О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


  5.1. Ұнтақтардың жіктелуі



Pdf көрінісі
бет33/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82
химия рус (1)

 


79 
5.1. Ұнтақтардың жіктелуі 
1Бөлшектердің пішіні бойынша: а) үш өсте де бірдей өлшем 
бірлігі болады. б) Талшықты (бөлшектердің ұзындығы оның қа-
лыңдығынан, жалпақтығынан артық болады). в) Тегіс (ұзындығы 
мен қалыңдығы жалпақтығынан үлкен). 
2. Бөлшек аралық арқылы əрекеттесуі: 
а) Байланысқан дисперсті (бөлшектер бір-бірімен байланысқан 
яғни жүйе кейбір құрылымға ие). б) Бос дисперсті (бөлшектер 
арасындағы қозғалысқа бөлшектер арасындағы үйкеліс кедергі 
болады). 
3Дисперсті фаза бөлшектерінің өлшемі бойынша жіктелуі: 
Құм (2*10-5≤d≤2*10^-3)м; Шаң (2*10^-6≤d≤2*10^-5)м; Пудра 
(d<2*10-6)м; 
5.2. Ұнтақтарды алу əдістері 
Диспергациялық əдіс – жоғары дисперсті жүйе арқылы; 
Конденсациялық əдіс – шын ерітінді арқылы. 
Диспергациялық əдіс.
Бұл əдіс бұрында қарастырылған механикалық диірмен, кол-
лоидты диірмен, ультрадыбысты аспаптармен берілген заттарды 
ұнтақтауға негізделген. Осында ұнтақталған заттарды електен 
өткізіп, оларды өлшеміне орай сұрыптайды. Қолданылған диір-
менге орай түрлі ұнтақтар алынады. Ұнтақтардың өлшемін талдап, 
бақылайды. Ол үшін електен өткізу, седиментациялық жəне ад-
сорбцияны өлшеу сияқты тəсілдерді пайдаланады.
Диспергациялық əдісті жеңілдету үшін қаттылықты төмендету 
үшін БАЗ қосады. БАЗ ұнтақталатын қатты дене бетіне адсорбция-
ланып беттік керілуді төмендетеді, яғни диспергация кезіндегі 
жұмсалатын энергияны азайтады да ұнтақталған фазаның дисперс-
тілігін арттырады. Кейбір материалдарды алдын ала өңдейді. Мы-
салы, титан, тантал металдарды сутек атмосферасында қыздырады, 
яғни гидридке ауыстырады. Вакуумда қыздырады, ұнтақты содан 
соң таза металдық ұнтақ алады. 
Конденсациялық əдіс: 
Бұл əдісті 2 топқа бөлеміз: 
1. Лиофобты зольдердің коагуляция əсерінен бөлшектердің 


80 
шөгуі арқылы алады. Ерітіндіні кептіргенде немесе еріткіштерді 
ауыстырғанда суспензия пайда болады. Ал оны əрі қарай фильтрде 
сүзіп жəне кептіргенде ұнтақ алынады.
2. Химиялық реакция (химиялық конденсация). 
Бұл əдісті қолданатын реакция типіне баланысты жіктеуге 
болады. 
1. Электролиттер арасындағы орын басу реакциясы. Мысалы: 
шөккен бор (тіс порошогы) мына реакцияда алынады: 
Na 
2
CO
3
+CaCl
2
=CaCO
3
+ 2NaCl 
2. Металдардың тотығуы 
Жоғары дисперсті мырыш оксиді бұлар мырыш белилінің 
негізгі құрамы. Оны мырыш буын 300 С ауада тотықтыру арқылы 
алады.
3. Көмірсутекті тотықтыру.
Резина, пластмасса, типографиялық бояулар алу үшін əртүрлі 
күлді қолданады. Оттегі жетіспегенде газды немесе сұйық 
көмірсутегін жандыру арқылы алады. 
4. 
Металл оксид тотықсыздандыру.
Жоғары дисперсті металл ұнтақтарын алу үшін табиғи газ
сутегі жəне қатты тотықсыздандырғыш қолданады. 
5. 
Металл карбидтерін термиялық диссосациялау. 
Ме(СО
3
)n – корбанил – ұшқыш зат, 200 С; 200 атм қысымда 
металдарды көміртек оксидімен тазалағанда алады. Карбонилді 
қыздырғанда олар ұшады жəне ыдырайды, содан жоғары дисперсті 
металл ұнтағы пайда болады. 
6. Тұздардың сулы ерітіндісінің электролизі. 
Бұл əдіс арқылы жоғары дəрежедегі таза металл жəне 
құймалар жоғары дисперсті ұнтақтарға айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет