INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
113
Арнайы мәтіндермен жұмыс жасау бастапқы кезеңде өзіндік тілдік және
мәдениеттанушылық бағытқа ие. Біртіндеп тар шеңберлі мамандықты ақпараттық
материалдардан барынша жалпы мазмұндағы мәтіндерге көшу жүреді. Одан әрі пікір айту
мақсатына және қарым-қатынас жағдайына қарай ғылыми мәтінді құрастырудың әр түрлі
модельдерін өңдеу, сонымен қатар жазбаша мәтінді аудару, мазмұндама беру және
баяндау, ғылыми мәтінді естіп-қабылдау, оны конспектілеу және ауызша-жазбаша түрде
шығару дағдыларын жетілдіру процесі жүреді. Қорытынды кезеңдегі негізгі мақсат – жас
мамандарды біздің еліміздегі және шетелдегі әр түрлі ғылыми қызмет саласындағы шетел
тілін кәсіби пайдалануға даярлау болып табылады.
Ең соңғы, үшінші құрамдас бөлік – мәдениет тәрбиесі және мәдени білімдерді игеру
міндеті – тілдің ұлттық сана-сізімді, халықтың мәдени дәстүрлерін сақтау және беру
сынды функцияларымен байланысты. Бұл құрамдас бөліктегі басқатілдік құзыреттіліктің
рөлін асыра бағалау мүмкін емес. Бұдан басқа, дәл осы шетел тілін білу жоғары оқу
орнының білімнің көптілді мәнін жүзеге асыруда зор мүмкіндіктер ұсынады.
Техникалық жоғары оқу орнында шетел тілін жаңа білім беру форматында оқыту
міндеттерін қарастыра отырып, тілдік құзыреттілікті қалыптастыру негізіне алынуы тиіс
қағидаттарды қалыптастырайық:
функционалдылық қағидаты, оның мәні – шетел тілдерін қоғам өмірінің әр
түрлі салаларында – ғылымда, экономикада, мәдениетте т.б. пайдалану үшін
оларды функционалды зерттеу қажеттігінде;
мамандарды шетел тілдеріне оқытудың практикалық және теориялық
тәжірибесін талдау және жинақтап зерттеу (синтездеу) қағидаты;
оның әлеуметтік құрамдас бөлігінің негізінде және ескерумен кәсіби
шеттілдік құзыреттілікті қалыптастыру қағидаты, бұл тілді осы тілдерде сөйлейтін
халықтардың әлеуметтік, мәдени, саяси өмірінің кең аясында, яғни зерттелетін
тілдің әлемімен тығыз байланыста зерттеуді білдіреді.
Техникалық жоғары оқу орнында шетел тілдерін оқытудың қазіргі заманғы жағдайы
тілге деген қойылатын талаптардың, соның ішінде бірінші кезекте тілдік емес мамандық
өкілдерінің тілге қоятын талаптарының мүлдем өзгергендігімен сипатталады.
Осылайша, қазіргі таңда жоғарғы мектептерде шетел тілдерін оқытудың негізгі міндеті –
бұл әр түрлі елдердің мамандары арасында қарым-қатынас жасаудың толықтай тиімді
құралы ретінде тілді оқыту. Қарым-қатынас ауызша түрде де, жазбаша түрде де бола
алады. Барлық жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, ғылыми мәдениет саласы
туралы түсінік беретін шетел тілі мамандығы бойынша материалдар заманауи
бағдарламаларды ұсынатын оқу кешенінің жаңа компонентіне айналып отыр.
Мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс істеу барысында негізгі қызмет түрлері
ретінде мазмұндама беру мен баяндауды қарастыратын тілдік емес оқу
бағдарламаларының ережелеріне сүйене отырып, біз шетел тілдерімен жұмыс істеудің
бұл түрлері болашағы бар және әдістемелік жоспарда одан әрі қарастыруды және
жетілдіруді талап етеді деп ойлаймыз.
Қазіргі уақытта ақпараттың асқан жылдамдықпен көбейуіне байланысты білім жеке
адамның кәсіби қызметінде тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың шарты болып
табылады. Шет тілін оқып үйренудегі ақпараттық технологияларды қолданып өз бетінше
дайындалудың негізгі мазмұны интернет арқылы ақпаратты іздеу барысында түрлі
тапсырмаларды орындауға болады Интернет арқылы тілді коммуникативтік оқыту
студенттің қабілетін дамытуда маңызы зор, оқып үйренген шет тілін қатынастың тиімді
құралына айналдырады.
Шет тіліне қатысты үй жұмыстарын орындауда электрондық деректерді қолдану
студентке қойылатын талаптың бірі, яғни бүгінгі таңда қай саладағы болашақ маман
болмасын интернет-қорлары арқылы білімін қалыптастыру зәру мәселеге айналып отыр.
|