О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет136/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

ҚАТЫСҚАНДАР:
1. Ж.Т. Дәулетбекова – п.ғ.д., профессор.
2. А.Б. Тұманова – ф.ғ.д., профессор.
3. М.Ж. Әбдіров – т.ғ.д., профессор.
4. Ж.Б. Әбілғожин – т.ғ.д., профессор.
5. Р.С. Рахметова – п.ғ.д., профессор.
6. З.К. Аюпова – профессор.
7. Серік Қожа-Ахметұлы Мырзалы – профессор.
8. Ғ.А. Жайлин – з.ғ.к, доцент, профессор
9. Ғ.О. Тажина – б.ғ.к., доцент
10. Ә.З. Камалиденова – философ.ғ.к., доцент
11. Н.Ә. Әміреев – п.ғ.м., аға оқытушы.
12. Г.К. Өтебаева – п.ғ.м., аға оқытушы.
13. Б.Р. Бекенова – аға оқытушы.
Мәжіліске қатысушылардың ішінде басқа ұйымнан келіп отырғандар 
болса, олардың аты-жөні, лауазымымен қоса ұйымның ресми атауы да 
жазылады. Мысалы,
А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми 
қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Г.Көбденова.
Мәжіліске қатысушылардың саны көп болған жағдайда оларға жеке 
тізім жасалып, ол хаттамаға қосымша ретінде беріледі. Тізімдегі аты-
жөндер әліпби тәртібімен немесе лауазым, дәрежесіне қарай иерархиялық 
тәртіппен жазылады. Қатысқандар тармақшасында олардың жалпы саны 
ғана көрсетіледі. Мысалы,
ҚАТЫСҚАНДАР: Жалпы саны – 14.
Немесе:
ҚАТЫСҚАНДАР:
Дәлелді себептермен келмегендері – 1. 
Дәлелсіз себеппен келмегендері – жоқ. 
Қатысқандардың жалпы саны – 14.
«Қатыспағандар» туралы жазғанда мәжіліске олардың қаншауы 
дәлелді себептермен келмегені немесе дәлелсіз себептермен келмегендігін 
аты-жөнімен қоса нақты саны көрсетілуі қажет. Мысалы,


221
Орынғазы Әбутәліп
ҚАТЫСПАҒАНДАР:
А.Мүсірәлиева (себепті – іссапарға кетуіне байланысты).
6. Күн тәртібі. Күн тәртібінде сол күнгі мәжілісте қаралатын негізгі 
мәселелер жазылады. Күн тәртібіндегі мәселелер маңыздылығына қарай 
нөмірленіп беріледі. «Күн тәртібі» деген сөз жолдың ортасына үлкен, 
қоюлатылған әріптермен жазылады. Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет