«Ө. Жаңабаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Өнерпаз болсаң »



бет1/3
Дата10.06.2016
өлшемі382.47 Kb.
#126157
  1   2   3
«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Өнерпаз болсаң...»

(Жас қаламгерлер мен әншілер сайысы)



Қосымша білім беру педагогы: Камшат Бақбергенова.

Ұйымдастырушылар: «Жас тілші» ұйымының жетекшісі: Әлия ІҢКӘРБЕК

Кеген-2014 жыл

Күні: 29.01.2014 жыл

Тақырыбы: «Өнерпаз болсаң...»

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін

дамыту.Оқушыларды өнерпаздылыққа тәрбиелеу.
І.Кіріспе

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған жерімізді, атамекенімізді,тілімізді, төл өнерімізді сақтап және аялап қана қоймай, түрлі іс-шаралар арқылы келешек ұрпаққа үлгі-өнеге етіп қалдыру біздің үлкен парызымыз!

Олай болса,елім деп еміреніп, тілім деп тебіренген азат елдің айбынды ұрпақтарын, яғни болашағынан зор үміт күттіретін , тіл қамын ойлайтын жас қаламгерлер мен өнерпаздарымызды шыңдау,оларға қол ұшын беру де үлкен міндет деп білемін! осындай мақсатпен бүгін біз "Өнерпаз болсаң..." деген атаумен жас қаламгерлер және әншілер арасында сайыс өткізгелі отырмыз. Сайысымыздың ең басты мақсаты-қазақ қазақта кемеңгер ақындар мен әншілердің ізін жалғап,жолын қуып келе жатқан жас өскіннің бар екенін дәлелдеу. Қатысушыларымызға «Өнерпаз болсаң, арқалан!» дей отырып олармен таныстырып өтейін:



Қатысушының аты-жөні

Сыныбы

1

Чүкенов Әділет



2

Әріпбай Нұрсұлтан



3

Халық Балжан



4

Жаннұр



5

Төкен Ажар



6

Нұрғазы Алмат



7

Әріпжан Назерке



8

Әбілғазы Әлібек



9

Ерлікқызы Диана



10

Ақерке



11

Жөкен Жансая



12

Армия Анеля












Ал енді, бүгінгі өнерпаздарға әділ баға беруші қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Әділ қазылар әр кезең соңында өнерпаздарды бағалауы тиіс!

ІІ.Негізгі бөлім

Сайыс кезеңдері мынадай:

1.Үй тапсырмасы (қатысушылар үйге берілген тапсырмасын яғни, өздерінің шығармашылығындағы өлеңді оқиды, өздері сүйіп тыңдайтын әндерін орындайды )

2.»Өлең-сөздің патшасы» ақын, жазушылардың шығармаларынан үзінді оқу «Құлақтан кіріп,бойды алар» атақты композиторлардың әндерін орындау

/әке туралы, ана туралы, бала туралы, табиғат туралы, ұстаз туралы, әже туралы/

3. Көңілде жүрген көрікті ой

Мен –табиғатпын, мен-домбырамын, мен-сумын, мен-бүркітпін, мен-күнмін, мен-желмін , мен-жылқымын, мен-дәрігермін, мен-ұстазбын тақырыптары бойынша ой толғау айту.

Жүргізуші:

Жалын мен жырдан жаралған 

Әні мен сыры – ақ арман.

Өнерпаз жастар алдыңда,

Намыс пен нұрдан жаралған! –олай болса байқауымызды бастаймыз!

1-кезең Үй тапсырмасы (қатысушылар үйге берілген тапсырмасын яғни, өздерінің шығармашылығындағы өлеңді оқиды, өздері сүйіп тыңдайтын әндерін орындайды)

1.Байқауымызызда алғащқы рет өнер көрсетін аудандық Дарын ғылыми жобасының жеңімпазы, мектебіміздің жас қаламгері 9 а сынып оқушысы Чүкенов Әділет

2.Келесі сайыскеріміз Облыстық Дарын ғылыми жобасының 3 орын иегері

9 а сынып оқушысы жас әнші Әріпбай Нұрсұлтан

3. Бос уақытын өлең шығарумен өткізетін мектебімізде жас ақындар да аз емес Аудандық химия пәні олимпиадасының 2 орын иегері 9 ә сынып оқушысы жас қаламгер Балжан

4.Аудандық Дарын ғылыми жоба жарысының жеңімпазы жас қаламгер 9 ә сынып оқушысы Жаннұр

5.Облыстық «Әнші балапан» байқауының жеңімпазы , жас қаламгер 8 а сынып оқушысы Төкен Ажар



6.Мектебімізідің алдыңғы қатарлы оқушыларының бірі, жас әнші 8 а сынып оқушысы Алмат

7.Мектебіміздің жас қаламгері 8 ә сынып оқушысы Әбілғазы Әлібек

8.Аудандық Кіші Ғылыми жоба жарысының 2 орын иегері жас әнші 8 ә сынып оқушысы Әріпжан Назерке

9.Мектебіміздің жас қаламгері 7 а сынып оқушысы Диана

10.Аудандық Кіші Ғылыми жоба жарысының 2 орын иегері , жас қаламгер 7 а сынып оқушысы Ақерке

11.Мектебіміздің жас әншісі 7 ә сынып оқушысы Искакова Мариям

12.Жас қаламгер 7 ә сынып оқушысы Жөкенқызы Жансая

2-кезең »Өлең-сөздің патшасы» ақын, жазушылардың шығармаларынан үзінді оқу «Құлақтан кіріп,бойды алар» атақты композиторлардың әндерін орындау

/әке туралы, ана туралы, бала туралы, табиғат туралы, ұстаз туралы, әже туралы/

Сәнге толы қазағымның тірлігі 
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірілігі 
Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді 
Сезіміңді серпілтетін жыр гүлі 
Жас әншілеріміздің ән айту мен жас қаламгерлеріміздің ақын, жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқу кезеңіне кезек берейік.

Ашықхаттарды таңдап алады

3-кезең Көңілде жүрген көрікті ой

Мен –табиғатпын, мен-домбырамын, мен-сумын, мен-бүркітпін, мен-күнмін, мен-желмін , мен-жылқымын, мен-дәрігермін, мен-ұстазбын тақырыптары бойынша ой толғау айту.

Көрсетіп ойдың өресін,
Айтыңдар ойдың төресін,
Жұртқа тауып жақсы сөз,
Биік болсын белесің.
Жүздіріп ойдың кемесін,
Жарым –ырыс жақсы сөз,
Жаныңды нұрға бөлесін.
Шешен сөйлеу қашанда,
Биік шыңы өнердің.
Сендер айтқан тілекпен
Көсегесі елдің көгерсін, - дей келе ашықхаттарды таңдап аласыздар

ІІІ. Қорытынды бөлім

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,


Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Өнерпаздарды шақырайық ортаға, - дей келе бүгінгі кештің өнерпаздарын, сайыскерлерін ортаға шақырайық.

Қандай ғажап қарашы айналаңа ,


Бақыттан басың, сiрә, айнала ма ?!
Ұл-қызы азамат боп есейдi деп,
Қүрметпен сөз берейiк ұстаздарға , - дей отырып,
әділ-қазыларға құттықтау, марапаттау кезегiн береміз.

Мойытпасын қиындықтар сендерді,


Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді, дей келе құрметті көрермендер осымен «Өнерпаз болсаң ....» атты байқауымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмети. Қош сау болыңыздар!

7-сынып
І.Сабақтың тақырыбы: Жастар киімі. Қалау райы.


ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың киім туралы оның ішінде жастар киімі туралы
білімдерін жетілдіру, сөйлем құрау шеберліктерін жетілдіру .Қалау райы туралы түсінік беру.
ә) дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, есту, көру сезімдерін жетілдіру,
сөздік қорларын молайту, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру .
б) тәрбиелік: өмір салтына қарай үйлесімді киіне білуге баулу.

