О. Т. Шанаев микропроцессорлық ЖҮйелер


Тізбекті енгізу/шығару модулдері



бет11/13
Дата15.04.2024
өлшемі0.8 Mb.
#498742
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Микропр

3.2.3.4.1 Тізбекті енгізу/шығару модулдері
Соңғы кезде 8-разрядты микроконтроллерлердің құрамына тізбекті енгізу/шығару контроллерінің модулінің енгізілуі қалыпты құбылысқа айналды. Енгізу/шығару контроллерінің модулі арқылы шешілетін мәселелерді негізгі үш топқа бөлуге болады:
 қажетті құралымға орналастырылған микроконтроллердің жоғары деңгейлі басқару жүйесімен (мысалы, дербес компьютермен) байланыс. Бұл үшін көбіне RS-232C және RS-485 интерфейстері пайдаланылады;
 микроконтроллерге сыртқы құрылғы ретінде саналатын перифериялық микросхемалармен және тізбекті шығысты физикалық шамалардың сезгіштерімен байланыс. Бұл үшін I2C, SPI интерфейстері және ерекше түрдегі алмасу хаттамалары пайдаланылады;
 мультимикроконтроллерлік жүйелердегі жергілікті желімен байланыс интерфейсі. Микроконтроллер саны беске дейінгі жүйелерде, әдетте, I2C, RS-232C және RS-485 интерфейстерінің негізіндегі, ерекше хаттамалы, желілер пайдаланылады. Күрделірек жүйелерде қазіргі заманда CAN хаттамасы кең пайдаланыла бастады.
Тізбекті байланыс интерфейстерінің келтірілген түрлерінің информация алмастырылуын ұйымдастыру тұрғысынан қарастырғандағы өзара айырмашылықтары, олардың дерек жіберу режимінде (синхронды немесе асинхронды), кадр пішімінде (информация байтының жіберіліміндегі бит саны) және сигналдардың уақыттық диаграммаларында (сигнал деңгейлері және ауыстыру кезіндегі ауытқу мезеттері) болады.
Қазіргі заманда 8-разрядты микроконтроллердің құрамына тізбекті алмастыру контроллерінің әртүрлі режимдерін жүзеге асыру үшін, негізінде, UART (Universal Asynchronous Receiver and Transmitter) немесе SCI (Serial Communication Interface) модулдері орналастырылады.
UART модулдері асинхронды жұмыс режимінде – RS-232C, RS-422А, RS-485 хаттамаларын, синхронды режимде – ерекше синхронды алмастыру хаттамаларын және кейбір моделдерінде – SPI хаттамасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Motorola фирмасының микроконтроллерлеріне RS-232C, RS-422A, RS-485 интерфейстерінде асинхронды жіберілім режимін ғана жүзеге асыра алатын SCI модулі және SPI стандартындағы синхронды интерфейс контроллерінің модулі орналастырылады.
Микроконтроллер негізіндегі жергілікті жүйе интерфейстерінің (I2C және CAN) хаттамаларының жұмыс логикасы күрделірек келеді. Сондықтан, CAN интерфейсінің контроллерлері әрқашан жеке-бөлек модуль түрінде құрылады. Басқарушы да (master), қостаушы да (slave) ретінде істей алатын I2C интерфейсі де арнайы модуль түрінде (мысалы, Philips фирмасының 89С52 микроконтроллеріндегі тізбекті порт модулі) құрылады.
Соңғы кезде құрамына CAN контроллерлерінің модулдері және перифериялық құрылғылардың әмбебап тізбекті интерфейстерінің модулдері USB (Universal Serial Bus) орналастырылған микроконтроллерлер көптеп шығарылып жатыр. Бұл интерфейстердің алмастыру хаттамалары өте күрделі келеді, олармен танысу үшін арнайы әдебиеттерді оқу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет