14
Түзілген тамшының өлшеміне инжектрленетін будың қысы-
мы, таматын тесіктің диаметрі, эмульгаторлар кəдімгідей əсер ете-
ді. Бұл əдіспен өлшемі 20 мкм-ге дейін болатын тамшыларды оңай
алуға болады. Эмульсияларды конденсациялық əдіспен алынған
дисперстік аэрозольдерді қолдану арқылы да алуға болады. Бұл
үшін аздап аса қаныққан буға кішкене бөлшектер (өлшемі 10
-6
см)
енгізеді жəне тамшытүзгіш орталықтардың
өсуіне шамалы уақыт
мүмкіндік береді. Нəтижесінде монодисперстік тұман түзіледі, оны
дисперсиялық ортаға өткізгенде монодисперстік эмульсия алы-
нады.
–
Еріткішті ауыстыру. Болашақ эмульсияда тамшы түрінде
болатын затты, алдын ала «жақсы» еріткіште нағыз ерітінді түзіл-
генше ерітеді. Егер алынған ерітіндіге бірінші ерітіндіні бұзатын
басқа еріткіш қосса, ерітілген зат тамшыларға бірігіп, эмульсия тү-
зеді. Мысалы, бензолға этанол «жақсы»
еріткіш болады, онда
бензол молекула түрінде болады. Осы ерітіндіге су қосатын болсақ,
сулы-спиртті дисперсиялық ортада бензол тамшылары түзіле бас-
тайды, яғни I текті эмульсиялар пайда болады. Бұл процесс қара-
пайым көзбен оңай байқалады, яғни мөлдір жүйе күңгірттене бас-
тайды, себебі бензол тамшылары бензол молекулаларына қара-
ғанда жарықты шашыратады жəне шағылыстырады.
Диспергациялық əдістер. Бұл əдістер өзара араласпайтын екі
сұйық қабаттан тұратын дөрекі дисперстік жүйелерді бөлшектеуге
негізделген. Дөрекі дисперстік жүйеге жасалған жұмыс түріне
байланысты диспергациялық əдістерді 3 топқа жіктеуге болады:
Механикалық дисперстеу. Майдалауға
кететін механикалық
жұмыс шайқауға, араластыруға, гомогендеуге,
құрамының біреуі
эмульгатор болатын тұтас сұйықтықтарды қысып айдауға жұм-
салады.
Үздікті шайқау əдісі: (тамшы диаметрі – 50-100 мкм) 2 сұйық-
тық құйылған сынауықты пəрменді шайқаса, эмульсияның түзіл-
генін оңай байқауға болады.
1920 жылы Бригс тербелістер арасындағы тұрақты интервал-
дармен үздікті шайқау, үздіксізге қарағанда өте тиімді екенін көр-
сетті. Мысалы: натрий олеатының 1% ерітіндісінде 60% бензол
эмульсиясын дайындау үшін 7 минут бойы үздіксіз
араластыру
керек (осы уақыт ішінде механикалық қондырғы 3000 тербеліс жа-
сайды). Мұндай эмульсия 2 минут ішінде 5 рет қолмен шайқау
15
арқылы дайындауға болады, екі тербеліс арасында интервал 20-30
секунд болуы керек. Екі сұйықтық арасындағы тұтас бет əрбір
тербеліс кезінде толқынды болады жəне деформацияланады. Бұл
процесс шамамен 5 минут ішінде жүреді. Егер шайқау арасында
интервалды өсірсек, онда бұл процесті жылдамдатуға болады.
Қолмен араластырғанда тамшылар өлшемі 50-100 мкм
болатын
шар тəрізді болады.
Достарыңызбен бөлісу: