О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет128/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

25-cабақ 
АНЫҚТАМА

Анықтамасы:
Анықтама – мазмұны белгілі бір фактіні немесе оқиғаны 
дәлелдейтін, растайтын ісқағазының бір түрі. 
Анықтаманың құқықтық дәрежесі жоғары, заңдық күшке ие. Себебі 
біздің жеке басымызды куәландыратын құжатымызды жоғалтып алған 
жағдайда, оның орнын уақытша анықтама ауыстыра алады. Сондай-
ақ, перзентханаларда сәбидің өмірге жаңа келгендігін растау үшін де 
анықтамалар беріледі. 
Анықтаманың түрлері:
1. Жеке адамға қатысты анықтама.
2. Қызметтік анықтама.
1. Жеке адамға қатысты анықтама
Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты 
растау үшін беріледі. Мысалы: тегі, аты-жөні, туған күні, туған жері
еңбек өтілі, атқаратын қызметі, мамандығы, білімі туралы мәлімет, т.б.
Анықтамада берілген мәлімет әр кез мұқият тексерілуі қажет. 
Мәліметтің дәлдігін тексерумен кадр бөлімінің қызметкері немесе 
ұйым жетекшісі, өкілдік берген хатшы айналысады. 
Анықтама беру журналындағы рет санының өсу тәртібіне орай, әр 
анықтамаға нөмір қойылады және бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. 
Мысалы, “422/2”.
Берілген анықтаманың көшірмесі мекемеде қалдырылмайды. Кейбір 
ерекше жағдайда көшірмесі қалдырылатын болса, ол жеке іс бумасына 
немесе қызметкердің жеке ісіне тігіледі. 
Анықтама А5 форматты параққа дайындалады. Кейбір көлемі үлкен 
анықтамалар үшін А4 форматты қағаз парағы пайдаланылады. 
Мекеме жетекшісі өз билігі мен өкілеттілігінің шеңберінде ғана 
анықтама беруге және оны растап қол қоюға құқы бар. 
Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады.
Анықтамадағы қызметтік сипаттағы мәліметті тиісті бөлім қызметкері 
тексереді. Мысалы, еңбекақы туралы мәліметті бухгалтерия бөлімінің 
қызметкері, белгілі бір мекемеде жұмыс істейтіндігі туралы мәліметті 
кадр бөлімінің қызметкері тексеріп, дайындайды. 
Кез келген анықтаманың тіркелген нөмірі, жауапты адамның қолы
мекеме мөрі болғанда ғана заңды күші бар.


210
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
6
Құрылымы:
1. Құжат атауы.
2. Берілген күні, айы, жылы, нөмірі, орны.
3. Негізгі мәтіні.
4. Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгендігі туралы мәлімет.
5. Анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет.
6. Анықтама мәтінінде жазылған мәліметтің растығына жауапты 
ұйым жетекшісінің лауазымы, аты-жөні, қолы.
7. Анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет