59
2.7. Пасталар
Пасталар – бұл құрылымы бар
жоғары концентрленген сус-
пензиялар.
Құрылым – бұл араларында дисперциялық орта орна-
ласқан дисперстік фаза бөлшектерімен пайда болған кеңістік
тор.
Пасталар ұнтақтар мен сұйылтылған
суспензиялар арасында
болады. Сəйкесінше, оларды:
– үлкен тұтқырлығына ие сұйықтықта ұнтақты араластыру
арқылы, мысалы, кейбір тіс пастасының сорттарын глицеринді
сулы ерітіндіде крахмалды қайнату
арқылы алынған тұтқырлық
сұйыққа БАЗ-дың аз мөлшерін қосып, борды араластыру арқылы;
– сұйылтылған суспензияны седиментациялау нəтижесінде
алады.
Жоғары концентрленген суспензиялардағы құрылым түзілуі.
Алу əдісіне қарамастан пасталардың анықтаушы сипаттамасы өз
бетінше дисперстік фаза бөлшектерімен жабысу арқылы түзілген
қаңқаның кеңістік құрылымының болуы. Мұндай құрылым пайда
болатын минималды концентрацияны
құрылым түзілудің
кризистік концентрациясы деп атайды.
Құрылымның түзілу мүмкіндігі бөлшектің ауырлық күші
g
V
*
*
0
мен көрші бөлшектермен байланыс күшінің
(
n
1
i
k
P
) арасындағы қатынастармен анықталады.
Көрші бөлшектер арасындағы байланыс күші ауырлық күші-
нен басым болған сайын соғұрлым мықты құрылым пайда болады.
Құрылым түзілуіне келесі негізгі факторлар əсер етеді:
–
пасталынатын сұйылтылған
суспензияның агрегаттық
тұрақтылығы (Р
к
шамасы);
– дисперстік фаза бөлшектерінің концентрациясы;
– дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемдері (оның дисперс-
тілігі);
– дисперстік фаза бөлшектерінің пішіні.
Суспензияның агрегаттық тұрақтылығының құрылым түзу-
дегі рөлі.
Жоғарыда аталғандай, сұйылтылған
суспензиялар седимента-
циялық тұрақсыз жүйелер болып табылады, оларда көлемі тек
60
бөлшектердің санымен ғана емес жəне де
қандай суспензияда
агрегаттық тұрақты немесе агрегаттық тұрақсыз, седиментация
болатынымен анықталатын шөгінді түзіледі. Шөгу нəтижесінде
агрегаттық тұрақты суспензияларда тығыз дисперстік фазалардың
бөлшектерінің седиментациялануының нəтижесінде
тұнба пайда
болады. Мұндай тұнбаларда құрылым түзілмейді немесе мықты
емес болады, Р
к
күші (бөлшектердің жанасуындағы қосылу күші)
нөлге жақын болғандықтан, агрегаттық
тұрақты суспензияларда
бөлшек аралық байланыстар мүлдем болмайды.
Агрегаттық тұрақтылық төмендегенде бөлшектер арасындағы
əсерлер жоғарылайды, Р
к
көбейеді, бұл құрылымның пайда болуы-
на жəне мықтылануына əкеледі.Жүйедегі құрылымды, негізінен,
реологиялық қисықтар – деформация
жылдамдығының ығысу
кернеуіне (Р) тəуелділіктері арқылы сипаттайды.
Суспензияның дисперстік фазасы бөлшектерінің концентра-
циясының құрылым түзудегі рөлі.
Құрылым түзілудің суспензия
концентрациясының тəуелділігінің сипаты күрделі болады.
Барлық концентрациялық интервал жүйенің əртүрлі күйлерін
сапалы түрде шектейтін үш бөлімнен тұрады. Концентрациясы аз
аймақта суспензия құрылымсыз болып табылады. Орташа концен-
трациялы, бірақ құрылым түзілудің кризистік концентрациясынан
аз аймақта бір-бірімен байланыспаған бөлек құрылымдық элемент-
тер (агрегаттар) пайда болады. Мұндай жүйені
құрылымдалған
сұйыққа ұқсас жүйе (Р=0) деп атауға болады. Кризистік концен-
трацияға тең немесе одан үлкен концентрациялы аймақта құрылым
түзгіштігінің аққыштық шегі бар, басқаша айтқанда, оларда құры-
лым пайда болады жəне дамиды. Мұндай жүйені құрылымдалған
қатты дене тəріздес жүйе (Р
т
>0) деп атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: