Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан



Pdf көрінісі
бет19/21
Дата09.04.2024
өлшемі2.36 Mb.
#498108
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Электр және магнетизм лабораториялық жұмыстарға нұсқаулық-1


§§23.1, 23. 2. 
6. Калашников С.Г. Электричество. - М.: Наука, 1977. - §§150 


№7 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС 
Ферромагнетиктің магниттік өтімділігінің магнит өрісінің 
кернеулігіне тәуелділігін оқып үйрену. 
МАҚСАТЫ: Ферромагнетиктің магнит өтімділігінің магнит өрісінің 
кернеулігіне тәуелділік графигін және негізгі магниттелу қисығын тұрғызу. 
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТА «Ферромагнетик», «Кедергі» миниблоктары, 
арнайы пішіндегі сигналдар генераторы, мультиметрлер. 
Кіріспе 
Ферромагнетиктер – ерекше магниттік қасиеттерге ие күшті 
магнетиктер. Бұл қасиеттер жөнінде №8 жұмыстың кіріспесінде толығырақ 
жазылған. Ферромагнетиктердің магнит өтімділігі магнит өрісінің 
кернеулігіне тәуелді. Осыған байланысты Ншамасына ортаның магнит 
өтімділігімен байланысатын контурдың сипаттамалары тәуелді, мысалы, 
соленоидтың L индуктивтілігі:
(1) 
Және оның X
L
 айнымалы токтағы кедергісі 
X
L 
= ꞶL
(2) 
Мұндағы
μ
о
– магниттік тұрақты, N – соленоидтың орам саны,  S – 
соленоид өзекшесінің көлденең қимасының ауданы, l – өзекшенің орта ось 
сызығының ұзындығы, Ꞷ - айнымалы токтың циклдік жиілігі. 
Өлшеулер әдісі 
Бұл жұмыста өзекшенің μ

өтімділігін өлшеу (1) формулаға сәйкес 
катушканың L индуктивтілігін және оның N, S және l геометриялық 
параметрлерін өлшеуге негізделген. Индуктивтілікті анықтау үшін Ꞷ белгілі 
жиіліктегі айнымалы токтағы катушканың индуктивті кедергісін өлшеу 
жеткілікті. Айнымалы токтағы катушканың толық кедергісі 
(3) 


Себебі, әдетте R<

, онда катушканың R актив кедергісін 200 Гц 
айнымалы токтың индуктивті кедергісімен салыстырғанда ескермеуге 
болады.
Ом заңы бойынша I ток пен соленоид орналасқан тізбек бөлігінде 
кернеуді өлшеу арқылы шамасын анықтауға болады: 
(4) 
(1), (3), (4) теңдеулерін қолдану арқылы магнит өтімділігінің есептеу 
формуласын аламыз:
μ
r
=
𝐿𝐼
𝜇𝑜𝑁
2
𝑆
=
𝑙
𝜔𝜇𝑜𝑁
2
𝑆

𝑈
𝐼
= 𝐾 ∗
𝑈
𝐼
(5) 
мұндағы 𝐾 =
𝑙
𝜔𝜇𝑜𝑁
2
𝑆
– қондырғы тұрақтысы. Орамдардан I ток өткенде 
сақина пішіндегі һзекшеде пайда болатын магнит өрісінің кернеулігі 
𝐻 =
𝑁𝐼
𝑙
(6) 
формуласымен есептеледі. 
Сонымен, токтың әрбір мәніне магнит өрісінің белгілі кернеулігі, 
өзекшенің μ
r
магнит өтімділігі және магнит өрісінің индукциясы B сәйкес 
келеді:
B =μ

μ

H
(7) 
Токтың әр түрлі мәндеріне сәйкес H
μ

және B – ны анықтап, тәжірибе 
жүзінде 
а) B = ʄ(H) – магнит индукциясының магнит өрісінің кернеулігіне 
тәуелділігін (ферромагнетиктің магниттелуінің негізгі қисығы); 
б) 
μ

 = ʄ(H) – өзекшенің магниттік өтімділігінің магнит өрісіне кернеулігінің 
тәуелділігін тұрғызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет