Нұсқаулар Нысан пму ұс н 18. 3/40 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Дата17.07.2016
өлшемі349.85 Kb.
#205897

Әдістемелік нұсқаулар






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Машина жасау және стандарттау кафедрасы

«Машина шығару технологиясы» пәні бойынша


050732 – Стандартау, метрология және сертификаттау мамандығының студенттеріне арналған

зертханалық жұмысын орындау үшін


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар





Әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»____________


Қ ұрастырушы: т.ғ.к., доцент Г.Т. Итыбаева

Машина жасау және стандарттау кафедрасы

«Машина шығару технологиясы» пәні бойынша

050732 –Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығының студенттеріне арналған

әдістемелік нұсқаулар
зертханалық жұмысын орындау үшін

Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________, №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Шумейко И.А. 20__ж. «____» ________

(қолы)
Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кенесімен құпталған 20__ж. «___»______________, №____ хаттама


ОӘК төрағасы _______________ Ахметов Ж.Е. 20__ж. «____» ________

(қолы) (А.Ж.Т.)



МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ Варакута А.А. 20__ж. «____» ________

(қолы)
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ хаттама


Кіріспе
Әдістемелік нұсқауларда жону тобының білдектерінде кесу өңдеуінің технологиялық әдістерінің негізі ашалып көрсетілген.Студенттерге металкескіш білдектер мен металкескіш саймандар бар зертханада көмекші құралдардың мысалымен теориялық материалды тәжірибелі бекіту әдістемесі ұсынылады.

Берілген зертханалық жұмыс 050712-Машинажасау және 050732-Стандарттау.метрология және сертификаттау мамандығының студенттеріне арналған «Машинажасау өндірісінің технологиялық процестері» пәнінен зертханалық жұмыстар циклында қажетті буын болып табылады.


1 зертханалық жұмыс

Жону өңдеуінің технологиялық мүмкіндіктері

Жұмыс мақсаты: жону - әмбебап білдегінде дайындама өңдеуінің технологиялық мүмкіндіктерін оқып білу.

Керекті құрал-жабдық, аспатар мен айлабұымдар:

1.Моделі 16К20 әмбебап жону-бұрамакескіш білдегі;

2.Үшжұдырықты қысқы;

3.Жону кескіштері.


Жону әдісінің сипаттамалары

Жону дайындаманың бетінің сырт пішін құрудың технологиялық әдісі – екі қозғалыспен сипатталады: дайындаманың айналу қозғалысы (кесу жылдамдығы) және кесу құралының ілгерлімелі қозғалысы (беріліс қозғалысы). Беріліс қозғалысы дайындаманың айналу өсіне параллельді (бойлық қозғалыс), Дайындаманың айналу өсіне перпендикулярді (көлденіңен беріліс), дайындаманың айналу өсіне бұрышпен (қиғаш беріліс) жүзеге асырылады.

Жону түрлері: сыртқы жону – сыртқы беттерді өңдеу, күйлей жону – жазық (шет жақты) беттерді өңдеу; кесу – дайындаманы бөлшектерге бөлу немесе шыбықты илем дайындамасынан дайын тетікті кесу.

Жону қабылданған классификация бойынша бірінші топқа жататын жону білдегінде орындалады.


Метелкескіш білдектердің классификациясы.

Металкескіш білдектеріндеорындалатын технологиялық операциялардлың түрлеріне байланысты машина жасау өнеркәсібінде топтарға бөлу жүйесі қабылданған. Барлық білдектерді 10 топқа бөледі:

0.резервтік топ

1.жоңғу


2.бұрғылау және кеңейжону

3.ажарлау, әрлеу және жетілдіру

4.біріктіру

5.тіс өңдеу және кескіш өңдеу

6.жоңғылау

7.сүргілеу,қашау және тарта өңдеу

8.тіліктеу

9.әртүрлі

Сонымен қатар білдектерді автоматтау дәрежесі борйынша бөледі: білдектер–автоматтар, жартылай автоматтар, басқарушы бағдарламамен,білдектердің автоматтық сызығы және т.б.

Өнделетін тетіктердің өлшемдерінің дәлдігінің дәрежесіне байланысты білдектер қалыпты және жоғры дәлдікті білдектер болып бөлінеді. Орындалатын жұмыстың сипаттамасы бойынша – сыдырылатын және тазалайтын.

Конструктивті белгісі бойынша (айналдырықтың орналасуына байланысты) + көлденіңен жіне тігінен. Мысалы: жоңғыш-көлденіңен жартылай автомат.

Әр топтың білдектері 9 топшаларға бөлінеді және модельдер конструктивті және технологиялық ерекшеліктермен байланысты, арнайы бағытқа бағыттау дәрежесі және т.б.

Білдек моделін сәйкес нөмірмен белгілейді. Бірінші сан білдектің тобын анықтайды, екінші сан берілген топтың шамасындағы топшасын (түрі,моделі), үшінші – (ұшінші немесе төртінші) – білдектің негізгі технологиялық ерекшеліктерін сипаттайды (мысалы: білдекте өнделетін тетіктің ең үлкен диаметрі, үстел өлшемі және т.б.).Бірінші саннан кейінгі жазбаша әріп білдектің жетілдіруіне сілтейді. Мысалы:жону тобының білдектеріне бірінші әріп 1,ал екіншісі: 1және 2 – автоматтар және жартылай автоматтар; 3- револьверлі; 6 – жону-бұрамакескіш және т.б.

Моделі 16К20 жону білдегі – центрлер биіктігі 200 мм жону – бұрамакескіш. Жону (ереже бойынша) бірінші топтың жону білдектерінде жүргізіледі.


Жону тобының білдектерінде дайындамаларды өңдеу.
Жону білдектері машинажасау зауытының білдектер құрамының 50% құрайды.

Жону білдектерінің 9 түрі бар:

1.Бір айналдырықты стоматтар және жартылай автоматтар;

2.Көп айналдырықты втоматтар және жартылай автоматтар;

3.револьверлі;

4.кесу-бұрғылау;

5.айналма устелді;

6.окарлық және маңдайлы;

7.көп кескіш;

8.арнайы дайындалған;

9.әртүрлі.

Жону білдектерінің түрлері 1 суретте көрсетілген.




Әр топтың ішінде білдектер өлшем мен конструкциясымен ерекшелінеді.

Жону-бұрамакескіш білдектердің негізгі техникалық сипаттамасы, олардың технологиялық мүмкіндіктерімен анықталатын өнделетін дайындаманың ең үлкен радиусын анықтайтын тұғыр астындағы центрлер биіктігі,сонымен қатар тұғырда орналастыруға болатын, өнделетін дайындаманың ең үлкен ұзындығын анықтайтын центрлер арасындағықашықтықты анықтайды.

Моделі 19К20 білдегінің құрылғысы мен сипаттамасы, оның технологиядық сипаттамасы.

Бағыттауыш тұғыр үстінде орналасқан дайындаманың максимал диаметрі 400 м, ал суппорттың үстінгі бөлігінде 220 мм, өнделетін дайындаманың максимал ұзындығы шамамен 1300 мм. Электрқозғаушы жетектің қуаты 10 кВт, бұл дайындаманың жону кезінде көптеген әдіптерді шешуге мүмкіндік береді.

Айналдырықтың үлкен айналым саны 2000айн/мин кесудің жоғары жылдамдықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Білдек 0,075-тен 4,46 мм/айн дейін 48 бойлық беріліс және көлденіңен 0,038-ден 2,23 мм/айн бар. Бұранданың барлық түрлерін кесуге мүмкіндік береді.Білдекте ішкі және сыртқы цилиндрлік және конустық беттерді сырт жону және күйлеуге, оларға бұранданы кесуге, БИД әдістерімен, бұрғылау, бұрғылап кеңейтуге, центрлеу, ұңғылау,тесіктерді ұңғылау (сыртқы жону және беттік сығымдау),цилиндрлік және конустық беттерін сыртқы жону және беттік сығымдау, дайындаманы тіліктеу және кесу, жырашықты жону,арнайы техникалық жабдық қолданғанда сұлбалы және көпжақты беттерді өңдеуге болады.

Бойлық және көлденіңен беріліс бағытында білдектің өндетілген орын ауыстыру механизмі бар. Моделі 16К20 білдегінде 2сурет келесі бар:




негізгі түйіндер.Білдек түйіндері орнатылған станина ,іргетасы бекітілген және діріл тірегі орнатылған,алдыңғы және артқы тіреуде орналастырылған.

Құралкүймешік жылжымасы тұғырдың бағыттауышы арқылы орын ауыстырады, артқы тұғыр.

Алдыңғы (айналмалы) тұғыр жылдамдық қорабымен тұғырдың сол жақ соңында бекітіледі және дайындаманы бекіту үшін қызмет етеді, сонымен катар түрлі айналым сандарымен айналмалы қозғалыс береді.

Айналдырық – кинематика қатардағы жылдамдық қорабының соңғы білігі. Центрі орнатылатын (центр жұмыс істеу үшін) конустық тесік бар және өнделетін дайындаманы бекіту үшін жұдырықты және жетектемелі қысқы құрайтын сыртқы бет бұрандасы болады.

Айналдырықты қуыс болып өндіреді, өнделетін шыбық ты орналастыру үшін,еріліс қорабын тұғырдың беткі жағында бекітеді. Ол керекті беріліс шамасын және бұранданың кесу қадамын қолдануды қамтамасыз етеді.

Беріліс бұрандасына хабарлауды құралкүймешік қызмет атқарады. Бойлай жылжыма немесе бұнақ деп аталатын құралкүймешіктың төменгі бөлігі, бойлай беріліс кезінде станинаның бағыттауышы арқылы қозғалады. Оның үстінде көлденіңен қозғалыс кезінде дайындаманың айналу өсіне перпендикуляр орын ауыстыратын көлденең жылжыма орналасқан. Көлденең жылжыманың үстінде кескіш бекіткіш пен сыртқы бұрылыс құралкүймешік орналасқан.

Алжапқыш құралкүймешіктың бұнағына бекітіледі. Оның ішінде механизм орналастырылған, оның көмегімен айналу қозғалысы, айналдырықтан жүріс білікшісіне немесе жүріс бұрамасына беріледі, құралкүймешіктың ілгерлімелі түзусызықты (бойлық немесе көлденіңен) қозғалысқа айналады. Оның ішінде көлденіңен немесе бойлық берілісті, бұранданы кесу үшін қозғалыс, сонымен қатар құралкүймешіктың тездетілген орын ауыстыруын қосу үшін арналған қондырғы.

Артқы тұғыр центрдегі жұмыс кезінде өнделетін дайындаманы ұстау үшін қызмет етеді, сонымен қатар тесіктерді өндеген кезде оның ішінде бұрғыларды, ұңғыларды және т.б. құрал-жабдықтарды бекітуге болады.Ол үшін артқы тұғырдың сүйеу төлкесінде конустық тесік бар. Артқы тұғыр іліну механизмінің көмегімен құралкүймешікпен қосыла алады және механикалық берілісті жүзеге асыра алады.


Жону-бұрамакескіш білдегінің басқару органы
Жону-бұрамакескіш білдегінің басқару органы 3 суретте көрсетілген.


Тұтқа: 1-айналдырықтың айналма сандарының қатарын орнату,2-айналдырықтың айналма санын орнату;3-бұранданың қалыпты жоғарланған қадамын және көпкірмелі бұранданы орнын бөлу кезінде орнату;4- оң және сол бұранданы орнату; 5-бұранданың қадамын және беріліс шамасын орнату;6- жұмыс түрін орнату;7-жіберу қорабының механизмінің өшірілуі және бұрандаманың қадамын және беріліс шамасын орнату;8- негізгі жетектің фрикционды муфтасын басқару(16 тұтқамен блокталған);11-төрткілдешті тістідөңгелекті қосу және өшіру;14-берілісті қосу;15-жүрістік бұраманың сомын қосу және өшіру; 16-негізгі жетектің фрикционды муфтасын басқару(8 тұтқамен блокталған); 16-станинаға артқы тұғырдың бекітілуі;19-артқы тұғырдың сүйеутөлкесін қармау; 20-суппорттың көлденең жылжымасын және күймешенің механикалық анықтауыштарын басқару; 22-суппорттың бұрандалы жылжымаларының қолды орын ауыстыруы; 23- индексті бұрандалы бастиектің бұрылуы және бекітілуі; 25- суппорттың көлденең жылжымасының қолды орын ауыстыруы; 9-суппорттың көлденең жылжымасының және бағыттауыш күймешенің май жағу золотнигі; 12-электрқозғауыштардың негізгі жетекті өшіру немесе қосу; 21-суппорттың көлденең жылжымасының немесе күймешенің тездетілген жүрісінің электрқозғаушы жетегін қосу;тегершік:10-күймешенің қолды орын ауыстыруы; 17-артқы тұғыр сүйеутөлкесінің орын ауыстыруы; 26-суытылған сұйықтықтың берілісінң реттелетін шүмегі; 13-станинада күймшенің бекітілу бұрандамасы; 24-жергілікті жарықтандыру; 27-білдек жүктемесінің сілтемесі; 28-суытылған сұйықтықтың беріліс электрсорғының; 29-белгі лампасы; 30-автоматты.

Білдекті баптау деп берілген операцияларды (құралды,айлабұйымды, дайындамаларды және т.б. орнату) орындалуымен байланысқан барлық дайындалатын жұмыстарды айтады.

Білдекті орнату берілген кесу тәртібіне сәйкес оның кинематикалық тізбектерді (айалым,беріліс) келтірілуімен қорытындыланады.

Кескіштердің шыңы дайындама өсінің биіктігінде орналасатындай (білдек,центрлер сызықтары), ал оның шығарығы өзег-ұстағыш биіктігі 1,5 аса болатындай кескішұстағышқа бекітеді.

Дайындамаларды әмбебап және айлабұйымдардың көмегімен бекітеді: жұдырықты және т.б. қысқылар, әртүрлі центрлер (жай,кері,бұдырлы және т.б.).

Ұзын (қатаң емес) біліктерді өңдеу кезінде қатаңдықты жоғарлату үшін білік суппортта қондырылған люнетке сүйенеді.

Беттерді жону техникалық тағайындалуы бойынша бөлінетін 6,7,8 суреттегі жоңғыш кескіштермен орындалады: өтпеліде – сыртқы цилиндрлі және конусты беттерді жону үшін,тілікті – жазық шет жақты беттерді жону үшін,күйлей жону – тесіліп өткен және тұйық тесіктерді жону үшін;қиғыш – дайындамаларды бөліп кесу үшін;сыртқы және іщкі бұрандыларды кесу үшін бұрандалы;сұлбасы дөңгелек және призмалы – сұлбалы беттерді жону үшін;кесетін – сақиналы бұнақтарды жону үшін.

Кескіштердің негізгі бөліктері мен элементтері, сонымен қатар геометриялық кескіштерін анықтау үшін шартты жазықтар 4,5 суретте көрсетілген.




4 сурет. Кескіштің элементтері және бөлітері.

5 сурет. Кескіштің геометриясые оқып үйрену үшін шартты жазықтықтар.



6 сурет. Беріліс қозғалысының бағытына тәуелді кескіш түрлері.


7 сурет.Тағайындауы бойынша кескішті классификациялау:а-өтпелі қайырылған;б-түзу өтпелі;в-өтпелі тіректі;г-қиғыш;д-кесетін;е-өтпелі кеңей-жоңғыш;з-ішкі бұрандаға арналған бұрандакескіш;и-бұранда кескіш.

Өңдейдің сипаттамасы бойынша кескіштерді дәлдеп өндейтін,жартылай дәлдеп өндейтін және жобалай өндейтін деп бөледі.Жұмыс бөлігінің пішіні бойынша кескіштерді тік,қайырылған және созылыңқы. Беріліс бағыты бойынша – сол және оң.Оң оң жақтан сол жақберілісімен жұмыс істейді,сол – солдан оңға.

Үлкен беріліс кезінде қосымша кесу жиекті кескіштерді қолданады,сонымен қатар көпшекті жонбайтын қатты қорытпалыкұйтабақты кескіштерді қолданады.

7 суреттегі сұлбаларда көсетілетін жұмыстарды көбінесе жону ьілдектерінде жүргізеді.

Жону – сыртқы цилиндрлі жобалы өтпелі тік (7б сурет), созылыңқы (7а,7д сурет);оң (7а,7в сурет) және сол жақты кескіштермен өңдеу; дәлдеп өнделетін оң (7д сурет);бөліп кесу кескішпен орындайды (7г сурет).Кескіштің ені бойынша металды экономдау үшін оның ұзың,жіңішке бастиегі бар.Кесу бөлігінің ені кішірейген сайын кескіштің қаттылығы мен беріктігі төмендейді.Диаметрі 30-50 мм дайындама үшін кескіштің кесу бөлігінің ені 3-5 мм құрайды.

Үлкен диаметрлі,сатылы,тесіліп өткен және тұйық тесіктерді, күйлей кескіштермен күйлей жону арқылы өңдейді.

Тесікткрді жону білдектерінде қолды артқы тұғырының сүйеу төлкесінде немесе механикалық берілісте орналастырылған, бұрғылармен, ұңғымен, ұңғылағышпен және т.б. өңдеуге болады.


Сыртқы және шет жақты беттерді өңдеу үшін арналған кескіштер.
Тесікті өңдеу сапасы белгілеумен анықталған конструкция және кескішті анықтау дұрыстығына байланысты,квалификациялы жоңғыш тетіктің құрама пішінін көріп,оны өңдеу үшін қандай кескіштер керек екенінанықтай алады.Жонып өңдеу кезінде кескіштерді таңдау маңызды міндет болып табылады.

Жоңғылау үшін кескіштер бастиегінің пішіні бойынша тік – тіксызықты өзекпен (8а сурет) және созылыңқы – оңға және солға созылыңқы өзекпен (8б сурет).




8 сурет. Жону кескіштерінің негізгі түрлері.
Кесу жиегінің орналасуы бойынша оң (8г сурет) және сол (8в сурет) кескішьер деп бөледі.Оң жақты өңдеу кезінде артқы тұғырдан алдыңғы тұғырға қарай көлденіңен бағытында,ал сол жақты – алдыңғы тұғырдан артқы тұғырға қарай орын ауыстырады.

Өтпелі кескіштер – жоңғылау,қиық жиектің пайда болуы үшін,өтпелі таянышты кескіштер – пайда болатын сатының шет жағын өңдеу және жоңғылау үшін арналған.

Тіліктелген кескіштер – дайындалатын дайындама шет жағында сатының пайда болуы үшін және шет жақ жазықтарын өңдеу қызметін атқарады.Тетіктің ішкі және сыртқы беттердегі жырашықтар жырашықты кескіштер (8е,з сурет) көмегімен де алынуы мүмкін.

Аналогты конструкциясы бойынша кескіштер кесу үшін қолданылады және кесілген деп аталады.

Сұлбалы кескіштер (8к сурет) өнделетін тетіктің пішіні бойынша жоңылған және тіліктелген,жырашықты және кесілген сияқты көлденіңен берілісі ғана бар.8и суретте бұрандалы кескіш көрсетілген.Сұлбалы беттерді суппорттың көлденіңен берілісімен арнайы сұлбалы кескіштермен немесе көшірмелі механикалық немесе гидравликалық құрылғылардың көмегімен өнделеді.


9сурет – Жону кескіштерінің жұмыс істеу сұлбасы.

а - өтпелі сыдырылатын,ь - өтпелі тіректі, в – кесетін,г-кесіп өтетін,д-кесілетін,е,ж-кеңейтетін,,з-бұранданы сыртқы бұрандау үшін,и-бұранданы ішкі бұрандау үшін,к,л-сұлбалы.

Бұрандаларды кесу ішкі немесе сыртқы бұрандалы кескіштермен жүзеге асады (9з,и сурет).

Әрекеттік бұрыш бұрандалы кескіш биіктігінде кесуші бұранда кескінінің бұрышына сәйкес болуы керек.Бұрамалы жырашықты бірнеше өту алдында кесіп алады.

Стандартты бұрандаларды кесу кезінде бідекті беріліс қорабының көмегімен баптайды.

Кесу бұрандасының қадамына тең шамаға айналдырық суппорттың айналымы бұрандалы кескіштің орын ауыстыру шартын қамтамасыз ету,бұранданы кесу үшін білдекті баптау кезінде орын алады.

Конустық беььерді өңдеу келесі жолмен жүзеге асырады.Конустық беттер келесі элеметтермен сипатталады(10 сурет):


  • конус бұрышы (2а) өс арқылы өтетін бір жазықтықта жататын және жасайтын екеуінің арасындағы бұрыш;

  • а конусының ылди бұрышы – конусты жасаушы мен өс арасындағы бұрыш;ылди бұрышының тангенсімен Y (Y=tgα=Dd/2l);

конустықпен немесе екіжақты ылдимен (k=Dd/l)

Конустық беттерді алу үшін,кескіштің ұшы дайындаманың айналу кезінде параллель емес,центрлер өсіне белгілі бір өспен орын ауыстыруы қажет.Осы бұрыш а конусының ылди бұрышына тең болуы керек.Дайындаманың өсіне кескіш ұшының бұрышпен орын ауыстыруы келесі әдістердің біреуімен іске асыруға болады: кең кескішті қолдану;суппорттың жоғарғы бөлігінің айналымымен;артқы тұғырдың орын ауыстыруымен;конусты сызықшының көмегімен.

Негізгі әрекеттік бұрышы конусты беттің ылди бұрышына тең кең кескішпен, ұзындығы 20 мм дейінгі ішкі және сыртқы конусты беттерді өңдейді. Кескішті орнату үшін құрылғылы қима үлгісі қолданылады.

10 сурет. Конусты беттері элементтерінің шошақтық сызбаның белгіленуі.




11 сурет. Суппорттың айналдырылған жоғарғы жылжыма кезінде конусты беттерді өңдеу: а – сыртқы бетті жону; б – ырнап кеңейту.


12 сурет. Артқы тұғыр тұлғасының орын ауыстыру әдісін қолданып,сыртқы конусты бетті өңдеу.
Конусты бет алудың әмбебеп әдісі – суппорттың айналдырылған жоғарғы жылжыма кезінде өңдеу (11 сурет).

Тақта бекітудің бұрама сомындарын әлсіретіп, суппорт тақтасын жоғарғы жылжымамен бірге қолданылатын жылжымаға байланысты бұрайды.Бұрылу бұрышын тақта бөлінуінен бақылайды.

Білік пен төлкенің жанасқан конусты беттерін өңдеу кезінде өзектен оңға қайырылған,кеңейтілген бастиегі бар кескіш колданылады,ал айналдырыққа кері айналыс хабарлайды.Бұрылған тақта орны осы кезде өзгермейді

Ұзын сыртқы конусты беттерді (ылди бұрышы 10 көп емес) тақтаға байланысты (12 сурет) артқы тұғырдың тұлғасының орын ауыстыру әдісімен өңдейді.Центрде орналастырылған дайындама жетектелген айналмалы үстел мен қамытшаның көмегімен айналады.Дайындама өсі центрлер өсіне бұрышпен орналасқандай, артқы тұғырдың тұлғасын көлденең бағытта орын ауыстыртады.

Кескіш суппорт күймеше берілісінің қосылуы кезінде,айналдырық өсіне параллель қозғалғанда,конустық бетті жонады.

Артқы тұғыр тұлғасының ығысуы H=Lsinα сияқты анықталады (12 суреттегі штрихталған ұшбұрышты қара).

Бәрімізге белгілі,кіші бұрыштар (10-қа дейін) үшін,синус тангенске тең.

Мысалы: 7 бұрыш үшін синус 0,120-ға тең,ал tg-0,123.Артқы тұғыр тұлғасының орын ауыстыру әдісімен кіщі ылди бұрышты дайындамаларды өңдеуге болады,сондықтан sinα=tgα деп санауға болады.

Артқы тұғыр тұлғасын +15,-15 мм орын ауыстыруға рұқсат етіледі.Атрқы тұғыр тұлғасының орын ауыстыру шамасын тақтаға байланысты шет жақ тақтаның бөлінуімен немесе көлденіңен берілісінің лимба көмегімен бақылайды.

Жұмыс барысы.



  1. Құрылғыны және16К20 белдегінің негізгі түйінділерінің қызметін оқып үйрену.

  2. Мұғалімнің нұсқауымен берілген беріліс шамасын және берілген айналдырықтың айналым санының орналасуын жүзеге асыру.

  3. Өшірілген білдекті тексеру.

  4. Бұранданы кесу үшін білдекті баптау және тетік беттерінің өңдеу сұлбаларын нобайлау.

Есеп-қисап мазмұңы

1. Жұмыстың мақсаты және атауы.

2. Айналымдар мен біерілістердің берілген санына білдекті баптау тәртібін сипаттау.

3. Тесіктерді өңдеу кезіндегі кескіш сайман мен құрал-жабдықтың нобайларын көрсету.

4. Өңдеу кезінде кескіш сайманы (нобаймен) бекіту әдісін сипаттау.

5. Өңдеу кезінде дайындаманы бекіту үшін айлабұйымдардың (нобаймен) конструкциясы және сипаттамасы.
Бақылау сұрақтары


  1. 16К20 білдегінде қандай технологиялық операцияларды жүзеге асыруға болады?

  2. Металкескіш білдектерін классификациялау арқылы қалай орналастырылады?

  3. 16К20 білдегінің жалпы құрылғысы және түйіндерінің тағайындалуы?

  4. Білдекті баптау және келтіру дегеніміз не?

  5. Жону тобы білдектерінің негізгі түрлерін ата.

  6. Жону білдегінің негізгі түйіндері.

  7. Жону білдектерінің өңдегенде беттердің негізгі түрлерін ата.

  8. Жону білдектерінің технологиялық тағайындалуы.

  9. Жону білдектерінде дайындамаларды өңдеу кезінде кесудің басты қозғалысы және беріліс қозғалысы қандай жылдамдық мөлшері бар?

2 зертханалық жұмыс


Бұрғылау тобындағы білдегінде өңдеу және олардың технологиялық мүмкіндіктері
1.1 Жұмыстың мақсаты: дайындаманы бұрғылау тобындағы білдектерінде өңдеудің технологиялық мүмкіндіктерін оқып білу.
1.2 Қажетті құрылғылар жәнеқұрал-жабдықтар.

  1. Тігінен-бұрғылау білдегі 2А150

  2. Дайындаманы бекітетін айла бұйым. Қол қысқышы.

  3. Бұрғылар. Өтпелі төкелер

1.3 Зертханалық жұмыс міндеті:

    • құрылғыны және бұрғылау тобының білдектерінің жұмыс істеу принципін оқып үйрену

    • дайындамаларды бұрғылау тобының білдектерінде өңдеу кезінде бекіту әдістерін оқып үйрену

    • кесуші құралды бұрғылау тобының білдектерінде өәдеу кезінде бекіту әдістерін оқып үйрену

    • бұрғылау тобының білдектерінде өңдеу кезінде орындалатын негізгі технодогиялық операциялар


2. Бұрғылау әдісінің сипаттамасы
Бұрғылау тұтас материалдарда тесік жасаудың кең таралған әдісі. Бұрғылау арқылы өтпелі және өтпелі емес (тұйық) тесіктер жасайды және олардың көлемін, дәлдігін үлкейту үшін және кедір-бұдырлығын төмендету үшін алдын ала өңдейді.

Бұрғылау, негізгі қозғалыс бұл құралдың өс бойымен айнала қозғалуы және беріліс қозғалысы бұл оның ось айналасымен қозғалуы, бұл екі қозғалыс білдекті іске келтіреді.

Бұрғылауда кесу процессі жону процессіне қарағанда қиын жағдайларда өтеді, себебі, жоңқаның шығылуы және құралдың кескіш жиектерін суытатын сұйықтықтың берілісі қиын болып түседі. Жоңқаның шығылуында бұрғының бунақ беті және бұрғының тесік бетімен үйкеліседі. Бұл жоңқаның дефформациясын және жылу шығарылуды жоғарылатады.

Бұрғылауда кескіш құрал, әр-түрлі құрылымды бұрғылар болып табылады.Бұрғылаудағы кесу жылдамдығы деп бұрғы осьінен әлдеқайда алыстатылған, кескіш жиектегі нүктенің шеңбер жылдамдығын айтамыз.


V 3,14 ∙ D ∙ n /1000
мұндағы D - өңделетін беттің диаметрі, мм

n – бұрғының 1 мин-тағы айналым саны

Кесу жылдамдығының көлемін таңдау көптеген факторлармен анықталады: өңделетін дайындамаларының механикалық материалдарының қасиеттері және бұрғының кескіш бөлігінің материалы, беріліс көлемі, бұрғының диаметрі, құралдың шыдамдылығы, бұрғылау тереңдігі, және т.б.

Мысалы: қатты қорытпалы тілімшемен жабдықталған бұрғымен ВК8 жұмыс істегенде, болаттың кесу жылдамдығы 47-50 м/мин-ті құрайды, ал шойында 50-95 м/мин.

Беріліс S бір айналымдағы бұрғының ось бойымен орын ауыстыру көлеміне тең, тұтас материалдағы бұрғылауда кесу тереңдігі бұрғы диаметрінің жартысын құрайды.
Бұрғылау және тесіктерді өңдеу үшін құрал
Бұрғылауда ең көп таралған құрал – спиральді бұрғылар. Спиральді бұрғы (1 сурет) жұмыс бөлігінен, мойыншығы және сағасынан (дүбі) тұрады. Жұмыс бөлігінде кесуші және бағыттаушы немесе центрленген бөліктерге ажыратады (1 сурет). (2 суретте) Құрылғыны бұрғылау білдегіндегі айналдырыққа бекіту көрсетілген.

Бұрғының бағыттауыш бөлігінде, бұрғыланған тесіктен жоңқаны шығару үшін екі бунақ орналасқан, сонымен қатар бұрғының кесу кезіндегі бағытын қамтамасыз етуші екі таспаша орналасқан.

Бұрғының кесуші бөлігінде екі негізгі кесуші жиектері бар: көлденең жиек және екі артқы беті. Бұрғы төбесіндегі кесуші жиектерден пайда болған бұрышты 2f, өңделіп жатқан материалдың қаттылығы және морттылығына байланысты таңдайды. Мысалы орташа қатты болат пен шойын үшін 2f=116-120o, қызыл мыс үшін 2f=125о, алюминий, қола, жез үшін 2f=130-140о. Бұрғылау көмегімен беттің тазалығын Rz80 және ІТ10, ІТ11 дәлдік квалитетін алуға болады.

Үнгілеу ІТ8, ІТ9 дәлдік квалитеті және Rz40 бнт тазалығы бар тесіктерді алуды қамтамасыз етеді. Ұңғылауда дәлдік және кедір-бұдырлық ІТ6 - ІТ5 және RА1,25 жоғарылайды.


1 сурет – Спиральді бұрғы




2 сурет - Құралды білдектегі айналдырыққа бекіту сызбасы

Бұрғылауда, құйылмада немесе қалыптауда алынған тесіктерді әрі қарай өңдеу үшін үңгілеу және ұңғылауды қолданады.

Үнгілеу мен үңғылау кезінде кескіш құрал болып үнгі мен ұңғы болып табылады.

Операция

Өңдеудің дәлдік квалитеті

Өңдеу сапасы

Бұрғылау-қайрау

10 – 11

Rz 80 – 20 мкм

Ұңғылау

9 – 10

Rа 2,5 мкм дейін

Үнгілеу

6 – 8

Rа 2,5 – 0,32 мкм



3 сурет. Ұңғы


Үнгі (3 сурет) жұмыс бөлігінен, мойыншағынан, конусты сағадан және табаншадан тұрады. Жұмыс бөлігінде кескіш (кесетін) және калибрлейтін (бағыттауыш) бөліктерге ажыратады.

Үнгінің кескіш бөлігі қиылған беткі жағынан - өзекшесі және үш немесе төрт кескіш тістерінен тұрады.

Жоспардағы негізгі бұрыш f=45о -60о.

Үнгінің мөлшерлегіш бөлігінде үш немесе төрт орамалы бунақ және құралдың бағытын қамтамасыз ететін таспасы болады.

Үнгілерді өңделген тесіктер түріне қарап цилиндрлік, конустық және құрастырылған (көпсатылы) деп бөледі, сонымен қатар тұтас диаметрі – 80 мм-ге дейін, саптамалы, қойылатын пышақтарымен немесе дәнекерленген қатты қорытпадан жасалған табақшалары бар.

Үнгінің жұмыс бөлігі артқы бетінен 1, негізгі артқы бетінен 2, ұосымша артқы бетінен (таспаша) 3, негізгі кесуші жиектен 4, қосымша кескіш жиектен 5 және үнгі тісінің төбесінен 6 тұрады (3а сурет).

Ұңғыда, 4 сурет, жұмыс бөлігі, мойны және сағасы болады. Жұмыс бөлігіне бағыттауыш конус немесе кесетін бөлігі, мөлшерлегіш бөлігі және керісінше конустан тұрады.

Негізгі жұмысты кескіш бөлік істейді, негізгі кескіш жиегі бар тістер 1, алдыңғы және артқы беттер 3 және бұрыштық қадам ω (3б,в сурет).

Ұңғы цилиндрлі, конусты, машиналы, қолды болады. Машиналы да жұмыс бөлігі әлдеқайда қысқа.

Құрылымды ұңғыларды мынандай түрге бөледі: сағалы және саптамалы, тұтас және қойылатын пышақтарымен, қатты қорытпалы табақшамен жабдықталған.





4 сурет. Үнгі


Жаппай өндірісте өңдеудің өнімділігін арттыру үшін біріктірілген кескіш құралдарды пайдаланады (5 сурет).

5 сурет. Құрылымды кесуші аспаптар

Бір даналы тесіктерде бұранда пайда болу үшін ішкі бұранда кескішті пайдаланады. Ішкі бұранда кескіш дегеніміз кескіш жиек жасайтын кесілген бунақтары бар орам.

Бұранда ойғышының кескіні кесіліп жатқан бұранданың кескініне сай болу керек. Бұранда ойғышты арнайы қысқысында бекітеді.

Бұрғылау білдегінде өңдегенде дайындаманы үстел білдегінде орнату және бекіту үшін әр түрлі құрылғыларды қолданады. Дайындаманы қысқыларда, үш және төрт жұдырықты қысқысдарда және т.б. бекітеді.

Бұрғылау білдегінде мынандай технологиялық операциялар жүргізіледі: бұрғылаау (6а сурет), бұрғылап кеңейту (6б сурет), үнгілеу (6в сурет), ұңғылау (6г,д сурет), ұң жоңғылау (6е сурет), үнгіштеу (6ж,з сурет), бұранданы қию (6и сурет), қиын кескінді тесіктер жасау (6к сурет), терең тесіктерді бұрғылау.


6 сурет. Бұрғылау білдектерінде жүргізілетін технологиялық операциялар



4 2А150 білдегінің құрылымы және технологиялық сипаттамасы
Білдек біл айналдырығы бар тігінен-бұрғылау. Білдектің негізгі түйіндері (7 сурет): құдықша және тұғыр 9 орнатылған әргетас тақта 1. Тұғырдың жоғарғы жағында электроқозғалтқыш 6 пен жылдамдық қорабы орналасқан.

Тігінен бағыттауышта, айналдырықтың 4 аспаппен механикалық тігінен орын ауыстыруын жүзеге асыратын, беріліс механизмі орналасқан айналдырықта тұғыр 7 орнатылған. Айналдырықтың қолмен орын ауыстыруы штурвал арқылы жузеге асырылады.

Дайындамаларды және айла бұйымды тігінен бағыттауыш бағанамен қозғалатын үстелге 2 орнатады.

Білдекте 50 мм диаметрге дейін, 300 мм тереңдікке дейін тесіктерді бұрғылауға болады, сонымен қатар тесіктерді үнгілеуге және ұңғылауға және оларда бұранданы кесуге, ұң жоңғылау және үңгіштеуге болады.

Электроқозғалтқыштың қуаты 7 квт, жылдамдық қорабы айналдырықтың 32-ден 1400 ай/мин-қа дейін 12 айналым жасауға мүмкіндік береді, ал беріліс қорабы 0,125-тен 2,14 мм/ай- дейін 9 берілісті қамтамасыз етеді.

Ірігабаритті және үлкен салмақты дайындамаларды өңдеуде, дайындамалар бір немесе бірнеше параллель жазықтықта орналасқан бір айналдырықты радиальді-бұрғылау білдектерінде өңделеді айналдырық басының орын ауыстыру есебінен кесуші құралдың және өңделіп жатқан тесіктердің остерінің қиылысуы қамтамасыз етіледі. Радиальды-бұрғылау білдектерінің түрлері 8 суретте көрсетілген.

Көп тесігі бар дайындамаларды өңдегенде қосымша координатты үстелдар арқылы автоматтандырылған, автоматты түрде орын ауыстыратын және алдын-ала белгілеусіз дайындаманы аспапқа қатысты орнататын ЧПУ бар бұрғылау білдектерін пайдаланған орынды. Жаппай тұрақты өндірістерде, бір уақыт ішінде әр түрлі жазықтықтарда орналасқан дайындамалардың бірнеше тесіктерін өңдеуге мүмкіндік беретін стандартты және нормаланған болшектерден және түйіндерден жасалған агрегатты білдектерді пайдаланады.



7 сурет





8 сурет. Бұрғылау білдегі – СС – 70370 – 370 Вт, 13 мм кілті бар патрон, 5 жылдамдық – 600/900/1,250/1,750/2,600 ай/мин, магнитті , түссіз қақпақ, 1,5 м кабель, айналмалы үстел, 2,5 дюймді қысқы.


5 Жұмыс істеу тәртібі
1. Тесіктерді өңдеу үшін құралдың қолданылуын және құрылғысын оқып үйрену

2. 2А150 білдегінің түйіндерінің қолданылуын және құрылғысын оқып үйрену.

3. Оқытушының тапсырмасы бойынша білдекті беріліс және айналым саны бойынша орнату.

4. Өңдеу схемасын және тесіктерді өңдеу үшін құралдың эскизін жасау.


6 Есеп мазмұны
1. Жұмыстың атауы және мақсаты.

2. Білдекті берілген беріліс және айналым санына орнатудың тәртібін суреттеу.

3. Кесуші құралдың және тесік өңдеудегі құралдың эскизін жасау.

4. Өңдеу кезіндегі кесуші құралды бекітудің сипаттамасы (эскизедермен).

5. Өңдеу кезіндегі кесуші құралды бекіту үшін құрылғының конструкциясы және сипаттамасы.


  1. Қауіпсіздік ережелері




  1. Зертханалық жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулықты оқыған студенттер ғана жіберіледі.

  2. Металлкесуші білдектерде жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

3. Білдекті қыстырар алдында оның қосылуы білдек қасындағы адамдарға зияны жоқ екенін қарап алу керек.
Қорытынды сұрақтар


  1. Бұрғылау білдектерінде қандай технологиялық операциялар жүргізуге болады?

  2. Тесіктерді өңдеу үшін кесуші құралдың тағайындамасы.

  3. 2А150 білдегінің жалпы құрылғысы және түйіндерінің тағайындамасы.

  4. Бұрғылау кезіндегі кесу процессінің қайрау әдісіне қарағанда айырмашылығы қандай.

  5. Технологиялық операциялар – үнгілеу, ұңғылау және тесіктерді бұрғылау?

  6. Дайындамаларды бұрғылау тобының білдектерінде бекітудің әдістері?

  7. Кесуші құралды бұрғылау тобының білдектеріне бекіту әдістері.

  8. Бұрғылау білдектерінің негізгі түйіндері атаңыздар.


Әдебиет
1 Дальский А.М. Технология конструкционных материалов. − М. : «Высшая школа», 2004. – 298 с.

2 Дриц М.Е., Москалев М.А. Технология конструкционных материалов. − М. : «Высшая школа», 1990. – 255 с.

3 Прейс Г.А. и др. Технология конструкционных материалов. − Киев : Высшая школа, 1991. – 276 с.

4 Справочник технолога-машиностроителя /под редакцией А.Г. Косиловой и Р.К. Мещерякова. В 2х томах. − М. : Машиностроение, 1986. − Т.2. – 496 с.

5. Фещенко В.Н., Махмутов Р.Х. Токарная обработка. − М. : Высшая школа. 1990. – 234 с.

3 зертханалық жұмыс


«Дайындамаларды ажарлап өңдеуінің технологиялық мүмкіндіктері»
1.Зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеті
1.1 Зертханалық жұмыстың мақсаты: ажарлау мен өңдеу процесінің негізін, білдектің негізгі типтерін, кесуші құрал мен өңдеудің технологиядық сұлбасын оқып үйрену.

1.2 Зертханалық жұмыстың міндеті:

- ажарлау білдегінің жұмыс істеу принципін және құрылғысын оқып үйрену;

- ажарлау тобының білдектерінде өңдеу кезінде дайындаманы бекіту әдістерін оқып үйрену;

- ажарлау білдектерәнде өңдеу кезінде кесуші құралды бекіту әдісін оқып үйрену;

- ажарлау тобының білдектерінде өңдеу кезіндегі орындалатын негізгі технологиялық операцияларды оқып үйрену.
2. Ажарлау білдектерінде дайындаманы өңдеу

Ажарлау деп ажарлағыш шарықтас арқылы дайындаманы кесіп өңдеу процесін атаймыз. Ажарлау арқылы жоғары дәлдікті және беттің кедір-бұдырлығы төмен дайындамаларды өңдеуге болады. Әр түрлі материалдардан жасалған дайындамаларды өңдеуге, ал шынықтырылған болат үшін және ажарлаудың кесуші құралын қайрау түрлендірудің ең кең таралған әдісі болып табылады.

Қажақты түйіршіктер ажарлағыш шарықтаста ретсіз орналасқан және оларды байланыстырғыш материал (май) ұстап тұрады. Дөңгелектің айналуы кезінде дайындамамен түйісу аумағынжа жіңішке өзектердің үлкен көлемі түріндегі материал түйіршіктердің бөлігін кеседі. Өңделген бет қажақты түйіршіктердің микроіздерінің жиынтығын көрсетеді. Дөңгелектегі түйіршіктердің бөлігі кесеалмайиындай бағдарланған, бірақ кесу бетінде үйкеліс жұмысын орындайды, сондықтан кесу аумағында жылудың көп мөлшері бөлінеді. Өндірілетін материалдың ұсақ түйірлері жанып, ұшқындардың түйірі түзіледі немесе ериді.

Қажақты түйіршіктер дайындамаға елеулі күшті әсер етеді, материалдың жазық бетті деформациясы жүреді, оның кристалдық торы бұрмаланады, өңделген бетте қақталма туады.Бірақ бұл әсер механикалық аспаппен өңдеуге қарағанда аз сезіледі. Құрылымды өзгерістерге келтіретін және материалдың өндірілетін қабат беттерінің физико-механикалық қасиеттерінің өзгеруіне әкеліп соғатын жылу әсерін төмендету үшін, ажарлауды майлап-суытатын сұйықты немесе орталарды (мысалы:тозаңқондыру мен тұманмен суыту) мол берілс кезіңде өңдейді.

Кез келген бетті ажарлау әдісімен пішін құрастыру үшін келесі қозғалыстар болу керек: айналмалы және өс айналасындағы қозғалыспен ауыстырыла алатын, дөңгелектің айналмалы қозғалысы және координаттар өсі бойынша орын ауыстыру. 1 суретте Д-ажарлау дөңгелегінің диаметрі;V- оның айналу жылдамдығы; SК,SБ,SК – кесуші,көлденіңен және бойлық беріліс.

1 сурет-Үрдіс сұлбасы


Кесу элементтеріне кесу жылдамдығы мен кесу тереңдігі жатады. Кесу жылдамдығы (м/с) ажарлағыш дөңгелектің перифериясының айналасындағы жылдамдыққа тең.

V=3.14Dn/60000

Мұнда n- айналу жиілігі, айн/мин;

D- ажарлағыш дөңгелектің сыртқы диаметрі,мм,

Координат өсі бойымен немесе айналасымен сайманның немесе дайындаманың орын ауыстыруы беріліс болып табылады.
Білдектердің негізгі түрлері

Дөңгелете ажарлайтын, жазық ажарлайтын, центрсіз ажарлау, қайрағыш , сонымен қатар арнайыландырылған білдектер кең қолданысқа ие. Барлық білдектер үшін кесудің басты қозғалысы v жылдамдығымен ажарлағыш шарықтастың айналуымен жүзеге асады.

Дөңгелек ажарлайтын білдектер жай, әмбебап және әртүрлі болып бөлінеді (2 сурет).

2 сурет- Дөңгелек ажарлайтын білдектің жалпы түрі

1-станина;2-үстел;3-жылдамдық қорабымен алдыңғы тұғыр;4-ажарлағыш басша;5-артқы тұғыр;6-үстелдің жетегі.
Әмбебап білдектерді тігінен өс айналасында белгілі бұрышқа бұруға және келесі жұмыс үшін бекітуге болатын, бұрылған алдыңғы және ажарлағыш басшалар бар. Жай білдектер бұрылмайтын басшалармен жабдықталған. Кірекесетін білдектерді үстелдің бойлық берілісі жоқ, ал өңдеу үрдісі дайындаманың барлық ұзыңдығы бойымен кең шарықтастың көлденіңен берілісімен жүргізіледі.

Қазіргі білдектерде автоматтандырудың жоғарғы дәрежесіне ие. Осылай автоматты түрде үстелдің берілісі, ажарлағыш басшаның қайтаруы мен жетек жылдамдығымен өзгеруі, ажарлағыш қарықтастың және оның тозу өтемі орындалады.

Бағдарламалы басқару құрылғымен (ББҚ) білдекті әбзелдеу, өңдеу кезінде технологиялық параметрлердің әр түрлі вариацияларды жасауға мүмкіндік береді.

Жазық беттерді ажарлау тік бұрышты үстелді жазықажарлағыш білдекті дөңгелектің перефериясымен жүзеге асады.




3сурет- Тікбұрышты үстелді жазықажарлағыш білдектің жалпы түрі

1-станина;2-үстел жетегі;3-ажарлағыш тұтқа;4-үстел;5-ұстағыш.


Беріліс қозғалысы білдек жетегінің көмегімен және қолды жүзеге асады. Бойлық орын ауыстырудың жетегі гидравликалық құрылғының поршень,цилиндрлер және басқару органдары көмегімен жүзеге асады.

Ажарлағыш білдектерінде дайындамаларды бекіту ажарлау әдісіне байланысты. Олар дөңгелек-ажарлағыш білдектерінде алдыңғы және артқы тұғырларының центрлерінде бекітіледі. Өңдеу дәлдігін жоғарлату үшін центрлер айналмайды. Дайындаманың дөңгелекті берілісті жетекті құрылғы (жетек және қамытша), білдек айналдырығының айналмалы үстел іске келтірілеиін және олар жұдырықты қысқыларда бекітіледі, жазықажарлағыш білдектерінде дайындамаларды қысқышты айлабұйымдардағы магнитте тақталардың көмегімен бекітеді. Дайындамаларды білдектің үстелінде орналастырады, содан кейін токты қосады және олар магнитті тақтаға тартылады.


4 Кесетін қажақты сайман

Қажақты саймандарды геометриялық пішіні мен өлщемдері бойынша, қажақты материалдың түрң, түйіршіктігі оараласқан ,қаттылығы және құрылымы бойынша бөледі.

Қажақтың түйіршіктері синтетикалық материалдарды және алмаз, шынытас, корунд, кремний, гранит сияқты табиғат материалдарын көрсетеді. Синтетикалық материалдар қалыпты электркорунд (Э),, ақ электркорунд (ЭБ), монокорунд(М), жасыл кремний карбиді (КЖ) және қара (Қ), бор карбиді және т.б.

Қажақты материалдардың басты ерекшелігі олардың жоғарғы қаттылығы. Сайманды дайындау кезінде көміртектіндірілген зат – байламның көмегімен түйіршіктерді бір-бірімен бекітеді. Сайманды қышты, бакелитті және вулканитті байламда жасайды. Қышты байлам кварцтан және басқа заттардан тұрады. Бакелитті – синтетикалық шайырдан- бакелиттен.

Қажақты сайманның қаттылығы арқасында қажақты түйіршіктерді сайманның жұмыс бетінен сыртқы күштердің ықпалымен жұлынып алуына қарсыласу байланысының қабілеттілігін түсінеді.

Қажақты сайманның қаттылығы оның ішкі құрылымын, басқаша айтқанда қажақты түйіршіктердің көлемді мөлшері, байламы және сайман көлем бірлігінің арасындағы байланысын сипаттайды. Алмазды ажарлағыш дөңгелектер корпустан (алюминийлі болатты және т.б.) және қалыңдығы 1,5-3 мм алмазды қабаттан тұрады.

Ажарлағыш дөңгелектерге ажарлау үшін сайманды дұрыс таңдау үшін, маркілеу деп аталатын шартты белгілеуді жалатады. Маркілеудің жалату кезектілігі: қажақты материал және оның маркасы, түйіршікиелгеннің өлшемі, қаттылық дәрежесі,құрылым нөмірі,байлам түрі.
5 Өңдеудің технологиялық сұлбасы

Ажарлау білдектерінде центрде ажарлау әдістері кең қолданысқа ие. Дөңгелекті ажарлау (4 сурет) v жылдамдығымен дөңгелектің айналмалы қозғалысы және дайындаманың айналмалы қозғалысымен (Sкр дөңгелекті беріліс) жүзеге асады.

Беріліс қозғалыспен ажарлау (4а сурет) кезінде дайындама бірқалыпты айналады ілгермелі қоғалыс жасайды. Дайындама жүрісінің соңында ажаралғыш дөңгелек Sп шамасына орын ауыстырады, ал келесі жүріс кеззінде белгілі тереңдікті металдың қабатын кесіа алады. Ажарлау үрдісі қадетті дайындама бетінің өлшеміне жеткенше жүреді. Егер дайындаманың екінші бөлігін ажарлау керек болса, онда жаңа орында орналастырады,


а-бойлық берілісті;б-кесілген;в-тереңдікті;г-кертпешті;д-комбинирленген.
4 сурет- Дөңгелек ажарлау процесінің сұлбасы
Ажарланатын бөліктің ені ажарлағыш дөңгелектің енімен жабылғын кезінде қатты дайындамаларды өңдеу кезінде қолданалатын болса, кірекесілген ажарлау өндірілетін болып табылады. Дөңгелек тетіктің қажетті өлшеміне жеткенше дейін тұрақты беріліспен орын ауыстырады. Осы әдісті сақиналы жырашықтарды және сұлбалы беттерді ажарлау кезінде қолданылады.

Тереңдетіп ажарлау бір қадам кезінде барлың тереңдіктің материал қабатын түсіруге мүмкіндік береді. Ажарлағыш дөңгелекте ажарлау кезінде кесілген қабаттың негізгі бөлігін жоятын, ұзындығы 12 мм конусты бөлік, ал дөңгелектің цилиндрлі бөлігі өнделген бетті қорғайды. Көлденіңен беріліс болмайды. Кертпешті ажарлау 4а,4б суреттерінде көрсетілген. Ажарлау үрдісі екі этаптан құрылған. Біріншіде, дөңгелектің ені 0,8-0,9 дейін үстелді қозғалтып,Sn мм/айн беріліспен кірекесу ажарлау өндіріледі. Екіншіде, қосылған Sп беріліс (тегістеу үрдісі) кезінде беттерді тазарту үшін Sпр бойлық берілістің бірнеше жүрісі істейді.

Тетіктің цилиндрлі және жазық (шет жақты) беттердің дұрыс өзара орналасуын қамтамасыз ету үшін ажарлау дөңгелегін әдейі қалыптандырады (4д сурет) және нақты бір бұрышқы бұрайды. Осылай домалау мойынтіректері бекітілетін біліктердің мойындарын өңдейді. Ажарлау дөңгелектің конусты бөліктерімен өндіріледі. Цилиндрлі беттерді өңдеу сұлба боыйнша,кесу тереңдігіне Sп периодты беріліспен 4а суретте көрсетілген анологты сұлба бойынша жүргізіледі. Тетіктің шет жақты беттерді өңдей дөңгелекке дайындаманың қалыпты жетегі кезінде беріліспен қолды немесе басқару бағдарламаның көмегімен жүргізіледі.

Сыртқы конусты бетті ажарлау екі сұлба бойынша өндіріледі. Центрлерде дайындамаларды өңдеу кезінде конусты беттің орны бойлық берілістің бағытымен сәйкес келетіндей, үстелдің жоғарғы бөлігін керекті бұрышқа центрлермен бірге бұрайды. Ары қарай ажарлау цилиндрлі беттерді өңдеумен анология бойынша жүргізіледі.

Дайындамаларды кертешті бекіту кезінде (оқшада) алдыңғы тұғыр конустың жарты бұрышына бұрылады және осы жағдайда конусты бет бойлық берілістің бағытымен сәйкес келеді.

Ішкі ажарлау (5а сурет) ереже бойынша термиялық өңдеуден қткен дайындамаларда беттің аз кедір – бұдырлыңы бар жоғарғы дәлдікті тесіктерді алу үшін қолданылады. Сұлбалы,конусты және тұйық беттерді ажарлайды. Ажарлау дөңгелегінің диаметрі ажарлау тесігінің диаметрінің 0,7-0,9 құрайды, дөңгелек кішкентай болған сайын, оның айналу жиілігі үлкен. Дөңгелекажарлағыш білдектерде артқы тұғыр болмайды. Сайман бойлық орын ауыстыру жасайтын үстелде орналасқан ажарлағыш тұғырдың кертешті айналдырығында орналасқан.




5 сурет- Ішкі ажарлаудың сұлбасы
Ішкі ажарлаудың негізгі сұлбасын екі әдіспен іске асыруға болады.

Дайындаманы ажарлау кезінде үшжұдырықты оқшада бекітеді (5б сурет). Егер тетіктің сыртқы беті тесік өсіне қатысты симметриялы емес болса,онда үшжұдырықты оқшаны немесе қысқышты айлабұйымдарды қолданады.

Қозғалыстардың технологиялық белгіленуі өңдеу кезінде дөңгелекажарлағыш білдектердің қозғалыстарына анологты, анықталған бөліктерді ғана өңдеу керек болса, бұл тесікиің бүкіл ұзындығын немесе ұзындығының бөлігін ажарлау мүмкіндік береді. Сонымен қатар ішкі шет жақты беттерді өңдеуге болады. Сұлбалы беттерді әдейі қалыптандырылған дөңгелекпен кірекесу әдісімен ажарлайды. Крнусты –алдыңғы тұғырдың бұрылуымен.

Үлкен өлшемді және массалы дайындамаларды баяндалоған әдістермен ажарлау рационалды емес,сондықтан планетарлы ажарлауды (5в сурет) қолданады.

Дайындаманы қозғалыссыз білдектің үстелінде бекітеді,ажарлағыш дөңгелек өз өсінің айналасын,сонымен қатар дөңгелек берілісінің аналогиясы болып табылатын (планетарлы қозғалыста жарты айналым жасаған дөңгелектің орны 5в суретте көрсетілген ) тесік өсінің айналасын айналады. Периодты дөңгелек кесу тереңдігіне беріледі.

Жазық ажарлаудың негізгі сұлбалары төрт негізгі түрде беріледі (6сурет).




6сурет-Жазық ажарлаудың сұлбалары

Дайындамаларды тікбұрышты немесе дөңгелек үстелде бекітеді. Тікбұрышты үстелдер бойлық берілісті қамтамасыз етіп, қайта,ілгерілмелі қозғалыстар жасайды. Тереңдікке беріліс үстелдің шеткі орнында жасалынады. Көлденіңен беріліс дөңгелектің ені дайындама енінен кіші болғанда, керек болады. Бойлық ажарлауды әдетте қалыптандырылған дөңгелекпен өңдіруге болады.

Дөңгелек үстелдер дөңгелек беріліс қамтамасыз етіп,айналмалы қозғалыс жасайды. Басқа қозғалыстар тікбұрышты үстелдерде ажарлауға анологты.

Шет жақты дөңгелекті ажарлау жоғары өндіргіш болып табылады. Себебі жұмысқа біруақытта қажақты түіршіктердің көп мөлшері қатысады, бірақ тікбұрышты үстелдерде дөңгелекті перефериямен ажарлау әртүрлі жұмыстардың көп мөлшерде орындалуына мүмкіндік береді.

Шет жақты жұмыс істейтін және үлкен диаметрлері бар дөңгелектер массивті метал табақшада бекітілген жеке бөлшектерден – сигменттерден құрамды істейді. Осы кезде ажарлаудың ұауіпсіздігі жоғарылайды және кесу тереңдігін үлкейтуге болады.Центрсіз ажарлау өңдеуді өңдірудің жоғарылатуға мүмкіндік береді:білдектерді автоматтау және қатаңдату нәтижесінде.Дайындама бекітілмеген жағдайда өңделеді.

Сұлба бойынша ажарлау [7 сурет] дайындама бір бағытта бірақ әртүрлі жылдамдықпен айналатын, жжүргізуші мен жұмыс дөңгелегінің арасында пышаққа орналастырылады.Дайындама арасында мен жұмыс дөңгелегінің арасын салыстырғанда,жүргізуші дөңгелек пен дайындама арасындағы үйкеліс үлкен болғанда, дайындама жүагізуші дөігелегінің айналу жылдамдығына жақын жылдамдықпен айналады.Жүргізуші дөігелек (1-7)ылди бұрышпен дайындама өсіне орнатылады, осы кезде бойдық беріліс пайда болады.Дайындама өз осі бойымен пышақпен, орны ауыстырады және бүкіл ұзындығы ажарлануы мүмкін. Жүргізуші дөңгелегінің ылди бұрышы үлкейген сайын, беріліс үлкен болады. Дайындамалар бекітілмец бірінен-бірі білдектің пышағына қойылады.



7 сурет. Центрсіз ажарлаудың сұлбасы
Егер дайындаманы кертпешпен ажарласа, онда жүргізуші дөңгелектің тұғырын бұрамайды (7б сурет), ал ол бір нақты орынға ( тірекке) S беріліспен станинаның бағыттауышымен орны ауыстырады. Ажарлау алдында жүргізуші дөңгелекті басқа жаққа жылжытып, дайындаманы пышаққа салады, содан кейін оны жүргізуші дөңгелекпен қысады. Өңдеу тетіктің қажетті өлшемін алғанға дейін көлденіңен беріліспен жүреді.

6 Есеп қисап мазмұңы



  1. Жұмыстың аты және мақсаты

  2. Білдектің берілген айналым мен беріліс сандарының баптау тәртібін баяндау

  3. Тесіктерді өңдеу кезінде кесу сайман мен құрылғының эскиздерін көрсету

  4. Өңдеу кезінде кесу сайманның бекіту әдістерін баяндау

  5. Өңдеу кезәнде дайындамаларды бекіту үшін айлабұйымдардың (эскиздермен) құрылымы

  6. Әртүрлі ажарлау әдістерінің сұлбаларының эскиздері

7 Жұмыс орындау тәртібі

1. Ажарлау білдектерінде дайындамаларды өңдеу әдістерімен танысу және есеп – қисап құрастыру

2. Оқу шеберінің орындауымен жіне басшылығымен жазықажарлағыш және жоңғыш білдектерінің келтірілуімен танысу жіне ажарлау және жоңғыш үрдісін құрастыру.


8 Бақылау сұрақтыру

1. Ажарлау процесінің негізі

2. Ажарлау процесімен беттің бетін тудыру үшін қандай қозғалыстар қолданады

3. Ажарлау тәртібінің элементі болып не табылады

4. Ажарлау білдектерінің негізгі типтері және олардың қолданылуы

5. Қажақты сайманды дайындау үшін қолданылатын материалдар

6. Қажақты сайманның құрылымы және қаттылық дегеніміз не?

7. Дөңгелек ажарлаудың технологиялық әдістері

8. Ішкі және жазық ажарлаудың технологиялық әдістері. Сұлбаларда көрсету

Қолданылатын әдебиеттер тізімі




  1. Дальский А.М. Технология конструкционных материалов.-М.:»Высшая школа»,2004.-298с.

  2. Дриц М.Е. Мосалеа М.А. Технология конструкционных материалов. – М.:»Высшая школа»,1990-255с.

  3. Прейс Г.А. и др. Технология конструкционных материалов.-Киев:»Высшая школа»,1991-276с№

  4. Справочник технолога- машиностроителя.Под редакцией А.Г.Косиловой и Р.К.Мещярекова. В 2-х томах.- М.:Машиностроение,1986-Т.2-496с.

  5. В.Н.Фнщенко, Р.Х.Махмутов.Токарная обработка.-М.:Высшая школа.1990-234


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет