араласатындықтан, қызығып, белсендiлiктерiн арттырады. Педа-
го гикалық тест әдiсi оқушылардың бiлiмiн тексеруде объективтiк
құрал ретiнде
тек шет елдерде ғана емес, бiздiң мемлекетте де
кеңiнен қалыптасуына ықпал еткен жөн.
Оқушының
игерген бiлiм, бiлiк, дағдыларын тексеру мен
бағалаудың
бiрнеше пішіні бар; оған бақылап-бағалаудың бес
балдық жүйесiнiң пішіндері мен түрлерi жатады.
Баға – оқушы бiлiмiнiң басты көрсеткiшi. Бағалау дегенiмiз –
өлшем. Өлшемдi дұрыс қолдану – шәкiрт бiлiмiн әдiл анықтайтын
қазылық жол. Бағалау 5 балдық жүйемен де,
ұстаздың ауызша
мазмұнымен де жүзеге асырылады.
Баға жазба жұмыстарынан, ауызша жауаптарға, түрлi тексеру
жұмыстарына, дәптер тазалығына, каллиграфия көркемдiлiгiне
қойылады. Бағалау оқушының оқу-тәрбие алу үдерiсiнiң деңгейiн
көрсетедi. Бағалауға 2
нысан қатысады, мұғалiм – бағалаушы,
оқушы – бағаланушы. Бағалаушы, бағаланушының білімін сан-
дық балмен бағалайды.