235
Орынғазы Әбутәліп
жарыссөзге шығып сөйлеу
– выступление в прениях
мақұлдау
– одобрить
бекіту
– утвердить
енгізу
– внести
шешім
– решение
жалпы
– общий
бірлескен
–
совместный
кеңейтілген
– расширенный
сұрақ беру
– задать вопрос
сұраққа жауап беру
– ответить на вопрос
талқылау
– обсудить
таныстыру
– ознакомить
дайындау
– подготовить
рәсімдеу
– оформить
қарау
– рассмотреть
қолдау
– поддержать
қалыс қалу
– воздержаться
қол қою
– подписать
дауыс беру
– голосовать
атап
көрсету
– подчеркнуть
жүктеу
– возложить
орындау
– выполнить
толықтыру
– дополнить
бақылау комиссиясының отырысы – заседание контрольной
комиссии
қабылдау комиссиясының отырысы – заседание приемной комиссии
баяндамада атап көрсету
– подчеркнуть, выделить
в докладе
бірінші мәселе бойынша
– по первому вопросу
бірлескен мәжіліс
–
совместное заседание
кеңейтілген отырыс
– расширенное заседание
қаулы етті
– постановил
құрылтайшылар жиналысы
– собрание учредителей
талқыланған мәселелер бойынша – в соответствии с
обсужденными проблемами
хаттамаға енгізу
– занести в протокол
хаттамаға қол қою
– подписать протокол
хаттамалық шешім
– протокольное решение
236
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
хаттамамен
таныстыру
– ознакомить с протоколом
хаттаманы бекіту
– утвердить протокол
шешімді жүзеге асыру
– реализовать решение
хаттаманы жүргізу
– вести протокол
хаттаманы іске тігу
– подшить протокол к делу
хаттаманы қарау
– рассмотреть протокол
хаттамадан көшірме
– выписка из протокола
хаттаманың нөмірі
–
номер протокола
237
Орынғазы Әбутәліп
«Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» пәнінің глоссарийі
Адресация –
лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми
қызметінің толық аты, қажет жағдайда тегі, әкесінің аты, аты.
Анықтама –
мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдей-
тін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық ісқағаздың
түрі.
Арыз – ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған
адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу
мақсатында жазылатын ісқағазының бір түрі.
Визит карточкасы – іскерлік қатынас үшін өте керек ісқағаз,
құжат.
Жарнама – тауардың өтімділігін арттыру және коммерциялық
мақсатта жұртшылықты белгілі бір өніммен таныстыру, құлағдар
етуге бағытталған кұжат.
Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы жолданатын, шұғыл
мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат.
Жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану, сайланбалы органдарға
сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар та-
лап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі
ресми құжат.
Кепілхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат,
ақша) алынғанын куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды
реттейтін ресми құжат түрі.
Қолхат – қағаз иесінің біреуден не мекемеден бір затты (бағалы зат,
құжат) алғандығын және оны белгілі мерзімде қайтарып беретіндігін
міндеттеп көрсететін құжат.
Құжаттау үрдісі элементтері: құжаттарды дайындау; құжаттарды
жолдау, тіркеу; сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;
құжаттарды қолдануға дайындау; құжаттардың жүзеге
асырылуын
бақылау;
құжаттарды мұрағат қорына дайындау.
Мінездеме – түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орындарында
белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық
тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын ісқағазының
бір түрі.
Өмірбаян – жеке адамның өмірінен мәлімет беретін ісқағазының
бір түрі.
Өтініш – жазбаша, ресми түрде баяндалған, өтіну, өтініш білдіру,
сұрау туралы ресми құжат.
238
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Өтінім – мекемеішілік қатынаста қажетті заттарды алуға арнайы
бланк түрінде толтырылатын құжат.
Достарыңызбен бөлісу: