О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Географияны оқыту әдiстерi. Географияны оқытудың жүйелiлiк әдiсi



бет18/65
Дата01.11.2023
өлшемі1.28 Mb.
#482119
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65
географияны оқыту әдісі

Географияны оқыту әдiстерi. Географияны оқытудың жүйелiлiк әдiсi


Дидактиканың оқыту әдiсiнде мұғалiм оқушыларда бiлiм, iскерлiк, дағды сияқты қасиеттердiң пайда болуын көздейдi. Мектеп географиясының басқа пәндер секiлдi де өзiндiк оқыту ерекшелiктерi бар. Географияны оқытудың негiзгi үш әдiсi бар:

  1. Бiлiм берудiң ауызша және жазбаша түрi. Оған ауызша баяндау, сұхбат, оқулық және статистикалық материалдармен жұмыс iстеу жатады.

  2. Көрнекi әдiске оқушының өз бетiнше бақылау, тәжiрибе жүргiзуi мен көрнекi құралдар жасауы енеді. Сонымен, бұған карталар және басқа да картографиялық шығармалармен жұмыс iстеудi жатқызуға болады.

  3. Сарамандық оқытуға оқушылардың iс-әрекеттерiн кiргiзе- мiз. География курсындағы ең басты сарамандық жұмыстарға; бұл жергiлiктi жердi түсiруде жүргiзiлетiн сарамандық жұмыстар, жергiлiктi жердiң жоспарын сызу, белгiлi объектiнi суретке түсiру, абсолюттiк биiктiктi анықтау, өзеннiң енi мен тереңдiгiн анықтау, т.б. Географияны оқытуда әрбiр әдiстiң өзiндiк ерекшелiктерi бар. Сондықтан мұғалiм сабақ өтуде бұл әдiстердi қажетiнше қол- данып отырады. Мысалы, сабақ өткенде ауызша баяндау, сұхбат және картамен жұмыс iстеу әдiстерiн бiрге қолдануға болады.

Мұғалiмнiң материалды ауызша баяндауы.


Сабақта ауызша түсiндiрудiң үш әдiсi бар; сұхбат, түсiндiру, лекция. Сұхбат дегенiмiз – бұл белгiлi бiр нәрсенi, оқиғаны су- реттеу, баяндау. Мысалы, жер сiлкiнiсiн, вулканның атқылауын, өзеннiң ағысын, қалалардың орналасуын, т.б. суреттеу. Мұғалiм сабақты ауызша баяндағанда оқиғаны оқушылардың көз алдына елестете алатындай болуы керек. А. Чеховтың: «Табиғатты су- реттеу қысқа әрi сипатты болуы керек», – дегенiндей табиғаттың кiшкене бөлшектерiн топтастырып, жалпы табиғаттың суретiн бейнелеуге болады.
Әсерлi әңгiменi дайындау үшiн мұғалiм әйгiлi географиялық
ғылыми әдебиеттерден, очерктерден, саяхатшылардың күнделiк- терiнен және көркем шығармалардан сабаққа қатысты қажеттi материалдарды жинақтайды. Мысалы, мұғалiм сабақта ормандар туралы әңгiмелемекшi. Оқушылар сабақты түсiнуi үшiн, олар ең бастысы, орманда өсетiн өсiмдiктердi бiлуi керек. Оқулықта ол өсiмдiктердiң атаулары жазылған. Оқушылар әрбiр ендiктердегi орман өсiмдiктерiн салыстырып, мұғалiмнiң баяндауы бойынша көз алдарына елестете алады.
Баяндау мен түсiндiру – бiр-бiрiмен өте тығыз байланыс- ты әдiстер. Тақырыптық карта және әртүрлi оқулықтармен жұ- мыс жасағанда оқушылармен сұхбат орнатамыз. Мысалы,
«Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық географиясы» кур- сында Қазақстанның өнеркәсiбi туралы төмендегiдей жоспармен өтуге болады:

  1. Қазақстан өнеркәсiбiнiң дамуы мен қалыптасуы.

  2. Қазақстан өнеркәсiбiнiң салалары.

  3. Көне және жаңа өнеркәсiп салалары.

  4. Өнеркәсiп тораптарының орналасуы, т.б.

Лекция – жоғары сыныптарда қолданылатын әдiс. Лекция материалды бүтiндей түсiндiру мен суреттеуде қолданылады. Лекцияда, ең бастысы, материалдың мазмұны мен мақсатын түсiндiре бiлу. Орта мектептерде оқушылар лекция сабақтарында мұғалiмнiң баяндағанын жазып отырады. Лекция жоспары ар- қылы оқушылар материалдың мазмұнымен танысады. Мұғалiм материалды ауызша түсiндiре отырып, кездесетiн терминдердi тақтаға жазса, оқушылар оны дәптерлерiне көшiрiп отырады. Лекцияны бастамас бұрын сынып тақтасына, алдымен, жаңа сабақтың тақырыбы, содан кейiн жоспары жазылады. Кей- де мұғалiм оқушыларға үй тапсырмасын басқа әдебиеттерден беруiне тура келедi. Оқушылардың есiнде қалуы үшiн мұғалiм оны тақтаға жазады немесе ауызша айту арқылы дәптерге жаз- дырады. География пәнi ғылыми терминдерге өте бай, оқушылар пәнде өте көп жаңа сөздермен танысады. Оқушылар оларды қате айтпауы үшiн, мұғалiм сөздердi үнемi тақтаға жазып, дұрыс оқылуын қадағалап отырады.
Сұхбат. Сұхбат әдiсi арқылы мұғалiм оқушыларға сұрақ
қоя отырып, олардың бiлiмiн, iскерлiгiн тексередi және жаңа
бiлiмдерiн арттырады. Дидактикадан мәлiм, сұхбат әдiсi оқушы- лардың бұрын өтiлген материалдарын естерiне түсiредi және жаңа материалды жақсы меңгеруiне жәрдем бередi. География- да сұхбат өте керектi әдiс болып табылады. Сұхбат, әсiресе өлке- тану, бақылау, оқулық және карталармен жұмыс жасағанда өте қажеттi әдiстiң бiрi. Сұхбат әдiсiне ең қажеттi нәрсе – материал мазмұнына сәйкес, сұрақтарды дұрыс құрастыра бiлу. Мақсатына қарай сұхбат 3 түрге бөлiнедi: кiрiктiру, түсiндiру және жинақтап қорыту.
Кiрiктiру сұхбаты – бұл оқушылардың естерiнен шыға бастаған материалдарды қайтадан есiне түсiруде және жаңа ма- териалды бастауға қолданылады. Мысалы, 7-сыныптың «Ма- териктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәнiнде мұғалiм Африканың климатын түсiндiре отырып, «климат» сөзiне анықтама беруiн сұрайды. Сонда оқушылар 6-сыныптағы материалдарды естерiне түсiруiне тура келедi. Мұғалiм климат сөзiне анықтама ала отырып, өткен тараулармен жаңа сабақты байланыстырады.
Түсiндiру сұхбаты – бұл сұхбат әдiсiнiң күрделi түрi. Мұнда оқушыларға сұрақтар қойылғанда олардың карта, оқулық, т.б. материалдармен жұмыс жасауларына тура келедi. Мысалы,
«Қазақстанның климаты» тақырыбында оқушылар климат- ты құраушы факторлары дегенде, Қазақстанның географиялық орны, сағаттық белдеуi, климаттық белдеулер, т.б. карталармен жұмыс iстей отырып, түсiндiредi.
Қорыту әдiсi iрi тарауларды қайталап қорытындылауда қолда- нылады.
Соңғы уақыттарда жоғары сыныптарда конференция сабақ- тар өткiзiле бастады. Сұхбатқа қарағанда конференцияның ар- тықшылығы – оқушылар дайындығына уақыттың көп жұмсалуы және алдын ала дайындалатындығы. Көбiнесе оқушылар басты тұлға болып, мұғалiм бағыт-бағдар ғана берiп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет