Оңалту және банкроттық туралы 1-бап



бет24/35
Дата11.05.2023
өлшемі0.55 Mb.
#473513
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
onaltu zhane bankrottyk turaly

111-бап. Уәкілетті органның интернет-ресурсында борышкерлер тізімін орналастыру

1. Уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында:

1) өздеріне қатысты соттың банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану, банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы шешімі заңды күшіне енген борышкерлер тізімін;

2) өздеріне қатысты соттың оңалту рәсімін тоқтату туралы ұйғарымы заңды күшіне енген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тізімін орналастырады.

Борышкерді банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану не банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы шешімнің күші жойылған, бітімгершілік келісім жасалған немесе кәсіпорын сатылған жағдайларда, борышкер тізімнен алып тасталады.

Тізімде борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не атауы, борышкердің экономикалық қызмет түрі, деректемелері, басшы мен құрылтайшылардың (қатысушылардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), соттың борышкерді банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану не банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы шешімінің, соттың банкроттық рәсімін аяқтау, оңалту рәсімін тоқтату не банкроттық рәсімін қозғамай таратуды аяқтау туралы ұйғарымының күні, сондай-ақ әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), электрондық мекенжайы және байланыс телефоны көрсетіледі.

2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген борышкерлер тізімі өздеріне қатысты соттың оңалту рәсімін немесе банкроттық рәсімін қолдану не банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы шешімі өткен тоқсанда заңды күшіне енген борышкерлерді енгізу, сондай-ақ өздеріне қатысты соттың қорытынды есепті бекіту не оңалту рәсімін тоқтату туралы ұйғарымы заңды күшіне енген борышкерлерді алып тастау жолымен өткен тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей тоқсан сайын жаңартылады.

Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тізім соттың өздеріне қатысты оңалту рәсімін тоқтату туралы ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап екі жыл өткен дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды одан алып тастау жолымен жаңартылады.

Ескерту. 111-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
112-бап. Банкротты таратуды аяқтау

1. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, банкротты тарату аяқталды, ал банкрот жұмыс iстеуiн тоқтатты деп заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмдерiне бұл туралы жазба енгiзiлгеннен кейін немесе жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен алынғаннан кейін есептеледі.

Банкротты таратудың аяқталуы банкроттықты басқарушының өкілеттігін тоқтатады.

2. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдар банкротты заңды тұлғалардың тiркелiмiнен алып тастау туралы бұйрықтарды сотқа және уәкiлеттi органға, сондай-ақ банкроттың орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына жiбередi.

3. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Банкроттың кәсіпорнын сату борышкерді банкрот деп тану және шешім шығарған соттың банкроттық рәсімді қозғай отырып оны тарату туралы сот шешімінің күшін жоюға негіз болып табылады.

Шешімнің күші жойылғаннан кейін заңды тұлға немесе дара кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыруды жалғастырады.

Ескерту. 112-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 399-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет