INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
141
әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте
тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе
қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында
өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін
бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы
зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын
құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Бұл
ұлттық ойындарды 6 – 7 сыныптар арасында орындаған нәтижелі болады.
Қазақстан Республикасының оқушыларының көпшілігінде ұлттық спортпен, ұлттық
ойындармен, дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген мұқтаждықтың, осы
саладағы өз бетінше жүргізілетін сабақтардың ғылыми негізделген әдістемесінің
жоқтығын, сонымен қатар көптеген жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде,
мектептерде (әсіресе, ауыл мектептерінде) оқудың материалдық базасының
нашарлығынан, оқушылардың оқитын орындары да қашықта болғандықтан, мектептен
тыс сабақтар мүлдем жүргізілмейді. Осы жоғарыда айтқан мәселелердің бәрі аталған
тақырыптың әлі де болса жан-жақты толық зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді. Ұлттық
ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшіліктерін
ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп
бөлуге болады. Қажетті ойындарды өтілетін сабақ не жаттығудың алдында тұрған
педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және
жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану
арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық ойындарды спорттық ойын
сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы
және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене
тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол. Жалпы
ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш субъект
ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.
Ойын – бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер,
ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге
енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады,
еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.
Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен,
тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді.
С.А.Шмаков бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді
айтуға болады:
- тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үдерісінің өзінен де ләззат алу үшін
баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік
(процессуадық) ләззат);
- елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді
сипаты («шығармашылық аясы»);
- әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық
қуат»).
Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан
бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.
Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық
мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:
Әлеуметтендіру қызметі. Өйткені, ойын – баланы күшті қоғамдық қатынастар
жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.
|