Көрсеткіштердің бір қалыптылығы – бірдей жағдайларда таразыда жүргізілетін, дене массасын бірнеше рет анықтау кезінде бірдей нәтижелер көрсететін таразы қабілеті.
Таразы тастары. Массаны анықтау үшін миллиграммдық және граммдық өлшегіш тастар қолданылады (сурет 8).
Миллиграммдық тастар мельхиордан немесе алюминийден әртүрлі формалы пластинкалар түрінде шығарылады: үшбұрышты, төртбұрышты, алтыбұрышты. Граммдық тастар болаттан жасалады және мойыны бар цилиндрлер түрінде шығарылады. Тотығудан сақтау үшін оларды никель немесе хром қабатымен қаптайды. Тастардың беті тегіс, жылтыр, сызылмаған, жарылмаған болуы тиіс. Өлшегіш тастарды тазалықта ұстау қажет және тек пинцет көмегімен алу керек.
Қазіргі таңда дәріханаларда электрондық таразылар да жиі қолданылады. Осы заманғы электрондық таразылар қос дисплейлі, есте сақтау қабілеті бар, 100% тозаң мен ылғалдан қорғалған, 0,001-0,002 г салмақты анықтау мүмкіндігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |