INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
12
мүшелерімен келісе отырып, 1 мұғалімге тәлімгерлік жасауды шештік. Бұл-
педагогикалық өтілі 10 жыл, шығармашыл, тәжірибесі оң қалыптасып келе жатқан, бірақ
деңгейлік курстан өтпеген, дәстүрлі сабақ жүргізіп жүрген мұғалім. Тәлімгерлікті
алдымен бейресми кездесуде кәсіби сұхбат жасап, мұғалімнің келісімін алудан
бастамақшымын. Сұхбат кезінде мұғалімге кәсіби қолдау болатынын айтып, тапсырмалар
бере отырып, «сенімділік, ортақтастық, адалдық, шынайылық танытуға дайын
екенімізді»(Garret-Harris&Garvey, 2005) сезінуге мүмкіндік жасаймыз. Бірлесе отырып
жоспар құрып, оның мақсаты, күтілетін нәтижесі мен табыс критерийлерін бірге ойласып,
қолына жоспардың 1данасын береміз. Тәлім алушыға қатысты жұмыстардың бәрін, яғни
кездесу, сұхбаттасу, сабақ өткізу, зерттеу т.б. екеумізге қолайлы уақытқа (сабақ кестесіне
сәйкес) белгілеп, кестемізге түсіреміз. Тәлімгерліктің 1-қадамына сәйкес тәлім алушыдан
әрбір оқушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мұғалім сабақтың мақсатын қалай
анықтағаны туралы сұралады. Содан кейін мұғалімнің оқушының алға жылжуын қалай
бағалайтынын анықтаймыз. Сабақ үстіндегі кезеңінде тәлім алушының сабақтарына
қатысып, алдымен сабақтың мақсатын нақты, смарт талаптарына сай қоюды, оқыту
ортасын құруды, АКТ-ны тиімді пайдалануды (бейнероликтер пайдалану, оны қию,
ақпаратты талдау, редакциялау, аудио-, видеоресурстарды орынды қолдануды) үйретеміз.
Әр сабақтың алдында оқушылардың мақсатты ұғынуына баса назар аударуын өз
дағдысына айналуына көңіл бөлеміз. Сабақ кезінде оқушылардың оқытуға реакциясын
және мұғалім оқыту үдерісінде қандай әдістерді пайдаланатынын бақылаймыз. Сабақ
үстінде туындаған мәселелердің шешімін өзі табуына мүмкіндік жасаймыз. Тәлім
алушымен бірлесіп, топтық жұмыстың тиімділігін зерделейміз, топқа бөлудің, сергіту
сәттерінің әртүрлі әдістері мен топтық, жұптық жұмыс түрлерін көрсетіп, өз
тәжірибесінде қолданып көруін ұсынамын. Нәтижесінде тәлім алушы жаңаша әдістермен
сабақ өткізуге тәжірибе жинақтайды.
Алға қойған мақсаттан ауытқып кетпеу үшін мектеп көшбасшылығын дамыту
жоспарында жасалатын жұмыстардың аралық нәтижесінің мониторингін жасап отыруды
назарда ұстаймыз. Ол үшін теориялық білімдеріміз, кері байланыс парақтары, сұхбаттар
мен сауалнамалар сияқты түрлі ресурстарды қолданамыз.
Eкi aдaмнaн құрaлғaн ынтымaқтacтық үшiншi бiр aдaмның қоcылуынa, cөйтiп топ
болып жұмыc icтeй кeлe, жүргiзiлiп жaтқaн жұмыcтaрдың нәтижeлiлiгi мeн жaғымды,
тiлeктecтiк aхуaлдың әceрi топқa ынтaлы жaндaрдың тaртылуынa aлып кeлeрi cөзciз. Бiз дe
7 aдaмнaн құрaлғaн зeрттeу тобымeн қaтaр 1-дeңгeйлi 1 мұғaлiм, 3-деңгейлі 1 мұғалім, 1
aтa-aнa, 2 оқушыcы бaр комaндaмыздың қaтaрынa мeктeбiмiздiң бaрлық мұғaлiмдeрiнiң
бiртe-бiртe қоcылaтынынa ceнiмдiмiз. Сөйтіп мектептегі тәжірибе кезінің 6-аптасында өз
мектебіміздің шеңберінде құрылған кәсіби қоғамдастықтың жұмысын ары қарай
жандандырып, жeлiлiк қоғaмдacтыққa ұласуына барынша үлес қосамыз. Фуллaн (2004)
атап өткендей кәсіби қоғамдастықтар «барлық аурулардың жалғыз емі» емес, дегенмен
көшбасшылықтың бірлескен шараларын жүргізуге, жаңа нысандарды зерттеуге
қoғамдaстықтардың өз әсерін тигізері сөзсіз. Жұмылa көтергeн жүктің жеңiл
болатынындaй, бірлесіп, топ болып, ынтымақтастықта жасaлған жұмыс жетістiкке
апаратыны aнық. Тәжірибе кезіндегі шектеулі уақыт шегінде толықтай өзгеріс енгізу
мүмкін емес, әрине. Сондықтан жоспардағы жұмыстар келешекте де өз жалғасын
табатынына және әріптестeрiм мен мектеп бaсшылығы жоспарланған жұмыстарымыз бен
алға қойған мақсатымыздың жүзеге aсуына қолдaу көрсетеді дeп сeнeмін.
Достарыңызбен бөлісу: |