Еңбек келісімі – тараптардың еңбек құқығы қатынастары тура- лы келісімді реттейтін құжат.
Еңбек келісімі екі жақтың (әдетте «жұмыс беруші» және
«жұмысшы» деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы заңмен рәсімделген келісімі жазылатын ісқағазының бір түрі.
Жеке еңбек келісімі «жұмыс беруші» және «жұмысшы», ал
ұжымдық еңбек келісімі «жұмыс беруші» мен «жұмысшылар тобы» арасында еңбек қатынасын реттейтін құжат.
Келісімге отыратын жұмысшылар мынадай категорияларға бөлінеді:
Тұрақты түрде жұмыс істейтіндер;
Уақытша жұмыс істейтіндер;
Негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс істейтіндер;
Қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейтіндер.
Еңбек келісімі жазбаша түрде жасалуы тиіс. Бұл екі тарап үшін де келісім шарттарын орындаудың кепілдігі болып табылады.
Аталған міндеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баянда- лады. Басқа кез келген құжат еңбек келісімінің де
өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімдеу ережелері бар.
Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға ұйым әкімшілігінде белгіленген тәртіп бойынша қаралған жұмысшы өтініші негіз болады.
Еңбек келісімі 2 дана етіп жасалынады. Оған «жұмыс беруші» мен
«жұмысшының»
қолы қойылып, мөрмен куәландырылады. Оның бірі – мекемеде, екіншісі – жұмысшыда сақталады. Мекеме мөрімен куәландырылады.
🖶
Құрылымы:
Құжат атауы.
Келісімнің жасалған орны мен күні, айы, жылы.
Екі тараптың толық және шартты атауы.
Жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті біліктілік дәрежесі.