Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет165/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
158 
тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі әрі технологиясы ретінде анықтама береді. 
Жалпылай алғанда, «менеджменттің» өзі – көшбасшының ұйымдағы басқа адамдардың 
уәждемесін, ынтасын, зияткерлігін, кәсіби қабілеттері мен мүмкіндіктерін және әлеуметтік 
үдерістерді басқару өнерін ұштастыра отырып, ғылымның синтезін үйлесімді пайдалану 
арқылы мақсатқа жетуді білдіреді. 
Ағылшын тілінен аударылған түсіндірмеде «менеджмент» кең мағыналық ұғымға 
ие: бизнесті басқарумен байланысты менеджмент, қоғамның әр түрлі салаларына қатысты 
мемлекеттік мекемелердегі менеджмент, кәсіпорынды не ұйымды басқарудың 
экономикалық қана емес, әлеуметтік аспектілерін зерттейтін ғылыми пән. Менеджмент 
басқарудың құралдары, принциптері мен әдістер жүйесі екенін ескерсек, бұл екі ұғымның 
іргелес, сүйемелдеуші синонимдер екенін, бірі - бірінің үлесі екенін бағамдауға болады. 
Оның теориялық тұрғыда постулаттары, ұстанымдары адам іс-әрекетінің қай саласында 
болсын жүзеге асырылатынын ескере және білім берудегі қолданысына қарай, 
педагогикалық менеджментке көңіл бөлеміз. 
Менеджмент туралы әртүрлі дереккөздерді талдау нәтижесі «менеджмент» пен 
«әлеуметтік менеджмент» ұғымдары көп жағдайларда сәйкес келетінін аңғартады. 
Осылайша, менеджменттің әртүрлі семантикалық аспектілерін талдау педагогикалық 
менеджмент категориясының семантикасын құруға мүмкіндік береді, ол келесі өзара 
байланысты мәндерді қабылдайды: 
- үрдістерден бөлек, сол үрдісті жүзеге асырушы немесе сыртқы факторлар арқылы әсер 
етуші адамдарды басұаруды ұйымдастыру; 
- әлеуметтік-педагогикалық ортада жүргізілетін басқару; 
- адамдарға әлеуметтік әсер етуші басқару. 
Отандық білім беру ұйымдарында дамудың жылдам қарқынында инновациялық 
зерттеулер жүргізу төменде көрсетілген бағыттар бойынша жүреді: 
- білім беру бөлімін жаңа толық мазмұнды үлгілеу; 
- педагогикалық менеджментті дамытудың жаңа инновациялық технологияларын, әдістерін 
жобалау және қолданысқа ендіру. 
Білім беруді тиімді ұйымдастырудың қазіргі заманғы түсінігін тұжырымдай 
отырып, жүйелеу барысында педагогикалық менеджменттің осыған дейінгі қалыптасқан 
тенденцияларымен бөліскен жөн. Олар: 
- менеджменттің жеке бағыты, яғни алдымен адамға, содан соң ғана бизнеске бағыттылық; 
- жоғарыдан төменге тізбегімен анағұрлым кең өкілеттілік беру, ұжымдық келісім түсінігі 
негізінде шешім қабылдау
- бағынышты буынның әрбір мүшесіне алдымен тұлға ретінде көзқараспен сый-құрметпен 
қарау, ізгі қоғам, адамгершілік қатынастарға мән беру; 
- ұжымдық мақсат қою және қызметкерлердің сол мақсатына жету жолдарына жағдай 
жасау. 
Адамның іс-әрекет аясының кез-келген басқа саласын басқару секілді 
педагогикалық менеджмент өзі ұстанатын белгілі бір заңдылықтар және ерекшеліктермен 
көрініс табады, сол себепті бұл менеджменттің кәсібилігі келесілермен анықталады: 
басқару иерархиясы, ұйымдастыру және негізгі құралы – ынталандырыру, жоспарлау, 
ұйымдастыру және бақылау функцияларын пайдалана отырып адамға әсер ету, басқару 
мәдениеті, әлеуметтік-құндылықтық нормалар мен көзқарастарды жүйелеу. 
Заманауи педагогикалық менеджмент зияткерлік іс-әрекеттің жобалау секілді
кеңінен тараған түрін, технологиялық қызметтің орындаушыларда және әр түрлі жерде, 
қайталанатын және қайталанбас ерекше компоненттердің түрлі комбинациясымен мүмкін 
болады. Жобалаудың негізі болып жобалық тәсілдер, қоғам өміріне әлеуметтік маңызы 
бар жобалау образдары болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет