Мектептiк өлкетану деп бiз ненi айтамыз? Өлкетануға арналған әдебиеттерде өлкетану дегеннiң өзi не екенi туралы кезiнде талас аз болған жоқ. Авторлардың кейбiреуi өлкетануды өз өлкесiн зерттеуге арналған пән ретiнде қарастырды. Кейбiр авторлар оны, социалистiк құрылысқа көмектесу мақсатымен, өз өлкесiн барлық жағынан қамти және терең зерттеуге бағытталған кең өрiс алған қоғамдық қозғалыс ретiнде қарастырды, т.с.с.
Өлкетануды тек физикалық географияны оқыту iсiнде қол- дану жөнiнде сөз болатын бiздiң жағдайымызда өлкетану мәсе- лесi оңай шешiледi. Бiзге өз өлкемiздiң физикалық географиясын оқып үйренуiмiз қажет, бiрiншiден, ол айнала төңiрегiмiздi бiлу, түсiну үшiн, екiншiден, өз өлкемiздiң географиялық объектiлерiн оқып-үйрену арқылы басқа жерлердiң де және бүкiл жер шарының да физикалық географиясын жақсы ұғыну үшiн керек. Сөйтiп, бiздiң бұл жағдайымызда бiз өлкетану деп, аталатындардың iшiнен аз ғана бөлiмiн аламыз. Өз өлкемiздiң географиясын оқы- ғанда, басқа да географияларды оқығандай, оны практикалық
өмiрмен тығыз байланыстыра оқып-үйренетiндiгiмiз өзiнен-өзi түсiнiктi.
Педагогикалық әдебиетте көп талас туғызған екiншi бiр мәселе – «Өз өлкемiз» дегендi қалай түсiну керек деген мәселе. Авторлардың кейбiреулерi өз өлкемiз деп оқушының өзi тiкелей көре алатын және зерттей алатын белгiлi бiр жердi есептегiсi келедi. Басқа бiреулерi өлке дегендi географиялық кең бiр әкiмшiлiк өлке немесе облыс деп түсiнедi.
Бiздiң алып отырған жағдайда мұның да онша маңызы жоқ. Бiз өлкетану материалдарынан өз жұмысымызға керегiн, яғни физикалық географияны тереңiрек оқып-үйренуге қажеттiсiн алып, соны пайдаланамыз. Бiз үшiн географиялық материалдар- дың ең маңыздырағы өзiмiз тiкелей көре алатын материалдар болады. Алайда бiз өз өлкемiздi тұтас бiр әкiмшiлiк немесе гео- графиялық аудан деп қарағанда, олардың бере алатын геогра- фиялық қандай материалдары болса да пайдаланатын боламыз.
Жұмысты ұйымдастыру. Өлкетануды географияны оқыту iсiнде пайдалану мәселесi, бiрден қарағанда оңай сияқты болып көрiнгенмен ондайлық оңай мәселе емес. Турасын айтқанда мұн- да мұғалiмге бiреу емес, екi және екеуi де едәуiр қиын мәселелер- дi шешуге тура келедi. Оның бiрiншiсi өз жерiнiң географиялық жағдайларын зерттеу болса, екiншiсi өлкетану материалдарын оқыту iсiнде пайдалана бiлу болады.
Егер әрбiр облыс жөнiнде жазылған кiтаптар немесе бро- шюралар болып, ол жердiң табиғаты және халқының тұрмысы дұрыс және толық сипатталған болса, онда бiрiншi мәселе, яғни өз өлкесiн оқып-үйрену мәселесi жеңiлiрек шешiлген болар едi. Бiрақ ондай кiтаптар бiзде әлi тым аз. Сондықтан өз өлкесiн зерт- теу және өз жерiнiң географиялық сипаттамасын жасау мәселесiн мұғалiмнiң өзi шешуiне тура келедi. Осы бiрiншi мәселенi шешiп алмай, екiншiсiне кiрiсуге болмайды. Бұл өзiнен-өзi түсiнiктi және оны дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Өйткенi өз жерiн жақсы бiлiп алмай, географиялық тақырыптарды жергiлiктi жағдайдан алынған нақтылы мысалмен иллюстрациялай алмайтын болады. Өз жерiн зерттеу жұмысын география оқыту iсiне өлкетану жөнiнде жаңадан табылған материалдарды пайдаланумен қатар жүргiзуге болатындығын да осы жерде айта кету керек. Осылай
жүргiзiлсе, алға қойылған екi мәселенiң екеуi де, яғни өз өлкесiн зерттеу мәселесi де, өлкетану материалының географияны оқы- ту iсiнде пайдалану мәселесi де оңайырақ және жылдамырақ шешiлетiн болады.
Бастауыш мектептерде бiздiң бұл қойып отырған мәселелерi- мiз оңай шешiледi. Оның үстiне, бастауыш мектептерге арналған әдістемелік әдебиеттерде өлкетану материалын пайдалану тура- лы мәселе жақсы тексерiлiп қарастырылған. Ал материалы әрi көп, әрi қиын, оқушылар алдына қойылатын талаптар да көбiрек болатын орта мектепте iс қиындай түседі. Бiздiң жоғарыда айтып өткен мұғалiмнiң әдістемелік дайындығының жеткiлiксiздiгiнiң себебi де, сiрә осы болуы мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: |