О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Сөздік және сөз тіркестері



Pdf көрінісі
бет113/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

Сөздік және сөз тіркестері:
құттықтау
– поздравлять
жіберу
– отправить
құрметті
– уважаемый, почетный
шын жүректен
– от всего сердца
тілек
– пожелание
мерейтой
– юбилей
марапаттау
– наградить
жетістік
– достижение
ұжым
коллектив
іскер
– деловой
бедел
– авторитет


185
Орынғазы Әбутәліп
АЛҒЫСХАТ!

Анықтамасы:
Алғысхат дегеніміз – адамның ізгі ниетін, ықыласын білдіретін және 
ресми түрде үздік еңбегі үшін айтылатын арнайы құрмет. 
6
Құрылымы:

Хат атауы

Алғыс білдіру себебі

Құттықтаушының лауазымы, аты-жөні
1-үлгі
Алғысхат!
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Абай 
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткізілген 
«Тәуелсіздік – ел тілегі» атты кездесу кешіне келіп студенттерге 
отаншылдық тұрғыдан тәрбиелік кеңес бергені үшін Айзере Ержанқызына 
алғыс білдіреміз!
Факультет деканы: Ә.Әбдіғазыұлы
2-үлгі
Алғысхат!
Құрметті Гүлмира Мұхаметқызы!
Сіздің облыстағы басқару органдары қызметкерлері арасында төл 
тілімізді жұмыс және ісқағаздарын жүргізу тіліне айналдыруға қосқан 
қажырлы еңбегіңізді жоғары бағалаймын. Әрі облыс жұртшылығына 
мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда белсенділік танытып жүргеніңізге 
алғысымды білдіремін.
(лауазымы) (қолы) (аты-жөні)


186
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Тілдік бірліктер:
• шын жүректен құттықтаймын
• шын жүректен ризашылығын білдіреді
тәжірибелі әріптес ретінде
• белсенділік көрсеткеніңізге
• белсене араласқаныңыз үшін
• жастар тәрбиелеуде қосқан үлесіңіз үшін 
• мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқаныңыз үшін 
• ризашылығымды білдіремін 
• алғыс білдіру
• алғыс хат 
алғыс білдіреміз
• алғыс айтамыз
• біліктілігі үшін
• зор сенім білдіреміз
• мықты денсаулық
• табыс
• баянды бақыт 
құт-береке тілеймін
• біліктілігі үшін
• білімді маман ретінде
• елеулі еңбегі үшін
• зор алғыс білдіреміз
• зор сенім білдіреміз
• мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқаны үшін
• салтанатты түрде марапаттау
тәжірибелі әріптес ретінде
• шын жүректен 
• ризашылығын білдіреді
1-жаттығу: Алғысхатты қазақ тіліне аударыңыз.
Уважаемые партнеры!
Выражаем Вам нашу искреннюю благодарность и глубокую призна-
тельность за плодотворное сотрудничество в уходящем 2009 году. 
Мы верим в сохранение сложившихся деловых и дружеских отноше-
ний, надеемся на дальнейшее взаимовыгодное сотрудничество в 2010 
году. Желаем успешного развития и достижения новых вершин в бизнесе.
С уважением,
Директор ТОО “Индиго” 
И. Иванов 


187
Орынғазы Әбутәліп
2-жаттығу: Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
1. Президент / білдіремін / жүректен / сайлауы / кезіндегі / ризашылық 
/ үшін / шын / азаматтық / Сізге / белсенділігіңіз. 
2. Отан / халқымыздың / деп / болашағы / перзенттік / сәтте / сергектік 
/ білгеніңізді / табыла / адалдық / парызға / тарихи / парасат / биігінен / 
еліміздің / алдындағы / ертеңі / таңдауға / саяси / түскен / танытып / түсініңіз.
3.Деніңізге / бақ-береке / еңбегіңізге / тілейміз / табыс / саулық / 
отбасыңызға 
h


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет