Нұсқаулар Пән : mik 1203: «Микроэкономика»



жүктеу 0.62 Mb.
бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3   4


Қазтұтынуодағы

Қарағанды Экономикалық Университеті

МИКРОЭКОНОМИКА

пәні бойынша

СӨЖ (СӨЖӨ) бойынша әдістемелік нұсқаулар
Пән: MIK 1203: «Микроэкономика»

Мамандықтар: 5В05060 –Экономика, 5B05090 – Қаржы, 5B05080- Есеп және аудит

Экономикалық теория және ХЭ кафедрасы

Қарағанды 2010

СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқауларды э.ғ.к., профессор З.Ш. Шумековпен және оқытушы А.Е. Қуаныштаевамен құрылған 5В050900- Қаржы мамандығының ҚР МЕММ 3.08.312-2006, 5В050700- Есеп және аудит мамандығының ҚР МЕММ 3.08.313-2006, 5В050600-Экономика мамандығының ҚР МЕММ 3.08.310-2006 және пәннің типтік бағдарламасының негізінде.


Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу-әдістемелік семинар отырысында талқыланды.


« 10» маусым 2010ж. Хаттама № 10

«Экономикалық теория және ХЭ»

кафедра меңгерушісі Жетпісбаева М.Қ.


Оқытушы туралы мәліметтер: э.ғ.к., профессор З.Ш. Шумековпен «Экономикалық теория», «Микроэкономика, пәндерінен дәрістер оқып, семинарлық сабақтар оқиды. Оқытушы Қуаныштаева А.Е. «Экономикалық теория», «Микроэкономика, «Макроэкономика» пәндерінен семинарлық сабақтар жүргізеді.

Офисі: Экономикалық теория және ХЭ кафедрасы, ауд.: №266

Қарағанды қ. Академиялық көшесі 9

СӨЖ ( СӨЖО) бойынша әдістемелік ұсыныстар
СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз және аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-дің негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындау. Семинарлық сабақтарда тақырыптың негізгі сұрақтары қарастырылады. Семинарлық сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына жауаптардық өздерің дайындаңдар. Әрбір сұрақты дайындау барысында қысқаша әрі сызба жүзінде негізгі ережелер мен жауап тезистерін дайындап, формулалар мен символдарды СӨЖ дәптеріне жазыңдар. Дайындалып болғаннан кейін өзін-өзі тексеріге арналған сұрақтар көмегімен өз білімдеріңді тексеріңдер. Өздерің талдай алмаған сұрақтарды жазып алып, дәрісте немесе СӨЖО процесінде оқытушыға қойыңдар.

СӨЖ тапсырмалары дәріске дейін орындалу керек. Ал дәрісте дербес алынған білімдер тереңдетіліп, кеңейтілуі керек.

Алайда семинарлық сабақта қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұнын қамтымайды. Сондықтан студент өз білімін одан әрі тереңдету мен кеңейту бойынша жұмыс жасауы қажет. Бұл СӨЖО процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СӨЖО-да тақырып мазмұнын толық ашатын қосымша сұрақтар мен есептер, жаттығулар қарастырылып, талдау жасалады.

СӨЖ формалары мен мазмұнын өңдеу.

«Микроэкономика» курсының ерекшеліктері СӨЖ формаларының кең жиынымен байланысты. Бұл мынадай формалар:



  • оқытушы берген дәріс конспектілерін талдау;

  • семинарлық сабаққа негізгі оқулық бойынша дәріс конспектісін дайындау;

  • белгілі тақырып бойынша реферат дайындау;

  • реферат, эссе, баяндамаларды өзара рецензиялау;

  • курс терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар құру;

  • аса жоғары есептерді шығару;

  • статистика мәліметтерін талдау;

  • кәсіпоын іс - әрекетін модельдеу;

  • топтық жобаға қатысу;

  • таңдалған тақырып бойынша презентация жасау;

  • глоссарий жасау;

  • тақырып бойынша шолу жасау.

Жоғарыдағылардың кейбіреулерінің мазмұны мынаған байланысты:

Тақырып бойынша шолу жасау – бұл дегеніміз басылым мен Интернеттің ақпарат ресурстарын тартумен ұсынылатын тақырып бойынша жазбаша 1-2 бет қысқаша шолу жазу дегенді білдіреді.

Глоссарий – қазақ және орыс тілдерінде, мүмкін болса шет тілдеріне аудару арқылы терминдер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі; ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарийді құру макроэкономиканың түсініктілік аппараты білімінің қалыптасуына және оны пайдалану дағдыларының өңделуіне ықпал етеді.

Реферат, СӨЖ-дің неғұрлым кеңейтілген формасы бола отырып, әдебиетке міндетті түрде шолу жасау арқылы белгілі тақырыпқа баяндама жасауды немесе ғылыми жұмыс, кітап мазмұнын баяндауды білдіреді. Рефератты оппонирлеу неғұрлым қызықты да ғылыми жұмыс болып табылады. Осының нәтижесінде жұмысқа талдау жасау, пікір – талас жүргізу дағдысына ие болады.

Коллоквиум білімді, әңгімелесу формасында нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар, тәртіп бойынша, ерекше құрылымға ие, сондықтан жауаптар жиналған материалды талдау негізінде ғана берілуі керек.

Эссе – бұл сын мен публицистиканың түрлі жанрларында өзекті әлеуметтік – экономикалық мәселелерге деген өз ойларын білдіру, баяндау.

Дәріс конспектілеріне талдау жасау, өткен материалды қайталау бағдарламалық материалды игеруге, теориялық білімдерді нығайтуға мүмкіндік береді.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Оларды орындаудың мақсаты тәжірибелік сұрақтарды шешуде теориялық білімдерді пайдалану дағдысы мен ептілігіне ие болу болып табылады.

Мақсаттар бұтағын құру – ол үшін тыңдаушыларға тақырыпты таңдап, деңгейлер бойынша мақсаттарды белгілеу, барлық деңгейлердегі тапсырмалар мен жоспарларды анықтау, осы мақсаттарға қол жеткізуде кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құрылымдарын анықтау, жұмыс сапасының өлшеуіштері мен тапсырманы бақылау формаларын таңдау ұсынылады.

Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез – келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез – келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың неғұрлым ашылғаны және сырт көздерден қаншалықтықызығушылық тудырғаны, сондай – ақ тыңдаушының қарастырылып отырған мәселені қаншалықты кәсіби деңгейде қарастыруы тұрғысынан бағаланады.

Оқытушылық нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға сұрақтарға жауап беру немесе мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіру бойынша көптеген қарапайым да күрделі жағдайлар ұсынылады; неғұрлым дайындалған тыңдаушыларға өз кейсін жазуға болады.

Іскерлік ойындар тыңдаушыда болашақ кәсіби іс - әрекеті үшін қажетті дағдыны өңдеуге көмектеседі; кейбір ойындар бойынша үйде дайындалып немесе кітапхана мен өндірісте аяқтау қажет.

Топтық жоба (мысалы, кейстік жағдайды құру немесе шешу бойынша)– топта 3-5 адамнан артық болмауы керек, әрбір топ өз жобасын өңдеуі керек.



Жеке жоба – неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек; жоба нәтижелері ғылыми конференцияда ұсынылуы мүмкін.

СӨЖ (СӨЖО) тиімді ұйымдастыруға қатысты тыңдаушыға ұсыныстар



Өткен материалды қайталау. Өткен дәріс материалын қайталау өзіндік жұмыстың неғұрлым маңызды түрі болып табылады. Материал неғұрлым терең де толығырақ өңделсе, соғұрлым өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындауда оңайырақ болады. Бірінші сабақтан бастап, өткен дәріс материалымен жүйелі де үнемі жұмыс жасау кейінгі дәріс материалын түсіну мен тәжірибелік және лабораториялық сабақтар материалдарын игеру үшін қажетті жағдай болып табылады.

Материалды өңдеуге кірісе отырып, мыналарды жүзеге асыру керек:



  • жұмыс орнын анықтау;

  • егер үйде жұмыс жасау үшін қажетті жағдайлар болмаса, университет пен қалалық кітапхана қызметтеріне жүгіну;

  • дәріс конспектісіне ие болу;

  • курс бағдарламасына ие болу;

  • ұсынылатын әдебиетке ие болу (оқулық, есеп кітапшалары), қажет болған жағдайда материалдар мен құрал – жабдықтарға ие болу.

Жұмыс әдісі:

  • дәріс материалын дереу қайталау (кейінге қалдыруға болмайды, себебі дәріс мазмұнын ұмытып кетуге болады);

  • конспектімен жұмыс жасай отырып, әдебиетке сілтеме жасап (бұл емтиханға дайындалу барысында қажет), қажетті толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

  • тақырыппен жұмыс жасау материалды толық түсіну мен сете сақтауға дейін жалғасуы керек,

  • тақырыппен жұмыс жасау оқулықтар мен пособияларда келтірілген есептер мен мысалдарды талдаумен аяқталады;

  • егер тақырыппен жұмыс жасаудан кейін түсініксіз сұрақтар қалса, онда оларды оқытушыға кезекті дәріс барысында қою керек.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Тапсырманы орындау әдістемесі:

  • аталмыш тапсырмаларды орындауды аталмыш тақырып бойынша дәріс материалын қайталаудан кейін ғана бастауға болады;

  • есептерді шығаруға кірісе отырып, оның шартын мұқият оқу;

  • шығару жоспарын ойластыру;

  • есепті шығару барысында қолданылатын формулаларды анықтау;

  • формулаға кіретін шамалардың мағынасына тағы бір рет үңілу;

  • шығаруды алдымен жалпы түрде жүзеге асырып, содан кейін әріптік шамалардың сандық мәндерін қою керек;

  • аралық және соңғы шешім нәтижелерінің өлшем бірліктерін көрсету;

  • дұрыс шешімге талдау жасау.

Коллоквиумдарға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курс тарауының теориялық бөлімін меңгеру дәрежесін бағалау үшін колоквиум өткізіледі.

Осыдан шығатыны:



Бақылау жұмыстарына дайындық. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты:

  • бакалаавриаттың ағымдық үлгерімін тексеру;

  • топ бакалавриаттарының дайындығын анықтау;

  • үлгерімділігі нашар тыңдаушылармен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;

Тыңдаушылар бақылау жұмысына дайындала отырып, мыналарды жүзеге асыруы қажет:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білу;

  • теориялық материалды, аталмыш тақырыптағы негізгі формулалар мен есепті шығару әдістерін ойға түсіру;

  • оқулықта талданған есептер мен мысалдарды, және тәжірибелік сабақтарда қарастырылған есептерді қайта қарастыру,

Егер студент бірінші дәрістен бастап, өткен материалмен жүйелі түрде жұмыс жасаса, онда бақылау жұмысына дайындалу еш қиындық тудырмайды және ол көп уақытты алмайды.

Жобаны орындау. Жобалар мен жұмыстарды орындау барысында кафедраларда тапсырмалармен бірге берілетін әдістемелік нұсқамаларды басшылыққа алу керек.

Тапсырманы орындау тәртібі:



  • тапсырманы орындауға өзіндік жұмыс графигімен бекітілген мерзімнен кеш кіріспеу керек;

  • егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, онда курстың сәйкес тақырыбына оралып, толықтырып, тапсырманы орындауға қайта кірісу керек;

  • осыдан кейін де қиындықтар болса, онда оқытушыға қосымша сабақтарға келу керек;

  • алынған шешімге талдау жасау,

  • тапсырманы қорғауға дайындала отырып, теорияның сәйкес ережелерін тексеріп, кейбір мәліметтердің өзгеруі жағдайындағы шешімді ойластыру;

  • тапсырманы орындау барысында қолданылған әдісті түсінгенге көз жеткізу;

  • тапсырма графикпен бекітілген мерзімнен кеш қорғалмауы керек, өйткені ол академиялық берешек болып саналады.

Өзіндік жұмысқа берілетін уақыт айтарлықтай шектелген болғандықтан, өзіндік жұмысты тиімді жоспарлауға үйреніп, өзіндік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылып, тәжірибе алып, тиімді түрде жұмыс істеп және жұмысқабілеттілігін сақтау үшін саналы түрде демалу керек. Сондықтан әрбір оқытушы мен кафедраның тыңдаушылардың өзіндік жұмыс әдістемесіне үйрету жауапкершілігі артуда.

Қысқаша сипаттамасы: Микроэкономика курсы болашақ экономистерді дайындаудағы базалық пәндердің бірі болып табылады және де оны меңгеру барлық мамандықтар бойынша оқып жүрген студенттер үшін міндетті болып табылады. Микроэкономика курсында қазіргі нарықтық экономиканың ғылыми негізділік таныстырулар мен модельдер берілген. Микроэкономика жеке дербес экономикалық субъектердің ұтымды мінез-құлқы туралы мәселелерді зерттейді. Микроэкономика нарық пен баға жүйесінің көмегімен реттелінетін жеке дербес кәсіпкерлердің іс-әрекеттері мен қабылдайтын шешімдерін зерделейді. Микроэкономиканың әдіснамалық және әдістемелік аппараты әлеуметтік үрдістерді, басқару аспектілерді, мемлекеттік сасясатының нұсқауларын талдау және түсіндіру үшін қолданылады. Оқу материалын, графиктерді, ережелер мен формулаларды және графиктер үшін бастапқы деректерді персоналды компьютерлерге кіргізуге болады. Компьютердің көмегімен жұмыс материалдарды белсенді игеруге және бекітуге, сонымен қатар өз бетінше оны тексеруге мүмкіндік береді.

Микроэкономика экономикалық субъектілердің рационалды мінез-құлықтарының мәселелерін қарастыра отырып, сонымен бірге болашақ экономистерге микроэкономикалық білімнің теориялық жағын ғана емес, сондай-ақ өмірдің тәжірибелік ережелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Микроэкономикалық теориядан алған білім студенттерге тек арнайы пәндерді меңгеруге ғана емес, сонымен қатар олардың болашақта шешім қабылдап, карьера жасауға көмектеседі. Микроэкономикалық теорияны оқу экономикалық ойлаудың және соған сәйкес мінез-құлқының болуына өз септігін тигізеді.

Қазіргі нарық экономикасының функционалдық механизмін, экономикалық субъектілердің шешім қабылдауының себептерін және жеке таңдаудың мәнін, микроэкономикалық өзгерістердің арасындағы байланыстарды оқу - Микроэкономика пәннің негізгі мақсаты болып табылады.

Оқыту үрдісінің барысында келесі міндеттер қойылады:



  • студенттерде микроэкономика теориясының пәні бойынша фундаменталды білімін қалыптастыру;

  • студенттерде микроэкономикалық модельдерінің анализдік әдістемелік принциптерін түсіне алуларын дамыту;

  • студенттерде теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана алу мүмкіндіктерін қалыптастыру;

Микроэкономика пәнін оқу курсын аяқтаған студент кез-келген микроэкономикалық моделінің аузша, математикалық және графикалық түрде талдай білулері қажет.

Студент микроэкономикалық өзгермелердің арасындағы себеп-салды байланыстарын және тәуелділігін нақты дәлелдей алуы шарт. Студент микроэкономиканың әдіснамалық және әдістемелік аппаратқа ие болуы қажет және оларды микроэкономикалық жағдайларда қолдана алуы және өз ісінде дұрыс шешімге келуі қажет.


1.1. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу. Микроэкономика курсын оқыту барысында студенттер сабақтың барлық түрлерінен берілетін тапсырмаларды міндетті түрде, уақытында орындаулары керек. Дәріске келіп қана қоймай, оның барысында белсенді түрде оқытушымен бірге жұмыс істеу, лекцияда қарастырылатын экономикалық проблемаларды көре білу және олардың мәнін түсінуге тырысу әрбір студенттің міндеті.

Студенттер семинар барысында үйге берген тапсырмаларды толық орындап қана қоймай, семинар сұрақтарын талдау барысында өз беттерімен ойлау, өз ойын басқаларға дәлелді түрде жеткізе білу, басқаның ойын түсіну және оған сын көзбен қарау арқылы қарсы дәлел келтіру сияқты қабілеттерін барынша толық көрсетуге тырысуы керек.

Микроэкономика курсын оқып үйрену, студенттердің жоғары математикадан білімдерінің болуын және оны қарапайым түрде болсада қолдануды талап етеді. Микроэкономикалық өзгермелердің арасындағы функциялық байланыстарды дәлелдеу, графикалық және математикалық модельдерді құрастыра білу үшін ОСӨЖ тапсырмаларын толық орындаған жөн. Әдебиеттердің тізімінде көрсетілген оқулықтардағы есептерді, жаттығуларды және тесті тапсырмаларды қосымша орындау арқылы білімдеріңді толықтырып және кеңейте аласыздар.

Студенттер алған білімдерін баянды ету үшін аралық бақылау жұмыстарын тапсыруға міндетті.



Микроэкономика курсын меңгеру соңғы бақылаумен аяқталады. Ол тесті тапсырмаларды орындау арқылы емтихан түрінде жүргізіледі.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

Тақырып атауы
СӨЖО өткізу формалары

Тақырып 1Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы


Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу.

Тақырып 2Сұраныс пен ұсынысты талдаудың негіздері.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, мақсаттар бұтағын құру.

Тақырып 3Сұраныс және ұсыныс икемділігінің теориясы.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 4 Тұтынушы талғамы теориясы.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау. *

Тақырып 5 Өндіріс теориясы.


Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 6 Өндіріс шығындары

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, жеке шолу жасап, статистикаға талдау жасап, оны рецензиялау және оппонирлеу.*


Тақырып 7 Жетілген бәсекелестік нарықтағы ұсыныс.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 8 Монополия.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 9 Монополиялық бәсекелестік.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 10 Олигополия.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 11 Өндіріс факторларының нарығы.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

* - СӨЖ (СӨЖО) қосымша немесе баламалы формадағы тақырыптар бойынша тыңдаушылардың инициативалық ұсыныстарын пайдалану мүмкіндігі қарастырылған
Тақырып 1 Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Тест сұрақтарына жауап беру

  4. Тақырыпқа қатысты есептерді шығару

  5. Тақырыптың 1 сабағының сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады. 2 сабақтың сұрақтары презентация формасында талқыланады.

  6. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.


Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:

1. Микроэкономиканың зерделеу пәні не болып табылады?.

2. Микроэкономиканың негізгі кағидаларының мәнін түсіндірініз: қажеттілік тер шексіздігі мен ресурстар (қорлар шектеулігі, ресурстарды қолданудың балама нұсқамалары, экономикалық агенттердің оңтайлы тәртібі.

3.Микроэкономикада қандай әдістер қолданады? Олардың ерекшелігі неде?



СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Тест сұрақтарына жауап беру

  4. Тақырыпқа қатысты есептерді шығару

  5. Тақырыптың 1 сабағының сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады. 2 сабақтың сұрақтары презентация формасында талқыланады.

  6. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.


Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:
1. Микроэкономиканың зерделеу пәні не болып табылады?

2. Микроэкономиканың негізгі қағидаларының мәнін түсіндіріңіз: қажеттіліктер шексіздігі мен ресурстар (қорлар шектеулігі, ресурстарды (қорларды) қолданудың балама нұсқамалары (түрлері), экономикалық агенттердің оңтайлы тәртібі (мінез-құлқы)).

3. Микроэкономикада қандай әдістер қолданады? Олардың ерекшелігі неде?

4. Шекті талдау, функционалды талдау, графикалық сызу, математикалық модельдеу әдістерінің мәнін түсіндіріңіз.


Тест сұрақтары:

1. Жаңа стадион құрылысының балама шығындары – ол:

а) стадионды пайдалану нәтижесінде алынған кіріс (табыс).

б) оның күзеті мен басқа персоналына (қызметкерлер құрамына) жалақы төлеу

в) осы стадионның құрылысы үшін өндірісі тоқтатылған тауарлар мен қызметтердің бағасы

г) стадион кірістерінен (табыстарынан) төленетін салықтың нақты (шынайы) мөлшерінің өзгеруі

д) стадион құрылысының келесі жылғы бағасы

2. Туристік жорықтың балама шығындарына кіреді:

а) жиналу пунктіден (орнынан) үйге дейін жету үшін кететін шығын (жол шығыны)

б) туристік жорық кезінде кететін шығындар

в) осы уақыт ішінде алуы мүмкін болатын кіріс (табыс)

г) үйден жиналу пунктіне (орынға) дейінгі жол шығыны

д) туристік жорығы дайындығына кететін шығындар

3. Экономика теориясында «шекті» терминнің мағынасы:

а) экономикалық шаманың сәл өзгеруі

б) экономикалық шаманың шекті өзгеруі

в) экономикалық шаманың қосымша өзгеруі

г) экономикалық шаманың едәуір (айтарлықтай) өзгеруі

д) экономикалық шама өзгермейді

4. Экономикалық-математикалық модельдеу үйғарады:

а) шекті шамалар динамикасын зерделеу

б) математикалық функциялар арқылы экономикалық шамалар тәуелдігін зерттеу

в) экономикалық функцияларды графикалық бейнелеу

г) экономикалық құбылыстарды және үрдістерді төменнен жоғарыға дейінгі қозғалыста зерттеу

д) нақты, нағыз, шын объектінің қасиеттеріне ие жасанды объектіні модельдеу және талдау.


Есептер мен жаттығулар:

  1. Шағын аралда бес адам тұрады деп жорамалдайық. Олар банан және жұмыртқа жинаумен айналысады. Күніне олардың әрқайсысы 20 банан немесе 10 жұмыртқа жинайды. Аралда ешқандай мемлекеттік институттар жоқ және өспелі балама шығындар заңы қызмет істемейді.

  1. Осы арал экономикасының өндірістік мүмкіншіліктерінің қисығын сызыңдар.

  2. Аралдықтар күніне 50 банан және 30 жұмыртқа жинай ала ма?

  3. Енді осы аралға техника әкелінді дейік, соның нәтижесінде бес адамның әрқайсысы 28 банан жинай алатын болды. Өндіріс мүмкіншіліктерінің қисығы қалай өзгеретінін графикте көрсетіңдер.

2. «Жерден айға ұшу» аттракционына кіру ақысы 1 доллар. Таза түсім әкеледі. Жылына 300 жұмыс күні бар деп есептегенде, аттракционға күніне орта есеппен 500 адам келеді. Депозит бойынша пайыз мөлшерлемесі-жылына 5%. Осы аттракционды сіз қаншаға сатып алар едіңіз?
Тақырып 2 Сұраныс пен ұсынысты талдаудың негіздері

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Тест сұрақтарына жауап беру

  4. Тақырыпқа қатысты есептерді шығару

  5. Тақырыптың 1 сабағының сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады. 2 сабақтың сұрақтары презентация формасында талқыланады.

  6. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.


Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:

  1. Нарықтық бәсеке деген не? Нарық түрлерін қысқаша жазыңдар, оның жетілген бәсекелік нарықтан айырмашылығы?

  2. Сатып алушыға керекті тауардың санын не анықтайды?

  3. Сұраныс қисығы деген не және сұраныс кестесі, олар қалай бір-бірімен байланысқан? Неге сұраныс көлбеуі төмендейді?

  4. Тұтынушылар талғамы өзгеруі сұраныс қисығы бойынша қозғалатын және сұраныс қисығының жақындауына әкеледі ме?

  5. Сатушылар ұсынатын тауар санын не анықтайды?

  6. Ұсыныс кестесі мен ұсыныс қисығы деген не және олар қалай байланысқан? Неге ұсыныс қисығы күн шығысқа қарай сипатталады?

  7. Өндірістік технологиясындағы өзгерістер ұсыныс қисығы бойынша қозғалысқа ұсыныс қисығының жылжуына әкеледі ме?

  8. Тепе-теңдік жағдайында болатын нарыққа анықтама беріңдер. Нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін күшті сипаттандар.

  9. Нарық тепе-теңдіксіз жағдайда бола ала ма?


СӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Үй жүмысы: тақырыппен танысу.

  2. Тақырыпқа байланысты ребустар құру.

  3. Есепті шешіңдер:

1-есеп.

Кестеде нарықтағы әр түрлі жағдайда концентірленген асбұршақтың көлемі туралы деректер берілген:



Баға (теңге)

Сұраныстың көлемі (жылына млн. банка)

Ұсыныстың көлемі (жылына млн. банка)

8

70

10

16

60

30

24

50

50

32

40

70

40

30

90

а) осы кесте бойынша сұраныс пен ұсыныс қисықтарын тұрғыз;

ә) осы нарықтағы асбұршақтың тепе-теңдік бағасын тап.

2-есеп.


Сүтке деген сұраныс функциясы төменде берілгендей:

Qd =50-5P,

Мұнда, Qd –сұраныс көлемі

Егер сүтті ұсыну көлемі тұрақты болса және оның көлемі 30 мың тоннаға тең болса, онда сүттің тепе-теңдік бағасы қандай болады?



Тест сұрақтары:

    1. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы сұраныс анықтамасын береді:

а) кез кедген тұтынушының белгілі бір тауар алу үшін төлей алатын бағасы;

ә) тұтынушылардың белгілі бір уақыт аралығында барілген бағамен сатып алғысы келетін заттарының мөлшері;

б) берілген нарықтағы заттардың көлемі;

в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.

2. Сұраныс функциясы дегеніміз не?

а) заттың бағасы мен оның көлеміның арасындағы қатынас;

ә) заттың бағысы мен табыстың арасындағы өзара байланыс;

б) заттың көлемі мен өндірістік факторлардың арасындағы қатынас;

в) барлық жауаптар дұрыс емес.

3. Жалпы жағдайдағы сұраныс функциясы дегеніміз не?

а) сұраныс көлемі мен оған әсер ететін факторлардың арасындағы қатынас;

ә) сұраныс көлемі мен шығындардың арасындағы байланыс;

б) сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің арасындағы өзара байланыс;

в) жоғарыда айтылғандардың бәрі де дұрыс емес.

4. Ұсыныс дегеніміз не:

а) сатушылардың белгілі бір уақыт арлығында сатуға қабілеті жететін заттарының көлемі;

ә) тұтынушылардың белгілі бір уақыт аралығында берілген бағамен сатып алғысы келетін заттарының көлемі;

б) нарықтағы теңдестік бағаға сәйкес келетін ұсыныс көлемі;

в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.

5. Ұсыныс функциясы төмендегі көрсеткіштердің арасындағы тәуелділікті көрсетеді дейміз:

а) сатылатын заттың бағасы мен шығындардың;

ә) заттың сатылатын көлемі мен оның бағасының;

б) технология түрі мен шығындардың;

в) барлық жауаптар дұрыс.


Әдістемелік нұсқаулар:

Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиеттерден бастау керек. Дайындық барысында экономикалық теория курсы бойынша алған білімдерін қолдану керек. Бірінші сұрақты дайындау барысында сұраным (ұсыным) өзгерісі мен сұраным (ұсыным) көлемінің өзгерісі арасындағы айырмашылыққа көңіл бөлу керек және оларды графикалық түрде көрсете білу керек. Сұраныс (ұсыныс) функциясын түсіну өте маңызды роль атқарады. Ол сұраныс (ұсыныс) көлемі мен оған әсер ететін факторлардың арасындағы функциональды байланыстарды сипаттайды. Бұл сұрақта әрбір мүмкін баға деңгейіндегі барлық тұтынушылар (өндірушілердің) жеке сұраныстарын (ұсыныстарын) қосу арқылы нарықтық сұранымды (ұсынымды) алу жолын қарастыру керек. Міндетті түрде графикті пайдалануыңыз шарт.



Екінші сұрақты дайындау барысында тек нарықтың тепе-теңдігін ғана біліп алмай, сонымен қатар нарықтық бағаны, сұраныс және ұсынысты өзгерте отырып, графиктің көмегімен әртүрлі жағдайларды құрастырыңдар. Бұл өзгерістерге нарық қалайша жауап беретінін көрсетіңіз. Келесі материалдарды қолданып Курс экономической теории: Общие основы экономической теории. Микроэкономика. Макроэкономика. Основы национальной экономики.: Учебное пособие / Под ред. д.э.н., проф. А.В.Сидоровича; МГУ им. М.В.Ломоносова- М.; Изд. «Дело и Сервис», 2001, стр.75-83, Микроэкономика / Под ред. Е.Б. Яковлевой – АКАЛИС, 1997, стр.43-57 сұраныс және ұсыныс анализінің көмегімен нарықтың мемлекеттік реттеу нәтижесін көрсетіңіз.
Тақырып 3 Сұраныс және ұсыныс икемділігінің теориясы.
СӨЖ тапсырмалары:

1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3.Тест сұрақтарына жауап беру

4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару

5.Тақырыптың 1 сабағының сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады. 2 сабақтың сұрақтары презентация формасында талқыланады.

6.Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:


  1. Тұтынушылар талғамының өзгеруі сұраныс қисығы бойынан қозғалысқа немесе сұраныс қисығының жылжуына әкеледі ме? Бағаның өзгеруі сұраныс қисығының бойынан қозғалысқа немесе сұраныс қисығының жылжуына әкеледі ме?

  2. Баға бойынша сұраныс икемділігіне және табыс бойынша сұраныс икемділігіне анықтама беріңдер.

  3. Баға бойынша сұраныс икемділігінің анықтайтын факторлар атаңдар.

  4. Икемділігі табыс бойынша 0-ден төмен болатын тауарды қалай атаймыз.

  5. Ұсыныстың бағалық икемділігінің формуласын жазыңдар. Оны қалай қолданатынын түсіңдіріндер.

  6. Баға, табыс бойынша жоғары икемділікті тауарларға, жоғары және төмен қиылысу икемділігі бар тауар жұптарына мысал келтіріңдер.


СӨЖ үшін тапсырмалар:

    1. Үй тапсырмасы. Материалды теориялық меңгеру және әрбір студент үшін міндетті түрде глосарий құру.

    2. Экономикалық жарыс өткізу (СӨЖО қосымшасын қараңдар).

    3. Семинар сабағының №2,3 сұрақтары дәстүрлі формада қарастырылатын болады.

    4. Әрбір студент үшін міндетті түрде глосарий құру.


Тест сұрақтары:

1. Икемді ұсыныс икемділігі кезінде жанама салықтың ауыртыпалығы:



  1. Сатып алушыға түседі;

  2. Тауар өндірушіге түседі;

  3. Өндіруші мен сатып алушы арасында бірдей бөлінеді;

  4. Банкіге түседі;

  5. Банк және тауар өндіруші арасында бірдей бөлінеді.

2. Үтікке деген баға бойынша сұраныс икемділігі нолдік болса, онда ол нені білдіреді:

  1. Бар баға бойынша үтіктердің бірнеше санын сатуға болады;

  2. Үтіктердің берілген саны ең жоғарғы баға бойынша сатылуы мүмкін;

  3. Сатып алушылар әр түрлі баға бойынша берілген игіліктің әр түрлі көлемін сатып алуға дайын;

  4. Сатып алушылар үтіктер бағасы мен сату көлеміндегі өзгерістерге келіспейді;

  5. Сатып алушылар берілген игіліктің нақты көлемін бекітілген баға бойынша сатып алуға дайын.

3. Табыс эффекті орнын толтыру эффектісімен қандай жағдайда сай келеді:

  1. Егер тауар бағасының төмендеуі оған деген сұраныстың төмендеуін тудырса;

  2. Егер бағаны жоғарылату нәтижесіндегі үнемделген табыс берілген тауарды алуға шығындалмайды;

  3. Егер бағаны жоғарылату нәтижесіндегі үнемделген табыстың бір бөлігі берілген тауарды алуға шығындалмайды;

  4. Егер бағаны жоғарлату нәтижесіндегі барлық үнемделген табыс берілген тауарды алуға шығындалмайды;

  5. Егер тауар бағасының жоғарылауы оған деген сұраныстың жоғарылауын тудырса.

4. Гиффен тауары – бұл:

  1. Тұтынудың ақшалай табысы өскенде сұранысы төмендейтін тауар;

  2. Осы тауар бағасы өскен кезде сұраныс көлемі өсетін тауар;

  3. Тұтынудың нақты табысы және тауардың сатыстырмалы бағасының өзгермеген кездегі сұранысы өсетін тауар;

  4. Тауардың өзгерген кезде сұранысы өзгермейтін тауар;

  5. Тауар бағасының өсуі кезінде сұраныс көлемі төмендейтін тауар.

5. Сұраныстың өзгеруі және сұраныс көлемінің өзгеруі қалай ерекшеленеді:

  1. Сұраныстың өзгеруі сұраныс көлемінің өзгеру сомасынан тұрады;

  2. Сұраныстың өзгеруі берілген тауардың бағасынан басқа сұранысты анықтайтын факторлардың өзгеру кезінде болады;

  3. Сұраныс көлемінің өзгеруі бағасыз факторлардың өзгеру нәтижесінде болады;

  4. Сұраныс көлемінің өзгеруі – бұл сұраныс қисығының жылжуы.

  5. Ұсыныс шамасы өзгермейді.

6. Сұраныстың Qd=50-2P және ұсыныстың Qs=20+P функциялары берілген, мұнда P-тауар бағасы. Егер баға өссе, басқа шарттар өзгеріссіз қалса, онда ұсыныс заңы неден көрінеді:

  1. Ұсыныстың қысқаруынан;

  2. Ұсыныс шамасының өсуінен;

  3. Ұсыныстың көбеюінен;

  4. Ұсыныс шамасының төмендеуінен;

7. Тауар және қызметтерді сұраныстың иекемділік және икемсіз топтарына бөлу критериясы болып не табылады:

  1. Бірлік икемділік;

  2. Иінді икемділік;

  3. Қилысқан икемділік;

  4. Табыс бойынша икемділік;

  5. Сұраныс қисығының икемділігі.

8. Нарықтық сұраныс Qd=2P түріне ие, Р-нарықтық баға. Ұсыныс функциясы Qs=2P. Тепе-тең нарық бағасы неге тең екенің анықтандар:

  1. 4;

  2. 2;

  3. 3;

  4. 1;

  5. 1,5.

9. Баға бойынша сұраныс икемділігі немен сипатталады:



  1. Сұраныс өзгерісіне баға өзгерісінің қатынасымен;

  2. Сұраныс өзгерісіне ұсыныс өзгерісінің қатынасымен;

  3. Сұраныс шамасының проценттік өзгерісінің тауар бағасының проценттік өзгеріснің қатынасымен;

  4. Тауар ұсынысының проценттік өзгерісінің сұраныс шамасының проценттік өзгерісімен;

  5. Тепе-тең баға өзгерісінің ұсыныс өзгерісіне қатынасымен.


Әдістемелік нұсқаулар:

сұрақтың материалдарын дайындау белгілі бір күш пен көңілді талап етеді. Біріншіден, сұраныс және ұсыныс икемділігінің концепциясының мәнін еске түсіріп алу қажет; бағаға сұраныс икемділігін, табысқа және қиылыспалы сұраныс икемділігін анықтаңыз. Екіншіден, сұраныс (ұсыныс) икемділік коэффицентінің математикалық жолмен анықтауға басты назар аударыңыз. Сонымен қатар икемділіктің нүктелік және дөңес мәнін, икемділіктің өзгеріс шектеулерін; икемді, икемсіз сұраныс және бірлік сұраныс икемділігін анықтаңдар. Үшіншіден, сұраныс (ұсыныс) икемділігін айқындайтын барлық факторларды сипаттаңдар. Төртіншіден, икемділік концепциясын қайда, қалай және не үшін қолдануға болатынын көрсетіңдер.
Тақырып 4 Тұтынушы талғамы теориясы

СӨЖ тапсырмалары:

1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3.Тест сұрақтарына жауап беру

4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару
Өзін -өзі бақылау үшін сұрақтар:


  1. «Табыс-тұтыну» қисығы нені білдіреді?

  2. «Баға-тұтыну» қисығы нені білдіреді?

  3. «Баға-тұтыну» сызығы бойынша игіліктердің ауыстырылу дәрежесін қалай анықтауға болады?

  4. Слуцкой және Хикс теорияларындағы табыс әсері және ауыстыру тиімлігі.

  5. Жеке сұраныс деген не?

  6. Халықтың әл-ауқаты неден тәуелді болады?

СӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Үй тапсырмасы. Кейінгі тақырыппен танысу.

  2. Аталмыш тақырып бойынша глосарий жазу.

  3. Семинарлық сабақтың 1,3,4, сұрақтары дәстүрлі формада өтетін болады.

  4. Семинарлық сабақтың 2 сұрағы презентация формасында өтеді.

  5. Келесі болжамдар ақиқат па:

А) Табыс әсері салыстырмалы бағалар тұрақты болып қалған жағдайда бағаның өзгеруіне қатысты тауарларды тұтынудағы өзгерістерді білдіреді.

Б) Ауыстыру тиімділігі және табыс әсерінің соммасы дегеніміз бағалар қозғалысынан болған тауарларды тұтынудағы өзгерістер болып табылады.

В) Гиффен парадоксы туындау үшін тұтыну бюджетіндегі сапасыз игіліктерге шығындар үлесі көп болуы керек.

С) Егер селқостық қисығы теріс ойыс болса, ауыстыру тиімділігі үнемі оң болады.

Д) «Баға-тұтыну» және жеке сұраныс қисығы сәйкес келеді.

6. Есепті шығарындар:

Тұлға 8 бірлік А тауарын және 4 бірлік В тауарын сатып алды. А тауарының бағасы 2 ақша бірлігі, ал ауыстырудың шекті нормасы 0,5 тең болғандағы оның табысын анықтандар.

Тест сұрақтары:

1. Бірінше қажетті тауарлар үшін Энгельс қисығы нені білдіреді:









С А

В




  1. А қисығын;

  2. В қисығын;

  3. С қисығын;

  4. Тік осьті;

  5. Көлденең осьті.

2.Орнын басу эффектісі әрқашан қандай болуы керек:

  1. Жағымды;

  2. Жағымсыз;

  3. Әр түрлі;

  4. Шығын эффектісінен көп;

  5. Шығын эффектісіне аз.

3. Табыс эффектісі:

  1. Әрқашанда жағымсыз болу керек;

  2. Әрқашанда жағымды болу керек;

  3. Жағымды және жағымсыз да болуы мүмкін;

  4. Орнынбасу эффектісінен аз болу керек;

  5. Әрқашан нолге тең.

4.Қалыпты тауарлар қай уақытта тұтынылады:

  1. Нақты шығындар көбейгенде;

  2. Нақты шығындар төмендегенде;

  3. Баға өскенде;

  4. Тұтынушылар талғамы өзгергенде;

  5. Бағалар өзгермегенде.

5.Пайдалылықтың кардиналиялық теориясының ординалиялықтан өзгешілігі неде:

  1. Моделдерді қолданбайды;

  2. Субьективті артықшылықтарды қарастырмайды;

  3. Пайдалылықтың сандық өлшемін мүмкін деп есептейді;

  4. Субьективті артықшылықтарды қарастырады;

  5. Айырбас сферасын абсолюттайды.

6. Шекті пайдалылықтың кему принципі:

  1. Қандайда бір игілікті пайдаланудан алатын пайдалылықтың максималды шамасы;

  2. Тұтынушыны қанағаттандыру үшін ұтыстар мен ұтылыстарсыз бір игілік басқамен алмасуы мүмкін норма;

  3. Тұтыну шамасының өсімінен алынған қосымша пайдалылық шамасы;

  4. Ресурстарды қолданудың ұлғаю шамасы бойынша өндірілген өнімнің кемуіне қатысты принцип;

  5. Кей игіліктің қолданылуының көп болғуына қатысты пайдалылықтың қосымша өсуінің аз болу принципі.

7.Талғаусыз қисық қандай қасиеттерге ие емес:

  1. Басқа қисықтан жоғары және оң жақта жатқан талғаусыз қисық тұтыну үшін аса артықшылықты тауар жиынтығын білдіреді;

  2. Талғаусыз қисық жағымсыз иінге ие;

  3. Талғаусыз қисықтар ешқашан қилыспайды;

  4. Талғаусыз қисықтар координат басына қарай дөңес;

  5. Талғаусыз қисық жағымсыз иінге ие емес.

8.Бірдей пайдалылыққа ие игілік жиыны:

  1. Бір талғаусыз қисыққа қатысты;

  2. Энгелдің бір қисығында жатады;

  3. Ұсыныстың бір қисығында жатады;

  4. Бюджеттік шектеу сызығында болуы тиіс;

  5. Талғаусыз қисық пен бюджеттік сызық арасында болуы тиіс.

9.Тұрақты табысы бар тұтынушы тепе-тең жағдайға қай кезенде жетеді:

  1. Екі тауардың орнын басудың шекті нормасы оларға деген сұраныс шамасының қатынасына тең болғанда;

  2. Сұраныс шамасы қатынасы осы тауарлар бағасының қатынасына тең болғанда;

  3. Табыс эффектісі субститут эффектісінен асқанда;

  4. Орнын басудың шекті нормасы осы тауарлар бағасының кері қатынасына тең болғанда;

  5. Субсидия эффектісі табыс эффектісінен асқанда.

Берілген тақырып бойынша қаржы мамандығына лабораториялық жұмысты орындау және тапсыру қажеттілігі қарастырылған (№1).


Тақырып 5 Өндіріс теориясы

СӨЖ тапсырмалары:

1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3.Тест сұрақтарына жауап беру

4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару
Өзін -өзі бақылау үшін сұрақтар:


  1. Ресурстты көбейтудегі шектеу критериіне не жатады?

  2. Өндіріс факторлар нарығындағы тепе-теңдікті қандай жағдайлар қамтамасыз етеді?

  3. Неге еңбек ұсыныс қисығы азаюшы учаскіге ие болады?

  4. Қаржылық капитал ұсынысын қандай факторлар анықтайды?

  5. Адам капитал түсінігіне анықтама беріңдер.

  6. Уақытаралық бюджеттік шектеу мен уақытаралық қалау мәнің түсіндіріңдер.

  7. Уақыттық қалаудың шекті нормасы деген не?

  8. Егер ссудалық пайыздың нарықтық ставкасы 6 % болғанда көптеген тұлғалар үшін уақыттық қалаудың шекті нормасы қандай болады?

СӨЖ үшін тапсырмалар:

Есеп.


Ағымдық табыс 100 теңгеге тең. Болашақ табыс 200 теңгеге тең. Тиімділік функциясы И=С1С2. Болашақ және ағымдық жинақтау ұсынысның функциясын анықтандар.

Тест сұрақтары:

1. Нақты еңбек ақы-бұл:

А) әр бір жұмысының алатын ақшасы;

В) есептелген еңбек ақы соммасы;

С) инфляция шамасына реттелген номиналды еңбек ақы;

Д) негізгі және қосымша еңбегі бойынша еңбек ақы;

Е) еңбек ақыдан ұсталған ақша соммасы.

2. Номиналды еңбек ақы бұл:

А) жалдамалы жұмысшылардың ақша соммасы;

В) тауарлар мен қызметтер түрінде көрінетін еңбек ақы;

С) сатып алу қабілеттілігін анықтайды;

Д) қосымша еңбек ақы;

Е) ұсталған еңбек ақы сомасы.

3. Еңбек ақы ставкасының жоғарлауы үй шаруашылықтарының еңбек ұсынысның төмендеуіне әкелді. Бұған мынадай себептер әсер етті:

А) еңбек нарығындағы монополия;

В) еңбек нарғындағы монопсония;

С) табыстар жайлы мотивация ауыстыру жайлы мотивациядан артады;

Д) ауыстыру жайлы мотивация табыстар жайлы мотвациядан артады;

4. Пайыздық ставка ұлғайған жағдайда тұлға мынандай әрекеттер жасайды:

А) ағымдық тұтынуды арттырады;

В) ағымдық тұтынуды азайтады;

С) құнды қағаздарға көп инвестициялайды;

Д) адам капиталына көп инвестициялайды.

5. Еңбек ақы ставкасының жоғарылауы еңбек ұсынысның төмендеуіне әкелді. Бұл мүмкін болады, егер:

А) еңбек нарығында монопсония болса;

В) еңбек нарығда монополия болса;

С) табыс әсері ауыстыру тиімділігінен артса;

Д) ауыстыру тиімділігі табыс әсерінен артса.


  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет