О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


 Эмульсиялардың типін анықтау



Pdf көрінісі
бет8/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
химия рус (1)

1.4. Эмульсиялардың типін анықтау 
Эмульсияны алу процесінде, əсіресе диспергациялық əдістері-
мен алғанда бірінші сұйықтықтың да, екінші сұйықтықтың да 
тамшылары түзіледі. Бірақ уақыт өте келе бірінші сұйықтықтың 
тамшылары сақталады жəне біртіндеп жиналады, ал екінші сұйық-
тықтың тамшылары лезде коалесценцияға ұшырайды. Егер май 
тамшылары жиналатын болса, онда тура эмульсия М/С түзіледі, 
егер судікі болса, кері эмульсия С/М түзіледі. Түзілген эмульсия-
ның типі көптеген факторға байланысты болады, бірақ көбінесе 
эмульсия табиғатымен анықталады. Банкрофт ережесіне сəйкес, 
эмульгаторды жақсы ерітетін немесе оны жақсы жұқтыратын (егер 
ұнтақ болса) сұйықтық дисперсиялық орта болады. Осылай 
эмульгатор табиғатын біле отырып, түзілген эмульсия типін айтуға 
болады. Бірақ мұндай бағалау эмульсия көп компонентті болғанда 
дəл нəтиже бермейді.
Эмульсиялардың типін анықтаудың бірнеше тəжірибелік 
əдістері бар. 
Сұйылту əдісі. Суы бар пробиркаға эмульсия тамшысын та-
мызады, оны ақырын шайқағанда ол М/С эмульсия типі болса ғана 
бүкіл су көлеміне жайылады. Егер де бұл кері эмульсия (С/М) бо-
латын болса, онда тамшы майдаланбайды. Бұл тəжірибе сұйылтыл-
ған эмульсиялар жағдайында жақсы нəтижелер көрсетеді.
Гидрофобтық бетке жұғу əдісі. Эмульсия тамшысын парафин 
пластинкасының бетіне тамызғанда дисперсиялық орта май 
(эмульсия типі С/М болса) болатын болса, тамшы жайылып кетеді. 


18 
Үздіксіз фазаны анықтау. Эмульсия тамшысын жəне қатар 
бояғыш заттың суда еріген бірнеше кристалдарын микроскоптық 
шыны пластинкаға қояды. Тамшы мен бояғыш зат бір-бірімен жа-
насатындай, пластинканы қисайтады. Егер де үздіксіз орта бояла-
тын болса, онда эмульсия М/С типті болады. Керісінше жағдайда 
тəжірибені эмульсия С/М типті екенін дəлелдеу үшін майда еритін 
бояғыш затпен қайталайды. Суда еритін бояғыш заттар, мысалы, 
метилоранж жəне бриллиантты көк, ал майда еритін судан ІІІ бо-
лып табылады. Сынауыққа эмульсияның шамалы көлемін құйып
жəне суда еритін бояғыш заттың бірнеше түйіршіктерін қосып, 
осы сынаманы жүргізуге болады. Сұйықтықтың біркелкі боялуы 
эмульсияның М/С типті екенін көрсетеді. Осы əдісті 1960 жылы 
Троннер жəне Бассюс əрі қарай дамытты. Алдымен, сүзгі қағазын 
кобальт хлоридінің 20%-дық ерітіндісімен суландырады, сосын 
кептіреді, оған эмульсия тамшысын тамызады. Типі М/С болатын 
эмульсияда алқызыл түс тез пайда болады, ал С/М типті эмуль-
сияда ешқандай түстің өзгеруі байқалмайды. Егер эмульсия М/С 
жəне С/М типті болатын болса, онда əлсіз алқызыл түс баяу пайда 
болады. 
Жылу өткізгіштігін өлшеу. Эмульсияға ауыспалы ток көзіне 
жəне неон шамына жалғанған екі электрод салады. Егер эмульсия 
М/С типті болса, неон шамы жанады, себебі сулы үздіксіз ортаның 
майлыға қарағанда электр өткізгіштігі көп болады.
Эмульсия фазаларының ауысуы. Көптеген эмульсиялардың 
спецификалық қасиеті – фазалардың ауысуы – эмульсия типінің 
өзгеруі. Фазалардың ауысуына:

компоненттің көлемдік концентрациясы; 

эмульгатор табиғаты; 

эмульгатор концентрациясы; 

температура; 

эмульсиялау процесінің динамикасы əсер етеді. 
Егер сабынмен тұрақтандырылған М/С эмульсиясына кальций 
хлоридін қосқан болсақ, онда эмульгатор кальцийлі күйге ауысады 
жəне эмульсия ауысады, яғни майлы фаза – дисперсиялық орта, ал 
сулы фаза – дисперстік фаза болады. Бұл кальцийленген сабын 
суға қарағанда майда жақсы еруімен түсіндіріледі: 


19 
2RCOONa + CaCI
2
→ (RCOO)
2
Ca + 2NaCI 
 
Фазалар ауысу процесінде, алдымен, эмульсияның екі типі де 
түзіледі, сосын біреуі, тұрақтылығы жоғары жүйе қалады. Бұл кез-
де көптеген күрделі эмульсиялар пайда болады: М/С эмульсиясына 
кіретін май тамшылары С/М эмульсиясы болуы мүмкін жəне т.б. 
Фазалар ауысу үшін фаза көлемдерінің қатынасының маңызы зор.
Белгілі бір жағдайда эмульсия фазаларының ауысуы ұзақ меха-
никалық əсер еткеннен кейін пайда болуы мүмкін. Осылай, егер 
сүтті былғайтын болсақ, жай аралас типті эмульсия болатын сүт 
майының түзілуіне алып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет