О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Ректор /қолы/ Т. Балықбаев



Pdf көрінісі
бет91/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

Ректор /қолы/ Т. Балықбаев


149
Орынғазы Әбутәліп

2-үлгі
№17 М.Мақатаев атындағы орта мектеп
 
Алматы қаласы, 
А.Байтұрсынов көшесі, 55 үй
Тел. 2-35-39-62
Факс. 2-35-45-12
09.11.2010. №25
 
 Алматы қаласының орталық
 емханасының бас дәрігері
 Б.Кенжебековке 
Медициналық тексерістен өткізу туралы
ӨТІНІШ ХАТ
 
Құрметті Бақыт Ерболатұлы!
Сізден М.Мақатаев атындағы орта мектептің мұғалімдері мен қызметкер- 
лерін кезекті медициналық тексерістен өткізуді ұйымдастыруыңызды 
өтінемін.
Мектеп директоры: ( қолы )  Б.Садықов
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Өтініш хат қандай құжат?
2. Ол қандай жағдайда жазылады?
3. Өтініш хаттың қандай бөліктері бар?
1-жаттығу. Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз.
1.өтініп сұраймын / болғандықтан / аса қажет. 
2. шешілуіне / дұрыс / ықпал етсеңіз / осы мәселенің. 
3. талабыңызды / сіздің / алмаймыз / өкінішке орай / қанағаттандыра.
4. аталған / мүмкіншілігі / орындауға / қазір / тапсырманы / мекеменің 
/ жоқ.
5. бере / орай / қажетті / сізге / өкінішке / ақпаратты / алмаймыз.
6. сұраймыз / қарастыруыңызды / мүмкіндікті / бар.
7. алған / жойылды / кемшіліктер / орын. 


150
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Тілдік бірліктер:
• мырзаға
• туралы
• құрметті
сізден
• өтінеді 
• ықпал етсеңіз
• құқылы екенімізді ескертеміз
• есіңізге саламыз
жіберіліп отыр
• көмек көрсете алмаймыз
• қарастыруыңызды сұраймыз
• ақпаратты
• құжатты
• үлгіні
анықтаманы
• бақылауынан алуыңызды сұраймыз
• бақылауына беруіңізді сұраймыз
• хабарландыру мәтіні
• бұйрықтың мәтіні
заңның мәтіні
• шақырудың мәтіні
• сіздің өтінішіңізді орындай алмаймыз
ç
Тапсырмалар:
1. Көшірме орталығының директоры Б.Омаровқа Алматы облыс- 
тық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының қызметкерлеріне 
визит карточкаларын жасап беруді өтінетіндігіңіз туралы өтініш хат 
жазыңыз.
2. «Гамма» көркемсурет фирмасының басшысы атынан «Жанна» 
жиһаз жасау кәсіпорнының президентіне қажетті жиһазды жасауға 
өтініш хат жазыңыз.
3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық оқу-әдістемелік бірлестік 
жетекшісі ретінде мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институты 
директорының атына «Орта білім және білім берудің жаңа технология-
лары» деген тақырыпта семинар ұйымдастыруды өтініп, хат жазыңыз.
4. «Полиглот» жекеменшік кәсіпорны басшысы атынан жергілікті 
телеарнаның жарнама бөлімінің редакторына жарнамалық сюжет дайын-
дауды өтініп, хат жазыңыз.


151
Орынғазы Әбутәліп
5. Мектеп директоры атынан орталық емхананың меңгерушісіне 
мектептің мұғалімдері мен қызметкерлерін кезекті медициналық 
тексерістен өткізуге өтініш білдіріп, хат үлгісін жазыңыз.
6. Сіздің фирмаңыздың тұсаукесер тойына байланысты, маңызды 
сәтті «Қазақстан» арнасынан көрсетілуін өтініп, телеарна директорының 
атына өтініш хат үлгісін дайындаңыз.
h


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет