О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет21/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

Өмірбаянның үшінші түрі – қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі 
мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер 
тарапынан баяндалады. 
õ
Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі: 
1) жеке адамды зерттеу барысында жазылады
2) ғылыми стильде жазылады.
Мысалы: 
Ұлы ойшыл, ақын А.Құнанбаев өмірі туралы М.Әуезовтің ғылыми-
зерттеу еңбектерін атап айтуға болады. 
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын өмірбаянның түрі – ресми 
түрі. Өмірбаян бірінші жақта жазылады, көлемі шағын болады. 
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін 
жан-жақты баяндап беруге тиіс.
6
Құрылымы:
1. Құжаттың атауы.
2. Аты-жөні (толық жазылады), туған күні, айы, жылы, туған жері. 
3. Ұлты. Азаматтығы.
4. Білімі, оқыған оқу орындары.
5. Жетістіктері.
6. Отбасы (ата-анасы, жұбайы, балалары) туралы мәлімет.
7. Қосымша мәліметтер (тіл білуі, қызығушылығы) т.б.
8. Қазіргі жұмысы, мекенжайы туралы мәлімет.
9. Құжаттың жазылған күні, айы, жылы. 
10. Қолы. 


31
Орынғазы Әбутәліп

1-үлгі
Өмірбаян 
Мен, Егінбаева Ақжан Есенғалиқызы 1990 жылы 11 қарашада Павло-
дар қаласында тудым. 
Ұлтым – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын. 
1997 жылы Павлодар облысы, Павлодар ауданының Кенжекөл жал-
пы орта білім беру мектебіне 1-ші сыныпқа бардым. Мектепте әртүрлі 
қоғамдық жұмыстарға қатысып, өзімді өнер жағынан жақсы көрсете 
білдім. «Қазына» би ансамбліне қатыстым. 
2007 жылы географиядан оқушылардың облыстық пән олимпиада-
сында І орын алдым.
2008 жылы географиядан республикалық пән олимпиадасына 
қатысып, ІІ орынның жүлдегері атандым. 
2008 жылы аталған мектепті «Алтын Белгімен» бітіріп, Алматы 
қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің Қаржы-
экономика факультетінің «Экономика» мамандығына оқуға түстім. 
Қазір 2 курс студентімін. 
Ата-анам және екі әпкем бар. Әкем – Егінбаев Есенғали Досымұлы, 
1956 жылы туған, Павлодар облысының Салық комитетінде қызмет 
етеді. Анам – Рахимова Шолпан Қантемірқызы, 1955 жылы туған, 
Павлодар қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінде 
«Қазақ тілі» пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Үлкен әпкем – Рай-
хан, 1984 жылы туған, тұрмыста. Ортаншы әпкем – Айгүл, 1985 жылы 
туған, Павлодар мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік тілде 
ісқағаздарын жүргізу» пәнінің оқытушысы.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жақсы білемін. Бос уақытымда әдеби 
кітаптар оқығанды ұнатамын. Компьютердің бірнеше бағдарламасын 
меңгердім.
Қазіргі мекенжайым: Алматы қаласы, Тұрғыт Озал көшесі, 70 үй.
 
8 қыркүйек, 2009 жыл
 


32
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет