176
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Қызметтік хаттарға қосымша
1. Қызметтік жеке хаттар. Бұл хаттардың ерекшелігі – айты-
латын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелерге де
арналатындығы. Дегенмен де, қызметтен тыс мәселелер, адамның өз
қызметімен, ұйымның атқаратын қызметімен
шеше алатын мәселелер
өрісімен тікелей байланыста болады.
Бұл хаттар жеке тұлға атынан
жазылады.
2. Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкер-
лерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақ-
сатында жазылады. Хат мазмұнының негізгі құндылығы онда көрсетілетін
фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат
мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.
3. Хабарлама хат өзінің стилі бойынша шақыру хаттарына және
ақпараттық хаттарға ұқсас болып келеді. Нақты адресат үшін жазылады
және сұратуға жауап болып табылады.
4. Бас тарту хат қандай да бір іс-әрекетті орындауға мүмкіндік
болмағанда немесе өтініш (бұйрық, тапсырма т.б.) заң актілеріне қайшы
келген жағдайға оны орындамау туралы хат түрінің бірі болып табылады.
5. Кепілхаттың мәтінінде адресатқа орындалған жұмыстың немесе
қандай да бір қызметтің (ғимараттың, тұрғын үйдің және т.б.
жөндеу
жұмыстары) ақысын төлеу туралы кепілдеме беріледі. Хатта адресант
ұйым өзіне белгілі бір міндеттеме алады, сондықтан хаттың құқықтық
күші болады.
Достарыңызбен бөлісу: