«Ө. А. Жолдасбеков атындағы экономика және қҰҚЫҚ академиясы» КӨп профилді оқУ-Ғылыми өндірістік кешені мекемесі учреждение «много профильный учебно-научно-производственный комплекс «академия экономики и права имени у. А. Джолдасбекова»


Информатиканың педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және эстетикалық аспектілері



бет4/7
Дата09.03.2016
өлшемі2.68 Mb.
#47387
1   2   3   4   5   6   7

4. Информатиканың педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және эстетикалық аспектілері


Бүгінгі күні білім беру жүйесінде информатиканы оқытуды енгізіп, оның әдістемесін жасау – педагогикалық және психологиялық ғылымдардың алдына көптеген өзекті мәселелер қойып отыр. Бұл мәселелердің негізгілеріне компьютерлік техниканы қолдану қажеттілігін жатқызуға болады.

Компьютер - қаншалықты оқу процесінде негізгі рөл атқарғанымен, ол оқытушыны айырбастай алмайды. Информатиканы оқыту әдістемесінде - компьютер оқушыларға қарым-қатынас жасауда басқарушы әрекетін орындайды, оқыту мәселелерін таңдап алады, оларды шешу жолдарын бақылайды және оқушыларға көмек беру мөлшері мен сипатын анықтайды.

Психологиялық теорияларды жете зерттеуге, білім саласында информатика пәнін оқыту әдістемесінде, оқытуды жобалау және жаңа ақпараттық технологиямен қамтамасыз етуге байланысты мәселерді шешуде, олардың өзектілігін анықтап беруде компьютер ерекше зор рөл атқаруда. Кейбір мәліметтер компьютерді қолданып оқытудың, әсіресе оқушылардың білім алу барысында және бастапқы қарым-қатынасты модельдеу барысында таптырмайтын құрал екендігін көрсетіп отыр. Ақпараттар мен жұмыс жасау қаншама пайдалы болса, соншалықты кері әсері де болуы мүмкін. Бала интернеттегі қызыққа бір берілген соң, одан өзін алып шығу қиынға соқпақ. Сондықтан, бастауыш сыныптарға информатика элементтерін пән аралық байланыс негізінде оқытудың жүргізілуінде техникалық, гигиеналық және эргономикалық талаптардың бар мүмкіншіліктерін пайдаланған жөн.

Экономикалық ақпараттанудың педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және эстетикалық аспектілері.

Сонымен қатар, экономикалық ақпараттанудың педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және эстетикалық аспектілері қарастырылып оларға жеке-жеке анықтамалар беріледі.
Дәріс3. ДИСКРЕТТІ МАТЕМАТИКАНЫҢ НЕГІЗІ

Компьютерді программалармен қамтамасыз ету үшін жүйелік, сервистік және қолданбалы программалар қолданылады.



Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыста бір-бірімен біріге отырып жүмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі.

Алдын ала келісім (соглашение) нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды.

Үнсіз келісім (по умоланию) егер жүмыс істеп отырған адам айқын түрде нүсқамаса, көрсетілген немссе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін (басқа да варианттары болғанда) алдын ала тағайындайды.

Интерфейс - программалық жабдык пен жүмыс істсйтін адам арасындағы сүхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.

Программалық жасақтама - информациялык технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды. ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:



  1. жүйелі программалық жасақтама;

  2. қолданбалы (кәделі) программалық жасақтама.
    Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жүмысын басқарып, жмыс істеп отырған адамдЫ қолданбалы программалармен байланыстырады.

Жүйелі программалық жасақтаманы бірнеше топқа жіктеуге болады:

  1. операциялық жүйелер;

  2. утилиттер;

  3. сервистік программалар.

Операциялық жүйелер - компьютерді басқаруға арналған қолданбалы программалармен байланысы бар нақты пограмма. Дербес компьютерлер үшін ке тараған операциялык жүйелерге MS (PC) DOS,WІNDOWS 98, WІNDOWS 2000, WІNDOWS NT, OS/2, UNІX жатады.

Дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелерде барлығы да тек бір адамдық болып табылады

WІNDOWS 98,WІNDOWS NT, OS/2, UNІX көп мақсатты жүйелер болып саналады Көптеген ІBM - үйлесімді компьютерлер дискілік MS DOS операциялық жүйесі мен көп терезелі WІNDOWS графикалық операциялык жүйесін пайдаланады.

Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретшде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компьютердің жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретш программаларды (тест программалары) айтуға болады.

Сервистік программалар - әрбір адамның операциялык жүйемен жүмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді. шығарамыз. Мүндай программалар "қолданбалы (приложение) деп те аталады. Қолданбалы программалар Са алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатын куатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік процессор, графикалық редактор, баспаханальіқ жүйелер т.б.), ғылыми мәселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.



Қолданбалы (кәделі) программалық жасақтама - белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жасақтама әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мүндай программаларды жүмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.

Дербес компьютерлердің кең тарауына басты себеп олардың алдын ала дайындалған әмбебап программалық жабдықтамаларының кең таралуы еді, бүл программалар тек бір есепті шығарып қана коймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жүмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алатын болды.

Әртүрлі информацияларды өңдеуге мүмкіндік беретін әмбебап программалық жасақтың негізгі түрлері мыналар:


  • мәтін редакторлары;

  • графикалық редакторлар;

  • электрондық кестелер;

  • оқыту және ойнау программалары;

  • информациялық жүйелер және т.б.

Мәтіндік информацияларды даярлау мен өңдеуге арналған программалар мәтін редақторы деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жүмыс істейтін адамдар әртүрлі ессп-қисаптар мен қүжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін -ытында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитта (латын, орыс, казак) катар пайдалануға, кұжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді. Кең тараған мәтін редакторларына Місіrosoft Word, PageMaker, WordPerfect т.б. жатады.

Электрондық кестелер жүйесінде миллионная аса торлар (ұялар) болады, олар першлермен информацияны енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютерде жазу арқылы толтырылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген әрекеттер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондык кесте жүйелері Lotus 1-2-3, SuperCalc, QuatroPro, Excel сияқты программалар жатады.



Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез келген жан әуестенетін топқа жатады. Дербес компьютерлердің кеңінен тарауына да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар - демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса әуестснудің зиян екенін есте сақтаған жөн.

Іс программалары қызметте керекті әртүрлі информация-ларды дайындау, сақтау және өңдеу үшін кеңінен қолданылып жүр. Бүлар іс қағаздарын жүргізуді компьютрлсндіру кезінде қүжаттар дайындау, жүмыс кестелерін жасау, кезекшілік графиктерін салу сияқты әрекеттерде де өте ыңғайлы болып табылады.

Информацияның көптеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы үйымдастыру жүмысында информациялық жүйелер қолданылады. Бұларға мәліметтер базасы, кітапханада информация іздеу жүйелері, театрларда, әуе жолында және темір жолдағы билет сату мен оларға тіркеу тәсілдері жатады. ЭЕМ желілері мен информациялық коммуникациялар негізіндегі осы сияқты жүйелерді жасау мен дамыту қоғамымызды информацияландыру бағдарламасының ірге тасын қалайды.

Болашағы бар информациялық құралдарға білімдер базасы мен эксперттік жүйелерді жатқызуға болады. Олардың көмегімен кейбір мамандық салаларында эксперттер тәртібін модельдеу арқылы медициналық тақырыптардан консультациялар мен әртүрлі қызмег салаларынан анықтамалар беру, технологтар мен конструкторларға көмек беру істерін жүзсеге асыруға болады.

Әмбебап программалық жасақтың дамуының арқасында күрделі біріктірілген (интегралданған) жүйелер жасалынып жатыр. Олар бірыңғай командалар жүйесі арқылы бір форматты пайдалана отырып мәтін редакторын, электрондық кестелерді, графикалық редакторды, мәлімеггер базасын басқару жүйесін, калькуляторды және тағы басқаларды біріктіріп, бір интерфейс арқылы осылардың барлығын да пайдалану мүмкіндігін береді. Біріктірілген жүйелердің ішінде кең таралып, белгілі болғандарына Framework, Symphony, Master және т.б. жатады.

Мүны өзі қоғамымызда информацияландыру процестерін дамытудың негізі болады деп толығынан айта аламыз.

Операциялық жүйелермен жұмыс істеу негіздері

Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS-DOS операциялық жүйесі болатын. Бұл жүйе бір адамның жұмыс істеуіне арналған және ол бір мезгілде бір ғана мақсатты жүзеге асыратын және оның жедел жады не бары 640 Кбайтқа тең болатын. Бұл жүйенің ең соңғы варианттары қолданбалы программаларға бір Мбайттан артық жедел жадын қолдануға және программалардың бірінен екіншісіне ауысуының мүмкіндігін беретін сервистік программалармен толықтырды.

Сондықтан бұл жүйемен тек қана маман программалаушылар тікелей жұмыс жасай алады, ал басқа кез келген адам компьютермен қалауынша жұмыс жасай алмады. Осыдан барып, адам мен операциялық жүйе арасындағы байланысты жеңілдету үшін әр түрлі жүйелік қабықшалар (қоршаулар) пайда болды. Олардың ішінде ең кең тарағаны NORTON COMMANDER болды

80-ші жылдардың ортасында MS-DOS операциялық жүйесін MS фирмасы ІBM сияқты компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелермен алмастырды, олардың бірі WІNDOWS операциялық жүйесі болды. Кейін WІNDOWS графикалық ортасының жаңа версиясы WІNDOWS 3.1 бірте-бірте бұрынғы мәтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығарды. Бұл ортаның 80486 сериялы процессордың шығуына байланысты графикалық мүмкіндігі мол WІNDOWS 3.1 және WІNDOWS 3.11 версиялы ОЖ жүзеге асырылды. Осылайша WІNDOWS 95, WІNDOWS 98, WІNDOWS 2000 және WІNDOWS NT операциялық жүйелері пайда болды. Қазіргі операциялық жүйелердің мүмкіндіктері MS-DOS жүйесіне қарағанда өте жоғары.



WІNDOWS жүйесінің негізгі функциялары

Кез келген операциялық жүйе сияқты Wіndows келесі мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

- компьютерлердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;

- файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

- қолданбалы программаларды іске қосу.

Сонымен қатар Wіndows жүйесінде:

- бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;

- әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;

- масштабталатын шрифтерді қолдауды;

- мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;

- бырыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады.

WІNDOWS жүйесінің негізгі ұғымдары

WІNDOWS жүйесінің ең негізгі ұғымдарының бірі – Терезе болып табылады. WІNDOWS сөзінің нақты аудармасы «терезелерң деген сөзді білдіреді.



Терезе дегеніміз – экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, мұнда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару іс-әрекеттері жүргізіледі. WІNDOWS терезесі экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтарды - терезе шекаралары деп атаймыз. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасады. Тақырып жолына сол жағында жүйелік меню түймешіктері, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған түймешіктер орналасақан. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар, ал одан төмен орналасақан төртбұрышты аудан терезенің жұмыс аймағы деп аталады. Мұнда әртүрлі ақпараттар болады: айталық, орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т.б.

Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:



  • толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;

  • қалыпты күйдегі терезе, ол экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;

  • пиктограмма(белгі) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгіге айналған.

Шартбелгі дегеніміз - бұл экран бетіндегі кішірейтілген бейне ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияларды, файлдарды және т.б. мәліметтерді бейнелеп тұруы мүмкін. Экранда келесі түрдегі шартбелгілер кездеседі:

  • қосымша (қолданбалы) программалр шартбелгісі;

  • белгілі бір топтар шартбелгісі;

  • функциялар шартбелгісі;

Жарлықтар (shortcut) дегеніміз – белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.

Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларда іске қосуға, файлды жылдам ашуға болады және т.б. Жарлықты пайдаланғанда негізгі объектілердің өздері (файлдар, каталогтар және т.б.) өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал сол объектілермен қатынас жасау shortcut файлында сақталған ақпараттың көмегімен іске асырылады



Бумалар (folder) дегеніміз – экранда каталогтарды (WІNDOWS 98) және программалық топтарды (WІNDOWS 3.1) белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума – каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады. Каталог – ол файлдарға арналған контейнер, программалық топ – жеке программаларға арналған контейнер тағы с.с. Мұндац контейнерлер әр объектілер үшін әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ, олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді (Мысалы, жою, көшіру және т.б.).

Дәріс №4. ЭВМ-НІҢ АРХИТЕКТУРАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСНІКТЕРІ

Тізбекті қатынасты жады. Жадына ұйымдастыру тәсілдері. Жадының көлемін ұлғайту тәсілдері. Дербес компьютерді бағдарламалық қамтамасыз ету.

Қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ)-компьютерде ақпаратты автоматтандырып өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы.

Мақсаты мен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай кез келген бағдарлама екі топтың біріне: БҚ-ның жүйелік (жалпы) және қолданбалы (арнайы) тобының біріне жатады.

Жүйелік БҚ-ға:


  • операциялық жүйелер мен оларды пайдалану интерфейсі;

  • бағдарламалау жүйелері;

  • техникалық қызмет көрсету бағдарламалары жатады.


Негізгі жады

Сыртқы жады

Математикалық соопроцессор

ПЗУ


тұрақты е.с.қ.

ОЗУ

оперативті

е.с.қ.

НЖМД

Қатты магниттік диск жетегі



СНГМД

Иілгіш магнитті диск жетегі


микропроцессор



Арифметикалық логикалық құрылғы





Жүйелік шина



таймер

Микропроцессорлық жады



Желілік адаптер



Басқару құрылғысы

Видео адаптер



Принтер адаптері



Байланыс каналы



Пернетақта интерфейсі

пернетақта



монитор


принтер

Микропроцессор- дербес компьютердің орталық блогы болып табылады. Ол машинаның барлық блогының жұмыстарын ұйымдастыру, басқару үшін арналған. Микропроцессор құрамына; арифметикалық логикалық құрылғы, микропроцессорлық жады, басқару құрылғысы, интерфейстік жүйе енеді.

Басқару құрылғысы-машинаның барлық блоктарына көрсетілген уақыт мезгілінде басқару сигналдарын жібереді. Кейде оны басқару импульстары деп те атайды. Ондай импульстарды ол тактілік тактілік импульстар генераторынан алады.

Арифметикалық логикалық құрылғы.Сандық және символдық информациялар мен арифметикалық және логикалық операциялар жүргізеді.

Жалпы дербес компьютердің типі онда оналастырылған микропроцессордың үлгісімен анықталады.Мысалы, алғашқы шығарылған 8086,8088 номерлі IBM PC компьютерлерінде INTEL фирмасы дайындаған осы үлгілі 16 разрядты микропроцессорлар пайдаланылды. Олардың адрестік шинамен интерфейсі 20 разрядты және осыған сәйкес ОЕСҚ-ң көлемі 1 мбайт болатын.

ОЕСҚ (оперативті есте сақтау құрылғысы)- арифметикалық-логикалық операцияларды орындау алдында және орындау процесінде берілгендер мен программалар уақытша сақталатын ішкі жадтың негізгі бөлімі. Оның көлемі адрестік шинаның разрядтылығына байланысты.

Кестеде IBM PC типті кейбір компьютерлердің шығарылу жылдары микропроцессорларының үлгілері мен разрядтылығы, ОЕСҚ-ң сыйымдылығы көрсетулі.




жыл

Компьютер типі

Микропроцессор үлгісі

разрядтылығы

Адрестік шинаның разрядтылығы

ОЕСҚ

1

1981

IBM PC, PC, ХТ

8086,8088

16

20

1 Мбайт

2

1983

IBM PC, АТ

80286

16

24

16 Мбайт

3

1985

IBM PC, АТ

80386,80386 DX

32

32

4 Гбайт

4

1989

IBM PC, АТ

80486,80486 DX-50

32

32

4 Гбайт

Компьютер жұмысының жылдамдығы үшін, оған балама етіп, электрондық схемалардың жұмыс ритмін ұйымдастыратын электр импульстерінің тактілік жиілігі алынған. Импульстің көзі – түрлі сигналдар арасындағы үзілістерді ұйымдастырушы микросхемадан тұратын импульс генераторы (генератор-өндіруші). Кәзіргі кездегі кәсіби компьютерлерде пайдаланылатын микропроцессорлар, типіне қарай, 4-50 МГц шамасындағы тіпті 100МГц тактілік жиілікпен жұмыс істей алады.(1МГц=1000000такт/с).

Математикалық амалдарды орындауға арналған қосымша процессор да бар. Одан бөліп көрсету үшін біріншісін орталық процессор деп атайды.

Орталық процессор- ЭЕМ негізгі блогы, оның негізінде деректерді өңдеу және нәтижені есептеу жүреді.Әдетте орталық процессор бірнеше аппаратура бағанын ұсынады және температурасы, ылғалдылығы қалыпты электромагниттік өтулерден және шаңнан сақталған жеке жерде орналасады.


Дәріс №5. ЕСЕПТЕУДІҢ АЛГОРИТМДІК ШЕШІМІ, АЛГОРИТМДІК КҮРДЕЛІЛІКТІ ТАЛДАУ
4.1 Алгоритм және оның қасиеттері. алгоритмнің формальды орындалуы

Алгоритм – математика мен есептеу техникасының ілгері ұғымдарының бірі. Күнделікті тұрмыста алгоритмдерді кең түрде қолданамыз. Мысалы: Сандарды қосу - қосу алгоритмі деп аталатын қосу ережесі бойынша орындалады. Бізге квадрат теңдеудің түбірлерін табу алгоритмі, ауданды есептеу алгоритмі т.б. белгілі.

Сонымен, алгоритм – еркіндікке жол бермейтін нақты жарлық, яғни есептерді шығару тәсілі немесе есептерді шығару тәсілдерінің математикалық көрінісі. Алгоритм ұғымының мәнін ашатын негізгі қасиеттері мен ерекшеліктері туралы қысқаша мағлұматтар келтірейік.

1-ден: алгоритм (дискретті) информациялармен атқарылатын әрекеттерді тағайындау және өрнектеу үлгісі, олай болса, алгоритмге тиісті әрекеттер де үздікті. Бұл қасиет орындалатын іс-әрекеттің қатаң түрде бірінен кейін бірінің орындалуы болып табылады;

2-ден: алгоритмнің бірмәнділігі немесе түсініктілігі - әрбір ұйғарым бірмәнді түсіндірілуі керек;

3-ден: алгоритмнің анықтығы – барлық ұйғарымдар, жарлықтар атқарушыға анық болуы қажет;

4-ден: алгоритмнің жалпылығы – көпшілікке бірдейлік қасиеті, яғни бастапқы мәліметтер мәнінің жиынына арналған есептерді шығару мүмкіндігі.

5-ден: алгоритмнің нәтижелілігі - қадамдардың шектелген санынан кейін қажетті қорытынды алу мүмкіншілігі.

Әрбір алгоритм біршама бастапқы мәліметтердің болуын талап етеді және белгілі бір іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, қосу алгоритмі үшін бастапқы мәліметтерге қосылғыштар (сандар) жатады да, ал нәтижесі қосынды болады(ол да сан). Бұдан әрбір алгоритм дегеніміз – бұл бастапқы мәліметтерді пайдаланып, іздеген нәтижеге жеткізетін іс-әрекеттердің тізбегінің дәл орындалуы жөніндегі ереже. Мұндай әрекеттер тізбегінің орындалуы – алгоритмдік процесс, әрбір әрекет оның қадамы. Сонымен қатар, біз ЭЕМ-де есептерді шешу кезеңдерінің құрылымын келесі түрде береміз:

Алгоритмнің формальды орындалуы. Алгоритмнің формальды атқарылуын кесіндінің ортасын табу, ойлаған санды табу алгоритмдерін құру мен оларды атқару негізінде түсіндіруге болады.

Алгоритмнің формальды атқарылуы – бұл келесі үш ұғымның өзара байланысына байланысты: бастапқы ақпарат (есеп шарты) – алгоритм сипаты (есепті шешу процесі) – атқарушы. Есеп шарты ұғымы бізге бұрыннан таныс. Ал, есепті шешу процесі біз пайдаланатын мысалдарда екі кезеңнен тұрады:

1-ші кезең - алгоритмді құру;

2-ші кезең - алгоритмді атқару.

1-ші кезең атқарушыдан шығармашылықпен жұмыс жасауды талап етеді және атқарушы тек адам болуы шарт. Ол адам алгоритм құруды қажет ететін саладан терең білімді, әрі берілген есепті тиянақты талдай білетін және алгоритм мен (командаларының да) құру әдістерін жетік меңгерген болуы тиіс.

2-ші кезең - атқарушыдан алгоритм командаларын формальды атқаруды талап етеді, яғни есепті шешу алгоритмі дайын болса, оны атқару ешқандай ойлау процесін қажет етпейді, тек алгоритм командаларының дәлме-дәл орындалуына саяды. Міне осы жағдайда алгоритмді атқару міндетін адамға емес, машинаға жүктеуге болады.

Атқарушы берілген алгоритм бойынша есептің шешімін табу үшін, әрбір алгоритм командасы атқарушының командалар жүйесіне енуі қажет.

Команданың атқарушыға түсініксіз болу себебі, атқарушының қажетті білімінің болмауымен байланысты. Мысалы, 4-ші сынып оқушысына квадрат теңдеуді шешу алгоритмі түсініксіз. Өйткені квадрат теңдеудің түбірлерін табу туралы оның әлі білімі жоқ. Қажетті құралдардың болмауынан команданың орындалмауы мүмкін. Мысалы, логарифмді есептеу командасы 10-сынып оқушысына түсінікті болғанымен қолында логарифмдік сызғыш, инженерлік микрокалькулятор немесе логарифмдер таблицасы болмаса, команданы орындай алмайды. “Түсінікті”- команда орындалмауы мүмкін. Мысалы, егер бөлгіш 0-ге тең болса, “Бөлуді орындау керек”- командасы орындалмайды. Осылардың бәрі алгоритм әрқашан да оны атқаруға қабілетті арнайы атқарушыға негізделіп құрылуы керектігін дәлелдейді, яғни атқарушының командалар жүйесі берілген алгоритмнің барлық командасын өзіне қамтуы тиіс.

Сонымен алгоритмдеу дегеніміз – кез-келген есептерді шығару үшін программа құру барысында қандай да бір ережелерге қасиеттерге сүйене отырып, оның орындалу ретін рет-ретімен жазу. Мысалы:

”Cтуденттің сабаққа келу” - алгоритмін құру:



  1. ояну;

  2. бет-қолын жууы;

  3. ертеңгі ас ішуі;

  4. киінуі;

  5. көлікке мінуі;

  6. оқу ғимаратына келуі;

  7. киім өткізуі;

  8. аудиторияға кіруі және т.б.

Алгоритмдер және берілу тәсілдері

Алгоритмдер келесі үш түрде беріледі: қара сөзбен, графиктік және аналитикалық.

Жоғарыда келтірілген “Cтуденттің сабаққа келу” – бұл алгоритмнің бұл қара сөзбен берілуіне мысал бола алады.

Алгоритмді графиктік түрде құру үшін блок- схемаларды құрудың негізгі элементтері болып табылатын келесі түріндегі геометриялық кескіндер қолданылады:







  • - алгоритмнің басы және соңын білдіреді;



  • - ерілген мәліметтерді енгізу және нәтижені шығару;





  • - меншіктеу немесе әрекетті орындау;

- берілген шартты тексеру;







  • - қайталану командасы.



Алгоритмдерді жобалауда қазіргі технологиялардың негізгі әдістері:

Құрылымдық жобалау әдісі. Кез келген алгоритм үш базалық құрылым комбинацияларынан тұрады:

- сызықтық алгоритм;

- тармақталу алгоритмі;

- қайталану алгоритмі;

Сызықтық алгоритмдер дегеніміз – іс-әрекеттің қайталанбай бірінен соң бірінің тізбектеле орындалуы;

Тармақталу алгоритмі - іс-әрекеттің орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді орындалады ал, кейбір іс-әрекеттер өтіп кетуі де мүмкін;

Қайталану алгоритмі дегеніміз –бір немесе бірнеше іс-әрекеттің бірден көп рет орындалуын айтамыз.

Алгоритм жазбасының пішіні мынадай түрге енеді:

     Алг алгоритмнің аты (түрлері көрсетілген алгоритмдер және    нәтижелер тізімі)

          Басы түрлері көрсетілген аралық шамалар тізімі

                     Енгізу

                               Командалар сериясы

                     Шығару

          Соңы

     Айнымалы шамаларды жазу үшін алгоритмде шаманың атымен аталатын белгілеулерді пайдаланылады. Шаманың аты әріптерден, әріптер мен сандардан, сөздерден тұруы мүмкін.

   Шамаларды түрлері бойынша сандық және мәтіндік деп бөлінеді.



ДӘРІС №6. БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛДЕРІМЕН ТАНЫСУ

Программалау тілдерінің даму тарихы, кезеңдері

Дүние жүзіндегі алғашқы програмисті Аду Лавлейс болып табылған. Ол аналитикалық машинаны бағалай біліп өте жоғары баға берген. Программалау тілдер тарихында революция кезеңі болып арнайы символдар көмегімен машина командасын кодтау жүйелері табыла бастаған. Кодтау жүйесін Пенсилвания университетінің қызметшісі Джан Маучли ұсынған. Маучлидің ұсынған кодтау жүйесі өзінің қызметкері Грейс Мюррей Хопперді қызықтырады. Ол бүкіл өмірін компьютермен программалауға арнаған. Хоппер әлемнің алғашқы үлкен цифрлық (сандық) компьютерінің әлемдегі үшінші программисті болып табылады. Компьютерлік ғасырдың таңында машиналық код адам мен компьютердің жалғыз құралы болып табылады.



Компилятор және интерпретаторлар

1951 жылы Дүние жүзіндегі алғаш компиляторды құрастырған. Бұл терминді Хоппер өзі енгізген. Хоппер копилия торы біріктіру командаларының функциясын орындаған және транциляция кезінде подпрограмма компьютер жадының бөлінуінің жоғары дәрежедегі командаларының машина кодына түрленуі.

1954 жылы Хоппер өзінің тобымен программалау тілі және компилятордан жүйе құраған ол кейіннен МАТН-МАТLС атына ие болды.

1958 жылы FLOW-MATІC компилятор дүниеге келеді. Фотран ғылыми қосымшаларға арналған тен. FLOW-MATІC –сауда мәліметтер есебін өңдеудің алғашқы тілі болып табылған. Бұл салада жұмыс істеу Кобал тілінің құрылуына апарған 50ж. ортасы программалау саласында дамыған процесс кезі болып сипатталады. Машина командаларанда программалаудың ролі (қызметі) азая бастады. Жаңа типтері пайда бола бастады.

1954 жыды ABN программистер тобымен құрастырған ең алғаш Фотран тілі дүниеге келді. 60 жылдарында Дармутск колледжінің математика факультетінің қызметкері Томос Курц және Джон Кемени ағылшын тілінің жай сөздерінен тұратын ерекшелінген жаңа программалау Бейсик тілін шығарды. Бейсик тілі 1964 жылы дүниеге келді. «Жаңа тілід бастауыштарға арналған универсалды символдық кодң деп атаймыз. Бүгінгі таңда универсалды бейсик тілі дүние жүзінде Э.Е.М. қолданушылардың арасында кең тарады. Вейсик тілін персаналды (дербес).Компьютердің құрылған тілі ретінде қолдана бастады.Оны салада 70 жылдарда кеңінен пайдалана бастады.Программалау тілдерін әр түрлі салада қолдануға болады.Олардың таңдауы тұтынушыға ыңғайлы болғанымен берілген есепке және компьютерге жарамдылығымен анықталады.Есептер компьютерге әр түрлі болып беріледі.


Стандартты функциялар мен процедуралар

Стандартты функциялар мен процедуралар программалау тілінің құрамына кіреді. Паскаль тілі программа жазылу барысында жиі қолданылатын көптеген стандартты функциялар мен процедуралармен қамтамасыз етіледі.



Функция деп – аты бар және нәтижеден (мәнінен) тұратын инструкциялардың тізбегін айтамыз.

Функцияның мәні оның атымен байланысты. Сондықтан да функциялардың аттарын өрнектерде пайдаоануға болады. Функцияны жариялау келесі түрде болады:



Меншіктеу операторы

      Меншіктеу   операторы   барлық   тілдерде   пайдаланылатын негізгі оператор болып табылады.

      Меншіктеу операторының жалпы жазылу түрі төмендегідей:

W:=Е.


       Мђнда: W - айнымалы атауы, ":=" меншіктеу белгісі, Е-арифметикалық өрнек.

      Мысалы: К:=19.36; М:="завод";

Џ1:=3.5+sqrt(sqrt(x)+1);

Y1:=3.5+sіn(x)



Бос оператор

      Бос оператор ешқандай да амал орындамайды. Бос оператор қалдырылып кеткен (жоқ оператор) оператордың орнын белгілеу үшін пайдаланылады. әдетте бос оператор орнына нүктелі үтір ";" қойылады. Мысалы:

S:=А;  R:=5;

М:=19.36;

Мұнда үшінші оператор бос оператор болады.

Мәліметтерді  енгізу операторы

     Енгізу операторы READ (READ-ағылшынша оқу дегенді білдіреді) пайдаланылады.

     Енгізу операторының жалпы тџрі (форматы) төмендегідей:

READ(а1,а2,...n);

     Мұңдағы а1,а2,...,аn - айнымалы атаулары, оларды енгізу операторының параметрлері деп те атайды.

Мәліметтерді шығару операторы

    Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRІTE (жазу) операторы пайдаланылады:

WRІTE(а1,а2, ...,аn);

     Мұндағы а1,а2,...,аn - жай айнымалылар немесе апострофтар ішіне алынған символдар тобы болуы мүмкін. Мысалы, егер В=17.15 болып,

WRІTE ('В =', В)

командасы орындалғанда, экранда В=17.15 дерегі көрінеді.

Нақгы сан үшін формат екі саннан тұрады:

І-сан - санға берілетін барлық орын,

ІІ-сан - үтірден кейін алынатын бөлшек бөлік саны.

Деректер қоры ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық жүйелер өз алдына басқару функциясын орындау үшін әр алуан деңгейдегі жұмысшыларды ақпаратпен жабдықтайтын объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді.



Деректер қоры - деп компьютер жадында сақталған, арнайы түрде ұйымдасқан өзара байланысқан мәліметтер жиынын айтады.

Ақпараттық жүйелердің мысалына : банктік жүйелер, кәсіпорындарда автоматты түрде басқару жүйелері, авиация немесе теміржол билеттерін мейрамхана нөмірлерін алдын ала белгілеу және т.с.с. жатады.



Деректер қорының түрлері мен модельдері

Иерархиялық модельдерді – мәліметтер арасындағы байланысты реттелген графтар арқылы сипаттауға болады. Қандай да бір программалау тілінде иерархиялық деректер қоры құрылымын сипаттау үшін тармақ мәліметтер типі пайдаланылады.

Желілік – мәліметтердің желілік моделі мәліметтер элементтерінің еркін графтар түріндегі өзара байланысын білдіреді. Желілік деректер қорының схемасын сипаттауға 2 тип пайдаланылады : жазба және байланыс.

Реляциялық – мәліметтердің реляциялық моделін ІВМ фирмасының қызметкері Эдгар Кодд ұсынған және ол қатынас ұғымына негізделеді.

Қатынас деп картеж деп аталатын элементтер жиынын айтамыз. Қатынасты бейнелеудің көрнекі формасы 2 өлшемді кесте болып табылады.

Деректердің реляциялық моделі

Кестелерді байланыстырудың негізгі және қосымша кестелері болады. Негізгі және қосымша кестенің байланыс өрістері қалай анықталуына тәуелді. Жалпы жағдайда 2 кесте арасында келесі 4 негізгі байланыстар түрі орнатылуы мүмкін: 1:1, 1:К, К:1, К:К.



Сұраныстардың теориялық тілдері. Реляциялық есептеулер

Қарастырылатын мәселелер: Сұраныстардың теориялық тілдері. Реляциялық деректер қорын басқару жүйесінде қатынастарға амалдар орындау үшін Эдгар Кодд ұсынған тілінің 2 тобы пайдаланылады:

- реляциялық алгебра

- реляциялық есептеу.

Қатынастарға орындалатын амалдарды 2 топқа бөледі:

1-ші топты жиындарға қолданылатын амалдар құрайды. Олар: біріктіру , қиылыстыру, шегеру,бөлу,декарттық көбейту.

2-ші топты қатынастарға қолданылатын арнайы амалдар. Олар: жобалау, біріктіру және таңдау.



QBE және SQL тілдері жөнінде мағлұматтар

Мазмұны : QBE және SQL тілінің сипаттамасы.

Қарастырылатын мәселелер: Базада сақталынған мәліметтерді қолымен бар деректер қорының басқару жүйесімен кестедегі мәліметтерді біртіндеп қарап және жөндестіру арқылы өңдеуге болады. Сұраныс – сақталынған мәліметтерді өшіру немесе модификациялау, таңдау бойынша амалдарды анықтайтын арнайы түрде сипаттайтын талап болып табылады.

Сұраныстарды орындау нәтижесі жауап деп аталатын жаңа кесте немесе жаңартылған кесте болып табылады



Программалы-аппаратты қамтамасыз ету әдістері. Желілердегі аппараттық жүйелер

Мазмұны : Программалы-аппаратты қорғау жүйелеріне мысалдар келтіру. Клиент-сервер архитектурасы. Іnternet және Іntranet-тегі аппараттық жүйелер.

Қарастырылатын мәселелер: Программалы-аппаратты қамтамасыз ету әдістерінің негізгі ұғымына желілер жатады.

Желілер жергілікті (локальді) және глобальды деп бөлінеді.

Желілердегі программалы қамтамасыз етуді 2 топқа бөлуге болады:

- компьютер салаларымен басқару

- компьютерлер арасында мәліметтер алмасуын басқару.

Ақпараттық жүйелердін тиімді жұмыс жасауы олардын архитектурасына байланысты болады. Қазіргі уақытта клиент-сервер архитектурасы перспективті. Бұл архитектура коорпаративті деректер қоры және дербес деректер қоры қосатын компьютерлік желі. Соған қатысты бұл архитектура таратылған деректер қорының бар болуын шамалайды. Коорпаративті деректер қоры компьютер серверде, ал дербес деректер қоры коорпаративті деректер қорының клиенттері болып табылатын бөлімдер қызметкерлерінің компьютерлерінде орналасады. Ақпараттық жүйелердің клиент-сервер архитектурасы бойынша ұйымдасуының артықшылығы орталықтардан сақтау, қызмет көрсету үйлесімдігі, жалпы коорпаративті ақпарат ұйымы болып табылады.


ДӘРІС №7. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР МЕН ЖЕЛІЛЕРДІҢ НЕГІЗДЕРІ

Компьютерлік желілер. Интернет жөнінде негізгі түсініктер

Ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге тасымалдау үшін дискет  қолданылады. Бұл әдіс өте тиімсіз /ыңғайсыз/. Егер ақпарат көлемі өте үлкен болған жағдайда ол ақпаратты дискетпен тасымалдау  іс жүзінде мүмкін емес.  Ең тиімдісі, бірнеше компьютерлерді кабель арқылы жалғап, бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Компьютерлерді бұлай жалғастыру компьютерлік желі деп аталады.  Компьютерлік желі - бұл әртүрлі ресурстарды (программалар, құжаттар және принтерлер) бірге пайдалана алатын,  бір-біріне жалғасқан компьютерлер  тобы.

           Компьютерлерді желіге ондағы ресурстар мен ақпарат алмасуды бірге пайдалану үшін жалғайды. Компьютер ресурстары: ақпараттық және  техникалық болып екіге бөлінеді. Ақпараттық ресурстарға - программалар мен мәліметтер, ал техникалық ресурстарға - принтерлер, модем, сканерлер жатады.

      Компьютерлік желі

Компьютерлік желілерді пайдалану:

Һ ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;

Һ желінің бір ДК-де сақталу есебінен бір ақпараттың /көшірмесі пайда болуының/ қосарлану мүмкіндігінің жойылуы;

Һ ақпарат сақталу сенімділігінің жоғарылауы;

Һ ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;

Һ ұйымның бөлімшелер мен қызметкерлері арасындағы  жедел жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.



Компьютерлік желілерді аппарттық-программалық қамтамасыз ету

  Байланыс арналарының сипаттамасы. Әртүрлі физикалық ортадағы желі объектілерінің қарым-қатынас процесі  байланыс арналары арқылы жүргізіледі.

      Байланыс арналарының ең негізгі сипаттамасы:

-желіде 1 секунд ішінде жіберілген мәліметтерді жіберу жылдамдығы   ақпараттың бит санымен анықталады,

- сенімділік (ақпарпатты еш нұқсансыз, жоғалтпай жеткізу мүмкіндігі);

- құны (бағасы);

- дамуы болып табылады.

  Телефон желісіне қарағанда электр кабель байланысының жылдамдығы жоғары. Виттік жұп кабелі әрі арзан,  әрі мәліметтерді тарату жылдамдығы жоғары, бірақ, кедергілерден қорғалмаған. Коаксиалды (экрандалған) кабель ең күшті кедергі сақтандырғыш болып табылады.  Кәдімгі телефон арналарына қарағанда электр кабельдерін пайдалану қымбатыраққа түседі. Сол себепті өте алыс емес қашықтыққа (жергілікті желілерде) электр кабельдері қолданылады. Оптоталшықты волоконды кабель - бұл байланыстың ең жақсы тџрі, бірақ ол өте қымбат (оның құны өте жоғары).

Каоксиалды кабель.

Интернет желісіне қосылу

Іздеуді ұйымдастыру

      Шексіз көптеген ақпарат беттеріндегі ақпараттар ағымынан керекті ақпаратты іздеу кез-келген Интернет желісінің пайдаланушылары үшін өте маңызды. Интернет желісі өте жылдам дамуда, сол себепті  жүз миллиондаған Web-беттері мен файлдардың арасынан керекті ақпаратты табу қиындап барады. Керекті ақпаратты іздеу үшін арнайы іздеу серверлері пайдаланылады, олар Интернеттің  он миллиондаған сервелерінде сақталынып тұрған Web-беттер мен файлдар туралы азды-көпті ақпараттардан тұрады.

      WWW жүйесінде іздеуді келесі жолдармен ұйымдастыруға болады:

Һ гипербайланыс бойынша навигация;

Һ адрес бойынша іздеу;

Һ іздеу серверлерін пайдалану.
    Гипербайланыс бойынша навигация - серверлер ішінде немесе басқа серверлерге керекті ақпаратқа гиперсілтеме бойынша көшудің есебінен кіруге мүмкіндік алатын   Web-серверді дұрыс таңдаумен шектеледі.

      Адрес бойынша іздеуде керекті ақпарат орналасқан ақпараттық беттің электрондық адресі енгізіледі. Гиперсілтемеге өту керек болмағандықтан, іздеудің бұл тџрі жылдамырақ жұмыс істейді.

       World Wіde Web  гипермәтіндік жүйеде  ақпартты іздеу процесінде іздеу серверлері пайдаланылады, іздеу серверінің кілттік сөзі (ізделініп отырған ақпараттың негізгі сөзі) қатесіз  енгізілуі керек. Нәтижесінде іздеу шартын қанағанттандыратын Web  беті мен  серверлер тізімі шығады. Тек керекті құжат немесе сервер таңдалғаннан кейін ғана  керекті ақпаратқа өтуі мүмкін.

Ақпарат қорғау дегеніміз – ақпарттың машиналық тасымалдаушы да сақталатынын қамтамасыз ету және оған бекітілмеген рұқсатты болдырмайды.

1) Резервтеу қажеттілігі әртүрлі жағдайлардан туады. Мысалы, қатты диск толығымен тролып қалуы мүмкін, оған жаңа ақпарат жазу үшін ескіні бұзу керек немесе компьютермен жұмыс жасауда дискіде ақпарат толылығымен бұзылуы немесе бүлінуі жүруі мүмкін. Ол келесі әр алуан себептерден болуы мүмкін:

- компьютерлік вирустардың әрекет етуі;

- файлдармен дұрыс әрекет орындамау немесе файлды кездейсоқ жою;

- дискіні немесе қатты диск дисководының физикалық бұзылуы;

- кейбір адамдардың әдейі әрекет етуі;

Файлдарды резервтеу файлдарды бір компьютерден 2-ші компьютерге (егер олар желіге қосылмаса) ауыстыру кезінде пайдаланылады.

Файлдарды резервтеу деп ақпарат машиналық тасымалдаушыда олардың көшірмесін құруда және резервтелген файлдарда өзгеріс болған жағдайда оны жүйелі түрде жаңарту айтылады.

.Бұл әдісте резервтеу бір немес бірнеше файлдарды немес ыайлдық құрылымды қарапайым көшіру болып табылады. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі көшірмені қолданбалы программаларда ешқендай бейнелеусіз пайдалана беріледі.

MS-DOS қарапайым көшіру Copy, Xcopy,Dіsccopy командалар көмегімен орындалады.

Файл резервтеу деп жеке файлдар, файлдар топтамасы, файлдық құрылымның немес басқа ақпарат тасымалдаушы барлық дискінің резервтік көшірмесін жылдам алу түсіндіріледі. Қолданбалы программаларда резервтелген файладарды пайдалану үшін оларды алдын ала сақталған файлда ашып алу керек. Резерв файлдарын ашып алу прцесі файлдарды қалпына келтіру деп аталады.

Файлдарды резервтеу және қалпына келтіру үшін бір-біріне ұқсас 2 программалық өнім:

MS фирмасының MS Backup утилитасы және Symantee фирмасының NortonBackup утилитасы пайдаланылады.

MS Bascup утилитасын 2 вариантта пайдалануға болады:


  • MS-DOS ортасында жұмыс жасау үшін MS Backup for MS-DS утилитасы пайдаланылады;

  • Wіndows ортасында жұмыс жасау үшін MS-DS for Wіndows утилитасы пайдаланылады;

MS Bascup утилитасы:

  • Дискетадағы, қатты дискідегі және ақпарат тасымалдаушы басқа құрылғыларда сақталатын файлдарды сығу (архивтеу, компрестеу);

  • Өлшемі, сыйымдылығы 1 дискетадан асып кететін файлдарды резервтеу;

  • Файлдардың резервтік көшірмесін негізгі (түп нұсқамен) файлмен салыстыру;

  • Дискінің файлдық құрылымындағы орнын сақтап қалуға мүмкіндік жасайды;

MS DOS –та утилита жұмысқа MS Bascup командасының көмегімен жүктеледі, ал MS BascupBackup for Wіndows утилитасы Bascup пиктограммасы немесе MW Bascup программасы жүктеледі.

Архивтелген файлдар көшірмесінің негізгі ерекшелігі ақпаратты машиналық тасымалдаушыда кішірейтілген архивтік көшірмесін алу мақсатында файлдарды сығу болып табылады. Осындай резервтеуде бір немес бірнеше сығылған файлдар жиынтығын білдіретінбір архивті файл құрылады. Сығылған файлдың өлшемі файл түп-нұсқадан 2 ден-10 есе аз болады. Оның сығылу дәрежесі 1-ден файлдың типімен, 2-ден архиватор программасына тәуелді. Көп сығылатын деректер қоры, текстік файлдар, ал аз сығылатын программалық файлдар (exe, com).

Файлдарды архивтік файлдарға жазу процесі- архивтеу (жинақтау), ал файлды архивтен шығару – разархивация (ашу) деп аталды, ал архивті файл архив болып табылады.

Файлдары архивтеуді архиватор- программалар және NC проргаммалық қабықшасының көмегімен орындауға болады. Архиватордың атқаратын функциялар:



  • файлды архивке орналастыру;

  • файлды архивтен шығару;

  • архив мазмұнын қарау;

  • файлдарды архивке жіберу және архивтен шығару (жіберуден кейін файл өшіп қалады);

  • каталогтарды архивтеу;

  • архивтігін толықтығын тексеру;

  • бұзылған архивтерді қалпына келтіру;

  • пароль көмегімен архивтерді қорғау;

MS-DOS ортасында жұмыс жасайтын архиватор-программалар ARJ, PKZІP/PKUNZІP және RAR Wіndows ортасында жұмыс жасау үшін WіnZіp, WіnRar архиваторларын пайдалануға болады.

Файлдарды қалпына келтіру

Дискіден қате өшірілген, файлдық құрылымда логикалық қателердің пайда болу салдарынан бұзылған (бүлінген), логикалық дискіде деффект пайда болудан бұзылған файлдардықалпына келтірудің бірнеше тәсілдері бар. Осы мақсаттар үшін MS-DOS, Norton Utіlіtes пакетініңжәне Wіndows 95 қызметші программаларның утилиттері пайдаланылады.

Файлдарды қалпына келтіру деп файлдардың бастапқы мазмұнын бастапқы формада қайта құру түсініледі.

Файлдарды қалпына келтірудің нақты жағдайы резервті көшірмелерден файлдарды шығару, архивтен шығару және «прогрң вируспен бүлінген файлдарды «емдеуң болып табылады.

Дискідегі файлдардың сақталғандығын қамтамасыз ету үшін және қалпына келтіру үшін жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүогізу керек, яғни:



  • дикілерді дефрагментациялауды орындау;

  • дискілер бетін тестілеуді орындау;

  • дискідегі бос жад көлемін бақылау;

  • дискілердің файлдық құрылымынң бүтіндігін тексеру;

Файлдарды және дискіні дефрагментациялау үшін MS-DOS –та DEFRA 6 командасын және SoeadDіsk Norton утилитасын пайдалануға болады.

Магниттік дискілерді тестілеуде физикалық және логикалық дефектілер шығады. Логикалық дефект файлдық құрылымның бұзылуын туғызады.

Магниттік дискілерді тестілеу үшін және ақпаратты қалпына келтіру үшін SCANDІSK клмандасы және Norton Dіsk Doktor утилитасы пайдаланылады.

Ақпаратқа рұқсатты шектеу

Ол программалық және техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі: пароль пайдалану, файлдарды шифрлеу, файл өшіргеннен соң оларды түбірімен жою, электорндық кілтті пайдалану, ЭЕМ-рын арнайы қорғау орындаушымен даярлау.

Ақпараттық рұқсатты шектеу дегенміз- оған санкционирленбеген рұқсат жоқтығын білдіреді.

Пароль пайдаланушының ЭЕМ-нің желісіне құқығын шектеу, бір компьютерде әр алуан логикалық дискімен, каталогпен және файлдармен жұмыс жасау үшін және пайдаланушылар рұқсатты шектеу үшін пайдаланылады.


Дәріс №8. ГРАФИКА ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

1. Компьютерлік желілер. Интернет жөнінде негізгі түсініктер

Ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге тасымалдау үшін дискет  қолданылады. Бұл әдіс өте тиімсіз /ыңғайсыз/. Егер ақпарат көлемі өте үлкен болған жағдайда ол ақпаратты дискетпен тасымалдау  іс жүзінде мүмкін емес.  Ең тиімдісі, бірнеше компьютерлерді кабель арқылы жалғап, бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Компьютерлерді бұлай жалғастыру компьютерлік желі деп аталады.  Компьютерлік желі - бұл әртүрлі ресурстарды (программалар, құжаттар және принтерлер) бірге пайдалана алатын,  бір-біріне жалғасқан компьютерлер  тобы.

Компьютерлерді желіге ондағы ресурстар мен ақпарат алмасуды бірге пайдалану үшін жалғайды. Компьютер ресурстары: ақпараттық және  техникалық болып екіге бөлінеді. Ақпараттық ресурстарға - программалар мен мәліметтер, ал техникалық ресурстарға - принтерлер, модем, сканерлер жатады.

Компьютерлік желі

Компьютерлік желілерді пайдалану:


  • ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;

  • желінің бір ДК-де сақталу есебінен бір ақпараттың /көшірмесі пайда болуының/ қосарлану мүмкіндігінің жойылуы;

  • ақпарат сақталу сенімділігінің жоғарылауы;

  • ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;

  • ұйымның бөлімшелер мен қызметкерлері арасындағы  жедел жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

2. Компьютерлік желілерді аппарттық-программалық қамтамасыз ету

Байланыс арналарының сипаттамасы. Әртүрлі физикалық ортадағы желі объектілерінің қарым-қатынас процесі  байланыс арналары арқылы жүргізіледі.

Байланыс арналарының ең негізгі сипаттамасы:


  • желіде 1 секунд ішінде жіберілген мәліметтерді жіберу жылдамдығы   ақпараттың бит санымен анықталады,

  • сенімділік (ақпарпатты еш нұқсансыз, жоғалтпай жеткізу мүмкіндігі);

  • құны (бағасы);

  • дамуы болып табылады.

Телефон желісіне қарағанда электр кабель байланысының жылдамдығы жоғары. Виттік жұп кабелі әрі арзан,  әрі мәліметтерді тарату жылдамдығы жоғары, бірақ, кедергілерден қорғалмаған. Коаксиалды (экрандалған) кабель ең күшті кедергі сақтандырғыш болып табылады.  Кәдімгі телефон арналарына қарағанда электр кабельдерін пайдалану қымбатыраққа түседі. Сол себепті өте алыс емес қашықтыққа (жергілікті желілерде) электр кабельдері қолданылады. Оптоталшықты волоконды кабель - бұл байланыстың ең жақсы тџрі, бірақ ол өте қымбат (оның құны өте жоғары).

Каоксиалды кабель.



3. Интернет желісіне қосылу

Іздеуді ұйымдастыру

Шексіз көптеген ақпарат беттеріндегі ақпараттар ағымынан керекті ақпаратты іздеу кез-келген Интернет желісінің пайдаланушылары үшін өте маңызды. Интернет желісі өте жылдам дамуда, сол себепті  жүз миллиондаған Web-беттері мен файлдардың арасынан керекті ақпаратты табу қиындап барады. Керекті ақпаратты іздеу үшін арнайы іздеу серверлері пайдаланылады, олар Интернеттің  он миллиондаған сервелерінде сақталынып тұрған Web-беттер мен файлдар туралы азды-көпті ақпараттардан тұрады.

 WWW жүйесінде іздеуді келесі жолдармен ұйымдастыруға болады:



  • гипербайланыс бойынша навигация;

  • адрес бойынша іздеу;

  • іздеу серверлерін пайдалану.

Гипербайланыс бойынша навигация - серверлер ішінде немесе басқа серверлерге керекті ақпаратқа гиперсілтеме бойынша көшудің есебінен кіруге мүмкіндік алатын   Web-серверді дұрыс таңдаумен шектеледі.

Адрес бойынша іздеуде керекті ақпарат орналасқан ақпараттық беттің электрондық адресі енгізіледі. Гиперсілтемеге өту керек болмағандықтан, іздеудің бұл тџрі жылдамырақ жұмыс істейді.



4. Novell ЖЕЖ тарату нұсқалары.

Novell Net Ware жергілікті есептеуіш желісі.

Net Ware желілік операциялық жүйесінің мінездемесі.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Novell Net Ware жұмыс сервисынан және жұмыс станцияларынан құрылады. Файлдық сервермен жұмыс станциялар арасын желілік сегменттер біріктіреді.

Желілік сегмент ретінде коксильді кабелді не бұралмалы провод пайдаланылады.

Желілік сегменттің максимальды ұзындығы шамамен 185 метрге тең. Ал керек жағдайларда арнаулы пайдаландыратын құрылғылар арқылы желілік сегментті бес есе арттыруға болады.

Жұмыс станцияларға қойылатын талаптар:

оперативті жады 8-16 Мбайт;

қатты диск 650-800Мбайт;

Novell Net Ware операциялық жүйесінің мінездемесі. Novell Net Ware жүйесі келесідей модульдерден тұрады: операциялы жүйе орталығы; желілік утилиттер; желілік қоршам.

Novell Net Ware желілік операциялық жүйелердің версиялары.

Novell Ware 2.х-286 микропроцессорларға арналған версиясы;

Novell Ware 3.х- бұл версия 386, 486 микропроцессорлы файл-серверлер жұмысына арналған;

Novell Ware 4.х-386, 486 және Pentium микропроцессорлы файл-серверінің жұмысына арналған.

World Wіde Web  гипермәтіндік жүйеде  ақпартты іздеу процесінде іздеу серверлері пайдаланылады, іздеу серверінің кілттік сөзі (ізделініп отырған ақпараттың негізгі сөзі) қатесіз  енгізілуі керек. Нәтижесінде іздеу шартын қанағанттандыратын Web  беті мен  серверлер тізімі шығады. Тек керекті құжат немесе сервер таңдалғаннан кейін ғана  керекті ақпаратқа өтуі мүмкін.



5. World-Wide-Web (Бүкіл әлемдік ақпараттық жүйе).

World-Wide-Web жөнінде негізгі мәліметтер.

World-Wide-Web-Интернеттің қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі. Оның мәнісі мынада: ол ақпаратты түрлі компьютерлерде орналасқан жекелеген мәтіндік, графикалық және тағы басқа файлдар түрін ұсынады. Бұл файлдар өзара гипербайланыстар арқылы біріктірілген.

WWW жүйесінде ақпарат іздеуді ұйымдастыру:



  • Іздеу серверлерін пайдалану;

  • Адрес бойынша іздеу;

  • Гипербайланыс бойынша навигация;


WWW біртұтас пайдаланушы интерфейсі арқылы әр түрлі ресурстармен байланыса алатын бағдарлама-клиенттердің бір түрімен (Web-браузер немесе навигатор) жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«ИНФОРМАТИКА»

ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Информатика – ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылым. Компьютерлік сауаттылық деп ЭЕМ-ді пайдалана отырып оқу, жазу, есептеу, сурет салу және информация іздеу жолдарын меңгеруді айтады. Бұл білімдер студенттердің күнделікті және болашақта Лабораториялықіс-әрекеттерде қолданылуы барасында жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет