О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева



Pdf көрінісі
бет37/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82
химия рус (1)

 
10-сурет. Дерманың 600 есе үлкейткендегі коллогенді жіптері 


85 
Мукопротеиндер мукополисахаридтер мен ақуызды заттардың 
қосылысы болып табылады. Бұл қосылыстар гидролиз əсерінен 
негізгі бөліктерге тез ыдырайды. Сондықтан дерманың негізгі заты 
ретінде ақуызды бос радикалдар да кездеседі. 
Гиалуронды қышқылдың басты қызметінің бірі ретінде суды 
байланыстыру арқылы дерманың басты бөлігі саналатын тығыз 
сірне (гель) түзуін айтуға болады. Бұл сірнеде жасушалар мен 
талшықтар өз орындарында қалуы тиіс. Гиалуронды қышқыл мен 
судан пайда болған тығыз сірне ағзаны эпидермис арқылы кіріп 
кете алатын зиянды бактериялардың таралуынан қорғайтын 
маңызды қорғаныш механизмін түзеді. 
Теріде негізгі жасушааралық заттың ірі молекулаларын ыды-
рататын (полимеризациялайтын) ферменттер бар. Олардың бірі 
гиалуронидаза. Оның əсерінен гиалуронды қышқылдар жасуша-
аралық заттың сірнесінің қабатын жұқартатын ұсақ фрагменттерге 
ыдырайды. Бұндай жағдай, көбінесе тері қабынғанда немесе күй-
генде байқалады. Жасушааралық зат жұқарғанда, зиянды бактерия-
лар, саңырауқұлақтар, сонымен қатар зиянды химиялық заттар 
оңай теріге өте алады. 
Көптеген бактериялар гиалуронидаза ферментін өзі шығарып, 
сол арқылы теріге өтеді. Гиалуронидазаның гуалуронды қышқыл-
дың макромолекулаларының көлемін кішірейткіш қасиеті негізінен 
теріге қажетті заттарды сіңірту үшін пайдаланады (медицина мен 
косметика саласында). 
Дегенмен гиалуронидазаның зиянды бактерияларды да жеңіл 
өткізетінін ескерген жөн. Сондықтан оны косметикада абайлап 
қолданған дұрыс.
Терідегі рН. Қышқылды мантияның тері қышқылына əсері 
шамалы. Сыртқы қабаттың рН-ы негізінен осы аймақтағы суда 
еритін заттардың əсері арқылы анықталады. Олардың ішінде тұз-
дарды, амин қышқылдарын, карбамидті, сүт қышқылын жəне оның 
натрий тұзын, пирролидонкарбон қышқылын жəне оның натрий 
тұзын, көмірсутектер мен полипептидтерді атауға болады. Жеке-
леп жəне біріктіріп алғанда да бұл заттар күшті буферлік жүйе түзе 
алады. Бұл жүйе сыртқы қабат аймағындағы рН-тың мəнін 5 
мөлшерінде ұстап тұрады жəне де теріні сілтілер мен қышқылдар 
əсерінен қорғайды.


86 
Терідегі ылғалдылық. Сандық мөлшермен алғанда адам ағза-
сының ең маңызды құрылымдық бөліктерінің бірі – су. Ол бүкіл 
ағза салмағының 60%-ын құрайды. Онымен қоса, қан мен лимфа-
ның өзі негізінен судан тұрады. Су бүкіл ағза бойынша ұлпа 
сұйықтықтарында өте көп мөлшерде болады. Сонымен қатар цито-
плазманың да, жасуша қабырғаларының құрамында су өте көп 
кездеседі. Осылайша, ағза негізінен коллоидты сулы ерітінділерден 
тұрады жəне де ағзада жүріп жатқан барлық процестер (өмір сүру 
процестері) су ерітінділерінде жүріп жатқан химиялық процестер 
болып табылады. 
Терінің тірі бөлігінде де сəйкес басқа ұлпалардағы сияқты су 
мөлшері бар. Терінің жалпы салмағындағы судың үлесі қалыпты 
жағдайда өзгермейді. 
Тері жасушасы мен негізгі жасушааралық заттағы су теңгерімі 
(балансы) осмостық қысым арқылы реттеліп отырады. Құрамында 
натрий мен калий ионы бар электролиттер бұнда өте маңызды рөл 
атқарады. Жасушаларда калийді өзіне қабылдайтын үрдіс (тенден-
ция) бар, сол кезде натрий жасушааралық сұйықтықта жиналады. 
Тұрақты жəне нақты электролиттер санының көмегімен жа-
суша мен оның маңайындағы сұйықтық арасындағы осмостық 
қысым жəне ұлпадағы су мөлшері тең жағдайда сақталады. Бұндай 
түрлі сұйықтықтардағы осмостық қысымның тепе-теңдігі тірі 
ұлпалардағы су көлемі өзгермеген жағдайда сақталады. Бұл 
сұйықтық кернеуі (тургор немесе тонус) дəнекер ұлпасының 
талшықтарымен бірге теріні серпімді əрі тегіс етеді. 
Бұның барлығы мүйізді қабатты санамағанда терідегі су 
мөлшері ішкі реттеліске байланысты екендігін көрсетеді. Яғни, 
терідегі ылғалға косметикалық заттардың көмегімен əсер етудің 
пайдасы шамалы екендігін көрсетеді. 
Тəулік сайын тері булану арқылы бір шаршы сантиметрге 
шаққанда 6 мг су жоғалтады. Яғни, дене бітімі қалыпты адам тəулі-
гіне 100-200 мл су жоғалтады деген сөз. Бұл санға адамның терлеу 
арқылы шығатын су мөлшері есепке алынбаған. Булану тікелей 
мүйізді қабат арқылы жүзеге асырылғандағы сандық мөлшер 
көрсетіліп отыр. Қуанышымызға орай, мүйізді қабаттың ішкі жағы 
– суды жəне басқа да заттарды көп шығармайтын тығыз ұлпа.
Егер мүйізді қабат пен жылтыр қабат болмағанда, тері арқылы 


87 
судың булануы көрсетілген саннан он есе артық болар еді. Жəне 
адам тəулігіне екі литрдей су жоғалтар еді. Мұндай жағдайда тері-
сінің мүйізді қабаты зақымданған науқасты мысалға алудың өзі 
жеткілікті болып табылады. 
Сырттан тері арқылы су мүлдем өтпейді десе де болады. Ван-
наға суға түскен кезде адам терісіне 50 г ғана су өтеді. Бірақ ол 
мүйізді қабатта қалып, ваннадан шыққан соң 10 минуттан кейін 
буланып ұшып кетеді. 
Теріні ылғалдандыру. Жоғарыда айтып өткеніміздей, мүйізді 
қабаттың 50%-ына дейінгі мөлшері мүйізді зат (склеропротеин) 
кератиннен тұрады. Кератин уақытша өзіне суды кіргізе алатын, 
бірақ суда мүлдем ерімейтін зат. Ылғалданған кезде кератин ісініп, 
жібіп, жұмсарып, жағымды күйге енеді. Алайда ол ылғалды ұзақ 
уақыт бойы ұстап тұра алмайды. 
Сонымен қатар майдың кератинді жұмсартпайтынын да атап 
өткен жөн. Теріге жағылған ылғалсыздандырылған май тек қана 
іштен шығатын ылғал кератинді жұмсартып, ал май ылғалдың 
сыртқа шығуына жол бермеген кезде ғана пайдалы болып есепте-
лінеді. Майлардың ешқайсысы да кератинді жібіте алмайтынын 
ескеру керек. Тырнақ та негізінен кератиннен тұрады. Майды 
қанша пайдалансаңыз да тырнақ жұмсармайды. Ал тырнақты біраз 
уақыт суда ұстасаңыз, оның сəл жұмсарғанын байқауға болады. 
Біз, сонымен қатар мүйізді қабаттың 20%-ы əртүрлі суда 
еритін заттар екендігін айттық. Олардың жартысына жуығы бос 
амин қышылдары, бір бөлігі май қышқылдары, қанттар жəне т.б. 
Бұл қоспаның құрамында сумен бірігу арқылы мүйізді қабатты 
жұмсарта түсетін қасиеті бар суда ерімейтін, бірақ майда еритін 
липидтер (мүйізді қабаттың 20%-ын құрайды) бар. 
Мүйізді қабаттағы суды біріктіргіш төмен молекулалы заттар-
дың ішінде пирролидонкарбон қышқылын (ППК), кабамидті, сүт 
қышқылын жəне түрлі қанттарды атап өтуге болады. Олар тері 
күтіміне арналған косметикалық өнімдерді жасауда кеңінен қолда-
нылады. Суды біріктіретін бұл заттар сыртқы қабаттың барлық 
бөліктерінде кездескенімен, сүт қышқылы мен оның тұздары 
негізінде жоғарғы беткі қабатына шоғырланған. Бұз заттардың 
ылғалды ұстап тұру қабілеті қоршаған ауа ылғалдылығына тікелей 
байланысты. Солтүстіктің климат жағдайындағы ауа ылғалдылығы 


88 
қысқы мезгілде (орталықтан жылытатын пəтерлерде) 20%-дан 
төмендеуі мүмкін. Яғни, терінің ылғал сақтау механизмі өз күшін 
біршама жояды. 
Мүйізді қабаттың сумен байланыстырғыш заттарының ішінде 
20%-ға жуығы тер арқылы (теріден) шығады. Атап айтқанда, бұл 
топқа натрий қосылыстары, хлоридтер мен лактаттар жатады. 
Амин қышқылдары мен ППК терінің мүйізденген жасушаларынан 
пайда болады. 
Егер теріні жиі жуса немесе басқа да жағдайлардың əсерінен 
жуғыш заттармен немесе еріткіштермен жиі əсерлессе, оның құра-
мынан ылғалды ұстап тұратын зат жойылып кетеді. Органикалық 
еріткіштер теріден майда еритін заттарды жойып қана қоймай, 
біртіндеп суда еритін заттардың да қалмауына ықпал етеді. Майда 
жəне суда еритін заттардың мүйізді қабатта азая түсуі ол қабатты 
суды ұстап тұру қабілетінен айырады. Мүйізді қабаттағы ылғал 
көлемі 10%-ға жеткенде немесе одан төмендегенде құрғақ теріге 
тəн белгілер пайда бола бастайды. Яғни, терінің құрғап кетуін 
сезіну, тері бетінің қабыршықтануы, ұсақ тілімдер пайда бола бас-
тауы, т.с.с. 
Алайда берілген бұл түсініктер біржақты. Құрғақ тері мəселесі 
жылдар бойы зерттеліп келгенімен, оның нақты түпкі себебі толық 
анықталмаған. Климат пен бөлмедегі құрғақ ауаның əсері айтпаса 
да түсінікті. Терінің кеуіп кетуі шамадан тыс күюіне (ультракүлгін 
сəуле кезінде) əкеліп соқтырады. Сонымен қатар құрғақ терінің 
тұқымқуалағыштығы да анықталған. Жыл өтіп, адам қартайған 
сайын оның терісі құрғай береді. Бұл, əсіресе 80 жастағы адам-
дарда жақсы байқалады. 
Терінің құрғақтығы тері қабатының жекелеген құрылымдық 
бұзылыстарымен де сипатталады. Терісі құрғақ адамдардағы эпи-
дермис шегіндегі дəнекер ұлпасы терісі қалыпты болып келетін 
жас мөлшері тура сондай адамдарға қарағанда теп-тегіс əрі папил-
ляр сызықтары аз болады. Бұл эпидермистің бекітілуін əлсіретеді, 
ал тері бетінде ұсақ жолақтар азая түседі. 
Ең айқын белгісінің бірі сыртқы қабат жасушаларының тері 
бетінен əдеттегідей жекеленіп немесе шағын топтармен бөлінбей, 
қалыңдығы кейде 20 см болатын пластинкалармен немесе шоғыр-
лармен бөлінуі. Жасушалардың тері бетінен осылайша бөлінуінің 


себебі белгісіз. Бұл жасушалар көлемі, пішіні жағынан да, 
химиялық тұрғыдан да басқа жасушалардан айырмашылығы жоқ. 
Олардың жабысқақтығын арттыратын қатырғыш заттың құра-
мында өзгешелік болуы мүмкін. 
Осылайша, терінің құрғақтығы туралы мəліметтер аз десе бо-
лады. Ылғалдандырғыш заттарды қолдану арқылы уақытша біраз 
жағымсыз əсерден арылуға болады. Бірақ тері біраз уақыттан соң 
қайтадан құрғақ қалпына келеді. Құрғақ теріге арналған күтім 
бойынша ұзақ уақыт əсері бар көмекші зат əзірге қолданыста жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет