О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева



Pdf көрінісі
бет68/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82
химия рус (1)

Хош иістер.
Жағымды иіс қалыптастыру үшін иіс сабынға 0,5-
2 % көлемде хош иісті заттар қосылады. Иіс сабындарға арналған 
хош иістер табиғи жəне синтетикалық хош иісті заттардың 
қоспасынан тұрады, олар гармониялық түрде қосылып, белгілі бір 
букет жасайды. Егер де хош иіс гүлдің иісін шығарса (жұпаргүл, 
мойыл, бүлдірген жəне т.б.), онда сабын да сондай атауға ие бола-
ды. Егер де хош иіс қиялды бағытта болса, онда сабынның атауын 
оған еркінше қояды жəне штампқа немесе заттаң басында көрініс 
табатын суретті қосады, мысалы: «Шик», «Нəзіктік» жəне т.б.
Сабынды хош иістерге енгізілетін хош иісті заттар тітіркен-
діруші əсерге ие болмауы қажет. Хош иістердің құрамына еркін 
сілті əсерінен өз құрамын, сəйкесінше иісін де өзгертетін синети-
калық хош иісті заттарды енгізуге болмайды. Кейбір хош иістер, 
мысалы, емен мүгінің экстракті сабынға қошқыл түс береді, сон-
дықтан да оларды ашық түсті сабындардың хош иісті заттарына 
қосуға болмайды. Сабындық хош иістердің тұрақтылығын кейбір 
шайыр тəріздес заттар, мысалы, стиракс жақсартады, оны хош иіс-
терге немесе сабынға тікелей енгізу ұсынылады. 
Бояғыштар.
Иіс сабындарды əртүрлі түстерге бояу үшін суда 
еритін анилиндік бояғыштар қолданылады. Бояғыштарға қойыла-
тын негізгі талаптар: 


176 
– 
химиялық жəне биологиялық индифференттігі; 
– 
боялушы сабынға жарық пен еркін сілтінің əсерінен өзгер-
мейтін таза түстің берілуі; 
– 
бояғыштар сабынды пайдаланғанда түзілетін сабынды 
көпірікті боямауы қажет. 
Иіс сабынды бояу үшін 3-4 реңкті бояғыштар қолданылады. 
Қалған түстерді негізгі бояғыштарды араластыру арқылы алады. 
Ең көп таралған бояғыштар: қызыл родамин – концентрациясына 
байланысты сабынға ақшыл қызыл немесе қызыл түс беретін анил-
дік бояғыш; сары металин – сабынды сары түске бояйды; тік көгіл-
дір жасыл (металинмен қоса) жəне көкшіл (родаминмен қоса) түс-
тер жəне т.б. түстерді алу үшін құрамдық бөлік ретінде қолда-
нылады.
Қатты майландыратын заттар (эмоленттер). Еркін сілтісі жоқ 
иіс сабын да бір ерітіндіде сілтілік реакцияға ие болады жəне жуу 
кезінде теріні майсыздандырады жəне оны құрғақ етеді. Теріні 
майсызданудан сақтау үшін иіс сабынның кейбір түрлеріне 
майландырушыларды кіргізеді. Соңғы жылдары жануар майы мен 
кокос майының бірдей құрамы жəне 7-10 % алифатикалық 
қышқылдарды қосумен қатты майланған құрамды заттар қоса 
бастады. Соңғылары рН-ты реттейді жəне теріге қатысты қорғаныс 
қызметін атқарады, ол қысқа тізбекті сабындардың майсыздану 
жəне тітіркендіру əсерінің орнын басады. Жуудан кейінгі терінің 
косметикалық жағдайына аса үлкен назарды осы заманғы иіс 
сабындардағы басқа теріні қатты майландыратын, жұмсартатын 
жəне гидраттайтын заттардың жоғары деңгейде болуы анықтайды. 
Олардың қатарына келесілер енеді: глицеридтер, изо-пропил-
миристат, басқа алифатиялық қышқылдардың эфирлері, балауыз-
дар, соның ішінде ланолин мен оның туындылары, жожоба майы, 
майсана, қаракүзен жəне парфюмерлік майлар, жоғары алифатия-
лық спирттер, олардың этоксилаттары жəне пропоксилаттары, 
бигуанидин. Антиоксиданттардың синергетиктері болып көптеген 
комплексондар (соның ішінде ЭДТА жəне лимон қышқылы), 
аминқышқылдары, сорбин қышқылдары мен олардың тұздары 
табылады. 
Сонымен қатар емдеу-профилактикалық қосымшалары бар 
кейбір сабындар да шығарылады, мысалы, себореяны емдеуге ар-
налған күкіртті селен. Осы əсерге хна ағашының майы да ие. Иіс 


177 
сабындарға өсімдік сығындылары, лецитин, прополис, токоферол, 
каротиноидтар жəне т.б. кіреді. Кейбір сабындардың құрамына 
хлорофильдік паста кіреді, онда белсенді заттар – хлорофилл, 
каротин жəне т.б. бар. 
Əдеби мəліметтерге сəйкес, шетелдерде иіс сабынға 2% -ға 
дейін арнайы маркалы карбоксиметилцеллюлоза қосуды ұсынады, 
ол еркін сілтінің теріге əсерін бейтараптандырады жəне сабынның 
пилирлеуін жақсартады. Кейде карбоксиметилцеллюлозаны 2-4 % 
натрий гексаметафосфатымен қоса енгізеді, ол тұрақты көпірік 
жасайды.
Иіс сабынға 2-2,5 % лаурин немесе миристин қышқылдары-
ның моноэтаноламидтерін қосу сабынның көпірік жасаушы 
қабілетін жақсартады, хош иістің тұрақтануын қамтамасыз етеді. 
Ұнтақ тəріздес иіс сабындар. Бұл топқа келесілер жатады: қы-
рынуға арналған сабындалған ұнтақ жəне шашты жууға арналған 
сабындалған ұнтақ. Иіс сабындарға пигмент-толықтырғыштар 
ретінде 1-2%-ға дейінгі титан дитотығын немесе мырыш тотығын 
қосады. Сабынның қаттылығын бентониттер, каолин, ұсақталған 
құм мен пемза қамтамасыз етеді. Өнімді арзандату мақсатында 
басқа да минералдық толықтырғыштар енгізіледі, мысалы, кальций 
карбонаты, алюминий тотығы жəне коллоидты кремнезем. Сабын-
ның консистенциясын толықтырғышпен жақсарту жəне де абра-
зивтілігін төмендету С
8

18
май қышқылдарының минералдық 
толықтырғыштарымен қол жеткізіледі. Сонымен қатар сабында 
4-6 % глицерин болуы мүмкін. Кесек сабынға 18 %-ға дейін кол-
лоидтық кремнеземді қосу кокос майының шошқа майымен 
ішінара алмасуына жағымсыз əсер етуінің орнын басуы мүмкін. 
Мұнда дерматологиялық қасиеттері мен көпірік түзушілік қабілеті 
бірнеше есеге жақсарады. Иіс сабындардағы полимерлік пластифи-
катор-байланыстырушылар ретінде казеин, крахмал, кейбір басқа 
полисахаридтер, соя ұны. Брускалық сабындарға қарағанда ұнтақ-
тардың артықшылықтары: жоғары беткі белсенділік (сабынның 
салмақ бірлігіне) жəне сəйкесінше, ерудің жəне көпірік берудің 
жоғары қабілеті. Басқа жуу заттары тарапынан өсіп келе жатқан 
бəсекелестікті есепке ала отырып, иіс сабындар соңғы екі онжыл-
дықта құрамы, əрленуі жəне тауарлық нысанына байланысты өз-
геріс тапты. Қазіргі уақытта қолданыстағы ең танымал сабындар – 
сұйық жəне глицериндік сабындар. 


178 
Сұйық иіс сабындар ароматталған калийлік май сабынының 
мөлдір су спирттік ерітіндісі болып табылады. Ол, алдымен, қол, 
бет жəне бас терісін жууда пайдаланылады. Ондай сабын қоғамдық 
пайдалану орындарында арнайы дозаторлардың болуы жағдайын-
да пайдаланғанға ыңғайлы. Сұйық иіс сабын 20%-ға дейінгі май 
қышқылдарынан, 10-20 % этил спиртінен, 1%-ға дейінгі хош 
иістендіргіш, судан тұрады. Сұйық иіс сабындарға спирт олардың 
жабысқақтығын төмендету үшін, мөлдірлігін қамтамасыз ету үшін 
жəне де сабын гидролизі мен қату температурасын төмендету үшін 
қолданылады. 
Сұйық иіс сабындарды шығаруда күнбағыс, соялық, кориандр-
лық жəне 5 %-дан аспайтын стеариндік жəне пальмитиндік қыш-
қылдардан тұратын басқа сұйық ашық түсті өсімдік майлары жəне 
де кокос майы немесе жақсы фракцияланған синтетикалық май 
қышқылдарының сəйкес фракциясы қолданылады. Сұйық иіс 
сабындардың құрамына мақта майын қосуға болмайды, себебі 
оларды сақтау кезінде, əсіресе төмен температураларда оларда қал-
дық қалып қояды. Кокос майы сұйық иіс сабындарға май қоспа-
сының 25-50 % көлемінде қосылады, оның мақсаты қажетті көпірік 
түзушілік қасиеттерді қамтамасыз ету, алайда кокос майының 
сұйық сабындарда көп болуы терінің шектен тыс құрғақтануына 
алып келеді. 
Мөлдір немесе басқаша айтқанда, глицериндік сабындар кеңі-
нен қолданылады. Глицериндік сабынның негізінің үлгісі (%): 
Сиыр майы қышқылы 65,0 
Кокос майы қышқылы 30,0 
Майсана майының қышқылы
5,0 
Миристиндік, пальмитиндік жəне стеариндік
қышқылдар (2:1:1)
20,0 
Глицерин
10,0 
1,2-пропиленгликоль
17,0 
Натрий гидроксиді (49 %-дық ерітінді)
36,0 
Триэтаноламин
14,0 
Ағартылған қант
20,0 
Этанол (96 %)
20,0 
Тазартылған су жəне т.б.
28,0 
Триэтаноламиннің орнына мөлдір сабынның басқа нұсқасында 
сілтілік аминқышқылдары (мысалы, аргинин) жəне сорбитолдан 


179 
тұрады. Ондай иіс сабындар, əдетте 45-50 % май қышқылдарынан 
тұрады. 
Арнайы иіс сабындар ерекше топқа жатады. Арнайы қосым-
шалар бактерицидтік жəне дезодирлеуші əсерге ие болады жəне 
жалпы тұтынушыларға арналған. Олардың белсенді бастауы 
болып галогенденген фенол туындылары, дифенилденген эфирлер, 
дифенилдер, анилиндер, мысалы, салицил жəне трихлорсіркесулық 
қышқылынікі табылады. Фенолдық түрдің ең танымал бактери-
цидьтері болып гексахлорофен табылады, ол қазіргі уақытта шек-
теулі түрде қолданылады жəне 2 %-ға дейін триклозан қолданады. 
Көптеген хлорлы бактерицидтер фотосенсибилизатор болып табы-
лады жəне сезімтал терілерге дерматиттер шығаруы мүмкін. Бром 
туындыларын хлор туындыларына қарағанда тері жақсы көтереді, 
алайда олардың əсері төмендеу жəне қымбат тұрады. Галоген 
туынды бактерицидтер рН жəне концентрациялардың кең интер-
валында əсері жақсы болады. Олар сабынның кейбір құрамдас 
бөліктерімен белсенді əрекеттесіп, бояғышты түссіздендіре алады 
жəне оның тиімділігі май қышқылдық құрамға да байланысты. 
Антисептикалық əсерді кеңейту жəне синергизмге қол жеткізу 
мақсатында сабындарға, əдетте екі немесе бірнеше түрлі бактери-
цидтерді қосады. Мысалы, 0,1 % триклозанды гексахлокрофенге 
жəне/немесе 3,4,4'-трихлоркарбанилидке қосу олардың иіс сабын-
дағы бактерицидтік əсерінің спектрін кеңейтеді, əсіресе грамтеріс-
теуші микроағзаларға қатысты. Құрамында галогені бар бактери-
цидтерге жəне оларға сəйкес хошиістерге тұрақтандырушы əсерді 
лимон жəне аскорбиндік қышқылдардың туындылары атқарады. 
Кейбір бактерицидтік əсер хошиістердің жиынтығы арқылы 
жүруі мүмкін. Сабынның иіс жою қасиетін қабық қышқылы мен 
оның 2,5 % концентрациялы метил эфирі қамтамасыз етеді. Кейде 
иіс жоюшы сабындарға мырыш рицинолеаты мен ундецилендік 
қышқылдың туындыларын енгізеді. Үшіншілік аминдердің тотық-
тары «Део» сабынының белсенді құрамдас бөлігі болып табылады. 
Арнайы медициналық сабындарда фенол, тимол, b-нафтол, йодо-
форм, күкірт, қарамай, ихтиол жəне басқа емдеу компоненттерінен 
тұруы мүмкін. Иіс жоюшылық əсерге ие сабындар АҚШ иіс сабын 
нарығының 46 %-ын құрайды. 
Қатты судағы иіс сабындардың пайдаланушылық қасиеттерін 
сақтауға олардың синтетикалық СБЗ – кальцийлік сабынның 


180 
диспергаторлары кіреді. Осы айтарлықтай кең жəне құрамы 
бойынша əртүрлі санатқа аралас (қоспалы) сабындар жəне де син-
тетикалық кесектік жуу заттары (СКЖЗ) кіреді, олардың белсенді 
негізі 10%-ға дейін сабыннан тұрады немесе оларда сабын мүлде 
болмауы мүмкін. Синтетикалық СБЗ қатты суда коллоидтық еру-
шіліктің қажетті деңгейін, ванна қабырғаларында сабын қалдық-
тарының жабысып қалмауын жəне де жақсартылған көпірік түзуші 
жəне жуушылық əсерді қамтамасыз етеді. СБЗ, кальцийлік 
сабынның диспергаторлары ретінде келесілер қолданылады: май 
қышқылдарының оноглицеридтері жəне алкилоламидтерінің суль-
фаттары, алкилсульфаттар жəне алкил-этосисульфаттар, ацил-
тауридтер, жартылай эфирлер жəне сульфоянтарлық қышқылдың 
полуамидтері, олефинсульфонаттары, СБЗ иондалмаған а-сульфо-
карбондық жəне сульфосірке суы қышқылдарының туындылары, 
ионогенделмеген СБЗ. Əсіресе сульфобетаиндік типті амфолиттер 
қымбат жəне дайындауда қиын болса да, тиімді болып келеді, олар 
суда əрекет ете алады. Соңғы уақытта ациламинқышқылды жəне 
карбоксиметилатты аралас сабындар патенттелуде.
Қатты майланатын қосымшаларға СБЗ араластырғанда бей-
тарап рН-ты жəне теріге төмен тітіркенушілік деңгейлі сабындар 
алады. Дерматологиялық тұрғыдан алғанда қолайлы болып сабын-
ның ацилизэтионаты мен натрий N-ацил-N-метилтаураты бар 
сабындар табылады. 
Натрий ацилизэтионаты, негізінен, «Левер Бразерс» фирма-
сының АҚШ-тың ең танымал сабындарының ондығына енетін 
«Део» иіс сабынының құрамында кездеседі. 
Осы сабынның құрамы, %: 
Натрий ацилизэтионаты, кокос
50-60 
Стеариндік қышқыл
25–27 
Натрийлік сабындар
1–10 
Қатты майлағыштар жəне сабындалмайтын
заттар
1–8 
Тазаланған су
100,0 дейін 
Қатты майлаушылар ретінде май қышқылдарының эфирлері 
мен ланолин туындылары қолданылады. Осы сабынның бір түрі
2% силикондық майдан тұрады. 3,4',5-трибромсалициланилид 
жəне гексахлорофен типті гермицидтерді қосуға болады. Сабын 
жақсы көпіреді, деформацияға тұрақты жəне 7,3 су ерітіндісінің


181 
1% рН-ы бар, ал майлы иіс сабында рН>9 болады. Теңіз суында 
жоғары көпірік түзуші жəне жуушы қабілет қаттылық иондарын 
байланыстыратын қосымша заттарды қосумен қамтамасыз етіледі 
(%): 
Тал сабыны
54,7 
Натрий ацилизэтионаты, кокос
35,3 
Натрийкарбоксиметилцеллюза
2,0 
Натрий метасиликаты
1,0 
Тазартылған су
100,0 дейін. 
Сиыр майының қышқылындағы жақсы көпірік пен сабынның 
ерушілігі С
6

10
қышқылдарында алынған қысқа тізбекті аци-
лизэтионаттармен қамтамасыз етіледі. Жақсартылған дерматоло-
гиялық қасиеттер мен көпіріктің кремділігі бар араласқан сабын-
дардың құрамдары белгілі, олар 16%-ға дейінгі еркін май қышқыл-
дары жəне 10 %-ға дейінгі ацилирленбеген натрий изэтионатынан 
тұрады. Алифаттық қышқылдардың тауридтері кальцийлік сабын-
дардың тиімді диспергаторлары болып табылады. Құрамында 
алкилсульфаты бар аралас сабындар кеңінен таралған, алайда олар 
сілтілік иіс сабынмен салыстырғанда теріге тітіркенушілік əсері 
бар. Қарапайым иіс сабынның алдындағы СКЖЗ артықшылықтары 
қатты, əсіресе теңіз суда көрінеді. Олар теріге жағымды майдалық 
береді, шашты жақсы жуады, оларға жібектей нəзіктік пен табиғи 
жылтырлық береді. Осы мағынада СКЖЗ шампуньдарға, душқа 
арналған препараттарға ұқсас жəне осыған ұқсастық СБЗ 
компоненттік құрамына, кейбір қосымшалар таралады: қатты 
майландырғыштар, теріні жұмсарту жəне гидратациясына септігін 
тигізетін заттар, стабилизаторлар жəне т.б. енеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет