Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет151/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
145 
- дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтының ғылыми-биологиялық және 
тәжірибелік негіздерімен таныстыру;
- дене тәрбиесіне мотивациялық-құндылықты қарым-қатынасқа, салауатты өмір сүру 
стиліне, өзіндік дене қуаты дамыту мен өзіндік тәрбиеге, тұрақты дене жаттығулары мен 
спорт сабақтарына деген қажеттіліктерін қалыптастыру;
- денсаулықтарын сақтауды және нығайтуды, психикалық аман-саулықты, дене 
қуаты қабілеттері, қасиеттері мен жеке тұлға қасиеттерін дамытуды және жетілдіруді 
қамтамасыз ететін тәжірибелік іскерліктері мен дағдылары жүйесін меңгерту;
- спортшы студенттердің спорттық шеберліктерін жетілдіру; 
- студенттің болашақ мамандығына деген психикалық және дене қуаты даярлығын 
анықтайтын жалпы және кәсіби-қолданбалы дене қуаты даярлығын қамтамассыз ету;
- өмірлік және кәсіби мақсаттарға жету үшін дене тәрбиесі-спорт тәжірибесін 
шығармашылықпен пайдалануды меңгерту.
Студенттердің дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының келесідей негізгі бағыттары 
болады: жалпы дайындық, спорттық, кәсіби-қолданбалы, гигиеналық, рекреативті-
сауықтыру және емдік. 
Жалпы дайындық бағыты студенттердің жан-жақты дене қуаты дайындықтарын 
және оның мемлекеттік бағдарламаға сай деңгейде сақталып тұруын қамтамассыз етеді. 
Амалдары: құралдармен және құралдарсыз орындалатын жаттығулар, жеңіл атлетика, суға 
жүзу және т.б. 
Спорттық бағыт студенттердің спорттық жетілдіру топтарында белгілі бір спорт 
түрімен жүйелі түрде айналысуларын, спорттық шеберлік деңгейін жоғарылату 
мақсатында спорттық жарыстарға қатысуларын қамтамассыз етеді. 
Кәсіби-қолданбалы бағыт еңбекті ғылыми ұйымдастыру жүйесінде дене тәрбиесі 
амалдарын қолдануға мүмкіндік туғызады. Яғни, келешек кәсіби қызметі арнайы дене 
қуаты дайындығын талап ететін мамандық студентіне (геолог, актер, әскери 
мамандықтық, ауа және су көліктерінің мамандары) дене тәрбиесі амалдары арқылы 
дайындық деңгейлерін жетілдіруге мүмкіндік туғызады. 
Гигиеналық бағыт жұмысқабілеттілікті қалпына келтіру және денсаулықты нығайту 
мақсатында дене тәрбиесі амалдарын қолдануды қамтамассыз етеді. Амалдары: 
таңертеңгілік гигиеналық гимнастика, шынығу, оқу мен тынығудың оңтайлылығы
гигиена талаптарына сай тамақтану, сауықтыру серуендері және т.б. 
Рекреативті-сауықтыру бағыт студенттердің демалыс күндері, семестр аяқталғаннан 
кейінгі демалыс уақыттарында белсенді демалыстарын дене тәрбиесі амалдарын қолдану 
арқылы ұйымдастыруды қарастырады. Амалдары: туристтік саяхаттар, жорықтар, 
қозғалмалы ойындар және т.б. 
Емдік бағыт денсаулықты толық немесе белгілі бір ауру, жарақаттан кейін жойылған 
жеке ағза қызметтерін қалпына келтіруді қамтамассыз етеді. 
Ендігі кезекте, ЖОО-ндағы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары түрлеріне 
тоқталып өтейік. 
ЖОО-нда дене тәрбиесі және спорт жұмыстары барлық оқу ұзақтығы кезінде 
жүргізіледі. Бұл жұмыстар оқу әрекеті кезінде мынадай түрде жүзеге асырылады: 
Оқу сабақтары ҚР-ның білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу жоспарлары және 
бағдарламалары негізінде барлық мамандықтар үшін, 1-2 оқу курстарында аптасына 4 
сағат көлемінде міндетті түрде жүргізіледі. Студенттердің дене тәрбиесі сабағы 
бағдарламасына сай 2 бөлімді атап көрсетуге болады. Олар: теориялық және тәжірибелік.
Факультативті сабақтарнегізгі сабақтардың жалғасы, қосымша ретінде жүргізіледі. 
Бұл сабақтарда мемлекеттік бағдарлама нормаларына сәйкес студенттердің дене қуаты 
дайындықтары жетілдіріледі, кәсіби дене қуаты дайындығы тереңдетіледі, дене мәдениеті 
және спорттың теориясы мен әдістемесі пәнінен білімдері кеңейтіледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет