О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева



Pdf көрінісі
бет70/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82
химия рус (1)

Алғашқы сабындалу 
желімдік қалдықта келесідей жүргізіледі. 
Бұрынғы қайнатулардан қалған желім қалдығын тұздарға тек-
середі. Егер де онда көп тұз болса, онда желімге ыстық су қосады 
жəне оны біртекті болғанға дейін қайнатады. Сол кезде буды 
өшіріп, қысқа мезгілді тұрақтандырудан кейін сабындалған сілтіні 
ағызады. Одан кейін ыдысқа бірмезгілде жəне біртіндеп май мен 
ащы натрий ерітіндісін жəне де сабынды сілтіні қосады. Соңғы-
сының көлемін сабындау соңында 47-49 % май қышқылдары бар 
сабынды желімді алу үшін реттейді. Сабындалуды аяқтау үшін 
ащы натрийдің жетіспейтін мөлшерін қосады. Қалғаны таза 
ыдыста жүретін сабындалу сияқты жүреді. 
Алғашқы тұздау алғашқы сабындалудан кейін орын алады. 
Мұнда қаныққан ерітіндіде қайнатылған тұзды (салыстырмалы ты-
ғыздығы – 1,2) үзіліссіз жəне қарқынды емес қайнату кезінде қоса-
ды. Тұз ерітіндісі ыдыстың құрамындағы ерітінді ядро мен сабын-
далған сілтіге оңай бөлінетін қойыртпақ болуы үшін қосылады. 
Тұз ерітіндісінің соңғы мөлшерін енгізген соң, бақылау үшін 
20 минуттан кем емес етіп қайнатуды жалғастырады жəне 
ешқандай ауытқулар орын алмаса, буды жауып, қойыртпақты 2-4 
сағатқа қалдырады. Бұл кезде ыдыста екі анық көрінетін қабат 
шығуы қажет: ядро жəне алғашқы сабынды сілті. Суытылған ал-
ғашқы сабындалған сілті ыстық күйінде 0,8 % май қышқылдары-
нан, 0,1 % еркін сілтіден, 7-9 % натрий хлоридінен жəне 8-12 % 
глицериннен тұруы қажет. 
Тұздау дұрыс жүргізілсе, ыдыстан алғашқы сілтіні ағызған 
соң, одан кейін бірден сабындалған желім емес, ядро шығуы қажет. 
Сабындалған сілтінің мөлшері майдың 80-90 % мөлшерін немесе 


185 
ялро көлемінің 50-55 %-ын құрауы қажет. Алғашқы сабындалған 
сілтіні ыдыстан жинағыш қорапқа салады, онда суытудан кейін 
жəне сабынның бөлігін ерекшелеуден кейін оны глицеринге 
өңдейді. 
Тұздаудан кейін сабындалған ядрода əлі де 2,6-4 % глицерин 
қалады. Глицериннің жоғалуын азайту үшін тұз ерітіндісімен 
екінші ядроны жууды жүргізу қажет. Бұл үшін ыдыста қалған 
ядроны желімнен арылтады, оған ысыту кезінде пармен ыстық су 
жəне тұз ерітіндісін қосады. Олардың қосынды көлемі ыдыстан 
ағызып алынған алғашқа сабындалған сілтіден көп болмауы қажет. 
Қайталап тұздау үшін 20 %-дық ерітінді түріндегі қайнатылған тұз 
қолданылады. Қалдырудан кейін 1,5-2 сағат өткен соң екінші 
сабындалған сілтіні аралық қорапқа салады, ол суыған соң оны 
глицериндік бөлімге өткізеді.
С
10

16
фракциялы май қышқылдарының синтетикалық май-
лары мен кокос майының екінші сабындалуын басқа майлардан 
бөлек жүргізеді, себебі кокос майы мен С
10

16
фракциялы май 
қышқылдарының интетикалық майлары желімдік майлар тұздау 
үшін олардан жоғары шекті электролиттер концентрациясын талап 
етеді. Егер де сабындау процесін басқа майлармен қоса жүргізсе, 
онда алғашқы тұздау кезінде бірінші сабындалған сілтіні бөлу 
үшін жоғары концентрациялы электролитті пайдалануға тура келу-
ші еді, бұл сілтіні глицеринденген цехтағы өңделуін қиындатады. 
Кокос майы мен синтетикалық май қышқылдарын сабындау 
кезінде екінші тұздау процесінде түзілуші сабынды тұздау ащы на-
трийдің қатты ерітіндісімен жүргізіледі, ол кейіннен екінші сабын-
далған сілті түрінде алғашқы сабындалу үшін қолданылады. 
Сабынды ащы сілті ерітіндісімен өңдеу нəтижесінде сабынды 
желімді тұздау кезінде кокос майы мен С
10

16
фракциялы май 
қышқылдарының синтетикалық майларын екінші сабындаудан 
кейін сабын кірлерден жақсы тазарады. Кокос майы мен май 
қышқылдарының синтетикалық майларын қосу екінші сабындалу 
процесінде сабын қайнату ыдысына пайдалы қосуды үлкейтуге 
мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет