О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет58/68
Дата30.08.2022
өлшемі4.9 Mb.
#460078
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68
dokumen.pub 9786010400351

Жұмысты ұйымдастыру. Өлкетануды географияны оқыту 
iсiнде пайдалану мәселесi, бiрден қарағанда оңай сияқты болып 
көрiнгенмен ондайлық оңай мәселе емес. Турасын айтқанда мұн-
да мұғалiмге бiреу емес, екi және екеуi де едәуiр қиын мәселе лер-
дi шешуге тура келедi. Оның бiрiншiсi өз жерiнiң географиялық 
жағдайларын зерттеу болса, екiншiсi өлкетану материалдарын 
оқыту iсiнде пайдалана бiлу болады. 
Егер әрбiр облыс жөнiнде жазылған кiтаптар немесе бро-
шюралар болып, ол жердiң табиғаты және халқының тұрмысы 
дұрыс және толық сипатталған болса, онда бiрiншi мәселе, яғни 
өз өлкесiн оқып-үйрену мәселесi жеңiлiрек шешiлген болар едi. 
Бiрақ ондай кiтаптар бiзде әлi тым аз. Сондықтан өз өлкесiн зерт-
теу және өз жерiнiң географиялық сипаттамасын жасау мәселесiн 
мұғалiмнiң өзi шешуiне тура келедi. Осы бiрiншi мәселенi шешiп 
алмай, екiншiсiне кiрiсуге болмайды. Бұл өзiнен-өзi түсiнiктi 
және оны дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Өйткенi өз жерiн жақсы 
бiлiп алмай, географиялық тақырыптарды жергiлiктi жағдай дан 
алынған нақтылы мысалмен иллюстрациялай алмайтын болады. 
Өз жерiн зерттеу жұмысын география оқыту iсiне өлкетану 
жөнiнде жаңадан табылған материалдарды пайдаланумен қа тар 
жүргiзуге болатындығын да осы жерде айта кету керек. Осылай 


152
жүргiзiлсе, алға қойылған екi мәселенiң екеуi де, яғни өз өлкесiн 
зерттеу мәселесi де, өлкетану материалының географияны оқы-
ту iсiнде пайдалану мәселесi де оңайырақ және жылдамырақ 
шешiлетiн болады. 
Бастауыш мектептерде бiздiң бұл қойып отырған мәселеле рi-
мiз оңай шешiледi. Оның үстiне, бастауыш мектептерге арнал ған 
әдістемелік әдебиеттерде өлкетану материалын пайдалану тура-
лы мәселе жақсы тексерiлiп қарастырылған. Ал материалы әрi 
көп, әрi қиын, оқушылар алдына қойылатын талаптар да көбiрек 
болатын орта мектепте iс қиындай түседі. Бiздiң жоғарыда айтып 
өткен мұғалiмнiң әдістемелік дайындығының жеткiлiксiздiгiнiң 
себебi де, сiрә осы болуы мүмкiн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет