27-НҰСҚА
79-есеп. Жекешелендірілген совхоздың негізінде қайта құрылған ауылшаруашылық кооперативі, ауылшаруашылық техникаларын (алдымен жолдау негізделген) пайдалануға алу үшін көмек көрсетуі жөнінде аудандық әкімге жолданды. Аудандық әкім бұған көмектесуден бас тартып, бұл сұрақты шешетін Ауылшаруашылық министрлігінің арнайы лизингтік коры құрылғанын айтады.
Бұл қандай қор және ол қашан құрылған?
Қордың есебінен, лизингтік шарттың негізінде ауылшаруашылық техникаларын пайдалануға берудің тәртібі мен жағдайына сипаттама беріңіз.
Аталмыш қатынасты реттейтін нормативтік құқықтық актілер қандай?
80-есеп. Семей әкімшілік басшысының шешімімен “Екпенді” ауылшаруашылық акционерлік қоғамының жерінен, 1996 жылы поселке құрылысын жүргізу үшін 12 гектар, және 1997 жылы жергілікті өндірістік басқарманың өндірістік объектілердің құрылысын салу үшін 5 гектар жер бөліп беру көзделген. Бірақ, бұл аталған жерлер мерзім ішінде игерілмеген. Акционерлік қоғамның басшылығы ауылшаруашылық өндірісін кеңейту мақсатымен, аталмыш жер учаскесін қайтарып беру жөнінде, аудандық әкімшілік басшысына мәселе қояды.
Бұндай жер дауларын қалай шешуге болады?
Ауылшаруашылығынан тыс қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, ауылшаруашылық жер пайдаланушылардан жерді алып қоюдың тәртібі қандай?
Ауылшаруашылық шығындары дегеніміз не?
Ауылшаруашылық шығындарының мөлшерін анықтаудың механизмі қандай?
81- есеп. Антипов пен оның әйелі 1992 жылдан “Маяк” ауылшаруашылық кооперативінің мүшелері. Антипов ауылшаруашылық кооператив басқару органдарының рұқсатынсыз, ауылшаруашылығы кооперативіндегі жұмысын тоқтатып, “Ауылшаруашылық техникаларын” жөндеу шеберханасына жұмысқа тұрады. Ауылшаруашылық кооператив басшылығы бірнеше рет Антиповқа кооператив қайтадан келуін өтінді, бірақ ол келісімін бермеді. Ауылшаруашылық кооперативінің құрылтай жиналысы, Антипов пен оның әйелін кооператив мүшелігінен шығару және үй жанындағы жер учаскесінен айыру және ауылшаруашылық кооперативінің жойылым жерлерін пайдалану құқығынан айыру туралы шешім шығарады.
Ауылдық маслихат бұл шешімді заңсыз деп тауып, оның күшіне енуін тоқтата тұрып, аудандық әкімшілік басшысынан түсініктеме сұрады.
Тиісті органның шешімінің (құқықтық актісінің) жобасын дайындаңыз.
Істі шешіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |