О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева



Pdf көрінісі
бет44/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82
химия рус (1)

11-сурет.
Косметикалық эмульсияны 
алатын құрал 


107 
сында оған ауаның кірмеуін қатаң қадағалау қажет. Егер аралас-
тырғыштың өзегі сұйықтыққа бірде тиіп, бірде тимей тұрса 
(мысалы, аз мөлшерін əзірлегенде немесе гомогенизация кезінде) 
ауа кіріп кетуі мүмкін. Эмульсияға ұсақ көпіршек (пузырь) сияқты 
боп ауа кірсе, құрылғыны вакуумдеу арқылы жоюға болады. 
8.2. Ерітінділер 
 
Ерітінділер 
мақсатты түрде арнайы алынған ыдыста құрамдас 
бөлшектерін араластыру жəне қажет болған жағдайда бірден 
жылыту арқылы дайындалады. Түсінің мөлдір болуына байла-
нысты ерітіндінің дайын, дайын емес екендігін анықтауға болады. 
Ал коллоидты ерітінділерді алған кезде олардың дайын, дайын 
еместігін ерітіндінің тұтқырлығына қарап анықтайды.
Қатты қоспалар. 
Ерінге жағатын далап, кірпікке жағатын 
тущь, тағы да басқа косметикалық құрамдар ыстық күйде аралас-
тырылып, жылытылған пішіндерге құйылып, біртіндеп салқында-
тылады.
Ықшамдалған опа сияқты брикеттендірілген массалар құрғақ 
күйінде араластырылып, суық күйінде механикалық əдіспен қажет 
көлем мен пішінге келгенше нығыздалады.
Суспензиялар. 
Тырнаққа жағылатын лак суспензиялардың 
ішіндегі маңыздыларының бірі болып табылады. Суспензияларды 
əдеттегідей араластырады. Кішкене ыдыстар толтырылғаннан 
кейін суспензия бөлшектері түбіне тұнып қалмайтындай
сұйықтықты үнемі араластырып тұратын құрал керек. 
Өндірістегі асептика
Асептика сырттан зиянды бактерия-
лардың, көгерткіш саңырауқұлақтардың жəне т.с.с. түсіп кетуіне 
жол бермей, зарарсыздандырылған жағдайда жұмыс істеу дегенді 
білдіреді.
Абсолютті асептикалық жағдай жасау мүмкін емес. Жəне де 
пайдаланылатын консервіленген заттар кейде зиянды болып табы-
латындықтан, оларды мейлінше азайтуға үнемі талпыну байқа-
лады. Осыған байланысты косметика өнеркəсібінде асептикаға 
мейлінше жақын тиімді жағдайда жұмыс істеуге тырысады. Ол 
үшін төмендегі іс-шаралар жүзеге асырылады: 
– шикізаттың барлығының құрамындағы зиянды заттар тек-
серіледі; 


– құрамдарды əзірлеуге арналған ыдыстардың барлығы 
зарарсыздандырылады. Мысалы, 100-120°С температурада апта 
сайын ұзақ қыздыру арқылы;
– қолданылатын су пайдаланар алдында зарарсыздандыры-
лады. Мысалы, ультракүлгін сəуле арқылы; 
– құрамдарды əзірлеген кезде тазалық мейлінше сақталады. 
Мысалы, арнайы киім күн сайын ауыстырылады, т.с.с. 
Табиғи өнімдердің микроағзалар əсеріне аса сезімтал екендігі 
белгілі. 
Сондықтан табиғи өнімдер негізінде композицияларды əзірле-
ген кезде жоғары температураны жиі қолданудың қажеті жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет