тесіктерді ұңғылау (сыртқы жону және беттік сығымдау),цилиндрлік және конустық беттерін сыртқы жону және беттік сығымдау, дайындаманы тіліктеу және кесу, жырашықты жону,арнайы техникалық жабдық қолданғанда сұлбалы және көпжақты беттерді өңдеуге болады.

Бойлық және көлденіңен беріліс бағытында білдектің өндетілген орын ауыстыру механизмі бар. Моделі 16К20 білдегінде 2сурет келесі бар:




негізгі түйіндер.Білдек түйіндері орнатылған станина ,іргетасы бекітілген және діріл тірегі орнатылған,алдыңғы және артқы тіреуде орналастырылған.

Құралкүймешік жылжымасы тұғырдың бағыттауышы арқылы орын ауыстырады, артқы тұғыр.

Алдыңғы (айналмалы) тұғыр жылдамдық қорабымен тұғырдың сол жақ соңында бекітіледі және дайындаманы бекіту үшін қызмет етеді, сонымен катар түрлі айналым сандарымен айналмалы қозғалыс береді.

Айналдырық – кинематика қатардағы жылдамдық қорабының соңғы білігі. Центрі орнатылатын (центр жұмыс істеу үшін) конустық тесік бар және өнделетін дайындаманы бекіту үшін жұдырықты және жетектемелі қысқы құрайтын сыртқы бет бұрандасы болады.

Айналдырықты қуыс болып өндіреді, өнделетін шыбық ты орналастыру үшін,еріліс қорабын тұғырдың беткі жағында бекітеді. Ол керекті беріліс шамасын және бұранданың кесу қадамын қолдануды қамтамасыз етеді.

Беріліс бұрандасына хабарлауды құралкүймешік қызмет атқарады. Бойлай жылжыма немесе бұнақ деп аталатын құралкүймешіктың төменгі бөлігі, бойлай беріліс кезінде станинаның бағыттауышы арқылы қозғалады. Оның үстінде көлденіңен қозғалыс кезінде дайындаманың айналу өсіне перпендикуляр орын ауыстыратын көлденең жылжыма орналасқан. Көлденең жылжыманың үстінде кескіш бекіткіш пен сыртқы бұрылыс құралкүймешік орналасқан.

Алжапқыш құралкүймешіктың бұнағына бекітіледі. Оның ішінде механизм орналастырылған, оның көмегімен айналу қозғалысы, айналдырықтан жүріс білікшісіне немесе жүріс бұрамасына беріледі, құралкүймешіктың ілгерлімелі түзусызықты (бойлық немесе көлденіңен) қозғалысқа айналады. Оның ішінде көлденіңен немесе бойлық берілісті, бұранданы кесу үшін қозғалыс, сонымен қатар құралкүймешіктың тездетілген орын ауыстыруын қосу үшін арналған қондырғы.

Артқы тұғыр центрдегі жұмыс кезінде өнделетін дайындаманы ұстау үшін қызмет етеді, сонымен қатар тесіктерді өндеген кезде оның ішінде бұрғыларды, ұңғыларды және т.б. құрал-жабдықтарды бекітуге болады.Ол үшін артқы тұғырдың сүйеу төлкесінде конустық тесік бар. Артқы тұғыр іліну механизмінің көмегімен құралкүймешікпен қосыла алады және механикалық берілісті жүзеге асыра алады.


Жону-бұрамакескіш білдегінің басқару органы
Жону-бұрамакескіш білдегінің басқару органы 3 суретте көрсетілген.


Тұтқа: 1-айналдырықтың айналма сандарының қатарын орнату,2-айналдырықтың айналма санын орнату;3-бұранданың қалыпты жоғарланған қадамын және көпкірмелі бұранданы орнын бөлу кезінде орнату;4- оң және сол бұранданы орнату; 5-бұранданың қадамын және беріліс шамасын орнату;6- жұмыс түрін орнату;7-жіберу қорабының механизмінің өшірілуі және бұрандаманың қадамын және беріліс шамасын орнату;8- негізгі жетектің фрикционды муфтасын басқару(16 тұтқамен блокталған);11-төрткілдешті тістідөңгелекті қосу және өшіру;14-берілісті қосу;15-жүрістік бұраманың сомын қосу және өшіру; 16-негізгі жетектің фрикционды муфтасын басқару(8 тұтқамен блокталған); 16-станинаға артқы тұғырдың бекітілуі;19-артқы тұғырдың сүйеутөлкесін қармау; 20-суппорттың көлденең жылжымасын және күймешенің механикалық анықтауыштарын басқару; 22-суппорттың бұрандалы жылжымаларының қолды орын ауыстыруы; 23- индексті бұрандалы бастиектің бұрылуы және бекітілуі; 25- суппорттың көлденең жылжымасының қолды орын ауыстыруы; 9-суппорттың көлденең жылжымасының және бағыттауыш күймешенің май жағу золотнигі; 12-электрқозғауыштардың негізгі жетекті өшіру немесе қосу; 21-суппорттың көлденең жылжымасының немесе күймешенің тездетілген жүрісінің электрқозғаушы жетегін қосу;тегершік:10-күймешенің қолды орын ауыстыруы; 17-артқы тұғыр сүйеутөлкесінің орын ауыстыруы; 26-суытылған сұйықтықтың берілісінң реттелетін шүмегі; 13-станинада күймшенің бекітілу бұрандамасы; 24-жергілікті жарықтандыру; 27-білдек жүктемесінің сілтемесі; 28-суытылған сұйықтықтың беріліс электрсорғының; 29-белгі лампасы; 30-автоматты.

Білдекті баптау деп берілген операцияларды (құралды,айлабұйымды, дайындамаларды және т.б. орнату) орындалуымен байланысқан барлық дайындалатын жұмыстарды айтады.

Білдекті орнату берілген кесу тәртібіне сәйкес оның кинематикалық тізбектерді (айалым,беріліс) келтірілуімен қорытындыланады.

Кескіштердің шыңы дайындама өсінің биіктігінде орналасатындай (білдек,центрлер сызықтары), ал оның шығарығы өзег-ұстағыш биіктігі 1,5 аса болатындай кескішұстағышқа бекітеді.

Дайындамаларды әмбебап және айлабұйымдардың көмегімен бекітеді: жұдырықты және т.б. қысқылар, әртүрлі центрлер (жай,кері,бұдырлы және т.б.).

Ұзын (қатаң емес) біліктерді өңдеу кезінде қатаңдықты жоғарлату үшін білік суппортта қондырылған люнетке сүйенеді.

Беттерді жону техникалық тағайындалуы бойынша бөлінетін 6,7,8 суреттегі жоңғыш кескіштермен орындалады: өтпеліде – сыртқы цилиндрлі және конусты беттерді жону үшін,тілікті – жазық шет жақты беттерді жону үшін,күйлей жону – тесіліп өткен және тұйық тесіктерді жону үшін;қиғыш – дайындамаларды бөліп кесу үшін;сыртқы және іщкі бұрандыларды кесу үшін бұрандалы;сұлбасы дөңгелек және призмалы – сұлбалы беттерді жону үшін;кесетін – сақиналы бұнақтарды жону үшін.

Кескіштердің негізгі бөліктері мен элементтері, сонымен қатар геометриялық кескіштерін анықтау үшін шартты жазықтар 4,5 суретте көрсетілген.




4 сурет. Кескіштің элементтері және бөліктері

5 сурет. Кескіштің геометриясые оқып үйрену үшін шартты жазықтықтар.



6 сурет. Беріліс қозғалысының бағытына тәуелді кескіш түрлері.


7 сурет.Тағайындауы бойынша кескішті классификациялау:а-өтпелі қайырылған;б-түзу өтпелі;в-өтпелі тіректі;г-қиғыш;д-кесетін;е-өтпелі кеңей-жоңғыш;з-ішкі бұрандаға арналған бұрандакескіш;и-бұранда кескіш.

Өңдейдің сипаттамасы бойынша кескіштерді дәлдеп өндейтін,жартылай дәлдеп өндейтін және жобалай өндейтін деп бөледі.Жұмыс бөлігінің пішіні бойынша кескіштерді тік,қайырылған және созылыңқы. Беріліс бағыты бойынша – сол және оң.Оң оң жақтан сол жақберілісімен жұмыс істейді,сол – солдан оңға.

Үлкен беріліс кезінде қосымша кесу жиекті кескіштерді қолданады,сонымен қатар көпшекті жонбайтын қатты қорытпалыкұйтабақты кескіштерді қолданады.

7 суреттегі сұлбаларда көсетілетін жұмыстарды көбінесе жону ьілдектерінде жүргізеді.

Жону – сыртқы цилиндрлі жобалы өтпелі тік (7б сурет), созылыңқы (7а,7д сурет);оң (7а,7в сурет) және сол жақты кескіштермен өңдеу; дәлдеп өнделетін оң (7д сурет);бөліп кесу кескішпен орындайды (7г сурет).Кескіштің ені бойынша металды экономдау үшін оның ұзың,жіңішке бастиегі бар.Кесу бөлігінің ені кішірейген сайын кескіштің қаттылығы мен беріктігі төмендейді.Диаметрі 30-50 мм дайындама үшін кескіштің кесу бөлігінің ені 3-5 мм құрайды.

Үлкен диаметрлі,сатылы,тесіліп өткен және тұйық тесіктерді, күйлей кескіштермен күйлей жону арқылы өңдейді.

Тесікткрді жону білдектерінде қолды артқы тұғырының сүйеу төлкесінде немесе механикалық берілісте орналастырылған, бұрғылармен, ұңғымен, ұңғылағышпен және т.б. өңдеуге болады.


Сыртқы және шет жақты беттерді өңдеу үшін арналған кескіштер
Тесікті өңдеу сапасы белгілеумен анықталған конструкция және кескішті анықтау дұрыстығына байланысты,квалификациялы жоңғыш тетіктің құрама пішінін көріп,оны өңдеу үшін қандай кескіштер керек екенінанықтай алады.Жонып өңдеу кезінде кескіштерді таңдау маңызды міндет болып табылады.

Жоңғылау үшін кескіштер бастиегінің пішіні бойынша тік – тіксызықты өзекпен (8а сурет) және созылыңқы – оңға және солға созылыңқы өзекпен (8б сурет).




8 сурет. Жону кескіштерінің негізгі түрлері.
Кесу жиегінің орналасуы бойынша оң (8г сурет) және сол (8в сурет) кескішьер деп бөледі.Оң жақты өңдеу кезінде артқы тұғырдан алдыңғы тұғырға қарай көлденіңен бағытында,ал сол жақты – алдыңғы тұғырдан артқы тұғырға қарай орын ауыстырады.

Өтпелі кескіштер – жоңғылау,қиық жиектің пайда болуы үшін,өтпелі таянышты кескіштер – пайда болатын сатының шет жағын өңдеу және жоңғылау үшін арналған.

Тіліктелген кескіштер – дайындалатын дайындама шет жағында сатының пайда болуы үшін және шет жақ жазықтарын өңдеу қызметін атқарады.Тетіктің ішкі және сыртқы беттердегі жырашықтар жырашықты кескіштер (8е,з сурет) көмегімен де алынуы мүмкін.

Аналогты конструкциясы бойынша кескіштер кесу үшін қолданылады және кесілген деп аталады.

Сұлбалы кескіштер (8к сурет) өнделетін тетіктің пішіні бойынша жоңылған және тіліктелген,жырашықты және кесілген сияқты көлденіңен берілісі ғана бар.8и суретте бұрандалы кескіш көрсетілген.Сұлбалы беттерді суппорттың көлденіңен берілісімен арнайы сұлбалы кескіштермен немесе көшірмелі механикалық немесе гидравликалық құрылғылардың көмегімен өнделеді.


