Сақтау мерзімі: 1 күн
13рецепт
Ал: Кастор майының эмульсиясынан 120,0
Фенилсалицилаттан 2,0
Қант шәрбатынан 10 мл
Араластыр. Босат. Белгіле. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.
Студент 12,0 кастор майын буландыруға арналған табақта өлшеп, 2,0 фенилсалицилатты қыздырғанда ерітеді. Үккіште 7,0 г желаттоза мен 10,5 мл тазартылған суды араластырып, бастапқы пульпа пайда болғанға дейін майдағы фенилсалицилат ерітіндісін мұқият араластыру кезінде тамшылап қосты . Бастапқы эмульсияға 90,5 мл тазартылған суды мұқият араластыру кезінде бөліктер бойынша қосты. Дайын эмульсияны дәкенің екі қабаты арқылы босату құтысына сүзді. 10,0 г қант шәрбатын өлшеп алды. Эмульсияны босатуға ішкі заттаңбамен рәсімдеді. Майдан эмульсия алу кезеңдерін жаз?
Майлы эмульсияларды дайындау ережелері:
1. Егер май атауы көрсетілмесе, онда эмульсия бадам немесе шабдалы майымен дайындалады.
2. Егер рецептте май мөлшері көрсетілмесе, онда 100 г эмульсия дайындаймыз ол үшін 10 г май аламыз 1: 10 қатынасында.
3. Эмульсияны дайындау технологиясы 2 кезеңнен тұрады: 1. бастапқы эмульсияны алу 2. оны сумен сұйылту.
4. Эмульсия эмульгаторды маймен және сумен ысқылау арқылы дайындалады.
5. Біріншілік эмульсия алуда май, су, эмульгатор мөлшері қатынастары дурыс сақталуы керек. Су май мен эмульгатор мөлшерінің жартысына теңдей етіп алынады.
Біріншілік эмульсия 3 тәсілмен дайындалады:
1.Келіде эмульгатор мен майды ысқылайды содан соң су қосады сытырлаған дауыс естілгенше ысқылайды.
2.Эмульгатор мен суды ысқылайды кейін май қосады.
3.Ысқыланған эмульгаторға май мен суды қосады тез ысқылайды.
6. Эмульсия дайындағанда келсаппен бір бағытта жүргізу керек. Әр бағытта қозғалтса процесс баяулайды.
1.Rp.:Emulsionis oleum ricini 120,0
Phenylii salicylas 2,0
Sirupi simplicis10ml
Misce.Da.Signa
Принимать по 1ст .3раза в день
120:10=12кастор майы
12:6=6г желатоза
Біріншілік эмульсияға(корпус) арналған су көлемі
6+12/2=9мл
Бастапқы эмульсияны араластыру үшін су 92 мл: 135-(12+7+2+9+13)=92 мл
Қант шәрбаты 10 мл (13,0)
Эмульсияның жалпы массасы 135,0 (рецепт бойынша анықтайды m=120+2+13=135,0)
БП № күні
Olei Ricini 12,0
Gelatosae 6,0
Phenylii salicylatis 2,0
Gelatosae 1,0
Aqua purificatae 101 ml
Sirupi simplicis 13,0
M0=135,0
Достарыңызбен бөлісу: |