О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


 Сұйылтылған суспензиялардың седиментациялық



Pdf көрінісі
бет19/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
химия рус (1)

2.4. Сұйылтылған суспензиялардың седиментациялық 
тұрақтылығы 
 
Суспензияның седиментациялық тұрақтылығы – бұл жүйенің 
бөлшектерді уақыт бойынша бүкіл көлемде таралуын сақтау 
қабілеті, басқаша айтқанда, жүйенің ауырлық күшіне қарсы 
əрекет ету қабілеті. 
Көптеген суспензиялар полидисперстік жүйе болғандықтан, 
құрамында броундық қозғалысқа қатыса алмайтын ірі бөлшектері 


49 
бар суспензиялар седиментациялық (кинетикалық) тұрақсыз жүйе-
лер болып табылады. Егер бөлшектердің тығыздығы дисперсиялық 
ортасының тығыздығынан аз болса, онда олар қалқып шығады, ал 
егер көп болса, шөгеді. 
Суспензияның шөгуін зерттеу бірінші кезекте тұнбаның 
жинақталу қисықтарын (седиментациялық қисықты) алумен бай-
ланысты m=f(t). Жинақталу қисықтары екі түрде болуы мүмкін: 
майысу жəне майысусыз. Седиментациялық қисықтың түрі 
седиментацияланатын суспензияның агрегаттық тұрақты немесе 
тұрақсыз болуына тəуелді болады. Егер шөгу бөлшектердің іріле-
нуімен, соған сəйкес шөгу жылдамдығы өсетін болса, оны шөгу 
қисығында майысу нүктесі пайда болады. Егер суспензия агрегат-
тық тұрақты (коагуляция жоқ) болса, онда тұнба қисығында 
майысу нүктесі мүлдем жоқ болады. Осы екі жағдайда алынған 
тұнбалардың сипаты əртүрлі болады. 
Агрегаттық тұрақты суспензияларда
бөлшектердің шөгуі 
баяу өтеді жəне өте тығыз тұнба қалыптасады. Бұл беттік қабат-
тардың бөлшектердің агрегатталуына қарсыласуымен түсіндірі-
леді; бір-бірімен сырғанау арқылы бөлшектер минималды потен-
циалды энергия күйіне көшуі мүмкін; басқаша айтқанда, тығы-
зырақ орналасуы мүмкін. Бұл жағдайда бөлшектер арасының 
қашықтығы мен координациялық сан: 
– ауырлық күшінің; 
– бөлшектердің молекулааралық тартылуының; 
– суспензияның агрегаттық тұрақтылығын қамтамасыз ететін 
бөлшектердің арасындағы итеру күшінің арасындағы қатынаспен 
анықталады. 
Агрегаттық тұрақсыз суспензияларда
бөлшектердің шөгуі 
агрегаттардың түзілу нəтижесінде тезірек жүреді. Бірақ бөлінген 
тұнба бірінші жанасу кезінде бөлшектер өзара кездейсоқ орнала-
суын сақтайтындықтан олар өте үлкен көлемді алады, олардың 
арасындағы байланыс күші олардың ауырлық күшімен шамалас 
немесе одан да көп. Пайда болған агрегаттардың немесе флокуль-
дардың анизотропиясы байқалады. Зерттеулер үлкен седимента-
циялық көлемді тұнбалар алынатын спиральды немесе тізбекті 
алғашқы агрегаттар мүмкін болатынын көрсетті.
Агрегаттық тұрақты жəне тұрақсыз жүйелерде седимента-
циялық көлемнің айырмашылығы, егер бөлшектер орташа өлшемді 


50 
болса, анығырақ байқалады. Егер бөлшектер ірі болса, онда сус-
пензия агрегаттық тұрақсыз болғанына қарамастан, тұнба тығы-
зырақ болады, өйткені ауырлық күші бөлшектердің байланысу 
күшінен айтарлықтай басым болады. Егер де бөлшектер өте ұсақ 
(майда) болса, онда агрегаттық тұрақты жүйеде ауырлық күшінің 
аз болуына байланысты қозғалғыш тұнба алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет