5. Ал: Протарголдан 0,5
Глицериннен 3,0
Тазартылған судан 25 мл
Араластыр. Босат. Белгіле. Спринцевание үшін.
Rp.: Protargoli 0.5
Glycerini 3.0
Aquae purificatae 25ml
Misce. Da. Signa. Спринцевание үшін.
Рецептте микстура жазылған.
Vж =25мл
Протаргол/Protargolum – иіссіз, қоңыр түсті ұнтақ, аздап ащы дәмі бар, гигроскопиялық зат. Суда жеңіл ериді, құрғақ, күннен қорғалған жерде, тығыз жабылған қоңыр құтыларда сақталады.
Глицерин/Glycerinum – мөлдір сироп тәрізді сұйықтық, тәтті дәмі бар, иісі жоқ. Сумен, спиртпен кез-келген қатынаста араласады. Жабық ыдыста сақтайды.
Тазартылған су/Aqua purificata – түссіз,иіссіз мөлдір ерітінді.
Рецептте сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрілік түр берілген , құрамында қорғалған коллоидті ерітінді – протаргол бар. Берілген дәрілік заттар бір-бірімен сыйымды.
Технологиясы: Ерітінді құрамында судан бөлек, глицерин де болғандықтан, протарголды алдымен келіде глицериннің аз мөлшерімен ысқылайды, одан кейін глицериннің қалған бөлігін қосады. Протаргол ісінгеннен кейін, тазартылған су қосады. Шайқауға болмайды, себебі ол кезде протаргол жабысып,шайқау барысында түзілген көпіршік препарат бөлшектерін біріктіріп, пептизация процесін қиындатады. Ерітіндіні мақта немесе шыны фильтр арқылы сүзеді. Қоңыр түсті құтыда босатылады, себебі жарықтың әсерінен препарат металдық күміске айналады және ерітінді қарайып кетеді. Ерітіндіні тығындап босатуға безендіреді: негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары «Балалардан сақта», «Салқын жерде сақта», «Жарықтан қорғалған жерде сақта». Безендіру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 227 “Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы” атты бұйрығы бойынша жүргізіледі.
Сапасын бағалау (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 405 “Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы” атты бұйрығы бойынша):
Бақылаудың міндетті түрлері:-жазбаша. Жалпы массасын дайындағаннан кейін беткі жағы толтырылады.
Күні ЖБП №___
Бақылау паспорты (Б. П.)
Protargoli 0.5
Glycerini 3.0
Aquae purificatae 25ml
Vж =25мл
-органолептикалық – қоңыр түсті ерітінді, иісі жоқ
- босатар кезде бақылау; физикалық; химиялық; сауалнама түрінде
Дайындаған: ___
Тексерген: ___
Босатқан: ___
Күні: ___
Жарамдылық мерзімі: 10 тәулік (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 262 “ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау мен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы” атты бұйрығы бойынша)
Достарыңызбен бөлісу: |