ІІІ.Сабақтың түрі: аралас сабақ


ІҮ.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, диалог, түсіндіру, талдау, деңгейлік тапсырмалар
Ү.Сабақтың көрнекілігі: суреттер
ҮІ.Пәнаралық байланыс: орыс тілі
ҮІІ.Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Жаңа сабақ
1.Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
2.Есіңде сақта!Қалау райы.

Қалау рай айтушының қимыл, іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, тілегін, ынтасын білдіріп, етістік түбір мен етістіктің күшейтпелі, болымсыз етістік тұлғаларына(-ғы, -гі, -қы, -кі) қосымшалары үстеліп, оның үстіне тәуелдік жалғауы қосылып «кел» көмекші етістігі тіркесіп немесе етістік түбірге( -са –се) игі еді, -(ғай, -гей, -са) екен тәрізді аналитикалық форманттар тіркесу арқылы жасалады. Мысалы:


1. Менің барғым келеді.
2.Сенің барғың келеді.
Сіздің барғыңыз келеді.
3.Оның барғысы келеді

2.1-тапсырма.Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.


Жастардың киімі
Соңғы жылдары жастарға арналған киімге ерекше назар аударылып жүр. Оны жас жігіттер мен қыздардың өмір салтына үйлесімді ете түсуге әрекет жасалуда. Қазіргі кезде жастардың киімі ашық түсті, сәнді.Жас қыздарға қызыл, сары, жасыл, қызғылт және көгілдір түсті, айқын, нәзік, ашық та таза түс жарасады. Жас қыздарға ауа сияқты жеңіл материал жарасымды. Жастар тез өсіп кететін болғандықтан, олардың киімін арзан маталардан тігеді. Олардың киімдерінің ыңғайлы және ықшам болуы маңызды.

ІІІ деңгей


1.Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Қазіргі кезде жастардың киімі қандай болу керек?
2. Ол неге байланысты?
2.Мәтіндегі етістіктерді теріп, рай түрлеріне қойып жазыңдар.
ІІ деңгей
1.Мәтінді оқып, мазмұнына сәйкес келмейтін сөйлемдерді алып тастаңдар.
1. Жастарға арналған киімге ерекше назар аударылады.
2. Денені айқындап тұратын және қымбат маталар жастарға арналған.
3. Киімдер ыңғайлы және орынды қолданылатын болуы керек.
2.Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, тұйық етістік формасына қойыңдар.

І деңгей
1. «Жастардың киімі қандай болу керек?» деген сауалға өз пікірлеріңді білдіріңдер.


2.Тұйық етістіктердің жасалу жолдары мен емлесі туралы мәлімет беріңдер.

3. Өздік жұмыс.Төмендегі сөйлемдерді аударыңдар.


1. Я хочу погулять на свежем воздухе.-----------------------
2. Вы хотите со мной идти гулять? ----------------------------
3. Я не хочу гулять, устал, хочу полежать.-------------------
4. Мы хотим немного отдохнуть.-------------------------------
5. Вы хотите слушать музыку? ---------------------------------

4.2-тапсырма.Сөйлемдердің мазмұнын сақтап, қысқартып жазыңдар. Толықтыруға болады.


1. Ең алдымен, күнделікті киімнің жайын ойластырған жөн.
2. Сымбатты қыздарға спорт кеудеше мен пуловер немесе күртешемен бірге шалбар кию жарасады.
3. Қыздың екі белдемшесі:біреуі - неғұрлым қалың матадан күнделікті киюге, жұқа матадан сәнге киюге арналып тігілген түрлері болуы керек.
4. Түсі мен өрнегі әр түрлі, арзан және оңай жуылатын матадан тігілген кеудеше, жүннен тоқылған свитерлер немесе күртешелер киім түрлерін байыта түседі.

5.5-тапсырма.Суреттерге сипаттама беріңдер.

6.3-тапсырма.Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
- Жасөспірімге қандай киім кию керек?
- Спорттық үлгімен тігілген киім жарасымды.
- Күндіз қандай киім ыңғайлы?
- Жылдың мезгіліне қарай:жаз мезгілі болса, жеңіл футболка, қысқа шалбар немесе жейде мен жеңіл матадан тігілген шалбар.Ал қыс мезгілінде - қалың матадан тігілген шалбар мен жылы жейде.

5.4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеңдер.


Мектеп оқушысының киімі
Мектептерде барлық оқушылар киіп жүруге міндетті мектеп формасы болады.
Мектеп формасы - тәртіптіліктің және ұжымға деген құрметтің айғағы, сондықтан оны мектептегі салтанаттарға да киіп, ұқыпты ұстау керек.
Әдемі көріну үшін гардероб таңдай білу жеткіліксіз, киіміңізді күте білуіңіз де қажет. Тек сырт киім ғана емес, көйлек пен аяқ киім де ойдағыдай болуға тиіс. Аяқ киімнің лас болуы иесін жақсы жағынан сипаттамайды.

ІІІ.Қорытындылау


ІҮ.Үйге тапсырма
1. 4-тапсырма, 107-бет.Мазмұнын айту.
2. «Мектеп формасы керек пе?» сұрағына өз ойыңды жаз.
Ү.Бағалау

Өзімді таныстыру
Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.
Қарсыласым сәлем бердім бәріңе,
Бас иемін сәлем беріп иіле!

Тектіліктен жаралған қазағымның,
Ерекше дара туған қыздарыңмын.
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
Арайлым атты кішкентай қыздарыңмын.

Жүріп келем өзін салған ізбенен,
Жақын болар әкесіне қыз деген.
Орта жүздің Таз атты руынан,
Асқар таудай әкем бар Сәтжан деген.

Әділқазы алқалары бүгінгі,
Әр аруды бағалай біл өнерлі.
Қарсыласым баршаңызға сәттілік.
Достық деген арттырайық ұғымды.

«Қыз аруы» атты мына сайыста,
Қарсыласым шаба білген майыспа.
Өнердің өрлетейік өр кемесін,
Мына жұрт таңырқамай кетпесін.

Ер қадірін ер білер, Зер қадірін зергер білер. Жігіт адамға жетпіс өнер де аз. Жігіт көркі - өнер. Қыз еркем кестесімен көркем, Ұл еркем өнерімен көркем. Ата өнері - балаға мұра. Ұстаны соққан пышағынан таниды. Шеберлікке шек жоқ. Қазаншының өз еркі Қайдан құлақ шығарса. Күшіңе сенбе, ісіңе сен. Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер. 
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1898-makal.html

«Ұшырған өздеріңе ән -құсым бар» байқауы


Мақсаты: 1)Талантты оқушыларды таңдау;


2) Дарынды оқушылардың өнерін шыңдау;
3) Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру;
Байқаудың барысы:
Жүргізуші:

Армысың мектебімнің қауымдары,


Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады.
Бүгінгі күн сіздерге арналады,
Көңілді күндер тусын алдан әл.
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін жұлдыздар сайысады.

Армысыздар ардақты ұстаздар, оқушылар, қадірлі ата-аналар!

Бұл әні мен сәні үйлескен Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай өткізілгелі отырған «Ұшырған өздеріңе ән -құсым бар» байқауына қош келіпсіздер!

Жаңалық пен жаңашылдықты, шынайы талантты, нағыз өнерді сүйетін барша көрермендерге жалынды сәлем!!!


Мұқағали Мақатаев Мүқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы үлттық мектептеріміз бен Ұлы дәстүрлерімізді жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда: ...Ақынмын деп қалай мен айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын, — деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы түлға, Ұлы ақын. Әрбір өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешесіз... Ақын өзінің қысқа ғүмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр.

Мұқағали өлендеріне ән жазылып, оны көптеген әншілер орындауда. Мысалы: «Мұзарт» тобы «Көзін сенің», «Бала ғашық»,  «Нұрмұқасан» тобы  «Бақытынды жырлайды»  деген өлеңдерді орындайды.

М.Мақатаев туралы көптеген ақындар,зиялы адамдар өз пікірлерімен бөліскен. Бексұлтан Нұжекеұлы ақын туралы былай деп жазады: «Ойын сиқырлы сөзбен айта білу, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу – Мұқағали өлеңдерінің негізгі құдіреті. Оның талай өлең жолы қанатты сөз боп халық аузында жүр. Мақалға, мәтелге, үлгілі сөзге сұранып тұрған талайының әлі тәлейі алда.Мұқағали- өлең түрін түрлендіруге де көп көңіл бөлген ақын. Ол көне шығыс үлгілерін де, әр сөзі ой шегелеген өзіндік тәжірибелерін де қазақ өлеңінің қанына сіңіріп кетіпті. 

Ендеше біз бастаймыз !


Ал, халайық ықыласпен демейік,
Жұлдыздардың өнерлерін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдіупен бағаларын берейік.
«Ұшырған өздеріңе ән -құсым бар» байқауының әділқазыларымен таныстырып өтейін.
--------------------------------------------------------------------------

---------------------------------------------- -------------------------------

----------------------------------------------------------------------

1.Біздің халық өнерге мол, бай тегі,


Әнші деп те, күйші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді – деп алғашқы ән кезегіне жол берейік.

2.Аспан тұрса күлімдеп,


Айын биік орнатып.
Ақса биік гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт.
Ән:
Орындайтын: сыныбының оқушысы:

3.Шалқытып мерекеде ән салайық,


Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Келесі ән:

Орындайтын: сыныбының оқушысы


4.Жез таңдай, күміс көмей, дана уыз,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың бал дәуренін өткізіп,
Бақыт, шаттық, қуаныш тілейміз.
Ән:
Орындайтын

5. Өнермен терең жүзіп шарықтадың,


Мақсатыңды талап пен анықтадың .
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаным, Келесі ән кезегін
сынып оқушылары:

6.Ән салса әншілерім таң қаларсың,


Әр сөзін тоқсан тоғыз қайталарсың.
Осындай ән туғызған қазағымды,

Жалындатып шарықтағын әр дайым.


Келесі кезекті сынып оқушысы

Орындауында әніне береміз.


7. «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің  барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің рухани дүниесін, тұрмыс-күйін, арман-мүддесін, тарихи тұрғыдағы ұлттық портретін шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті.  «Жүрегінің түбіне кір жасырмай» айтып кетті, армансыз ақтарылып кетті. Мұқағали Мақатаев- қазақтың қарапайым тілінің нәрі мен мәнін Абай, Қасымдардан кейін түсініп жазып, түсіндіріп өткен ақын. «Сөз өнерін дертпен тең» көрген парасатты қаламгер. Ақынның әр өлеңінде,әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті.

Кім өнерлі, бұл кеште үміт алда,


Қобалжу бар жүректе күдік барда
Әділ қазы алқасы атыңды ақта
Жұлдыздарға арман мен бақыт жолда.
Күнде жиын бола бермес дәл осындай
Күн сайын өркендейміз өзгереміз
Ұл-қызың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған әділ-қазы қонаққа сөз береміз.

Марапаттау



Көңілдің ақ тілегін қол етеміз,
Тілектер мен нығайсын мерекеміз.
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осы мен аяқталды байқауымыз.
Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Жолыққанша күн жақсы, ел аман болсын!

Мектеп жұлдыздарының ән- шашуы

1-жүргізуші:

Армысыздар, жиналған қауым, ұстаз

Той-жиынсыз өмірдің мәні болмас

Арамызда атақты оқушылар бар

Барлығына белгілі танылған жас.


Құрметті қонақтар, бүгінгі мектеп жұлдыздарының ән-шашуына қош келдіңіздер. 

Алтын ұя шаңырағымыздың мақтанышы, әнші өнерпаздарымыз -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Мектебіміздің бұлбұл әншісі  әндер байқауында эвокал номинациясының иегері атанды. 

Ду қол шапалақпен ортаға ҚызырАлтынгүлді шақырамыз. 

Алайық жаңа бидің бәрін жиып

Жандырған ой-қиялдың қалың күйін

Берейік кезекті біз сәби биіне

Қошеметтеп оларды қарсы алайық

«Қуыршақтар» би тобы


Алтын ұямыздағы өнерпаздарымыздың бірі Ғаріп Дидар-Степногорск қаласында өткен «Жас батыр 2010» байқауының 2 орын жүлдегері. Сіздердің назарларыңызда ду қол шапалақпен «Жас әнші батырымызды» «Бал балдәурен» әнімен ортаға шақырамыз. 


«Өлең сөздің патшасыі сөз сарасы» дегендей бос уақытын өлең шығарумен өткізетін мектебімізде жас ақындар да аз емес. Солардың бірі Махметов Қуаныш қалалық Абай оқуларына белсене қатысып, 2008, 2009, 2010 жылдары жүлделі 2 орын, ал 2011 жылы жүлделі 1 орынға ие болды. Көкшеде өткен Абай оқуларында лауреат атанды. 

«Жас батыр-2010» қалалық байқауында 1 орын, облыстық байқауда лауреат атағына ие болды. «Алтын қалам 2011» жас ақындар байқауында жүлделі 1 орын алды. Сіздердің назарларыңызда жас ақын Махметов Қуанышты «Өмірден тепкі жесем жазығым жоқ» өлеңімен ортаға шақырайық. 

«Әзілің жарасса Бозжорғамен ойна», алдарыңызда мектебіміздің әзілді сүйер «Боз жорға» көңілді тапқырлар командасын шақырамыз. 


Күмбірлі күй естілсе домбырадан 

Көңілге шаттық сезім қондырар ән 

Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке 

Елігіп тұла бойың балбыраған 

Домбыра ансамблі 


Мектебіміздің жас әншісі Төлеубай Камиланың орындауында «Маленькая страна» әні. 

Теңіздей тербетіліп көл бетінде 

Бишілер билеп кетті тербетіле 

Аққудай қалықтаған теңіздегі 

Бишілер өнерлерін көрсетуде. 

«Балапан» би тобы. 

Сәнге толы қазағымның тірлігі 

Кіріп тұрса ынтымақ пен бірілігі 

әр жүректе бүршік жарып гүлдейді 

сезіміңді серпілтетін жыр гүлі 

Сартаев Диастың орындауында «Ұландары елдің» әнін тамашалаңыздар. 


Қолына көк сия алып, ақ қағазға түсірген шығармалары қалалық «Алтын қалам» байқауынан 2010-2011 оқу жылында жүлделі 1 орын, республикалық «ЮНКОР года-2011» байқауында мақтау грамотасына, биылғы оқу жылында тілдер мерекесіне арналған шығармалар байқауында 1 орын иегері Мейрам Камила бос уақытында сурет салумен шұғылданады. Оның суреттері республикалық «Айгөлек» журналында басылды. Былтырғы оқу жылының мамыр айында «Человек труда-работа это красиво» сурет байқауында сыйлықпен марапатталды. Жас қаламгердің мақалалары «Степногорск ақшамы», «Педагогический вестник» газеттерінде жарық көрді. 

Ортаға жас қаламгер Мейрам Камиланы шақырамыз. 

«Әнкөңілдің ажары» демекші ортаға танымал жұлдымыз Құбайдолла Даниярды ..............әнімен ортаға шақырамыз. 

Сонымен қымбатты қонақтар сіздерге арналған концертіміз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тамашалағандарыңызға мың да бір рахмет.

Менің алғашқы ұстазым» атты кездесу кеші.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет