О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет25/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
химия рус (1)

 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Қандай жүйелер суспензиялар деп аталады? Олардың лиофобтық 
жүйелерден айырмашылығы? 
2. Суспензиялар қандай қасиеттері бойынша жіктеледі? 
3. Суспензиялар катализаторы ретінде қай класс өкілдері қолданылады? 
Тұрақтылықтың қандай факторлары жүзеге асады? 
4. Сенсибилизация дегеніміз не? 
5. Сұйылтылған суспензиялардың бұзылуын атаңыз. 
6. Суспензиядағы құрылымның түзілу мүмкіндігі немен анықталады? 
Құрылым түзілуге қандай факторлар əсер етеді? 
7. Пастардың қасиеттерін атаңыз. Механикалық қасиеттері. 
8. Тиксотропия дегеніміз не? Сандық сипаты? 
9. Синерезис құбылысы пасттарға тəн бе? 
10.
Бөлшектердің қисық орналасу интегралы деп қандай график аталады? 
Бұл қисықтан қандай мəліметтер алуға болады? 
11.
Дифференциалды орналасу қисығы қалай түзіледі? Қандай мəліметтер 
алынады? 
 
 
 


64 
ІІІ тарау 
 
КӨБІКТЕР 
 
Көбік сұйық-қатты дисперстік ортадағы газдың немесе ауаның 
дисперсиясы лиофобтық жүйелерге жатады. Сұйылтылған газды 
дисперсиялар газды эмульсиялар немесе шар тəріздес көбіктер деп 
саналады, оларда газдың концентрациясы аз, ал сұйық қабаттар-
дың қалыңдығы газ көпіршіктерінің көлеміне байланысты болады. 
Көбіктер дөрекі дисперсті жоғары концентрлі дисперсті жүйе, 
дисперстік фазасы көбік газдары, ал дисперсті ортасы жұқа 
қабықшадан тұратын сұйықтық болады. Көбіктерді мынадай 
белгілермен белгілейді Г/С. 
Көбіктер микроразмерлі болып келеді. Көбіктердің размерлері 
10 см-ге дейін болатындықтан дөрекі дисперсті дейміз, термин 
«жоғары концентрлі» деп жүйеде газ көбіктерінің концентрациясы 
74% жоғары болғандықтан, дисперстік концентрациясы 74% төмен 
болса, онда көбік газы формула сфера болады. Ол жүйе газды 
эмульсия болады. Олардың көбіктен айырмашылығы құрылысы 
жоқ жүйе. Газдың көбіктерінің макроразмері болғанымен көбіктер 
микрогетерогенді жүйе. Оның қалай болу себебі жұқа қабықшадан 
тұратын дисперсті ортасының (сұйықтық) размері микроразмерлі. 
Көбіктердің маңызы зор, олар əртүрлі өндірістерде, тұрмыста, кір 
жуу, тазалау əдістері, өрт сөндіру, флотация процестерінде кеңінен 
пайдаланылады. Көбіктердің тағы да қолдану аумақтары: мұнай, 
газ өндіру, шаңды басу, дəрі-дəрмектердің жаңа түрлерін жасау, 
экологиялық мақсатта қолдану, құрылыс материалдарын өндіру, 
жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі торттар мен балмұздақ дайындауда 
белоктық көбіктерді жасайды. 
Газдың сұйықтағы дисперсиясы газды эмульсия немесе шар 
тəрізді эмульсия деп аталады. Ал қатты денелердегі газ диспер-
сиясы қатты көбік болып табылады. Сұйық газ көпіршіктерінің 
арасындағы Плато-Гиббс каналдары арқылы ағады. Газды эмуль-
сия көпіршіктері бір-бірінен бөлек жəне сфера тəрізді (олардың 
көлемі онша үлкен болмаған жағдайда) болады. Тұрақты көбік 
болып формасы полиэдрлі көбік саналады. 
Көпіршіктің геометриялық формасы дисперсті орта мен дис-
персті фаза, яғни сұйық пен газ арақатынасына тікелей байланысты. 


65 
Тұрақсыз көбіктің көпіршік формасы, əдетте дөңгелек болады. 
Мұндай көбіктерде Плато эффектісі байқалады. Ол ауырлық күші 
əсерінен газды көпіршіктер аралығындағы сұйықтық ағып кетіп 
коалесценсия (лат. сoalesce-бірігу) құбылысы жүреді. Яғни көрші 
көбіктер бір-бірімен бірігіп, үлкен көпіршік (қуыс) түзу процесі. 
Нəтижесінде көбік жойылады. 
Тұрақты көбік көпқырлы жəне сұйық фаза көлемі аз болғанда 
түзіледі. Бұндай көбіктерде газды көбіктер бір-біріне жақын орна-
ласып, жұқа серпімді қабаттарымен бөлініп тұрады. Осы серпімді 
қабаттардың серпімді күші олардың коалесценсиялануына жол 
бермейді. Көпіршіктер көбейіп, полиэдр формасын түзеді. 
Көбіктің құрылымы келесі геометриялық шарттар арқылы 
анықталады: 
1. Көп қырлы полиэдрдің əр қабырғасында бұрыштары 120
0
болатын үш қабат түйіседі. Олардың түйісу нүктелері үшбұрыш 
түзеді (Плато-Гиббс каналдары). 
Полиэдрлі көбіктердің моноқабаты гексагональды орналасқан 
реттелген құрылымда болады. Көпіршіктердің арасындағы сұйық 
қабыршақтары Плато үшбұрышын береді (7-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет