О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева



Pdf көрінісі
бет5/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
химия рус (1)

тарау 
 
ЭМУЛЬСИЯЛАР 
 
Эмульсиялар – бір-біріне мүлде ерімейтін екі сұйықтықтан 
тұратын микрогетерогенді жүйелер. Бір-біріне тамшылар түрінде 
таралған, өзара ерімейтін сұйықтықтардан құралған микрогетеро-
гендік жүйелерді эмульсиялар деп атайды. 
Тамшылар түрінде таралған сұйықтықтар дисперстік фаза деп 
аталады. Дисперстік фаза таралған сұйықтықты дисперсиялық орта 
деп атайды. Шартты түрде эмульсияны С
1


бөлшек түрінде белгі-
лейді, мұнда алымында фазаның агрегаттық күйі (сұйықтық-1), ал 
бөлімінде ортаның агрегаттық күйі (сұйықтық-2) көрсетілген. 
1.1. Эмульсиялардың жіктелуі 
Əдетте эмульсиялар екі көрсеткіш бойынша жіктеледі: 
1. Дисперстік фазаның коцентрациясы бойынша (C
d
): сұйыл-
тылған (C
d
≤0,1% ); концентрлі (0,1%)≤C
d
<74%); жоғары концентр-
лі (C
d
>74%). 
2. Дисперсиялық ортаның жəне дисперстік фазаның полярлы-
ғы бойынша: I текті (тура) эмульсиялар – М/С; II текті (кері) 
эмульсиялар – С/М; 
Кез келген полярлы сұйықтықты С, ал полярсыз сұйықтықты 
М – май деп белгілейді. Бірінші текті эмульсияларда полярсыз 
сұйықтық (М) тамшылары полярлы (су) сұйықтықта таралған, кері-
сінше ІІ текті эмульсиялардың ортасы полярсыз сұйықтық болады. 
1.2. Эмульсиялардың негізгі сипаттамалары 
Эмульсияның қасиетін бағалау үшін бірнеше көрсеткіштер 
қолданылуда, олардың негізгілері мыналар: 
– эмульсияның дисперстілігі; 
– уақыт бойынша тұрақтылығы; 
– дисперстік фазаның концентрациясы. 
Эмульсияның дисперстілігі. Эмульсияның дисперстілігі дис-
перстік фаза бөлшектерінің өлшемдерімен анықталады. Егер эмуль-
сия полидисперстік болса, онда оларды сипаттау үшін бөлшектер-


12 
дің өлшемдері бойынша таралуын, көбінесе гистограмма түрінде 
көрсету керек. 
Уақыт бойынша тұрақтылығы. Əдетте тұрақтылық екі өлшем-
нің біреуімен – эмульсияның бөліну жылдамдығымен жəне жеке 
тамшылардың басқалармен жанасу өмір сүру уақытымен сипат-
талады. Эмульсияның бөліну жылдамдығын эмульсияны алғаннан 
соң белгілі бір уақыттан кейін бөлінген фазаның биіктігін (көле-
мін) өлшеу арқылы анықтайды. Жеке тамшылардың өмір сүру 
уақытын фазааралық шекараға орналастырылған тамшыларды 
макроскопиялық байқау жолымен анықтайды. Мысалы, май там-
шысын фазааралық шекараға су жағынан жақындатады. Содан соң 
оның май фазасымен біріккен уақытын өлшейді. Көбінесе эмуль-
сиялардың бірінші сипаттамасы қолданылады. 
Дисперстік фазаның концентрациясы 
Сұйылтылған эмульсияның қасиеттері. (C
d
<0,1 көлемдік %). 
Мұндай эмульсиялар, əдетте жоғары дисперсті жəне қасиеттері 
бойынша лиофобтық зольдерге ұқсас болады. Мұндай эмульсия-
ларда тамшы өлшемдерінің кішкентай болуына байланысты броун-
дық қозғалыс, диффузия, жарық шашырату жəне т.б. байқалады, 
олар седиментациялық тұрақты болып табылады. Олардың агре-
гаттық тұрақтылығы лиофобтық зольдердегідей диффузиялық 
электрлік қабаттың болуымен анықталады. Электролиттердің əсе-
рінен коагуляция Щульце-Гарди ережесіне бағынады. Сонымен, 
эмульсияларға лиофобты зольдердің тұрақтылығының теориясын 
қолдануға болады. Сұйылтылған эмульсияның кеңінен танымал, 
мысалы, бу машинасындағы жұмсалған бу конденсаты, мұнда 
машина майының ұсақ тамшылары су фазасында майдаланған. 
Басқа мысал – шикі мұнай, мұнда судың тамшылары екінші текті 
эмульсия түзеді. 
Жоғары концентрленген эмульсиялардың қасиеттері. Мұндай 
жүйелер үшін бөлшектердің қозғалысымен байланысты мəселелер 
(диффузия, седиментация) болмайды, эмульсиялар өздерінің қа-
сиеттері бойынша құрылымданған-коллоидтық жүйелерге, яғни 
гельдерге (сірнелерге) ұқсас болады. Тамшылар концентрациясы 
100%-ға жақындай бастағанда, дисперсиялық орта – сұйықтықтың 
өте жұқа қабаты – эмульсиялық қабыршақтар түзеді. Мұндай 
эмульсиялар құрылымы бойынша көпіршіктерге жақын, олардың 


13 
қасиеттері, ең алдымен, эмульгатормен тұрақтандырылған эмуль-
сиялық қабыршақтар қасиеттерімен анықталады. 
Концентрленген эмульсияның қасиеттері. Мұндай эмульсия-
ларда тамшылар айтарлықтай ірі жəне оларды оптикалық микро-
скоппен көруге болады. Концентрленген эмульсиялар седимента-
циялық тұрақсыз болады. Концентрация жоғары болғандықтан 
тамшылар тұрақты жанасуда болады да, коалесценция оңай жүре-
ді. Мұндай эмульсиялардың тұрақтылығы толығымен эмульга-
торға тəуелді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет