INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
36
үдеріс болып табылады, ал білім алушы әрекет жасау объектісінен әрекет субъектісіне
ауысады. Осының негізінде педагогикалық кәсіп құндылықтары айқындалды:
білім
алушының тұлғасын, оның құқығы мен бостандығын құрметтеу;
басқа сенімдерге, әлем мен дәстүрлерге деген көзқарастарына толеранттілілік
білдіру;
мәдени алуан түрлілігіне ашықтығы;
икемділігі, бейімделу қабілеті, эмпатияға деген қабілеті;
тұлға құндылықтарын, тіл мен коммуникацияны түсіну;
өз бетімен білім алу, талдамалық және сыни ойлау дағдылары;
коммуникативтік және тілдік дағдылары;
ынтымақтастық дағдылары, дауларды шешу қабілеті [1].
Жоғарыда аталған кәсіби стандарттың негізінде білім берудің құндылық-мағыналық
функциясыадамға мәдениет, тарихи үдеріс, өз өмірінің субъектісі болуға көмектесу оның
жан тепе-теңдігін,
өмірдің мәнін, қоғамдық және жеке адамгершілігін, азаматтық
бейбітшілікті қалпына келтіру болып табылады.
Сондай-ақ, қазіргі замандағы құндылықтар жүйесін трансформациялауда болып
жатқан үрдістерқоғамда ерекше сезімталдыққа, қорғалмауға, сондай-ақ әлеуметтік
ұтқырлыққа байланысты жастарды көп дәрежеде қозғайды.
Сонымен қатар, жастардың,
әсіресе студенттік ортада құндылық бағдарларының нығаюы байқалады. Құнды бағдарлар
жүйесі студенттердің қоршаған шындыққа қарым-қатынасының көрінісі, қоғам
тұрақтылығының индикаторы, сондай-ақ рухани саланың бір бөлігі, әлеуметтік
шығармашылықтың көрінісі болып табылады. Осыған
байланысты жоғары оқу орны
студенттерінің реформаланған қоғам жағдайында құндылықтарын, олардың құрылымы
мен динамикасын зерттеу, қалыптастыру мәселесі өзекті болып табылады.
Жеке адам мен қоғам өміріндегі құндылықтардың рөлі жалпы алғанда өте үлкен.
Оларға сәйкес қарым-қатынас барысында ақпаратты іріктеу жүргізіледі, әлеуметтік
қатынастар белгіленеді, эмоциялар мен сезімдер, өзара іс-қимыл дағдылары қалыптасады.
Құндылықтар проблемасы Абульханова-Славская К.А., Ахаян Т.К., Буева Л.П.,
Дубровина И.В., Васильева З.И., Зосимовский А.В., Казакина М.Г.және басқа да
ғалымдардың зерттеулерінде маңызды орын алады.
Қазақстандық Жампеисова К.К., Қараев Ж., Айтмамбетова Б.Р., Бозжанова К.Б.,
Рахимова С.С., Қоянбаев Р.М., Шыныбекова Э.И., Төлеубекова Р.К., Ғабитов Т.Қ. сынды
ғалымдардыңдың еңбектерінде құндылықтар мәселесі қозғалған.
Құндылықтарды түсіндіру тәсілдерінің көптүрлілігіне
қарамастан, авторлардың
көпшілігінің пікірлері құндылықтар жеке тұлға құрылымының маңызды құрамдас бөлігі
болып табылады, оның бағытталуына, белсенділігіне, тұрақтылығына, дүниетанымына,
өмір сүруінің барлық салаларындағы мінез-құлқына себепші болады.
Ғалымдардың көпшілігі құндылықтарды
тәрбиелеу элементтері, адамның ішкі
мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде анықтайды, олар жеке тұлғалық
қасиеттерін, оның қоғамға, табиғатқа, басқа адамдарға,
өзіне деген көзқарасын
анықтайды.
Ғабитов Т.Қ. «Құндылықтар - қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден,
ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін,
әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше
бағалайды. Яғни, философиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар - адам үшін пайдалы мәнге
ие болатындардың барлығы, адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын
жетілдіруге тиімді ықпал ететіндерің барлығы құндылық болып табылады.
Құндылық - іс-әрекеттің әдісі мен құралдарын анықтайтын идеяның, көзқарастың
және оларға сәйкес әлеуметтік психологиялық құрылымдардың жиынтығы болып
табылады [2].