9сурет – Жону кескіштерінің жұмыс істеу сұлбасы.

а - өтпелі сыдырылатын,ь - өтпелі тіректі, в – кесетін,г-кесіп өтетін,д-кесілетін,е,ж-кеңейтетін,,з-бұранданы сыртқы бұрандау үшін,и-бұранданы ішкі бұрандау үшін,к,л-сұлбалы.

Бұрандаларды кесу ішкі немесе сыртқы бұрандалы кескіштермен жүзеге асады (9з,и сурет).

Әрекеттік бұрыш бұрандалы кескіш биіктігінде кесуші бұранда кескінінің бұрышына сәйкес болуы керек.Бұрамалы жырашықты бірнеше өту алдында кесіп алады.

Стандартты бұрандаларды кесу кезінде бідекті беріліс қорабының көмегімен баптайды.

Кесу бұрандасының қадамына тең шамаға айналдырық суппорттың айналымы бұрандалы кескіштің орын ауыстыру шартын қамтамасыз ету,бұранданы кесу үшін білдекті баптау кезінде орын алады.

Конустық беььерді өңдеу келесі жолмен жүзеге асырады.Конустық беттер келесі элеметтермен сипатталады(10 сурет):

- конус бұрышы (2а) өс арқылы өтетін бір жазықтықта жататын және жасайтын екеуінің арасындағы бұрыш;

- а конусының ылди бұрышы – конусты жасаушы мен өс арасындағы бұрыш;ылди бұрышының тангенсімен Y (Y=tgα=Dd/2l);

конустықпен немесе екіжақты ылдимен (k=Dd/l)

Конустық беттерді алу үшін,кескіштің ұшы дайындаманың айналу кезінде параллель емес,центрлер өсіне белгілі бір өспен орын ауыстыруы қажет.Осы бұрыш а конусының ылди бұрышына тең болуы керек.Дайындаманың өсіне кескіш ұшының бұрышпен орын ауыстыруы келесі әдістердің біреуімен іске асыруға болады: кең кескішті қолдану;суппорттың жоғарғы бөлігінің айналымымен;артқы тұғырдың орын ауыстыруымен;конусты сызықшының көмегімен.

Негізгі әрекеттік бұрышы конусты беттің ылди бұрышына тең кең кескішпен, ұзындығы 20 мм дейінгі ішкі және сыртқы конусты беттерді өңдейді. Кескішті орнату үшін құрылғылы қима үлгісі қолданылады.



10 сурет. Конусты беттері элементтерінің шошақтық сызбаның белгіленуі.




11 сурет. Суппорттың айналдырылған жоғарғы жылжыма кезінде конусты беттерді өңдеу: а – сыртқы бетті жону; б – ырнап кеңейту.


12 сурет. Артқы тұғыр тұлғасының орын ауыстыру әдісін қолданып,сыртқы конусты бетті өңдеу.
Конусты бет алудың әмбебеп әдісі – суппорттың айналдырылған жоғарғы жылжыма кезінде өңдеу (11 сурет).

Тақта бекітудің бұрама сомындарын әлсіретіп, суппорт тақтасын жоғарғы жылжымамен бірге қолданылатын жылжымаға байланысты бұрайды.Бұрылу бұрышын тақта бөлінуінен бақылайды.

Білік пен төлкенің жанасқан конусты беттерін өңдеу кезінде өзектен оңға қайырылған,кеңейтілген бастиегі бар кескіш колданылады,ал айналдырыққа кері айналыс хабарлайды.Бұрылған тақта орны осы кезде өзгермейді

Ұзын сыртқы конусты беттерді (ылди бұрышы 10 көп емес) тақтаға байланысты (12 сурет) артқы тұғырдың тұлғасының орын ауыстыру әдісімен өңдейді.Центрде орналастырылған дайындама жетектелген айналмалы үстел мен қамытшаның көмегімен айналады.Дайындама өсі центрлер өсіне бұрышпен орналасқандай, артқы тұғырдың тұлғасын көлденең бағытта орын ауыстыртады.

Кескіш суппорт күймеше берілісінің қосылуы кезінде,айналдырық өсіне параллель қозғалғанда,конустық бетті жонады.

Артқы тұғыр тұлғасының ығысуы H=Lsinα сияқты анықталады (12 суреттегі штрихталған ұшбұрышты қара).

Бәрімізге белгілі,кіші бұрыштар (10-қа дейін) үшін,синус тангенске тең.

Мысалы: 7 бұрыш үшін синус 0,120-ға тең,ал tg-0,123.Артқы тұғыр тұлғасының орын ауыстыру әдісімен кіщі ылди бұрышты дайындамаларды өңдеуге болады,сондықтан sinα=tgα деп санауға болады.

Артқы тұғыр тұлғасын +15,-15 мм орын ауыстыруға рұқсат етіледі.Атрқы тұғыр тұлғасының орын ауыстыру шамасын тақтаға байланысты шет жақ тақтаның бөлінуімен немесе көлденіңен берілісінің лимба көмегімен бақылайды.

Жұмыс істеу тәртібі

1. Құрылғыны және16К20 белдегінің негізгі түйінділерінің қызметін оқып үйрену.

2. Мұғалімнің нұсқауымен берілген беріліс шамасын және берілген айналдырықтың айналым санының орналасуын жүзеге асыру.

3. Өшірілген білдекті тексеру.

4. Бұранданы кесу үшін білдекті баптау және тетік беттерінің өңдеу сұлбаларын нобайлау.
Есеп мазмұны

1. Жұмыстың мақсаты және атауы.

2. Айналымдар мен біерілістердің берілген санына білдекті баптау тәртібін сипаттау.

3. Тесіктерді өңдеу кезіндегі кескіш сайман мен құрал-жабдықтың нобайларын көрсету.

4. Өңдеу кезінде кескіш сайманы (нобаймен) бекіту әдісін сипаттау.

5. Өңдеу кезінде дайындаманы бекіту үшін айлабұйымдардың (нобаймен) конструкциясы және сипаттамасы.


Қауіпсіздік ережелері

Жұмысты бастау алдында оқытушы басшылығымен токарлы білдекте жұмыс істеу кезіндегі еңбек қорғау инструкцияларымен танысу және оны қатаң сақтау.

Қауіпсіздік ережелерімен таныспағанша білдекте жұмыс істеуге болмайды!

Білдектің және оның бөлшектерін орнатуға тек ток көзі ажыраған жағдайда және шебердің басшылығымен болады.

Студенттерге өзінен кейін ауыр жара әкелуге қауіп төндіретін қимылдарды: айналдырықтарды қозғауға, өз бетімен білдекті қосуға, тетіктерді қозғауға және т.б. болмайды.

Білдекте жұмыс істеуге тек шебердің рұқсатымен ғана болады.

Студенттер қауіпсіздік ережелерімен танысып, қол қоюы керек.
Бақылау сұрақтары

1. 16К20 білдегінде қандай технологиялық операцияларды жүзеге асыруға болады?

2. Металкескіш білдектерін классификациялау арқылы қалай орналастырылады?

3. 16К20 білдегінің жалпы құрылғысы және түйіндерінің тағайындалуы?

4. Білдекті баптау және келтіру дегеніміз не?

5. Жону тобы білдектерінің негізгі түрлерін ата.

6. Жону білдегінің негізгі түйіндері.

7. Жону білдектерінің өңдегенде беттердің негізгі түрлерін ата.

8. Жону білдектерінің технологиялық тағайындалуы.

9. Жону білдектерінде дайындамаларды өңдеу кезінде кесудің басты қозғалысы және беріліс қозғалысы қандай жылдамдық мөлшері бар?

2 зертханалық жұмыс
Бұрғылау білдектерде өндеудің технологиялық мүмкіндігі
1.1 Жұмыстың мақсаты: дайындаманы бұрғылау тобындағы білдектерінде өңдеудің технологиялық мүмкіндіктерін оқып білу.
1.2 Қажетті құрылғылар жәнеқұрал-жабдықтар.

1. Тігінен-бұрғылау білдегі 2А150

2. Дайындаманы бекітетін айла бұйым. Қол қысқышы.

3. Бұрғылар. Өтпелі төкелер



    1. Зертханалық жұмыс міндеті:

- құрылғыны және бұрғылау тобының білдектерінің жұмыс істеу принципін оқып үйрену

- дайындамаларды бұрғылау тобының білдектерінде өңдеу кезінде бекіту әдістерін оқып үйрену

- кесуші құралды бұрғылау тобының білдектерінде өәдеу кезінде бекіту әдістерін оқып үйрену

- бұрғылау тобының білдектерінде өңдеу кезінде орындалатын негізгі технодогиялық операциялар


2 Бұрғылау әдісінің сипаттамасы
Бұрғылау тұтас материалдарда тесік жасаудың кең таралған әдісі. Бұрғылау арқылы өтпелі және өтпелі емес (тұйық) тесіктер жасайды және олардың көлемін, дәлдігін үлкейту үшін және кедір-бұдырлығын төмендету үшін алдын ала өңдейді.

Бұрғылау, негізгі қозғалыс бұл құралдың өс бойымен айнала қозғалуы және беріліс қозғалысы бұл оның ось айналасымен қозғалуы, бұл екі қозғалыс білдекті іске келтіреді.

Бұрғылауда кесу процессі жону процессіне қарағанда қиын жағдайларда өтеді, себебі, жоңқаның шығылуы және құралдың кескіш жиектерін суытатын сұйықтықтың берілісі қиын болып түседі. Жоңқаның шығылуында бұрғының бунақ беті және бұрғының тесік бетімен үйкеліседі. Бұл жоңқаның дефформациясын және жылу шығарылуды жоғарылатады.

Бұрғылауда кескіш құрал, әр-түрлі құрылымды бұрғылар болып табылады.Бұрғылаудағы кесу жылдамдығы деп бұрғы осьінен әлдеқайда алыстатылған, кескіш жиектегі нүктенің шеңбер жылдамдығын айтамыз.


V 3,14 D n /1000
мұндағы D - өңделетін беттің диаметрі, мм

n – бұрғының 1 мин-тағы айналым саны

Кесу жылдамдығының көлемін таңдау көптеген факторлармен анықталады: өңделетін дайындамаларының механикалық материалдарының қасиеттері және бұрғының кескіш бөлігінің материалы, беріліс көлемі, бұрғының диаметрі, құралдың шыдамдылығы, бұрғылау тереңдігі, және т.б.

Мысалы: қатты қорытпалы тілімшемен жабдықталған бұрғымен ВК8 жұмыс істегенде, болаттың кесу жылдамдығы 47-50 м/мин-ті құрайды, ал шойында 50-95 м/мин.

Беріліс S бір айналымдағы бұрғының ось бойымен орын ауыстыру көлеміне тең, тұтас материалдағы бұрғылауда кесу тереңдігі бұрғы диаметрінің жартысын құрайды.
Бұрғылау және тесіктерді өңдеу үшін құрал
Бұрғылауда ең көп таралған құрал – спиральді бұрғылар. Спиральді бұрғы (1 сурет) жұмыс бөлігінен, мойыншығы және сағасынан (дүбі) тұрады. Жұмыс бөлігінде кесуші және бағыттаушы немесе центрленген бөліктерге ажыратады (1 сурет). (2 суретте) Құрылғыны бұрғылау білдегіндегі айналдырыққа бекіту көрсетілген.

Бұрғының бағыттауыш бөлігінде, бұрғыланған тесіктен жоңқаны шығару үшін екі бунақ орналасқан, сонымен қатар бұрғының кесу кезіндегі бағытын қамтамасыз етуші екі таспаша орналасқан.

Бұрғының кесуші бөлігінде екі негізгі кесуші жиектері бар: көлденең жиек және екі артқы беті. Бұрғы төбесіндегі кесуші жиектерден пайда болған бұрышты 2f, өңделіп жатқан материалдың қаттылығы және морттылығына байланысты таңдайды. Мысалы орташа қатты болат пен шойын үшін 2f=116-120o, қызыл мыс үшін 2f=125о, алюминий, қола, жез үшін 2f=130-140о. Бұрғылау көмегімен беттің тазалығын Rz80 және ІТ10, ІТ11 дәлдік квалитетін алуға болады.

Үнгілеу ІТ8, ІТ9 дәлдік квалитеті және Rz40 бнт тазалығы бар тесіктерді алуды қамтамасыз етеді. Ұңғылауда дәлдік және кедір-бұдырлық ІТ6 - ІТ5 және RА1,25 жоғарылайды.


1 сурет – Спиральді бұрғы




2 сурет - Құралды білдектегі айналдырыққа бекіту сызбасы

Бұрғылауда, құйылмада немесе қалыптауда алынған тесіктерді әрі қарай өңдеу үшін үңгілеу және ұңғылауды қолданады.

Үнгілеу мен үңғылау кезінде кескіш құрал болып үнгі мен ұңғы болып табылады.

Операция

Өңдеудің дәлдік квалитеті

Өңдеу сапасы

Бұрғылау-қайрау

10 – 11

Rz 80 – 20 мкм

Ұңғылау

9 – 10

Rа 2,5 мкм дейін

Үнгілеу

6 – 8

Rа 2,5 – 0,32 мкм



3 сурет. Ұңғы


Үнгі (3 сурет) жұмыс бөлігінен, мойыншағынан, конусты сағадан және табаншадан тұрады. Жұмыс бөлігінде кескіш (кесетін) және калибрлейтін (бағыттауыш) бөліктерге ажыратады.

Үнгінің кескіш бөлігі қиылған беткі жағынан - өзекшесі және үш немесе төрт кескіш тістерінен тұрады.

Жоспардағы негізгі бұрыш f=45о -60о.

Үнгінің мөлшерлегіш бөлігінде үш немесе төрт орамалы бунақ және құралдың бағытын қамтамасыз ететін таспасы болады.

Үнгілерді өңделген тесіктер түріне қарап цилиндрлік, конустық және құрастырылған (көпсатылы) деп бөледі, сонымен қатар тұтас диаметрі – 80 мм-ге дейін, саптамалы, қойылатын пышақтарымен немесе дәнекерленген қатты қорытпадан жасалған табақшалары бар.

Үнгінің жұмыс бөлігі артқы бетінен 1, негізгі артқы бетінен 2, ұосымша артқы бетінен (таспаша) 3, негізгі кесуші жиектен 4, қосымша кескіш жиектен 5 және үнгі тісінің төбесінен 6 тұрады (3а сурет).

Ұңғыда, 4 сурет, жұмыс бөлігі, мойны және сағасы болады. Жұмыс бөлігіне бағыттауыш конус немесе кесетін бөлігі, мөлшерлегіш бөлігі және керісінше конустан тұрады.

Негізгі жұмысты кескіш бөлік істейді, негізгі кескіш жиегі бар тістер 1, алдыңғы және артқы беттер 3 және бұрыштық қадам ω (3б,в сурет).

Ұңғы цилиндрлі, конусты, машиналы, қолды болады. Машиналы да жұмыс бөлігі әлдеқайда қысқа.

Құрылымды ұңғыларды мынандай түрге бөледі: сағалы және саптамалы, тұтас және қойылатын пышақтарымен, қатты қорытпалы табақшамен жабдықталған.





4 сурет. Үнгі


Жаппай өндірісте өңдеудің өнімділігін арттыру үшін біріктірілген кескіш құралдарды пайдаланады (5 сурет).

5 сурет. Құрылымды кесуші аспаптар

Бір даналы тесіктерде бұранда пайда болу үшін ішкі бұранда кескішті пайдаланады. Ішкі бұранда кескіш дегеніміз кескіш жиек жасайтын кесілген бунақтары бар орам.

Бұранда ойғышының кескіні кесіліп жатқан бұранданың кескініне сай болу керек. Бұранда ойғышты арнайы қысқысында бекітеді.

Бұрғылау білдегінде өңдегенде дайындаманы үстел білдегінде орнату және бекіту үшін әр түрлі құрылғыларды қолданады. Дайындаманы қысқыларда, үш және төрт жұдырықты қысқысдарда және т.б. бекітеді.

Бұрғылау білдегінде мынандай технологиялық операциялар жүргізіледі: бұрғылаау (6а сурет), бұрғылап кеңейту (6б сурет), үнгілеу (6в сурет), ұңғылау (6г,д сурет), ұң жоңғылау (6е сурет), үнгіштеу (6ж,з сурет), бұранданы қию (6и сурет), қиын кескінді тесіктер жасау (6к сурет), терең тесіктерді бұрғылау.


6 сурет. Бұрғылау білдектерінде жүргізілетін технологиялық операциялар



4 2А150 білдегінің құрылымы және технологиялық сипаттамасы
Білдек біл айналдырығы бар тігінен-бұрғылау. Білдектің негізгі түйіндері (7 сурет): құдықша және тұғыр 9 орнатылған әргетас тақта 1. Тұғырдың жоғарғы жағында электроқозғалтқыш 6 пен жылдамдық қорабы орналасқан.

Тігінен бағыттауышта, айналдырықтың 4 аспаппен механикалық тігінен орын ауыстыруын жүзеге асыратын, беріліс механизмі орналасқан айналдырықта тұғыр 7 орнатылған. Айналдырықтың қолмен орын ауыстыруы штурвал арқылы жузеге асырылады.

Дайындамаларды және айла бұйымды тігінен бағыттауыш бағанамен қозғалатын үстелге 2 орнатады.

Білдекте 50 мм диаметрге дейін, 300 мм тереңдікке дейін тесіктерді бұрғылауға болады, сонымен қатар тесіктерді үнгілеуге және ұңғылауға және оларда бұранданы кесуге, ұң жоңғылау және үңгіштеуге болады.

Электроқозғалтқыштың қуаты 7 квт, жылдамдық қорабы айналдырықтың 32-ден 1400 ай/мин-қа дейін 12 айналым жасауға мүмкіндік береді, ал беріліс қорабы 0,125-тен 2,14 мм/ай- дейін 9 берілісті қамтамасыз етеді.

Ірігабаритті және үлкен салмақты дайындамаларды өңдеуде, дайындамалар бір немесе бірнеше параллель жазықтықта орналасқан бір айналдырықты радиальді-бұрғылау білдектерінде өңделеді айналдырық басының орын ауыстыру есебінен кесуші құралдың және өңделіп жатқан тесіктердің остерінің қиылысуы қамтамасыз етіледі. Радиальды-бұрғылау білдектерінің түрлері 8 суретте көрсетілген.

Көп тесігі бар дайындамаларды өңдегенде қосымша координатты үстелдар арқылы автоматтандырылған, автоматты түрде орын ауыстыратын және алдын-ала белгілеусіз дайындаманы аспапқа қатысты орнататын ЧПУ бар бұрғылау білдектерін пайдаланған орынды. Жаппай тұрақты өндірістерде, бір уақыт ішінде әр түрлі жазықтықтарда орналасқан дайындамалардың бірнеше тесіктерін өңдеуге мүмкіндік беретін стандартты және нормаланған болшектерден және түйіндерден жасалған агрегатты білдектерді пайдаланады.



7 сурет





8 сурет. Бұрғылау білдегі – СС – 70370 – 370 Вт, 13 мм кілті бар патрон, 5 жылдамдық – 600/900/1,250/1,750/2,600 ай/мин, магнитті , түссіз қақпақ, 1,5 м кабель, айналмалы үстел, 2,5 дюймді қысқы.


5 Жұмыс істеу тәртібі
1. Тесіктерді өңдеу үшін құралдың қолданылуын және құрылғысын оқып үйрену

2. 2А150 білдегінің түйіндерінің қолданылуын және құрылғысын оқып үйрену.

3. Оқытушының тапсырмасы бойынша білдекті беріліс және айналым саны бойынша орнату.

4. Өңдеу схемасын және тесіктерді өңдеу үшін құралдың эскизін жасау.


6 Есеп мазмұны
1. Жұмыстың атауы және мақсаты.

2. Білдекті берілген беріліс және айналым санына орнатудың тәртібін суреттеу.

3. Кесуші құралдың және тесік өңдеудегі құралдың эскизін жасау.

4. Өңдеу кезіндегі кесуші құралды бекітудің сипаттамасы (эскизедермен).

5. Өңдеу кезіндегі кесуші құралды бекіту үшін құрылғының конструкциясы және сипаттамасы.
7 Қауіпсіздік ережелері
Жұмысты бастау алдында оқытушы басшылығымен бұрғылау білдектерде жұмыс істеу кезіндегі еңбек қорғау инструкцияларымен танысу және оны қатаң сақтау.

Қауіпсіздік ережелерімен таныспағанша білдекте жұмыс істеуге болмайды!

Білдектің және оның бөлшектерін орнатуға тек ток көзі ажыраған жағдайда және шебердің басшылығымен болады.

Студенттерге өзінен кейін ауыр жара әкелуге қауіп төндіретін қимылдарды: айналдырықтарды қозғауға, өз бетімен білдекті қосуға, тетіктерді қозғауға және т.б. болмайды.

Білдекте жұмыс істеуге тек шебердің рұқсатымен ғана болады.

Студенттер қауіпсіздік ережелерімен танысып, қол қоюы керек.


Бақылау сұрақтары
1. Бұрғылау білдектерінде қандай технологиялық операциялар жүргізуге болады?

2. Тесіктерді өңдеу үшін кесуші құралдың тағайындамасы.

3. 2А150 білдегінің жалпы құрылғысы және түйіндерінің тағайындамасы.

4. Бұрғылау кезіндегі кесу процессінің қайрау әдісіне қарағанда айырмашылығы қандай.

5. Технологиялық операциялар – үнгілеу, ұңғылау және тесіктерді бұрғылау?

6. Дайындамаларды бұрғылау тобының білдектерінде бекітудің әдістері?

7. Кесуші құралды бұрғылау тобының білдектеріне бекіту әдістері.

8. Бұрғылау білдектерінің негізгі түйіндері атаңыздар.




3 Лабораториялық жұмыс. Дайындамаларды жонғылау білдегінде өндеуі

1 Зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеті
1.1 Зертханалық жұмыстың мақсаты: жоңғылау станоктарында дайындамаларды өңдеудің технологиялық мүмкіндіктерін зерттеу
1.2 Зерханалық жұмыстың міндеті:

- жоңғыш станоктарының құрылысытарымен және жұмыс принциптерімен танысу;

- жоңғылау станоктарінің тобында өңдеу кезінде дайындамаларды бекіту әдістерімен танысу;

- жоңғылау станоктарында өңдеу кезінде кескіш құралдарды бекіту әдістерімен танысу;

- жоңғылау станоктар тобында өңдеу кезінде орындалатын негізгі технологиялық операциялармен танысу.
2 Жонғылаудың технологиялық үрдісі

Жонғылау деп айналмалы қозғалыс жасайтын құрал – жоңғышпен жазық, фасонды, винтті бунақтарды, оймакілтектерді, бұранда және тісті дөнгалақтарды өңдеу үрдістерін атайды.

Жоңғылаумен беттерді сыртпішінді құрудың технологиялық әдісі құралдың негізгі айналмалы қозғалысы және әдетте ілгерілемелі беріс қозғалыстарымен сипатталады. Жоңғылау үрдісінің ерекшілігі – жонғыштың әр келесі тісінің кесу үрдісіндегі үзілуі. Тіс дайындамамен түйіспеде болады және ол кесу жұмысын тек қана белгіленген бір бөлігінде атқарады, содан соң келесі жоңғылауға дейін дайындамамен жанаспай қозғалысты жалғастырады.

Жоңғыштың айналу бағыты мен өңделетін тетіктің ілгерілемелі қозғалысына байланысты беріске қарсы жоңғылау болады, ол кезде айналу бағыты мен дайындаманың қозғалысы бір-біріне қарама қарсы болады және жолшыбай жоңғылау, бұл жерде жоңғыштың айналысы мен дайындаманың қозғалысы бағыттас.

Қарама-қарсы жоңғылау кезінде (беріске қарсы) жонғыштың әр тісіндегі жүктеме бірте-бірте жоғарлайды, шығуында ең үлкен шамасына жетеді. Дайындамаға әсер ететін кесу күші дайындаманы станоктың үстелінен айыруға тырысады, ол өңделетін беттің кедір бұдырлығын жоғарлатуға және дірілге келтіреді. Қарсы жоңғылау әдісінің артықшылығы – жоңғыштың тістері бұйым бетіндегі қатты қабаттың астынан кіріп оны жеңіл кертіп отырады. Кемшілігі – алдыңғы тістердің жаншып «тығыздап» кеткен жеріне келесі тістердің батуы қиындап, соңынан ол тістердің жүзі желініп жұмыс нашарлайды. Сонымен қатар, бұл әдісте жоңғыштың тістері металлды төменнен жоғары қарай тарта кесетін болғандықтан тетікті жұлқылап білдектің дірілін ұлғайтады. Осының салдарынан өңделген беттің тазалығы төмендейді. Жолшыбай жоңғылау кезінде (беріс бойынша) жоңғылағыштың тістері бір уақытта қалың металл қабатын кеседі – құрал барынша жүктемеленген. Бұл білдектің және кесу құралының жұмыс жағдайын нашарлатады, бірақ жоңғыштың тозуы мен өңделген беттің кедір бұдырлығын азайтады. Дайындамаға әсер ететін күштер оны үстелдің үстіне жапсыра басып отырады, бұл дірілді азайтады.

Жонғылау кезінде кесу жылдамдығы V жоңғыштың оның сыртқы диаметрі бойынша өлшенген айналма жылдамдығын білдіреді. Кесу жылдамдығын мына формула бойынша анықтайды:



мұнда D – жоңғыш диаметрі, мм;

n – жонғыш айналымдарының бір минуттағы саны.

Өңделетін тетік пен жоңғыштың салыстырмалы орын ауыстыру шамасын беріс S деп атайды, ол мм/тіспен, мм/айн, мм/минутпен өрнектедеді. Өңделетін дайындамадан жоңғыштың бір айналымында алатын металл қабатының қалындығын жоңғылау (кесу) тереңдігі t деп айтады.
3 Жоңғылау жұмыстарына арналған жабдықтар
Орындалатын жұмыстарға және конструкциялық ерекшеліктерге байланысты жоңғылау тобының станоктарын жалпы тағайындалған және арнайы деп бөледі. Жалпы тағайындалған жоңғылау станоктарында горизонталь және вертикаль-жоңғылау станоктары (айналдырығы горизонталь және вертикаль орналасқан) жатады, оларда станок үстелін вертикаль осьтің айналысында белгілі бұрышқа (45–50) бұруға болады. Сондай-ақ жалпы тағайындалған станоктарға бойлық-жоңғылау станоктары жатады: бір горизонталь айналдырығы бар бір жақты, екі горизонталь айналдырығы бар екі жақты және горизонталь, вертикаль айналдырықтары бар көп айналдырықты. Арнайы жоңғылау станоктарына шет жақты-жоңғылау, айналатын үстелдері бар айналма-жоңғылау, бұрандалы-жоңғылау және т.б жатады. Жоңғылау станоктарының әрбір типінің бірнеше моделі бар. 1-суретте 6Н12 вертикаль-жоңғылау станогының жалпы түрі көрсетілген. Іргетас тақтасында станина бекітіледі. Станинаның жоғарғы бөлімінде айналдырығы тік орналасқан айналдырық бастиек бар, онда жоңғыш бекітілген. Станинаның тік бағыттауышы арқылы станоктың консолі жоғары және төмен қарай қозғалады. Консольдің арнайы бағыттауыштары арқылы көлденең жылжыма жылжиды және ол бойынша үстел.

Айналдырық электрқозғалтқыштан және станинада орналасқан жылдамдық қорабы арқылы айналады. Жылдамдық қорабында тұтқалар арқылы айналдырықтың айналу жылдамдықтары (30-1500 айн/мин шектеуде 18 айналу саны) ауыстырылады. Берісті іске асыру үшін үстелдің бойлық, көлденең және тік бағыттарында жылжуы консольда орналаскан беріс қорабы арқылы жеке электрқозғалтқышпен жетілдіреді.




1 – бұрылатын айналдырық бастиегі; 2 – жұмыс үстелі; 3 – беріс қорабы; 4 – іргетас тақтасы; 5 – электр басқару тізбесандықша; 6 – тұғырық; 7 – айналдырықты айналу жылдамдығын басқару иінтірегі

1-сурет – Вертикаль-жоңғылау станогының жалпы түрі



4 Жоңғылау станоктары
Жоңғылау станоктарды арнайы және жалпы тағайындалған станоктарға бөледі. Жалпы тағайындалған станоктарға ең көп таралған консольді станоктар жатады, олар айналдырықтын ось айналуына байланысты вертикаль-жоңғылау және горизонталь жоңғылау станоктарына бөлінеді. Горизонталь жоңғылау станоктың бойлық үстелін вертикаль ось бойынша бұруға болса онда горизонталь жоңғылау станогын әмбебап деп атайды, егер онда қосымша жоңғыш бастиегі болып және оның айналдырығын вертикаль ось бойынша бұрышқа орнату мүмкін болса оны кең әмбебап деп атайды.
4.1 6М82 модельді әмбебап горизонталь жоңғыш станоғы
Жеке және сериялы өндірісте цилиндрлік, дисклі, бұрыштық және фасонды жоңғыштармен үлкен емес дайындамаларды жоңғылауға арналған.



а) б)
а) 6М82 модельді горизонталь жоңғылау станогы, б) тік жоңғылау станогының жалпы түрі
2-сурет – Жоңғылау станоқтары
Бұрылу үстелдің бары бөлгіш бастиек көмегімен винтті беттермен бунақтарды жонғылауға мүмкіндік береді.

Станоктардың жалпы түрі 2а суретінде көрсетілген. Іргетас тақтада 1 орнақ 2 бекітіледі. Орнақтың ішінде электрқозғалтқыш 3 орналаскан, ол жылдамдық қорабы 4 арқылы станоктың айналдырығына негізгі айналмалы қозғалысты береді. Орнақтың тік бағыттауышында консоль 10 орнатылған, ол бағыттауышта қатты бекітілген және ол тік жазықтықта жылжиды. Консольдың горизонталь бағыттауышында



а – тік консольсіз жоңғылау станогы; б – бойлай жоңғылау станогы; в – айналма үстелді жоңғылау станогы; г – атанақ жоңғылау станогы
3-сурет – Жоңғылағыш станоктардың түрлері
көлденең жылжыма 11, айналу тақта 9 орналасқан, ал айналдыратын тақтаның бағыттауышында бойлық үстел 9. Консольда беріс жетегі орналаскан, ол электрқозғалтқыш 12 және берістер қорабынан 13 тұрады. Құралбіліктің бос (оң) жақын үстау үшін аспа мойынтірегі 5 қызмет атқарады, ол тұмсық бағыттауышында 6 орнатылып орнақтың жоғары бөлігінде бекітілген. Тұмсық екі кронштейнмен 7 тіреледі, астыңғы жағы консольмен байланысты.

9-суретте тік жоңғыш станогының жалпы түрі көрсетілген.

Жалпы тағайындау станоктарға консольсіз тік жоңғылағыш станоқтар да жатады (3а-сурет). Білдек үстелінде екі өзара көлденең бағыттау қозғалыстары бар, олар жұмыс беріспен және орнату кезінде тез жүріс режімінде істелінеді. Айналдырық басша тік қозғалыс жасайды және көлденең беріспен еңкіштік беттерді өндеу үшін тік жазықтықта айналуы мүмкін. Содан басқа айналдырық осьтік қозғалыс жасайды. Консольді станоктарға қарағанда, осы станоктар өнімділі және қатаңды, тек олар қызмет көрсетуде жәйсіз.

3б-суретте жалпы тағайындау бойлық жонғылау станогы көрсетілген. Үстел орнақта орнатылады, онда тек қана бойлық қозғалыс бар. Көлденең және тік жылжуды айналдырық басша жасайды, ол траверсанда тік тіреуіштер арқылы орнатылады.

Осы станоктар үлкен дайындамаларда жазық беттерді өңдеу үшін арналған. Ең көп таралған өңдеу түрі болып айналдырық басшасы қозғалыссыз, ал үстел бойлық беріс жұмыс жүрісімен саналады. Бұл кезде дайындаманы бір уақытта үш жағынан өңдеуге болады. Станоктың айналдырықтарында жеке жетектер бар. Өңдеу кезінде дайындама қозғалмауыда қарастырылады, ол кезде айналдырық басшасы тіреуіштің вертикаль бағыттауышы және маңдайшаның горизонталь бағыттауыштары бойынша беріспен жылжиды. Жұмыс кезінде маңдайша қозғалмайды.

3в,г-сурете айналма үстелді жоңғылау және арнайы атанақ жоңғылау станоктары көрсетілген. Бұл станоктарда жаппай және ірі сериялы өндірісте түпбетті жоңғышпен дайындамалардың жазық беттерін өңдейді. Дайындаманы арнайы айлабұйымда үстелде немесе атанақта бекітеді, ол ақырын айналады, шеңберлі қозғалыс берісін жасап. Осы жағдайда әдетте қара және таза өңдеулер бірлестірледі. Тетікті орнату және алу станокты токтатусыз болғандықтан станоктардың жоғары өнімділігі олардын үздіксіз қимылымен қамтамасыз етіледі.


5 Жоңғылауда қолданылатын құралдар
Жоңғыш – көп жүзді құрал, оның шеңбері бойында немесе шет жағында қарапайым кескіштерді білдіретін кескіш тістер орналасқан. Жоңғыштарды типтері бойынша бөледі: (4 сурет) жазық беттерді өңдеуге арналған цилиндрлік және шет жақтық; фасондық беттерді өңдеуге арналған дисклік, саусақты және бұрыштық; модульдік – тістерді кесуге арналған; бұрамдық – цилиндрлік және бұрамдық доңғалақтар тістерін қиюға арналған.

Түзу тістері бар жоңғыш өңделетін бетке бірден тістің бүкіл ұзындығы бойында ойып орнатылады, бұл станокқа түсетін айнымалы (түрткілік) жүктемеге және өңделген бет сапасының қандай да бір жақсартылуына әкеледі. Бұрандалы тістері бар жоңғыштар бірқалыпты жұмыс істейді, өйткені жоғғыш тістері тетікке біртіндеп ойып орнатылады, сонымен бірге станок бірқалыпты жүктелген.

Қаттылығы төмен және орташа болаттан жасалған дайындамаларды өндеу үшін кесу жылдамдықтары аз болған У12А көміртекті аспаптық болаттан жасалған жоңғыштарды, ал кесу жылдамдықтары шағын және берісі аз болғанда 9ХС, ХВ5 және ХВГ қоспаланған болатынан жасалған жоңғыштарды қолданады. Р9 және Р18 жылдам кескіш болатын пайдалану жақсы нәтижелер береді. Болатты қаралтым жоңғылау кезінде - ВК және ТК маркалы қатты қорытпалардан жасалған тілімшелері бар жоңғыштарды; таза жоңғылау кезінде негізінде ТК марқалы жонғыштарды қолданады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет