Қобда аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы кезекті бесінші сессиясының шешімі



Дата03.03.2016
өлшемі86.57 Kb.
#34875


Қобда аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы кезекті бесінші сессиясының шешімі

(нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеу тізілімінде

Әділет департаменте 10 қаңтар 2013 ж. №3486 тіркелген).

2013-2015 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95 Бюджеттік Кодексінің 9 бабының 2 тармағына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 75 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес Қобда аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. 2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мына көлемде бекітілсін:

1) кірістер 2 775 746 мың теңге;

оның ішінде:

салықтық түсімдері бойынша 282 495 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша 6068 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн

түсiмдер бойынша 8662 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша 2 478 521 мың теңге;

2) шығындар 2 775 746 мың теңге;



  1. таза бюджеттік кредит беру 10 025 мың теңге;

оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 15 579 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 5 554 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын

операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге;

оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - 10 025 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру 10 025 мың теңге.

2. Аудандық бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы;

төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы;

әлеуметтік салық;

заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;

жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке тұлғалардан алынатын жер салығы;

елдi мекендер жерлерiне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы;

өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жеріне және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерге салынатын жер салығы;

елді мекендер жерлеріне заңды тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден, жеке нотариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы;

заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық;

жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық;

бірыңғай жер салығы;

заңды және жеке тұлғалар бөлшек саудада өткізетін, сондай-ақ өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылатын бензин (авиациялықты қоспағанда);

заңды және жеке тұлғаларға бөлшек саудада өткізетін, сондай-ақ өз өндірістік мұқтаждарына пайдаланылатын дизель отыны;

жер учаскелерін пайдаланған үшін алынатан төлем;

жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

жылжымалы мүлікті кепілдікке салуды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

жылжымайтын мүлікке және олармен мәміле жасау құқығын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

жергілікті маңызы бар және елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлу жолағында сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін алынатын төлем;

тіркелген салық;

мемлекеттік мекемелерге сотқа берілетін талап арыздарынан алынатын мемлекеттік бажды қоспағанда, мемлекеттік баж сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше талап ету істері арыздарынан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, атқару парағының дубликатын беру туралы шағымдардан, аралық (төрелік) соттардың және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындауға атқару парағын беру туралы шағымдардың, сот актілерінің атқару парағының және өзге де құжаттардың көшірмелерін қайта беру туралы шағымдардан алынады;

азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайтадан бергенi үшiн мемлекеттік баж;

шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретiн құжаттарды ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн мемлекеттік баж;

Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін мемлекеттік баж;

тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн мемлекеттік баж;

аңшы куәлігін бергенi және оны жыл сайын тіркегені үшiн мемлекеттік баж;

жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған аэрозольді және басқа құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын пневматикалық қаруды қоспағанда және калибрі 4,5 мм-ге дейінгілерін қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін алынатын мемлекеттік баж;

қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін алынатын мемлекеттік баж;

тракторшы-машинистің куәлігі берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;

коммуналдық меншіктегі мүлікті жалдаудан түсетін кірістер;

жергілікті мемлекеттік органдар салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар;

жергіліктік бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер;

жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер.

3. Қазақстан Республикасының «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 5 бабына сәйкес жұмыс берушілер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктілігі мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекет­тік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуі нәтижесінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған теріс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 проценті шегінде әлеуметтік салық төлеу есебіне жатқызылады.

4. Қазақстан Республикасының «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес:

2013жылдың 1 қаңтарынан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 18 660 теңге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 1731 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 18 660 теңге мөлшерінде белгіленгені еске және басшылыққа алынсын.

5. Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 75 шешіміне сәйкес 2013 жылға арналған аудандық бюджетте субвенциялар көлемі 2 113 463 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.

6. 2013 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен мынадай мөлшерде ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін, оның ішінде:

эпизотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге – 51 999 мың теңге ;

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға – 4 097 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырмасын іске асыруға – 57 106 мың теңге ;

қорғаншыларға (қамқоршыларға) жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағу үшін ай сайын ақша қаражатын төлеуге – 9 021 мың теңге ;

мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы мөлшерін ұлғайтуға – 20 100 мың теңге;

үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға - 8 817 мың теңге ;

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыруға 18 751 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға - 5 872 мың теңге.

Аталған нысаналы трансферттерін бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

7. 2013 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері түскені ескерілсін , оның ішінде :

мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алуға - 19 280 мың теңге;

инженерлік-коммунакациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алуға – 20 000 мың теңге;

Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде жетіспейтін инженерлік-клммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға мен жайластыруға – 5 000 мың теңге.

Нысаналы даму трансферттерің бөлу аудан әкімдігі қаулысының негізінде айқындалады.

8. 2013 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға - 78 775,0 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін.

Аталған нысаналы трансферттерін бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

9. 2013 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттері түскені ескерілсін, оның ішінде:

мәдениет нысандарын дамытуға – 16 240 мың теңге;

елді мекендердің автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге – 50 000 мың теңге.

Нысаналы трансферттерің бөлу аудан әкімдігі қаулысының негізінде айқындалады.

10. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2013 жылға арналған резерві сомасы 3 500 мың теңге болып бекітілсін.

11. 2013 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

12. 2013 жылға арналған аудандық бюджеттегі ауылдық округтердін

бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.



13. Осы шешім 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың


сессиясының төрағасы хатшысы

А.АЛИЕВ Л.ИСМАҒАМБЕТОВА



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет